Бердібай Шалабай
72
көсемшеден, т.б. жасалады. Мысалы:
Биыл өзеннің суы мол
(газеттен).
Қыс түсе менің жұмысым екі есе көбейді
(С.М.).
Жаз-
да демалысқа шықтым
(Б.М.).
Ауылдан шыққалы араз кісі дей
томсарып, артына бұрылып қараған жоқ еді
(Б.М.).
Күлзипа ның
барып шыққан үйі артынша шу болып қалады
(Б.М.).
Мекен пысықтауыш
іс-әрекеттің істелу, орындалу мекенін,
бет алысын, бағытын білдіреді. Олар мекен үстеулерінен, жатыс
септікті сілтеу есімдіктерінен, зат есімдерден жасалады. Мысалы:
Кеңсенің алдында
үш-төрт арба тұр.
Бөлмесінде
ешбір жиһаз
жоқ,
бұрышта
темір кереует, бір стол, орындықтар тұр.
Содан ары қарай
өзеннің бойы жалпағынан ел
(Б.М.).
Мақсат пысықтауыш
іс-әрекеттің істелу, орындалу мекенін,
бет алысын, бағытын білдіреді. Олар мақсат үстеулерінен, барыс
септік
тұлғалы
-у
қимыл есімінен,
үшін
шылауы
тіркескен есім
сөздерден, көсемше тұлғалы етістіктерден жасалады. Мысалы:
Милиция елге шыққанда «тұтқында отырған»
Зейнешті құт қар
ғалы
барған
(Б.М.).
Мұның үшін
біз сені айыптамаймыз
(Б.М.).
Себеп пысықтауыш
іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Се-
беп
пысықтауыштар есімше, көсемше тұлғаларынан жасалады.
Есімше тұлғасына зат есім тудыратын –дық жұрнағы жалғанып,
ол шығыс септігі жалғауында тұрады не есімшеге
соң, се беп-
ті
шылаулары тіркесіп келеді. Мысалы:
Раушан ашуға тығыл-
ғандықтан жылап жіберді
(Б.М.).
Жүгінген күйінде қалтырау
күшейген соң малдас құрып отырды
(Б.М.).
Достарыңызбен бөлісу: