Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет43/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Пысықтауыш
Әдетте, пысықтауыш деп, етістіктен болған сөйлем мүшесіне 
қатысты болып, іс-қимылдың түрлі сапасын, мезгілін, мекенін, 
амалын, т.б. белгілерін білдіретін тұрлаусыз мүшені айтады. Бұл 
айтылғаннан пысықтауыштың екі ерекшелігін байқауға болады: 
бірі – оның етістіктен болған мүшеге қатыстылығы. Ал етістік 
көбінесе, сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалатыны белгілі. 
Демек, пысықтауыш баяндауыш мүшеге қатысты жұмсалады, 
соның белгі, сапасын анықтайды. Екіншіден, жоғарыдағы анық-
тамадан пысықтауыштың мағыналық ерекшелігі айқындалады. 
Мән мағынасы тұрғысынан пысықтауыш анықтауышпен астасып, 
орайласып жатады. Мысалы, 
Төрт
жігіт аттан түсті – Қасен он 
бір-он екі кісілік жиынды 
төрт 
бөлді (М.Ә.). Бұл сөйлемдердің 
құрамындағы 
төрт 
сөзі әрқайсысындағы лексикалық мағынала-
ры бірдей болғанымен, бірақ грамматикалық мағыналары 
бірдей емес. Өйткені, бірінші сөйлемде төрт сан есімі зат есімге 
қатысты болып, оның санын білдірсе, екіншісінде, ол сөз 
бөлді 
етістігіне қатысты болып, қимыл-әрекеттің мөлшерін білдіріп 
тұр. Сөйтіп, анықтауыш заттың санын білдіріп, есімнен болған 
мүшеге қатысты айтылады да, пысықтауыш қимыл-әрекет сынын 
білдіріп, етістіктен болған мүшеге қатысты айтылады. 
Сирек жағдайда пысықтауыш есімнен болған баяндауышқа 
да қатысты болып келеді. Мысалы, 
Мен әзірше демалыстамын. 
Биыл өзеннің суы мол. 
Бұл мынадай жағдайларға байланысты: 1. Баяндауыш қызме-
тінде не қимыл-процестік мәні бар сөздер, не жатыс жалғаулы 
есім дер жұмсалған жағдайда солай болады. 2. Пысықтауыш қыз-
ме тінде тек мезгіл немесе мекен үстеулері, не мезгіл мәнді сөз дер -
ден жасалған есімдер ғана жұмсалады. Олардың қимылға қа тыс -
тылығы, қимылдың сапасын анықтайтыны әбден орныққан жай.
Пысықтауыш мүше пысықталатын мүшемен грамматикалық ты-
ғыз байланыста болмайды, сондықтан оның сөйлемдегі орны ер кін. 
Сөйлемнің баяндауышымен мағыналық жағынан ұштасып жатады.
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары әр алуан. 
Грамматикалық табиғаты мен лексикалық мағынасы жағынан 
пысықтауыш болатын сөздер – үстеулер. Сонымен қатар пы сық та-


Қазіргі қазақ тілі
71
уыш қызметінде зат есім, сын есімдер, сан есімдер, етістіктің есім-
ше, көсемше және шартты рай тұлғалары, еліктеуіш сөздер және 
т.б. жұмсалады. Мысалдар: 
Қазір мұнда жыл сайын жүзге тарта 
маман диплом алып шығады 
(газ.). 
Жұмыскер арасында әр түр лі 
наразылықтар, толқулар барын жақсы білесіз 
(Ғ.М
.). Қыс тү се 
менің жұмысым екі есе көбейді 
(С.М.). 
Ақтардың бір қосын әс ке рі 
Танабайдың аулына қарай бүйрек шығып келе жатты 
(С.С.).
Үстеуден басқа сөз таптарының пысықтауыш қызметінде 
жұм салуы, көбінесе, синтаксистік қоршауға, қандай грамма-
тикалық тұлғада келуіне, сонымен қатар кейде сөздің лексикалық 
мағынасының ерекшелігіне байланысты болады. Көсемшелердің 
пысықтауыш қызметінде жұмсалуы олардың етістік баян да-
уыштардың алдында келіп, іс-әрекеттің істелу тәсілін, т.б. біл-
діруіне байланысты. Мысалы, 
қалам, кітап
тәрізді зат есімдер 
қандай грамматикалық тұлғада қолданылып, қандай сөзге қа-
тысты айтылса да, пысықтауыштық мәнге ие бола алмайды.
Және бір ескеретін жай, үстеуден басқа сөз таптары пысық-
тауыштың барлық түрлерін жасай алмайды, ал лексикалық-грам -
матикалық мағыналарына сәйкес пысықтауыштардың бел гілі бір 
түрін ғана жасайды. Мысалы, сын есім амал, мезгіл пы сық та-
уыштарды, көсемше амал, мақсат пысықтауыштарды жасайды.
Зат есімдер көбіне, септік жалғауларын жалғап пысықтауыш 
болады. Бұл жағынан олар жанама толықтауыштардың жасалу 
жо лымен ұқсас. Осыған байланысты қазақ тілі ғылымының даму 
та рихында кереғар пікірлер де болды. Бұрынырақ шыққан оқу лық-
тарда, еңбектерде септік жалғауында тұрған есім сөздерді олар-
дың мағынасы мен мәнмәтіндегі синтаксистік қыз метіне қа рамай 
жанама толықтауыш деп тану басым болды. Бұл сөз мағы на сы мен 
оның қолданымдық ерекшелігін ескермеуден туған түсінік еді.
Пысықтауыштар да құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі 
болады. Мысалы
: Бұл кезде бұл елде мейрамға ұқсас ешнәрсе 
жоқ-ты
(Ғ.М
.). Қыс түсе менің жұмысым екі есе көбейді
(С.М.). 
Мәз болады болысың арқаға ұлық қаққанға 
(Абай). 
Пысықтауыштар мағыналық жағынан: мезгіл, мекен, мақсат, 
себеп, амал-мөлшер пысықтауыштар сияқты топтарға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет