Көп компонентті құрмалас сөйлемдер ауқымды күрделенген пікірді: а) өзара байланысты оқиғаларды, ə) түрлі қарым-қатынаста көрінетін процестерді, құбылыстарды білдіретін пікірді хабарлайды: Қарын аша- ды, бірақ қосқа баруға қорқам, оны маңайлап қасқырлар жүрген сияқты (С. Мұқанов). Малаяғыауыркібіртіктепжүреалмағансоң,əкелі-балалы
екеуімалсоңынатүстіде,басқаларжеделдейжүріп,озыпкетті(Ə. Тарази). Ыстық түсе, ісің мандымайды, шақырайған күн қақ шекеден ұрады да тұрады, кенезеңкеуіп, қан қойылады, шыбын-шіркей, сона, маса көбейеді (М. Қабанбаев).
Сөйлеуші ұсынысын, талабын салмақты етіп көрсету үшін дəлел болатын оқиғаларды келтіріп, қосып, осыдан көп компонентті құрмалас сөйлемдер туады.
«Тағы көн» десе, көнбе, уақыт тығыз, əрі ауыл күтіп отыр (С. Мұқанов). Əр ауылнай ортасына жиын барса, ұлық жүрсе, үй тігілсе, қонағасы,лау келсе, осы ауқаттылар үнемі көп тауқыметін тартады-мыс, кедей- кепшікке кім барады, қоңсық, қоңсығына кім тоқтайды? Оларға түсетін лау да жоқ, сойыс та жоқ, абыройына, от басына ортақ та жоқ, бірақ олардың аты да ел емес пе? (М. Əуезов).
Көп компонентті құрмалас сөйлем мағыналық шоғыр жасау үшін құрылады.
Ой –омарта,сезім –сəуле,көңлім –кəусəр,атым –Ахмет,Түркістан
туғанелім(Яссауи).
Көп компонентті құрмалас сөйлемнің құрылысы экспрессия тудыру үшін пайдаланылады.
Тіпті қара жолға дейін қуалап, көктеп, дүркірей көк шықты. Дала көңілді дидарының осы қалпына аса ықыласты сияқты. Мал тойынған. Маң-маңкүйсеп,күнгебелінқыздырыпсиырмəз,сиырдыңарқасыншоқып сауысқан мəз, көктем көркіне табынған ел мəз, жер аяғы кеңіп, ойынға өріс тапқан бала-шаға мəз. Мəз болмағандар жоқ (О. Бөкеев).