Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Екіден көп жай сөйлем типтес компоненттерден құралып, ауқым- ды күрделенген пікірді хабарлау үшін жұмсалатын синтаксистік тұл- ғаны көп компонентті құрмалас сөйлем дейміз



бет49/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Екіден көп жай сөйлем типтес компоненттерден құралып, ауқым- ды күрделенген пікірді хабарлау үшін жұмсалатын синтаксистік тұл- ғаны көп компонентті құрмалас сөйлем дейміз.


Бір ситуацияда сөйлеушінің мақсатына, əрекетіне сай келетін соның іске асуына жағдай ретіндегі оқиғаларды, құбылыстарды жинақтап, хабар- лаудан да көп компонентті сөйлемдер құрылады.
Көпір олардан гөрі бізге пайдалы болып шықты, бір, неміс қолы өзеннің басқа бір тұсынан өтпек, екі, бұл жағдайды штабқа жеткізу керек, үш (Ғ. Мүсірепов).
Мекеннің, мезгілдің, заттың бейнесін келтіруге қатысты информация- ны хабарлайтын компоненттер бірігіп, көп компонентті құрмалас сөйлем құралады.
Дала төсі түкті, шөбінің түбі мықты, өзі қалың, бүршікті, əрі берік
(М. Рахманбердиев).
Көп компонентті құрмалас сөйлемдерді іштей құрылысына қарап үш түрге бөлуге болады:

  1. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер.

  2. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер.

  3. Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер.

Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер


Екі компонентті салалас құрмалас сөйлемге тəн грамматикалық белгі- лер көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерге де тиесілі:


а) мұның құрамындағы компоненттердің баяндауыштары тиянақты (финиттік) формада болады, ə) компоненттерді байланыстыратын амалдар да бірыңғай, б) конструкцияның синтаксистік формасы да ыңғайлас ком- поненттерден құралады.
Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерде көрінетін құрылымдық топтар бар. Екі компонентті салаластардың іштейгі грамматикалық түр- лері екі компоненттің арасындағы грамматикалық байланысына қарай топ- талған. Көп компонентті конструкцияның түрлері құрылымдық бөлшек- тердің бəрінің құрылу жайына сай шығады.
Осы принципке сүйеніп көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерді мынандай грамматикалық топтарға (түрлерге) бөлеміз:

  1. Бірыңғайлас көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер.

  2. Бір тарапқа қараған көп компонентті құрмалас сөйлемдер.

  3. Əр тарапты көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер.

Бірыңғайлас компоненттерден құрылған салалас құрмалас сөйлемдер

кісі, табиғат бейнесін, жағдай бейнесін беру үшін жұмсалады. Əр компо- нент пауза арқылы жіктеледі, компоненттердің баяндауыштарының фор- масы ұқсас келеді.


Сегіз бөлмелі сырлы ағаш үйдің ішіне кіргенде Доскелді аңырып, есінен айрылған адам секілденіп қалды. Есіктен төрге шейін төсеулі кілемдер, неше түрлі асыл айна, сырлы шкаф, үстелдер (Б. Майлин).


Тағы да таң атады, Күн шығады.
Түн келеді,
Тіршілік тыншығады.
(М. Мақатаев)


Ой омарта, сезім сəуле, көңлім кəусар, атым Ахмет, Түркістан
елім менің (Яссауи).
Бұл типті конструкцияның тағы бір белгісі интонациясында – компо- ненттер жекелеуші пауза арқылы жіктеліп тұрады.
Бір тарапты байланыста құрылған көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдердің құрылысын мына мысалдар көрсетеді.
Шырағым, жазық даланың тынысы дегеніміз осы: лебі – самал, да- уысы – ескен жел, түшкіргені – ала құйын, ысқырғаны – осындай қара дауыл (Ө. Канахин). Əлі күнге көз алдымда: қараңғы түн, аспанды қоршаған бұлт, ішін тарта ышқынып соққан жел, алыстан жанған өрттің қызыл құрсауы жер жүзін түгел орап алған сияқты (С. Мұқанов). Ауыл шымыр- шымыр қайнайды: өрістен мал қайтты, көшеде ойнаған бала, жүгірген ит-құс (Ғ. Мұстафин).
Көп компоненттік құрылымның басында (бас позициясында) айқын- далатын хабарды (оқиғаны) білдіретін компонент тұрады да, қалған ком- поненттер тікелей соған мағыналық қатынаста тұрады. Сол себепті осылай құрылған конструкция бір таранты байланыста құрылған көп компонентті салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Айқындайтын компоненттер же- келеуші интонациямен айтылып, көбіне грамматикалық формасы бірыңғай, ұқсас болып келеді.
Осы сияқты бір тараптылық байланыс бірінші компонент байқау, көру, айту əрекеттерін хабарлап, одан кейінгі компоненттер сол əрекеттерге объект ретінде қатысатын оқиғаларды хабарлайтын болғанда көрінеді.
Енді ғана байқады: құс деген мұндай көп болар ма, əр қайсысы өзімен өзі: бірі былай ұшады, бірі олай ұшады, бірі қурай шөптің арасына сып етіп түседі, бозторғайлар жер үстінен көтеріле безектейді, шырқау көкке шырқайды (С. Мұратбеков).
Айқындайтын объект ретіндегі оқиғаларды хабарлайтын компоненттер аса көп болған да бірқатары дара сөйлем ретінде айтылады.


Қазір бұл шаңырақта бəрі бар: есік алдындағы гаражда машина тұр қаңтарылып, қолы тигенде ғана кенже қызы жүргізеді. Төрт-бес бөлмелі үй болса мынау, мал болса анау, иіріп, қайырып игілігін көрер кісі таба алмай қораланып тұрған, ақша дегенің қағаз болып қалды (О.Бөкеев).
Сонымен, бір тарапты байланысқан көп компонентті салаласта бір ком- понент басқа компоненттерді бірыңғай өзіне байланыстырады.
Бір тарапты құрылыс мына сөйлемдерде де бар.
Басында бұйра елтірі бөрік, үстінде түйе жүнді шекпен, астын- да мінгені көкшолақ, Жəнібек деген қария Сарысу өзенін жағалап келеді (М. Тиесов). Күлкісі күлкі, ойыны ойын, қалжыңы қалжың бəрі жа- расып тұр (Ə. Ақпанбет).
Бірінші сөйлемде ілгергі үш компонент үстем төртінші компоненттің субъектісіне қатысты сипаттаманы хабарлап, соған қатысып тұр. Екінші сөйлемде ілгергі компоненттер субъектіге тəн сипаттарды саралап ха- барлаған, соңғы компонент – солардың қорытындысы.
Əр текті байланыс негізінде құрылған көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер құрамындағы компоненттер өзара əр түрлі мағыналық қатынасқа түсіп құрылады. Соған орай байланысу амалдары да түрлі болады.
Абай көңіліне қорқыныш аралас реніш кірді де, өзіне арналған өкім күтті, бірақ анасының дағдылы жүзі сыртында болмаса да, ішінен өз қалпын ауыстырмаған екен (М. Əуезов).
Бұл мысалда бірінші жəне екінші компонент себептік қатынаста тұрып, де жалғаулығы арқылы байланысып тұр, үшінші компонент қарсылықтық қатынасқа түсіп, бірақ жалғаулығы арқылы байланысып тұр.
Осы сипаттағы байланыс мына көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерде де бар.
Жалайыр көп-ақ, бірақ арқадағы Жалайыр – соның тарақ тамғалы шуманақ аталатын бір ғана тармағы, керей мен қыпшақ тұрғанда, оған жол жоқ (М. Мағауин). Қалың қар жауды, жол жабылды, əйтпесе ерте келетін едім. Қарным ашты, бірақ күркеден шығуға қорқамын, сыртта қасқырлар жүрген сияқты (С. Мұқанов).
Əр текті байланыс былай да құрылады. Компоненттер іштей топ құрап байланысады да, сол топтар өзара байланысқа түседі.
Көкорайдың биіктігі соншалық: үзеңгілікті қағады, қоюлығы соншалық: көк шолақ оралып, жығыла жаздайды (М. Тиесов). Алды-артыма қараймын
дəнеме жоқ, аспанға қараймын дəнеме жоқ (Қ. Сегізбаев).
Топ аралық байланысудың тағы бір құрылысы мына сөйлемдерден көрінеді.
Жер көктемде түлейді де, ел жазда түлейді, кəрі де мəз, жас та мəз – сары жазға не жетсін! (Т. Əлімқұлов). Жаман-жақсы болсын, өз туысың, қайда барасың – құлан қағынан безбейді (О. Бөкеев).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет