Көп бағыныңқылы
сабақтас құрмалас сөйлем
Көп бағыныңқылы сабақтастарда алдыңғы компоненттерінің
баяндауыштары тиянақсыз болып, тек соңғысы ғана тиянақты
тұл ғада тұрады. Бағыныңқы компоненттерінің өзара және басың-
қымен қатынасына қарай олар жарыспалы, сатылы және әралуан
көп бағыныңқылы түрлерге бөлінеді.
Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастардың бағының қы-
лары бірыңғай не әрыңғай мағыналық қатынастарда жұмсалады.
Бірыңғай қатынастағы жарыспалы бағыныңқылар өзара ың-
ғайластық не талғаулық қатынаста тұрып жұмсалады:
Шашының ағы көбейіп, бетіндегі әжімдері тереңдеп, бір түн -
нің ішінде қартайып кетіпті
(М.Ә.).
Ол бұл жерге, Абайды ке рек
еткен адвокат келсе не тергеуші начальник келсе, кіретін
(М.Ә.).
Бағыныңқы (1)
Басыңқы
Бағыныңқы (2)
Бердібай Шалабай
158
Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың бұл түрінде ба-
ғы ныңқы компоненттердің орнын бір-бірімен ауыстыра беруге
болады.
Әрыңғай қатынастағы бағыныңқылардың орналасуы екі түрлі
сипатта болады. Бір жағдайда бірыңғай қатынаста жұмсалған
жарыспалы бағыныңқылармен бірдей болып келеді:
Жас жігіт ғашықтық сырын айтқанда, жауап бере алмаса
да, қыз жүрегі толқып келеді
(Т. Ахтанов).
Екінші жағдайда бағыныңқыларының орнын ауыстыруға
болмайды:
Әңгімесін аузымен тоқтатса да, көңілінде соның
аяғын тағы да созып, қайғының қат-қабат шыңына ақылымен
кіріп отыр
(М.Ә.).
Сатылы көп бағыныңқылардың бағыныңқы компоненттері
бір-біріне сатылай байланысады. Мысалы:
Тай бұдан құтылмақ
боп, нелер қиястық жасаса, соның бәріне де сол секундта Оспан
қолма-қол тәсіл жасайды
(М.Ә.).
Бағыныңқы (1) → бағыныңқы (2) → басыңқы
Сатылы көп бағыныңқылы сабақтастардың бағыныңқылары
өзара әркелкі емес, біркелкі мағыналарда да жұмсалуы мүмкін:
Қыз-келіншектер ауылда қалып, Абай өз жолдастарынан он-
он бес кісі боп бөлек атанып, әрлі-берлі жүрген қалың топтан
оқшауырақ шығысты
(М.Ә.).
Сым қайта-қайта үзіліп, телефон
жұмыс істей алмаған соң, Есей полк командиріне адам жүгіртіп
еді
(Ә.Нұрпейісов).
Әралуан көп бағыныңқылы сабақтастардың компоненттері
жарыса да, сатылай да байланысады. Мысалы:
Әлдеқайдағы
ауылдардан кейде екі әйел қосылып, кейде бір әйел мен бір еркек
қосылып, кейде әйелдердің я еркектердің бірнешеуі қосылып,
кейде бірнеше еркектер мен бірнеше әйелдердің дауыстары
сапырылысып кетіп, тымық түнде жұлдызды аспанға биіктей
көтерілген ән құлағына шалынса, ол алтыбақан тепкен қыз,
бозбалалардың әндері екенін айтпай-ақ шамалайсың
(С.М.).
Қазіргі қазақ тілі
159
Достарыңызбен бөлісу: |