Бердібай Шалабай
84
осы қоңыр жота алып жатыр (С. Бақбергенов). «Астындағы атын
алты ай іздептінің» кері ғой сенің айтып тұрғаның. Тұр орныңнан
малғұн! Жат сол тойғаныңмен! (Б. Дәулетбаев).
7-жұмыс.
Кең даланың төсінде боз жорғалы Ораз сергек
сезінеді. Алдынан ескен самал жел ат кекілін желпиді. Жарысу
оның ойында болған емес (Б. Дәулетбаев). Бірер күнде малды
көшіреміз. Өзің де болатын шығарсың жайлауда? Бұрқылдай
жарқылдап ақ самауыр да келіп қалды. Бізді тыңдаушы болса,
айтамыз әлі! Санаса ма біздермен? (Ғ. Сыланов).
8-жұмыс.
Қызыл аршадан шапқан осы қобызы Ықыласты көп
азапқа салды. Шанағына тартқан көңі қыртыс-тыртыс боп икемге
келмей қойды. Әбден қиналған Ықылас жер бауырлап жатып
алды. Күнікейге ләм-мим деместен тысқа шығып кетті. Бағанадан
бері кешегі лақтырып жіберген қобызын әурелегенін біле қойды
Күнікей. – Көңді қайдан таптың? – Көңді қорадағы қоқыстың іші -
нен таптым. Қобыздың келісті, әдемі боп жасалғанына іштей сүй-
сінді. Базарға бара жатыр едік. Жүргізбеді ғой мына қобыздың үні.
– Кетейікші осы жерден... Жетерміз елге бірдеңе қып... Үн
жоқ Ықыласта. Күнікейдің жіңішкеріп жүдегенін енді ғана көріп
тұр... Түсінді бәрін (І. Жақанов).
Достарыңызбен бөлісу: