Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет54/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   118
Күрделенген сөйлемдер
Сөйлемнің құрылымы, оларда берілген ақпараттың мазмұн 
көлемі әрдайым біркелкі болып келмейді. Сөйлемнің құрылымы 
сөйлеуші адамның қатысымдық мақсатына орай сан алуан 
өзгеріске түсіп түрленіп отырады. Сөйлемнің негізгі мүшелері 
әртүрлі қосымша мәнге ие сөздермен қатысты келіп, сөйлемде 
берілген хабарды, негізгі ойды әртүрлі жағынан толықтырып 
отырады. Бұлайша толықтыру сөйлемнің құрылысын да кеңей-
теді. Бұндай күрделенген құрылымды сөйлемдерді, бір жағынан, 
құрмалас сөйлемдерден ажырату қажеттілігі туса, екінші жағы-
нан, сөйлем мүшелерін дұрыс талдай білуге де көмектеседі.
Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдерді зерттеуші Қ. Есенов 
«қазақ тілінің күрделенген сөйлемдері коммуникативтік қызметі 
мен құрылыстары жағынан біркелкі болып келе бермейді. 


Қазіргі қазақ тілі
85
Біреулері ішінара сөйлем мүшелері жағынан біркелкі болып 
қайта ланса, енді біреулерінде баяндалған оқиғаға байланысты 
айтушы адамның түрліше көзқарастары білінеді. Енді бірде 
сөйлемнің негізгі желісі түрлі жақтардан сипатталып, қосымша 
мәндермен үстемеленіп отырады. Қайсысында болса да сөйлем 
құрылысы күрделеніп, мазмұны жағынан да күрделі ой туғыза-
ды» (Қ. Есенов. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. А.,1974) 
дейді.
Сөйлемнің күрделенуі мынадай жолдармен жүзеге асады:
1) сөйлем мүшелерінің үйірлі және айқындауыш, бірыңғай мү-
шелері арқылы; 2) сөйлемнің оқшауланған құрылымдары ар қы лы 
(қаратпа, қыстырма, одағай сөздер мен тіркестер, қысты рын ды 
сөйлемдер) күрделенеді. Бұлардан өзге Қ. Есенов есімше және 
көсемше оралымдар арқылы күрделенуін жатқызады. 
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері,
айқындауыш мүшелер
Бірыңғай мүшелер – қазақ тілі синтаксисінде кең тараған 
құбылыс. Оның қалыптасуы, даму мәселесі қазақ тілінің жеті-
луімен, оның тілдік, стилистикалық қызметтерінің дамуымен 
ұштасып жатады.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері қазақ тілінің өте ескі катего-
риясы, ертеден келе жатқан құбылыс. Оны көне түркі жазу 
ескерт кіштерінде молынан кездестіруге болады:
Сіз еліме, кунчуйма, оғланыма, будуныма – сізіме алтмыш 
йашымда (адырылтым). Түрк будун өлті, алқынты, йоқ болты.
Ескі жазу нұсқаларында да, қазіргідегідей сөйлемнің барлық 
(тұрлаулы, тұрлаусыз) мүшелері де бірыңғайланып жұм сала бе-
реді. Әрине, олардың құрамын (құрылысын) қазіргі тіліміз дегі-
мен бірдей, тепе-тең деп қарауға болмайды. 
Бұл категорияның қазіргі неше алуан түрлері – бәрі бірдей 
бірден қалыптаса қойған жоқ, тілдің ішкі даму заңына сәйкес 
бірте-бірте қалыптасып жетілген.
«Қазіргі әдеби тілімізде кездесетін сөйлемнің бірыңғай 
мүшелері былай тұрсын, ең көне деп есептелінетін ертегілерде, 
халық дастандарында кездесетін бірыңғай мүшелердің өздері де 


Бердібай Шалабай
86
алғашқы түрімен салыстырғанда дамудың талай өткелдерінен 
өткен, жетілген түрі деп қарау керек» (М. Шаяхметова. Қазір гі 
қазақ тіліндегі сөйлемнің бірыңғай мүшелері. – Алматы, 1980.)
Бірыңғай мүшелердің одан әрі дамып, жиі қолданылуы ХV-
XVIII
ғ. ескерткіштерінде орын алады. Т. Қордабаев «Жамиғат 
тауа рихта», «Шежіре түрік» синтаксисінде сөйлем мүшелерінің 
бар лық түрі де бірыңғай болып кездесетінін, соның ішінде адам, 
жер-су, ру аттары болып келетін зат есімдер жиі қолданылаты нын 
көрсетеді. Мысалы: Жалайыр, татар, ойрат, меркіт, уа бақы ондан 
башқа бағзы қауымда мағул ішінде ертіледі.
Т. Қордабаев: «Сөйлем мүшелерінің көпшілігі әсіресе, бас-
тауыш, толықтауыш, мекен пысықтауыш, бұлардан гөрі сирек 
баяндауыш пен анықтауыш мүшелер бірыңғай түрде кездеседі. 
Барлық түрі негізінде, жалғаулықтар арқылы байланысады», – 
дейді (Тарихи синтаксис мәселелері, 1965, 120 бет).
Бірыңғай мүшелердің әр алуан күрделі түрлерінің қалыпта сып, 
дамуы жазу тілінің, әдеби тілдің қалыптасып дамуына бай ла нысты 
екені белгілі. Ауызша сөйлеу тілі сөйлемнің ықшамды бо лып ке-
луін қажет етсе, жазба әдеби тілге бірнеше сөздерді, сөз тіркестерін 
ұластырып, қиюластырып, күрделендіру үлгісі тән болады. 
Тілде бірыңғай мүшелердің пайда болуы жөнінде зерттеу-
шілер арасында екі ұдай пікір бар. Бір көзқарас бойынша, бір ың-
ғай мүшелер жалаң құрылымды жай сөйлемдердің қарапайым-
дылықтан күрделілікке қарай жайылмаланып жұмсалу ережесіне 
сәйкес қалыптасса (М. Балақаев), екінші көзқарас бойынша, жеке 
сөйлемдерді (я құрмаластардың компоненттерін) бір сөйлемнің 
ыңғайында қосып, біріктіріп, оларды ықшамдап қолданудың 
нәтижесінде пайда болған (Р. Әмір).
М. Балақаевтың оқулығындағы мына пікір бірінші көзқарас-
ты құптауға ойысатынын аңғартады: «Сол арқылы (яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет