Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет57/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Сөйлемнің оқшау бөліктері,
олардың өзіндік ерекшеліктері
Тілдің негізгі қызметі – адамдар арасындағы қатынастың 
құралы болу. Қатынас құралы болу тілдік элементтердің бір-
бірімен грамматикалық байланысқа түсуін, бір тұтастыққа айна-
луын қажет етеді. Өйткені бір-бірімен грамматикалық тығыз 
байланысты сөздер тобы ғана біршама тиянақталған ойды, 
хабарды білдіре алады. Сондықтан сөйлем мен оның құрылымдық 
элементтерінің қалыптасу заңдылықтары жайлы мәселе – тіл 
білімінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. 
Сөздердің сөйлемге бірігуі қай тілдің болмасын өзіне тән 
заңдылықтары бойынша жүреді. Сөздердің сөйлемге бірігуінің 
белгісі олардың бір-бірімен грамматикалық тығыз байланысы 
және интонациялық бірлік болып табылады. Осы екі белгі бар 
синтаксистік құрылымдарды сөйлем деп қарастыруға болады. 
Асқар – студент. Жыл бойы ұқыпты дайындалған Асқар бар-
лық емтихандарды жақсы тапсырып шықты. 
Мұндай синтак-
систік құрылымдар сөйлемге жатады. Өйткені олардың құра-
мын дағы сөздер бір-бірімен тығыз грамматикалық байланысқа 
түс кен. Алдыңғының құрамында екі сөз бар. Олардың байланысы 
интонация арқылы жүзеге асқан. Бұл сөйлемнің құрамы тек 
бастауыш пен баяндауышқа ғана ажырайды. Алайда, ой барлық 
уақытта тек субъект пен предикаттан құралмайтыны, оның аумақ-
көлемі күрделеніп отыратыны белгілі. Соңғы сөйлемде әр мүшесі 
жіктелген, сараланған хабар берілген. Құрамындағы сөздердің 
байланыс кестесін былай көрсетуге болады: 


Қазіргі қазақ тілі
93
Асқар
тапсырып шықты 



дайындалған
емтихандарды жақсы



жыл бойы ұқыпты
барлық 
Сөйлемді құраушы негізгі мүшелердің екеуі де басқа 
сөздермен анықталып, мағыналары жіктелген. Сонымен, соңғы 
сөйлемнің құрамын талдау мынадай екі жағдайды айқын 
көрсетеді. Сөйлемді құраушы, сол арқылы негізгі ойды білдіруші 
екі бас мүше бар (бастауыш пен баяндауыш), сол екі мүше арқылы 
негізгі мағына беріледі. Басқа сөздер сол екі мүшенің айналасына 
топталып, олардың мағынасын айқындап түсіндіріп тұр. Басқа-
ша айтқанда, бұл сөйлемнің құрамындағы сөздер екі топқа – 
бас тауыш, баяндауыш топтарына жіктелген. Екі бас мүшенің 
айналасына топталып, соларға ғана қатысты айтылатын сөздерді 
әдетте тұрлаусыз мүшелер деп атайтыны белгілі. Тұрлаусыз мү-
шелердің қайсысы да тікелей сөйлем құрамайды (тұрлаусыз деп 
саналуы содан), бірақ сөйлем құрайтын мүшелермен (бастауыш, 
баяндауыш) грамматикалық байланыста болады. Оларсыз сөйлем 
мүшесі ретінде ұғынылмас еді. 
Сөйлемдік мән, мағына туғызу тұрғысынан бас мүшелер (бас-
тауыш, баяндауыш) бірінші дәрежелі болса, тұрлаусыз мүшелер 
екінші дәрежелілер қатарына жатады. Өйткені тұрлаусыз мүшелер 
(анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) сөйлем құруға тікелей 
қатыспайды, бас мүшелердің бірінің шылауында айтылып, солар 
арқылы ғана сөйлемнің бір элементі бола алады. 
Сонымен, сөйлемнің органикалық құрамы осы сипатты бо-
лып келеді. Сөйлемнің құрамындағы сөздер мәні, қызметі жағы-
нан түрлі сатыда болса да, бір-бірімен грамматикалық тығыз 
байланыста болып отырады. Алайда, сөйлем құрамындағы сөз-
дердің барлығы бірдей тығыз грамматикалық байланысқа түсе 
бермейді. Сөйлем өзінің тікелей мағынасынан басқа да қосым-
ша мән-мәнерлерді білдіруімен, құрамының күрделілігімен ерек-
шеленеді. Мына бір сөйлемге назар аударайық: 
Қараңызшы, 
Сергей Петрович, осы көп қазір бала емес пе?
(Ғ.Мұст.). Мұ-
ның құрамындағы сөздердің бір-бірімен байланысын жіктеп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет