Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет39/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлемді сөйлем ететін тұрлаулы мүшелер болса, тұрлаусыз 
мүшелер солардың айналасына топтанып, солар арқылы ғана 
сөйлемде айтылатын ойға қатысты болады, сөйтіп, сөйлемнің 
құрамды бөлшегіне айналады.
Грамматикалық ерекшелігі тұрғысынан тұрлаусыз мүшелер 
тұрлаулы мүшелермен және бір-бірімен қандай синтаксистік 
байланыста тұрғанына қарай ерекшеленеді: тұрлаулы мүшелер 
өзара қиыса байланысса, тұрлаусыз мүшелер қабыса, меңгеріле, 
матаса байланысады.
Тұрлаусыз мүшелердің бір тобы бастауыштың айналасына 
топтанып, оны түрлі жағынан анықтап, саралап тұрса (анық та-
уыш), енді бір т обы баяндауыштың мағынасын түсіндіреді (пы-
сықтауыш, толықтауыш).
Тұрлаусыз мүшелерді топтастыру олардың бас мүшелерге 
осындай мағыналық қатынасына негізделеді. Тұрлаусыз мүше-
лер ді топқа бөлудің бұл қазіргі қалыптасқан грамматикалық 
ұс т а нымы. Бірақ бұл ұстаным әмбебап емес, кейде оның еске-
рілмейтін кезі болады. Мысалы, анықтауыш бас мүшелерге ма-
ғыналық қатынасына қарай емес, қандай сөзден жасалған мүшеге 
қатыстылығы тұрғысынан ғана бөлектенеді (есімге, етістікке). 
Қатысты сөздің алмасуынан (бірде етістік, бірде есім) олардың 
мағыналық қатынасы өзгеріледі деу қиын.
Тұрлаусыз мүшелердің өздеріне тән морфологиялық тұлғасы 
мен байланыс тәсілдері де бар. Мысалы, ілік септік анықтауыш-
тың, табыс септік тура толықтауыштың грамматикалық көрсет-
кіші. Матаса байланысу анықтауышқа тән болса, жанаса байла-
нысу пысықтауышқа тән. Сонымен қатар, белгілі бір тұрлаусыз 
мүше қызметінде жұмсалуға бейім сөздер бар. Мысалы, сын 
есім анықтауыш қызметінде, үстеулер пысық тауыш қызметінде 
жұмсалуға бейім.


Бердібай Шалабай
66
Барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғаулы сөздердің синтак-
систік қызметі әртүрлі. Олардың кейбірінің қандай сөйлем мүше-
сі екендігін ажырату үшін грамматикалық формасын, қай сөз 
табына жататындығын ескерумен қатар, сол сөздің лексикалық 
мағынасына да назар аудару қажет болады. Мысалы, ауылға 
келдім (мекендік мәнге ие), Асқарға келдім (заттық мәнге ие). 
Екеуі де етістікке қатысты. Тұрлаусыз мүшелерді кейде мәнмәтін, 
ол сөздің лексикалық мағынасы және қай сөзбен байланысты 
екендігі анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет