Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д



бет48/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
Тапсырма:

  1. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері жəне оларға тəн грамма- тикалық белгілерді атаңыздар.

  2. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық түрлерінің көп ма- ғыналылығын көрсетіп, оның себептерін түсіндіріңіздер.

  3. Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық түрлерінің арақатынасын айтып, мысалдар келтіріңіздер.

  4. Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, функционалдық арақа- тынасын айтыңыздар, статистикалық дəлел келтіріңіздер.

  5. Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдер құрамына жай сөйлемдер түрлерінің қаты- суын, олардың қатысының рөлін айтып, мысал келтіріңіздер.

  6. Семантикалық жағынан біріне-бірі сəйкес келетін салалас, сабақтас құрмалас сөй- лемдердің грамматикалық түрлерін атап, мысал келтіріңіздер.



КӨП КОМПОНЕНТТІ


YРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР

Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің сипаты, белгілері, түрлері
Б


ұл құрылыстағы синтаксистік тұлғалар шет пұшпақ- талып зерттеліп жүр. Қ. Садырованың, Б. Сағындық- ұлының еңбектерін40 атағанымыз жөн. Бұл мəселе ал-


ғаш Т. Қордабаевтың еңбектерінде зерттелді41.
Синтаксис пəнін оқытуды ойластырғанда қарастыратын мə- селелердің бірі болып көп компонентті құрмалас сөйлемдер атойлап тұр. Бұл тұлғалардың құрылысын, компоненттердің ара- сындағы алуан түрлі мағыналық қатынастарды, соның негізінде олардың семантикалық сипатын ашудың тиімді рационалды (төте) жолын табу əлі проблема болып тұр.
Құрмалас сөйлемдер құрылымдық аспектісінің бір қырын ескергенде – компоненттерінің санын ескергенде екі түрге бөлі- неді деп айтылады:

    1. Екі компонентті құрмалас сөйлемдер.

    2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер.

Екі компонентті конструкция – құрмалас сөйлемдердің бас- тапқы, түпкі, қарабайыр түрі. Көп компонентті құрмалас сөй-



40 Садырова Қ.К. Қазіргі қазақ тіліндегі көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер: канд. дис. авторефераты. – А., 1997; Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тіліндегі аралас құрмалас сөйлемдер: канд. дис. авторефераты. – А., 1997; Сағындықұлы Б. Көп сыңарлы салалас құрмалас сөйлемдер: – Қазақ грамматикасы. – А., 2002. – 731- 732-б.
41 Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. – А., 1995. – 76- 80, 132-137, 137-140-б.

лемдер үш жəне одан көп жай сөйлем типтес компоненттерден құралады. Бұл типті құрмаластар екі компонентті құрмалас сөйлем негізінде дамыған, қалыптасқан. Екеуінде де компоненттерді байланыстыратын амалдар ортақ.


Көп компонентті құрмалас сөйлемдер бөлек құрылымдық тұлға ретінде ерекшеленіп көрінетін белгілері бар.

  1. Құрылымдық белгісі – а) көп жай сөйлем типтес компоненттерден құралады, ə) интонация жағынан ұйымдасу ерекшелігі – көп компонент- тен құралғандықтан интонацияның ішкі құрылысында пауза көп болады, фразалық екпін көп болады. Сонымен қатар компоненттердің құрылысы интонациялық жікті түрліше көрсетеді.

Осындайда бас ауырып, балтыр сыздаса, дəрмен қайсы, жəрдем қане (М. Əуезов). Бұлар бір мұжықтың қаласына келе ме, əкімі жетіп келеді, жоғарыдан қағаз бар, цыгандарға бұл жерде жайланып тоқтауға бол- майды дейді (Ж. Аймауытов).
Осы екі сөйлемнің интонациялық құрылысы бөлекше екені айтылудан- ақ көрініп тұр.
Осы айтылған белгілерінің негізінде көп компонентті құрмалас сөй- лемдердің грамматикалық формасы қалыптасады.
Көп компонентті құрмалас сөйлемдер – өз құрылысына сай грамма- тикалық формаға ие тұлға.

  1. Семантикалық ерекшелігі – пропозициялық (логикалық-грамматика- лық) компоненттің көп болуынан, əрі сөйлем мүшелерінің грамматикалық мағынасынан, сөйлем мүшелері ретінде жұмсалғаны сөздердің лексикалық мағынасынан туады.

Мұнымен қатар көп компоненттердің арасындағы көп синтаксистік (мағыналық) қатынастар да конструкцияның семантикасын толықтырады. Түнде Омбыдан бері қарай поезд жүргеннен кейін, біраздан соң, жол- дастардың бəрі тұнжырап, үндемей отырғанда, теріс қарап бүрісіп жат- қан Хафиз басын көтеріп, Баймағамбеттің бəкісін сұрады (С. Сейфуллин). Көп компонентті құрмалас сөйлемнің функционалдық міндеті бар.
Ол болмысты, ситуацияны, оқиғаны жан-жақты байланыста, қатынаста алып көрсетеді. Бұл конструкция ауқымды күрделенген пікірді ха- барлайды.
Кісінің ой жұмысының ауқымына, фактілерді байқауы, қамтуына бай- ланысты құрмалас көп компонентті болып құралады.
Əйгерімнің де жүзі сынық: бір нəрсеге кейісті, тіпті наразылықтың шарпуы сезіледі (М. Əуезов).
Бұл сөйлемнің көп компонентті болуына себеп болып тұрған – ал- дыңғы компонент хабарлап тұрған оқиғаны айқындау үшін екі соңғы ком- поненттердің мазмұны болып тұрған оқиғаларды қатыстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет