бірыңғай
мүшелер арқылы
– Б.Ш.) сөйлемнің іргесі кеңіп, ой айқындала,
оңа шалана түседі... жай сөйлемнің құрамын ұлғайтып, көлемін ке-
ңейтуге бірыңғай мүшелер үлкен сеп болады» (оқулық, 159-160-б).
Екінші көзқарасқа Р. Әміровтың оқулығынан үзінді келті ре-
йік: «Бірыңғай мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды, бірнеше сөй-
лемді сыйыстырып білдірудің амалы».
А.М. Пешковский, М. Балақаев бірыңғай мүшелі сөйлемдерді
Қазіргі қазақ тілі
87
(әсіресе, бірыңғай баяндауышты) күрделі сөйлемдер деп алып қа-
рап, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің аралығындағы син так-
систік категория ретінде түсіндіреді.
Қ. Есенов те бірыңғай мүшелі сөйлемдерді күрделенген сөй-
лемдер қатарында қолданады (Қазақ тіліндегі күрделенген сөй-
лемдер. – Алматы, 1974, 57-64-б.).
Бірыңғай мүшелердің грамматикалық белгілері қандай? Бір-
ыңғай мүшелер болу үшін қандай шарттар керек? Біріншіден,
олар бірдей синтаксистік қызметте жұмсалуы керек, сондықтан
олар бір сұраққа жауап береді; екіншіден, бір сөз табынан жа сала-
ды және көбінесе, тұлғалас болады; үшіншіден, өзара салаласа,
өз дері қатысты мүшеге сабақтаса байланысады; төртін шіден,
сана малаған айырым әуенмен айтылады; сондықтан жазуда ара-
ларына үтір қойылады.
Қызмет, тұлға, байланыс – міне, грамматикалық үш катего-
рия ның бірдейлестігі бірыңғайлықты құрайды.
«Бірыңғайлықтың» бұл айтылғандар тілдік жағы болса, оның
мағыналық жағы да біртектес болады. Әртүрлі мағыналы сөздер
бірыңғай мүше бола алмайды. Бірыңғай мүшелер арасындағы
мағыналық қатынас негізінен үш түрлі: ыңғайластық, тал ғау-
лықты және қарсылықты болады. Ал бірінен-бірі туындап жата-
тын мағыналық қатынас онда орын алмайды.
Бірыңғай мүшелердің арасындағы салаластық байланыс екі
түрлі тәсілмен жүзеге асады. Бірі – іргелесу тәсілімен, сана ма-
ланған интонациямен айтылады. Екіншісі – жалғаулық шы-
лау арқылы. Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз байланысқанда
интонацияның рөлі (қызметі) ерекше болады. Ол бірыңғай
мүшелерді әрі жалғастырушы, әрі ажыратушы (дараландырушы)
қызмет атқарады және бірыңғай мүшелерді әрі қарай жалғастыра
беруге болады – тұйықталмайды, шектелмейді.
Мысалы:
Әр үйдің төбесінде кергіштеп ілген қасқыр, түлкі,
қоян, қарсақ, күзен, суыр терілері.
(Ғ. Мұст).
Бірыңғайлардың жалғаулықсыз байланысуы көркем әдебиетте
(поэзия тілінде) жеңіл ырғақ, әуенді құрылым жасайды.
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап
(Абай).
Бірыңғай мүшелерді байланыстыруда салаластырушы
Бердібай Шалабай
88
жалғаулықтардың орны ерекше. Олар ыңғайластық, ке зектес
және қарсылықты жалғаулықтар. Олар бірыңғайлардың арасын-
да, бір-ақ рет және қайталанып та (
және, мен
жал ғау лық тары нан
басқасы) жұмсала береді.
Бірыңғай мүшелердің жалғаулықсыз, жалғаулықты келуінің
және жалғаулықтарының қайталанып, қайталанбай келуінің ма-
ғыналық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктері болады. Қай-
таланып келетін жалғаулықтар бірыңғай мүшелерге ерекше мән
беріп, саралап, оларға экспрессивті рең береді. Мысалы:
Ашу да, айбар да, күш те қалмаған
(Ғ. Мұст.).
Бірыңғай мүшелерге жалғанатын қосымшалар (не тіркесіп
келетін көмекші сөздер) бәріне бірдей жалғанбай (тіркеспей),
ең соңғысына жалғанады. Бұл сөйлемді ықшамды етіп құру
мақсатынан туындайды.
Мысалы:
Қандай кішіпейіл(сің), қарапайым(сың), зерделі
жансың, Раушан
(Б.М.).
Ербол, Көкбай, скрипкашы, әнші Мұқа, Баймағамбеттер бір
топ болып кірді
(М.Ә.).
Көк жүзінің шарпы бұлты әлдеқайда тарап, сіңіп, жоқ болып
жатыр
(М.Ә.).
Ал, бірыңғайларға ерекше мән беріп, саралап айту керек
болғанда, ол тұлғалар әрқайсысына жеке-жеке жалғанады.
Не билікті, не ауылнайлықты бермей отыр
(Б.М.).
Көптік жалғау жинақтаушы қызмет атқарады.
Бірыңғай мүшелердің синтаксистік қызметінің бір қыры жал-
пылауыш сөздерден көрінеді. Олар бірыңғай мүшелермен тығыз
байланыста болады. Жалпылауыш сөздердің тілдік, мағыналық
қызметі – бірыңғай мүшелерді жинақтау, жалпылау.
Жалпылауыш сөздер ресми стильде көбінесе бірыңғайлар-
дың алдынан келіп, айқындау, дәлдеу, ескерту мағыналарында
жұмсалса
(Ертістің бойындағы қалалар мыналар: Өскемен,
Семей, Павлодар, Омбы),
көркем стильде соңынан келіп, жи нақ-
тау, қорытындылау мәнінде қолданылады
(Алма, Жанат, Жол дас
– бәрі бірігіп колхоз клубына барды
(С.М.).
Жалпылауыш сөз болатындар, негізінен, жалпылау, сілтеу
есімдіктері, одан өзге зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу,
модаль сөздер, қыстырмалар қолданылады.
Қазіргі қазақ тілі
89
Арғын, Найман, Керей, Уақ – төрт арыс бас қосыппыз
(М.Ә).
Сүйіндік, Жексен, Жомарт – үшеуің де алдымызға түс
(М.Ә).
Достарыңызбен бөлісу: |