Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет114/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
2-жұмыс. 
Қыз өзінің межелі жеріне жетті. Университет. Мен 
талай рет келген, он рет ақтарып, төңкерген университет. Ішке кірді. 
Ұзын коридор. Сапырылысқан жұрт. Адасып қалмауға тырысып 
жақындай түсем. Екінші этаж. Үшінші этаж. Оңға бұрылды. Тура 
жүрді. Аудитория. Мен номеріне қарадым. Әлі есімде. 316. Үш жүз 
он алтыншы аудитория. Қыз аудиторияға енді. Мен де кірдім. Төр 
жақ терезе алдындағы екінші партаға отырды. Әрине, отырған ке-
зінде амалсыздан бері бұрылды. Бұрылған бетінде боса ғада бөге-
ліп қалған маған көзі түсті. Құбыжық көргендей селк етті. Боп-боз 
болып кетті. Келер сәтте қызарды. Мен ештеңе бол мағандай төр-
ге қарап бір қадам бастым да, аудиторияға адасып кірген адам дай 
жан-жағыма қаранып, шатысқаныма көзім жеткен соң бұрылдым 
да, баяу адымдап шығып жүре бердім. Артыма қара ғам жоқ. Ауди-
ториядан ұзай бере тұра жүгірдім ғой деймін. Жүгіргем жоқ, ұш-
сам керек. Табылды! Табылды-ау ақыры! Енді ешқайда кет пейді! 
Төменге, сабақ кестесіне келдім. Үш жүз он алтыншы. Үш жүз он 
алтыншы... Аһа. Міне! 316. Екінші курс, бірінші группа. Хим фак. 
Университеттің химия факльтетінің екінші курсы. Бітті ша руа! 
Енді мен қызды кез келген уақытта тауып ала алам. Бүгін-ақ... Бү-
гін төрт пар. Екі елуде... Қайтып келем. Тосып алам (М. Мағауин).
3-жұмыс. 
Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объек -
тивтік құ былыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табы-
лады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан кримина листи каның 
айыр машылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және ал-
дын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңды лық тар дың 
қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байла ны сына және 
материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-әре кет тердің 
өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диа лектика за-
ңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қор ша ған ортада із-
дер мен көріністер қалады да, әрбір қылмыс объек тив тік болмыста 
әр түрлі : идеалдық немесе заттың, құбылыс тың ойда қалған түрінде 
және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді.


Қазіргі қазақ тілі
181
Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан бола-
тындықтан қоршаған ортада, әсіресе, қылмыс орнында көптеген 
іздер қалады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, 
осы іздердің пайда болу үрдісі объектінің қасиеті, белгілері және 
бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға 
бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жер ден 
тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қыл мыс-
тың тетігін анықтаймыз.
Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бе-
кіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық кри-
ми на листік құралдарды пайдалану жолдарын оқытып үйретеді
(Оқулықтан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет