Қазіргі қазақ тілі
157
шектелмей, жалғаса береді. Компоненттерінің баяндауыштары
қайталанған сөздер болса, оларды сыйыстырып та жұмсауға
болады
(Жүйрік шабыста, шешен айтыста, балуан күресте,
батыр ұрыста сыналады).
Ал әр ыңғай қатынастағы көп компонентті салаластарда ком-
поненттерінің мағыналық-құрылымдық қатынастары бірыңғай
си патта емес, әртүрлі қатынаста болады:
Әлі де қала ішінде қош-
тасатын жерлеріміз көп сияқты еді, ол баяғы басқа күндердің
елесі екен, енді ешнәрсеге мойнымыз бұрылар емес
(Ғ.М.).
Бергі
қабағы қалың шилеуіт, жардың асты тығылыса біткен қалың
тал, сондықтан да Талды атанған өткелге бұлар күн батқан соң
жетті
(Ғ.М.).
Әрыңғай қатынастағы көп компонентті салаластардың ком-
поненттерінің мағыналық қатынастары әр алуан болғандықтан
жалғастыруға келмейді, олар тұйық құрылымды болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: