Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер



бет51/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер


Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер құрамында өзара салала- сып байланысқан компоненттер жəне сабақтасып байланысқан компонент- тер бірдей қатысып ұйымдасады.


Қоңыр қойдың көзіндей қарашығы кішірейер еді, қасын қағып, селдір мұрты дірілдеп, өңі бұзылып, қамығар еді (Д. Досжанов).
Бұл сөйлемде салаласып байланысқан екі компонент бар: 1) Қоңыр қойдың көзіндей қарашығы кішірейер еді, 2) қасын қағып қамығар еді. Екі сабақтастық жолмен байланысқан бағыңқы компоненттер бар: 1) селдір мұрты дірілдеп, 2) өңі бұзылып.
Салаласып байланысқанкомпоненттер конструкцияныұйымдастырушы негіз болып табылады – басыңқы тұлғалар болады. Бағыңқы тұлғалардағы компоненттер, осы басыңқы компоненттерге қатысып (байланысып) ба- рып көп компонентті құрылым құрамына кіреді.
Салаласатын компоненттер екеу жəне одан да көп болады. Олар өзара екі компонентті салалас құрмалас сөйлемге тəн формада, мағынада байла- нысады.
Талдан талға қонған құстар бұталарды шайқап, жапырағын сыбдыр- латса да, қайраңнан балық шолп етсе де, қамыс арасынан серігін іздеген үйрек қарқылдаса да, күткенің келіп қалғандай, селт етесің, жүрегің алып ұшады, бірақ ешкім жоқ, айнала тыншығып, суға төнген қамыс, тал үнсіз мүлгиді (А. Нұрманов).
Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемде тоғыз компонент бар: бес басыңқы, төрт бағыңқы. Басыңқылар өзара себептік қатынасқа түсіп (күткенің келіп қалғандай, селт етесің), жалғастық, мезгілдік (селт етесің, жүрегің алып ұшады; ешкім жоқ, суға төнген қамыс, тал үнсіз мүлгиді) қатынасқа түсіп қарсылықтық (селт етесің, жүрегің алып ұшады, бірақ ешкім жоқ) қатынасқа түсіп байланысқан.
Осы мысалдан байқалатын тағы мынандай жайлар бар. Бағыңқы компоненттер басыңқының санына қарамайды. Басыңқылар бірнешеу болып, бағыңқы біреу-ақ болуы мүмкін.
Бұл хабар жеткен соң, жұрт анығын білгісі келеді, өршітетіндер де табылады (С. Мұқанов). От алып жүргендей, неге асығасың сон- ша! Шымылдығың желкілдеп тұр ма, жата бер, оқуың басталғанша (Қ. Жұмаділов).
Əр басыңқыға қатысты бағыңқы телініп құрылған көп компонентті құрмалас та болады.
Таң атса, күн батпайтын, күн батса, таң атпайтын еді (М. Тиесов). Бір басыңқыға бірнеше бағыңқы қатысып, байланысады.


Алтайда шыбын-шіркейдің ғұмыры қысқа: шілде кетіп, сүмбіле туа, кетеді, шық түскенше, өрекпіп, шықпен бірге өледі (Қ. Ысқақов).
Мұның бəрі пікірдің құрамына байланысты қалыптасады.
Бағыңқы компонент сабақтастық формасы арқылы қай басыңқыға қатысты екенін анық танытады.
Күн сəулесі қос жанарымды қарығаны сонша: көзім ауырып, қайта ашқанда, елес жоқ болды (З. Шашкин).
Қайта ашқанда деген компонент –ғанда формасы арқылы елес жоқ болды деген басыңқы компонентпен байланысып тұр. Бағыңқы компонент тікелей қатар (соң) тұрған басыңқымен байланысты болады, бірақ мағына жағынан екі-үш басыңқыға қатысты бола алады.
Бұл хабар жеткен соң, жұрт анығын білгісі келеді, өршітетіндер де табылады (С. Мұқанов).
Мезгіл пысықтауыш бағыңқы формасы арқылы өзінен кейінгі басың- қымен байланысты, мағына жағынан екі басыңқымен де қатысып тұр.
Талдан талға қонған құстар бұталарды шайқап, жапырағын сыб- дырлатса да, қайраңнан балық шолп етсе де, қамыс арасынан серігін іздеген үйрек қарқылдаса да,... селт етесің, жүрегің алып ұшады, айнала тыншығып суға төнген қамыс, тал үнсіз мүлгиді (А. Нұрманов). Бірыңғай бағыңқылар бірдей селт етесің, жүрегің алып ұшады деген екі жалғас басыңқыға мағына жағынан қатысып тұр.
Көп компонентті құрмалас сөйлемге қанша салаласқан компоненттер қатысады, қанша бағыңқы компонент қатысады, олардың басыңқылармен байланысу жағдайы сөйлеуші айтатын хабардың мазмұнына, сөйлеушінің сөйлемді ұйымдастыру талабына тəуелді.
Біз не көрдік – сен баланы таптырасың да, тау-тасты кезіп, қой өргізіп кетесің, ал мен шиттей балалармен алысып, ертеден кешке дейін, екі көзім төрт болып, омалып отырамын (О. Бөкеев).
Бұл аралас құрмалас сөйлемде салалас компоненттер қарсылықтық қатынаста тұр, бағыңқы компонент біреу, ол соңғы басыңқы компонентке қарасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет