Бердібай Шалабай
162
өйткені, Жиренше бүгін бұларды мықтап жеңіп, табалап тұр
(М. Әуезов).
2-жұмыс.
Қазақ көшіне ұқсамайды: атқа жеккен бричка,
тачанка, төбелерін брезентпен жауып шатырлаған, ішінде 15-20
адам бар (Ғ. Мұстафин). Әлі де қала ішінде қоштасатын жер ле-
ріміз көп сияқты еді, ол баяғы басқа күндердің елесі екен, енді
ешнәрсеге мойынымыз бұрылар емес. Қазақтың шынын айтқы-
затын екі нәрсе бар, соның бірін қолданып көріп ем, ештеңе шы-
ғара алмадым (Ғ. Мүсірепов).
Шырамытып тұр едім, енді анық таныдым: Әкбар! Исі де
бөтен, жер май саси ма, әлдеқалай бұрын мұрны сезбеген жат иіс
(Ш. Мұртазаев).
3-жұмыс.
Көп ойлануға уақыт қалған жоқ, жалғыз үміті: не
Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады, әйтеуір
дұшпанға жоқ (М. Әуезов). Үстің шаң дегем жоқ, шаң құшағына
кіріп кеттім, шеше қуанышы сол да (Ғ. Мүсірепов). Ұлы Табал-
дырықтан аттағандағы мақсат – Рысқұлов өзіне қызмет сұрап
келген жоқ, пәтер тілемейді, жалақымды көбейт демейді, атақ-дә-
реже тілемейді. Кемпір шешесін іздеп шығып кеткен шығар, бұл
да көйлекшең екен, жақ жүні үрпиіңкіреп кетіпті (Ш. Мұртазаев).
Аяқтары сидам, үлкен жарғақ құлақтары салпиған, жүні тықыр
(Б. Соқпақбаев).
Достарыңызбен бөлісу: