Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет52/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   118
Өздік жұмыс
Зертханалық жұмыс сөйлем мүшелерінің қалыпты орын 
тәртібі және инверсияға ар налған.
Тапсырмаларды орындағанда мына жайлар ескерілуі керек: 
1. Әр мүшенің қалыпты орын тәртібін анықтау; байланыс түріне 
қарай орын тәртібі еркін және орын тәртібі тұрақты сөйлем мү-
шелерін анықтау; кейбір «байлаулы» тұрақты тіркестердің ара-


Қазіргі қазақ тілі
83
жігіне еркін тіркестегі сөздердің сыналай кіріп кету жағдайын 
анықтау. 2. Орын тәртібі ауысуының себептерін түсіндіру. 
1-жұмыс. 
Ауылда ең алғаш келген бес қызыл жауынгерден 
төрт әдемі сөз қалды (Ғ. Мүсірепов). Осы сөз болған күннің 
кешінде Абай Қарқаралы қаласын жапа-жалғыз аралап кетті
(М. Әуезов). Елеусіздің есіне кешкі Алматының шеткі аудандары 
түсті (Т.Әлімқұлов). Уай, батыра салсаңшы күрегіңді! Серпе 
таста жоғарырақ! (Ғ. Мүсірепов). Рахмет сізге! Көп-көп рахмет 
бұл хабарды жеткізгеніңізге! (Х. Есенжанов). 
2-жұмыс. 
Қала желкесіндегі әсем таудың қарағайлы жотасында 
қызыл арай сәуле бар (М. Әуезов). Жұрттың назары шортан 
ұстаған, сөзі тастай кішкене қара балаға ауды (Қ.Есенжанов). Түс 
төмен! Сал аяғыңды алақаныма! (М.Иманжанов). 
3-жұмыс. 
Шешелер оңашада жақсы кітаптың жақсы хикая-
ларын қайтадан ескерте беруші еді (М. Әуезов). Жайықтың сап-
салқын екі шелек тұнық суы оған құр иін ағаш көтергендей де 
болған жоқ. Аяқ басуы оның ширай түсті (Х. Есенжанов). Ба-
ланы анасынан артық Көжек бақты (Т.Ақтанов). Көрдіңіздер ме, 
жолдастар, бар әңгіме адамға байланысты екенін? (Ғ.Сыланов). 
Елеусіздің есіне және Гүлнаш түсті (Т.Әлімқұлов). Көріп ал. Әне 
бір мүйіске тірелсін аяғың (М.Иманжанов). 
4-жұмыс.
Бұл жағдай өзгелерден гөрі Есейді қуантты 
(Ә. Нұршайықов). Ерте келгеніме өкініп тұрған мен жоқ
(М. Иманжанов). Шаймерденнің кездескеніне Азамат бала-
ша қуанды (Б. Майлин). Елеусіздің ән салуға даусы жоқ
(Т. Әлімқұлов). Осы ел біледі ғой, Қайырбек партизан болып 
ертеде қандай жорық шеккенін (Ғ. Сыланов). Сізде қағаз ақша 
жоқ па қалам, сауыт сатып алатын? (Х. Есенжанов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет