Қазіргі қазақ тілі
67
тұлға арқылы өздерінің негізгі мәндерінен ажырап, сын-сапалық,
иелік мәнге ие болады.
Зат есімдер атау тұлғада анықтауыш қызметінде жұмсалып,
анықталатын сөздің заттық сапасын атайды: «Төрем дегені –
Жақсылық дейтін жас
бала жігіт»
(Б.М.).
Зат есімдер ілік септік тұлғасында келіп, анықтауыш қыз ме-
тінде жұмсалады. Ол жағдайда заттың иесін білдіреді. Мысалы,
Күнкенің
аулы да осы арада жақын еді (М.Ә.).
Сілтеу есімдіктер атау тұлғасында тұрғанда өзі қатысты затты
нұсқау мағынасында жұмсалады: Бүкіл елде Бәкенді бауырына
тартып, жақын боп жүрген
осы
Демесін (Б.М.).
Есімшелер анықтауыш қызметінде заттың қимылдық сапа сын
білдіреді: Албарда
сықырлаған
мал (Б.М.).
Сан есімдер заттың сан-мөлшерін білдіріп анықтауыш
болады.
Анықтауыштар құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі
болады. Кеңсенің алдында
үш-төрт
арба тұр (Б.М.).
Күрделі анықтауыштар негізінен, күрделі сын есім, сан есім,
күрделі есімшелерден жасалады. Мысалы: Қала.
Екі қабат, үш
қабатты
үйлер.
Сымдай түзу тар
көше бойы
лек-лек болып
шұбырған
адам (Б.М.).
Қой көзденген қара бұжыр
әйел Мариямға
келіп амандасып, әлдеқайдағы әңгімелерді соғып жатыр (Б.М.).
Үйірлі анықтауыш:
Қолы қимылдағанның
аузы қимылдайды
(мақал).
Мен көрген
ауыл емес (А.Ж.). Біз
төбесі аласа
үйге
кірдік (С.М.).
Анықтауыштар жасалу жолдары мен байланысу тәсіліне қа-
рай қабыса байланысқан анықтауыш және матаса байланысқан
анықтауыш болып бөлінеді. М. Балақаев оларды сапалық анық-
тауыштар, меншікті анықтауыштар дейді.
Достарыңызбен бөлісу: