Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет116/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Байланысты:
Шалабай

5-жұмыс. 
Соңғы кездері Солтүстік Каспий мұнайының мол 
қоры әлем назарын өзіне аудара бастады. Жергілікті ел-жұрт 
арасындағы әңгіме арқауы да теңіз тағдыры, оның байлығы, 
халықтың қауіпсіздігі. Ол орынды да. Өйткені Маңғыстау аймағы 
үшін теңіз – тіршілік көзі. Теңіз табаны – байлықтың бастауы. 
Бірақ сол мол байлықты игеру тыңға түрен салғандай, құпиясы 
көп жұмыс болуда. Содан болар теңіз кешенін игеруші шетелдік 
компаниялар тұрғындарды ашық әңгімеге жиі тартып келеді. 
Сондай бір келелі әңгіме, қоғамдық тыңдау Ақтауда «Аджип 
ҚКО» компаниясының ұйымдастыруымен өтті. Ол «Қашағанды» 
игерудің «Қоршаған ортаға тигізер әсерін бағалау» деп аталатын 
жобаны талқылауға арналды (газеттен). 
6-жұмыс. 
Күй ұзақ. Сырттағы жаңбырдың күйі одан да ұзақ. 
Бірімен бірі тайталасып қалып, артынша ортақ тіл табысып, 
іштей мені серпілтіп әкетеді. 
Құлағым күйде.
Суық күндердің салқын ызғары шалған қатпар-қатпар тірлік-
тің керуені алыстап кетіпті. Тапқаны не керек, ұтқаны не екен? 
Қырдан қылт еткен алтайы түлкідей аз дәурен бәйшешек гүлдей 
тамырын сағынып отыр ма? Суыққа шалынғанын сезініп, бой
кө терер көктемін аңсай ма? Қанжығасы майланар ғұмыр атты 
саят пәнидің олжасы қанша? Өкініші қанша? Күйкі тірлікпен күй-
беңдеген көңілдің қосқаны көп пе, жоғалтқаны артық па? Дауыл 
соққан кәрі теректей еңсесін көтеріп келіп-келіп, бір күні күрт 
құлар ма. Содан көлеңкесін саялап өскен бір шынар күн көзін де 
еркелеп өсіп, жапырағын жаяр ма? Кім білсін (С. Сматаев).
7-жұмыс. 
Үй іші шаң-шұң болды да кетті. Ақбаланың ара түске-
ніне қарамай, көп қатын бір қатынды масқаралап айдап шықты. Өз 
араларындағы жек көретін жалғыз қатынды қуу оларға дәл бір жау 
қашырғаннан кем болған жоқ: бірінің сөзін бірі бөліп, бірінің тастап 


Қазіргі қазақ тілі
183
кеткенін екінші, үшінші біреулері толықтырып абыр-сабыр болып 
жатыр еді: кенет бір әйел Ақбаланың әңгімеге араласпай, оқшау 
шетте қоқырайып отырғанын көріп, қасындағы бір әйелді түртіп 
қалды. Ол арғы жағындағы бір әйелді түртіп қайсысы қай сысын 
кінәларын білмей бір-біріне қарап ернін тістеп, беттерін бір-бір үзіп 
алды: басқа кезде болса бір сәрі; бетім-ау, масқара-ау, енді не бетімді 
айтайын. Қазіргідей артынан ырғап-жырғап, әке-ше шесі келе жат-
қан келіншектің қабағын құрттай кірбең шалғаны да күпірлік қой. 
Сұмдық қой. Иә, иә, бұдан асқан сұмдық бола ма. Келіншектер ке нет 
бәрі бірдей үркіп қап көйлектерінің етегі дүр кірей түрекелді. Бәрі бір 
дәнге үймелеген ерекше сайрауық құстар сияқтанып жабырлап кеп, 
Ақбаланы орталарына ала үйме-жүйме боп отыра қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет