Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет56/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Айқындауыштар
– қазіргі қазақ тілінде кең етек алған 
синтаксистік құбылыс. Оны анықтауыштардың ерекше бір түрі 
ретінде қарайды. Айқындауыш адамның айтайын деген ойының 
кей жақтарын нақтылап, дәлдеп беруде үлкен рөл атқарады. 
Айтайын деген ойға ерекше назар аударту үшін, я соны ерекше 
бөлу үшін қолданылады. Мұнымен қатар айқындауыштар заттың 
я нәрсенің атын, шығу тегін көрсетеді. Өзінің айқындайтын 
сөзінің соңынан айтылып, бүтін бір сөйлемнің, я бір мүшенің ма-
ғынасын дәлелдеп, айқындап, көркемдеп тұрады. Сонда бұлар 
анықтауыштар сияқты тек синтаксистік емес, стилистикалық-
синтаксистік амал ретінде қабылданады.
Айқындауыш өзінің анықтайтын сөзіне грамматикалық жа ғы-
нан тығыз, тең байланыста тұрады. Ол анықталатын сөздің же-
тегінде кейде қосарланып айтылып, кейде оңашаланып айтылып, 
өзінен алдыңғы сөзді атап, я оның мазмұнын ашып дәлдеп, 
анықтап тұрады.
Сөз табы жағынан өзінің айқындайтын сөзіне орайлас (зат 
есімнен) жасалып, тұлғасы жағынан да бірдей болады да, маз-
мұны жағынан алдындағы жалпы ұғымның біреуін дәлдейді, 
мағынасын ашып, дәлелдейді, я атап көрсетеді. Мысалы: Өзі сері, 
әнші, сұлу Байтасқа екеуі де – бірі кәрі, бірі жас бала – қызғана 
да, тамашалай да қараған еді (М.Ә.). 
Қазіргі қазақ тілінде айқындауыштың үш түрін көрсетеді: 
оңашаланған айқындауыш, қосалқы айқындауыш, қосарлы 
айқындауыш. Бұл үш түрінің бір-біріне ұқсас жақтары болумен 
қатар өзгешеліктері де бар. 
Оңашаланған айқындауыштар
– белгілі бір ұғымды күшейту, 
ерекшелеу, соған көңіл бөлдіру мақсатына сай қайталанып айтылу 
негізінде қолданылатын айқындауыштық қатынастағы сөздер 
тіркесі. Бұндағы айқындау – нақтылау, сипаттау ыңғайында 
болады. Осыған байланысты айқындалатын сөз қандай сөз та-
бы нан жасалса, ол да сол сөз табынан, не соған мағыналас, 
төркіндес сөздерден жасалады. Сондықтан айқындауыш сөз бен 
айқындалатын сөз өзара теңдікте тұрып, ойдың бірлігін, тұтас-
тығын сақтап, айқындалатын-айқындайтын қатынасқа құрылған 


Бердібай Шалабай
90
күрделі бір ұғымды білдіреді. Осыған байланысты және қайта-
лама ретінде құрылуынан тұлғалас болады.
Оңашаланған айқындауыш алдындағы сөздің ерекше белгісін 
қайталап, оған көңіл аудару мақсатымен айтылғандықтан, оған 
ой екпіні түсіп, интонациялық жағынан оқшауланып, ерекше 
әуенмен айтылады.
Бәрінің ортасында Ақсақ Темірдің ала шатыры – 
алып ордасы 
тұр (Ғ. Мүсірепов).
Үйде, 
Абайдың қасында, 
бұл ауылдың адамдарынан бөтен 
түсті үш кісі отыр (М.Ә.). 
Дүниенікі дүниеде қайтады: патша – 
Николайды,
болыс – 
Итбайды 
біз де өлтірдік (С.М.).
Еділдің, 
ерке Еділдің 
жағасында болғаның бар ма деп бастады 
қарт әңгімесін (М. Иманжанов).
Бұл кітап соныкі, 
Омардікі 
(Ғ.М.). 
Бұл мысалдардан көріп отырғанымыздай, сөйлемнің барлық 
мүшелерінің айқындауыштары болады. 
Оңашаланған айқындауыштар кейде дараны жалпылап көрсе-
теді. Мысалы: Ол менің, мына біздің, бақытты өмірімізді бұзушы-
лар дың басшысы (А. Сатаев).
Оңашаланған айқындауыштар кездейсоқ емес, белгілі бір 
стильдік мақсатта қолданатын синтаксистік құрылым. Бұл ай-
тайын деген ойдың әртүрлі жақтарын, әсіресе, әрқилы нәзік 
қырларын беруде өте икемді құрал болып саналады. Көркем 
әдебиеттерде көптеген стилистикалық фигураларды беруде 
поэтикалық синтаксистік орам ретінде жиі қолданылуы осыдан.
Қосалқы айқындауыштар
екі зат есім сөздің тіркесуінен жа-
салады. Бірақ, кез келген зат есімдердің ешбір мағына байла ны-
сынсыз тіркесе салуы айқындауыш қызметін атқара алмайды. 
Олар айқындауыш қызметінде жұмсалуы үшін өзара мағыналық 
байланысы бар сөздерден тіркесуі керек. Айқындалушы – ай-
қындауыштық қатынастағы тіркестер жалқы (адам аттары) 
есімдер мен заттың сапасы болатын сөздерден жасалады. Мы-
салы: Шора батыр, Нұрлан инженер, Әсет ағай, т.б. Сонда бұлар 
жас мөлшерінің, туыстық қатынастың, кәсіп-мамандықтың, 
атақтың, меншіктіліктің дара заттарға қатыстылығын ашу, білдіру 
негізінде тіркескен күрделі сөздер болады.


Қазіргі қазақ тілі
91
Қосарлы айқындауыштар 
да кез келген зат есімдер тіркесінен 
жасала алмайды. Бұлардың тіркесуінде де белгілі өзіне тән 
заңдылығы бар. Ең алдымен, бұлар – екі жалпы есімнің тіркесі. 
Олар семантикалық бірлестіктегі, мағыналас, мәндес – синоним 
сөздер болып келеді. Және олар тіркес құрағанда, тең мағыналы-
ғы сақталып қалатын ыңғайда тіркеседі (Әйел – ана, генерал-
губернатор, қызметші-малай).
Екі жалпы есімнің бірі – заттың атының ұғымы ретінде, екін-
шісі – соның қасиеті, сапасы, ұғымы ретіндегі баламалық сапада 
қатынасқа түседі. Бұл қатынас затты жалпы тобынан бөліп алып, 
ерекшелеп, айқындап көрсетеді. Ұшқыш-космонавт дегенде оның 
жалпы ұшқыштардан жігі ажырап, кім екендігі (қандай ұшқыш 
екендігі) айқындалып тұр. Қосарлы айқындауыштар тілімізде 
онша көп емес.
Оңашаланған айқындауыштар үтір, сызықша және жақша 
арқылы ажыратылады. 
Айқындауыштардың анықтауыштардан және өзге де ұқсас 
мүшелерден айырмашылықтары бар. 
Айқындауыштың табиғатында анықтау, сипаттау қасиеті бар 
болғандықтан, анықтауыштарға ұқсас болып келеді. Бірақ одан 
елеулі өзгешеліктері бар. Біріншіден, жасалатын сөз табы басқа. 
Содан барып мағыналық өзгешелігі шығады. Затты сындық 
қасиеті жағынан емес, зат пен заттың өзара қатыстылығы, ұқ-
сас тығы, белгілі-белгісіздігі жағынан салыстырып, нақтылау, 
си паттау ыңғайында анықтайды; екіншіден, құрылысы, тұлғасы 
жа ғынан ерекшеленеді, бір сұрауға жауап береді; үшіншіден, тір-
кестің әрбір сыңары салаласа байланысады, орны, интонациясы 
жағынан ерекшеленеді.
Сыртқы формасы жағынан оңашаланған айқындауыштар 
қыстырма сөздерге, бірыңғай мүшелерге ұқсас болса, қосарлы 
айқындауыштар қос сөздерге ұқсас. Бірақ мәнді айырма-белгілері 
бар. Мысалы, мағыналық жағынан айқындауыштар мен қыстыр-
ма сөздер бір емес. Қыстырма сөздер айтылған ойға сөйлеушінің 
түрліше көзқарасын білдіреді. Ал айқындауыштың мағынасы – 
сөзді анықтау, айқындау, соны дәлдеп көрсету. Грамматикалық 
жағынан да ерекшеліктері бар. 
Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің әрқайсысының жеке беретін 


Бердібай Шалабай
92
ұғымы өзіне тән жеке-жеке болса, айқындауышта олай емес, 
айқындайтын сөзімен мағыналық топ құрап тұрады. Интона ция-
лық жағынан да ерекшеленеді.
Қосарлы айқындауыш пен қос сөздің беретін мағыналары да 
басқа-басқа, қосарлы айқындауыш – синтаксистік категория, қос 
сөз – лексикалық категория.
Қос сөздің екі сөзін бір-бірінен бөліп айтқанда өз алдына 
жеке мағына бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет