Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет58/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Бердібай Шалабай
94
байқа ғанда, не тұрлаулы мүшемен, не тұрлаусыз мүшемен 
грамматикалық байланысқа түспейтін екі сөз бар. Олар сөйлем 
құрамымен тек мағыналық жағынан ғана байланысып тұр. Ал 
байланыстағы сөздер мынадай: 
көп
→ 
бала емес пе? 


осы
қазір
Мұндай байланыс ол сөздермен «қараңызшы, Сергей 
Петрович» сөздерінің арасында жоқ. Дегенмен, бүкіл сөз Сергей 
Петровичке арналғандығы, «қараңызшы» сөзі соның (Сергей 
Петровичтің) назарын аудару үшін және сөйлеушінің хабарланып 
отырған іске қатынасын байқау үшін қолданылғандығы айқын 
көрініп тұр.
Сөйлемнің негізгі құрамымен тікелей граматикалық бай ла-
ныс қа түспейтін, онымен тек қана мағыналық қатынаста болатын 
сөз бөліктерін әдетте 
оқшау сөздер
деп атайды. Қандай бір атау 
болмасын шартты түрде алынып, қалыптасып кететіні мәлім. «Оқ-
шау сөздер» атауын да солай деп қараған жөн. Оған себеп, бірін-
шіден, оқшаулар тобына кіретіндер тек жеке сөздер емес, сөз тір-
кес тері де, сөйлем де болуы мүмкін. Екіншіден, оқшау сөз, сөз 
тір кестері, сөйлемдер сөйлемнің органикалық құрамынан мүл де 
бө лек айтылмайды. Егер олар негізгі ойды, хабарды біл ді ретін 
сөй лемнен мүлде бөлек, оқшау айтылатын болса, олар негізгі құ-
рам мен мағыналық жағынан да ұласпас еді де, ондай син таксистік 
топ тардың болатындығы жайлы мәлімет те болмас еді. Сондай 
сөз дердің қатысуы арқылы сөйлемнің құрамы да күрделенеді – 
сөйлем оны құрайтын негізгі мүшелерінен басқа, бүкіл сөй лемді 
әртүрлі мән-мәнерлермен әрлендіретін сөздермен толығады.
Оқшау деп аталатын топқа 
қаратпалар, қыстырмалар 
мен 
одағайлар 
жатқызылып жүр. Оқшау сөздер синтаксистік кате-
горияға жатады. Оның себебі, 
біріншіден, 
ондай топтағылардың 
қайсысы да тек белгілі бір мәнмәтін құрамында көрінеді. Яғни, 
ойды, іс-әрекетті, т.б. хабарлау, айту үстінде негізгі мағынаны 
беретін синтаксистік топтың жетегінде, сонымен қабаттаса 
келеді. Негізгі сөйлемнен тыс, дербес қалыптасуы, қолданылуы 


Қазіргі қазақ тілі
95
мүмкін болмаса да, олардың қай түрі де сөйлеммен тікелей 
грамматикалық байланысқа түспейді. 
Екіншіден,
оқшау сөздер-
дің қандай тұлғада тұрып жұмсалуы сөйлемнің негізгі мүшелері-
нің лексика-грамматикалық ерекшеліктерімен айқындалмайды. 
Үшін ші ерекшелігі 
– олардың қайсысы да дербес алып қарағанда 
жеке сөйлем беретін мәнді, мағынаны, эмоцияны білдіреді. Бұл 
жағынан келгенде, оқшау сөздер дербес сөйлемдерге тең, яғни 
семантикалық жағынан солармен тепе-тең түсіп жатады. Алайда, 
оларды семантикалық тұрғыдан дербес сөйлеммен абсолютті 
тепе-тең деп қарауға болмайды. Өйткені оқшау сөздер сөйлем 
білдіретін негізгі ойды, мағынаны толықтырушы, жинақтаушы 
жанама тәсілдер болып табылады. 
Оқшау сөздердің, олардың ішінде қаратпалар мен қыстырма-
лардың қалыптасуын кейбір зерттеушілер сөйлем құрамындағы 
кейбір топтардың басқа мүшелермен мағыналық байланысының 
әлсіреуінен, босаңдануымен байланыстырады. Сөйлем ішіндегі 
бір сөздің не сөздер тобының басқа мүшелермен мағыналық 
байланысының босаңсуы тілді пайдалану тәжіри бесінде олардың 
толық оқшаулануына алып келуі әбден мүмкін құбылыс. Сөй-
лемнің жеке бөліктері арасында мағыналық байланыстың әл-
сі реуі ой, хабар құрамындағы олардың мәні мен рөліне тәуелді 
бол са керек. Негізгі ойды, хабарды білдіруде сөйлем мүшелерінің 
ара қатынасы бірдей емес. Ой, хабарды білдіруге жанама қа тыс-
ты мүшелер оқшаулануға бейім тұрады. Мұны, әсіресе, қыс-
тырмалардың қалыптасуынан айқын көруге болады.
Қыстырмалар сөйлем ішінде жеке сөздер ретінде де, сөз тір-
кестері ретінде де, тіпті, өз алдына жеке сөйлем ретінде келіп, 
айтылған ойға қосымша мағыналық реңк үстейді. Сондықтан 
олар сөйлемнің іргесін кеңейтіп, онда айтылған ойға қандай да 
бір жолмен қатысты болып тұрады.
Қыстырмалар адамның объективті өмірге, басқа адамға деген 
әр қилы көзқарас қатынасын білдіретін болғандықтан, олардың 
мағыналық қызметтері де әр алуан болады. Осыған қарай қыс-
тырмалар мынадай топтарға бөлінеді:
1) Сөйлеушінің айтылған ойды түрліше эмоциялық тұрғыдан 
бағалауын білдіретін қыстырмалар, яғни өкінгенін, қуанғанын, 
таңданғанын, разы болғанын, т.б.
 (бақытымызға орай, өкінішке 


Бердібай Шалабай
96
орай, бәсе, әй қайдам, амал не, т.б.) (Жеңіл шыққан едік, 
бақытымызға қарай, күн жылы болды
(Б.М.).
2) Сөйлеуші айтылған хабарға өзінің күмәнданатынын-күман-
данбайтынын, оны қостайтын-қостамайтындығын қоса білдіреді 
(сірә, тегі, осыны, әрине, шынында, ұмытпасам, мүм кін)
.
 (Кім 
біледі, бұдан кетсе Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас)
(Б.М.).
3) Қыстырмалар айтылған хабардың кімнің тарапынан екенін 
көрсетуі мүмкін (меніңше, оныңша, әлі есімде, т.б.) 
(
Кенжетай-
дың айтуынша, ол мұрнын көкке көтерген тәкаппар
(С.М.). 
Бұлар, елдің ойлауынша, Әжігерей қайда болса, сонда болу керек).
4) Бірқатар қыстырмалар тыңдаушының назарын аудару үшін 
қолданылады 
(айтпақшы, әне, міне, мінеки, кәне, білесің бе, 
мұның үстіне, ол-ол ма, байқаймын, т.б.). Шынында, осы кезде 
Бөкенші асуының жотасынан бері қарай шапшаң құлдилап келе 
жатқан қалың шоғыр көрінді. Байқаймын, менен жасыратын 
бір сырың бар сияқты 
(М.Ә.).
5) Сөйлеушінің ойының ретін, желісін көрсетеді. Мұндайда 
сөйлем ішіндегі кейбір ойлар айқындала түседі немесе ойдың 
түйінделетіні ескеріледі 
(мысалы, қысқасы, біріншіден, демек, 
сияқты, жоғарыда айтқандай).
Сөйлемнің сұраулық немесе әртүрлі экспрессивтік мәнін кү-
шейте түсу үшін де қыстырма сөздер қолданылады 
(Қалай, құ-
ла ғың ашылды ма? Мен, немене, ана емес дейсіңдер ме? Әй, сен, 
осы, не деп тұрсың?).
Морфологиялық тұлғасы жағынан қыстырма сөздер біркелкі 
болмайды, олар әртүрлі сөз таптарынан жасалып, әр алуан 
тұлғада тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет