Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы



бет67/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   93
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы.Соңғы жылдардағы дағдарыстың салдарынан 2015 жылы экономиканың шикізат секторындағы өндіру көлемі тау-кен өндiрушi саладағы шығару көлеміне дерлiк теңестiрілдi. Сол себептен, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына оң әсер тигізетін, 2010 жылы қабылданған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын ары қарай жүзеге асыру керек. Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге жарамдылығын көтеру үшін шағын және орта бизнесті қаржыландыру ғана емес, сонымен қатар болашағы бар ірі жобаларды шетелдік инвесторлар арқылы қаржыландыруды тоқтатпай, осы бағытта жыл сайын өткізілетін «Еуразиялық экономикалық форуммен» қатар «Астана экономикалық форумының» айтарлықтай пайдасы бар. «Еуразиялық кедендік одақ», «Дүниежүзілік сауда ұйымы» сияқты халықаралық сауда-саттық нарығында сынақтар күтіп тұр.
Егер тәуелсіздіктің компоненттері сан алуан десек, оның ішінде сол тәуелсіздіктің ең басты тетіктеріне ұлттық намыс, отаншылдық, тіл жатады. «Отбасынан басталып, ұлыс сатыларынан өтіп, биік деңгейге жеткенді көрсететін ұғым ұлт десек, оның өзіндік ерекшеліктерінің бірі – ұлттық намыс. «Ұлттық намысты күн тәртібіне қойған ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлы: «жұрт ісіне жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын қазақта адамдар аз болады. Себебі жұрт жұмысы деген қазақтың әдетінде болған емес. Өзге жұрттан оңаша жүріп, қазақ басқа халықтармен бәсекелесіп, жарысқа түскен жоқ. Сондықтан жұрт жұмысы, ұлт намысы деген сөз қазақтың көбіне түсініксіз нәрсе», – деп пайымдады. Ол ұлттық намыс етіп балаларға оқулық, роман шығарған зиялыларға спонсорлық жасайтын намысы бар байларды қазақтың білім жарысына түсіп, өркениетті елдерге теңелуі жолындағы ұлттық намысқа шақырды. А. Байтұрсынұлы өзінің атақты «Әдебиет танытқышында» толғаудың бір түрі «намыс» болатынын, ал «намыс тар жол, тайғақ кешуде, қиыншылық шегіне жеткенде шығатын сөз», – деп түйіндейді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы елімізде өз деңгейінде атап өтілді. Оны ұйымдастыру шаралары Елбасы қаулысымен жоспарлы түрде өтті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2016 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер Министрі К. Мәсімов
2016 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жылдығының жылы деп жариялау туралы
Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақстан халқын рухани-мәдени топтастыру, дәйекті және озыңқы дамуды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2016 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының жылын ұйымдастыру және өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы;
2) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
3) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қытайдағы Қазақстандық студенттер қауымдастығының Шыңжаң бөлімі Үрімжі қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өткізді. 16 желтоқсан күні Үрімші қаласы ҚР СІМ Паспорт виза қызметінің қолдауымен өтті, оның басшысы Марғұлан Күзекбаев ҚХР ҚР Елшісі Шахрат Нұрышевтің атынан мерекеге жиналған 200-ден астам қонақты құттықтап, оқуда табыс тіледі.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өткен 2011 жыл Қазақстан спорты тарихына алтын әріппен жазылды. Осы жылы  Астана мен Алматыда тұңғыш рет VIIҚысқы Азия ойындары өтті.  Білген жанға  Олимпиада, Универсиада және Азиада сияқты араға жылдар салып өткізілетін спорттық ірі форумдар көрінген елдің қолында кете бермейді. Мұндай мәртебелі ойындар, бірнеше кезеңнен тұратын сынақтар мен  арнайы байқаудан сүрінбей өткен ел ғана лайық деп танылады.  Сондай мәртебеге ие болған еліміз  2011 жылы VII Ақ Азиада ойындарын абыроймен атқарып,  жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық бірінші орынды иеленді. 
Қазақстан  - Қысқы Азия ойындарын қабылдаған төртінші мемлекет. Бұған дейін төртжылдықтың ең ірі форумы Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореядан алыстаған емес. Екіншіден, Ақ Азиада ойындары тұңғыш рет  екі  қалада өткізілді. Тағы бір ерекшелігі,  Қазақстандағы ойындардан бастап, Азиаданың меншікті алау оты пайда болды. Ең бастысы,  Азияның шартарабынан жиналған үміткерлер бүгінгі заман талабына жауап беретін тамаша спорт кешендерінде сайысқа түсті.  Ашылу салтанаты ұйымдастырылған  «Астана Арена» стадионы, «Алау» мұзайдыны, «Қазақстан» спорт сарайы, республикалық велотрек, Алматыдағы Балуан Шолақ сарайы, таудағы әйгілі «Медеу»,  халықаралық трамплиндер кешені, «Шымбұлақ» тау базасы, «Табаған», Сарбаздар сарайындағы шаңғы-биатлон кешені қазақ халқының игілігіне айналды.  Спорттың  11 түрін қамтыған Ақ Азиада ойындарының  телекөрсетілімін 500 миллион көрермен тамашалағаны көп жайдан хабар берсе керек.  Бағымызға орай  туған  жердегі  Азиада да жерлестеріміз ерледі. 1996 жылдан бері Азиада көрігін қыздырып келген еліміздің ұлттық құрамасы тұңғыш рет жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Сонымен VII Қысқы Азия ойындарының нәтижесі бойынша 32 алтын, 21 күміс және 17 қоламен - барлығы 70 медаль жинаған Қазақстан  Азиада тарихының жаңа бетін жазды.  Екінші орынға 13 алтын, 24 күміс және 17 қоламен Жапония табан тіресе,  Корея спортшылары 13 алтын, 12 күміс және 13 қоламен үздіктер үштігін түйіндеді. Жалпы,  Азиадаға қатысқан 24 елдің  тек сегізі ғана медальға ілікті.
Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.
Алматы ірі спорттық шараға дайындаудағы инфрақұрылымдық база қызметін 2011 жылы өткен 7-қысқы Азия ойындарына арнап салынған нысандар атқарып отыр. Атап айтқанда, «Сұңқар» халықаралық шаңғыдан секіру кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және Алматы облысындағы Шаңғы-биатлон стадионы универсиада жарыстарын қабылдайды. Спорт жарыстары сондай-ақ «Медеу» мұз айдынында және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы курортында өтеді. Универсиада үшін қосымша тағы Мұз сарайы, Мұз аренасы және Атлеттер қалашығы салынады.
Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ішінде бірінші болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада туын Алматы қаласына беру салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті.
Алматыда өткен 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды.Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды.
XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысты. Шамамен үш мыңға жуық еріктілер қатары жұмылдырылды.
Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.
Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар 11 алтын 8 күміс 17 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Қазақстан құрамасы қысқы Универсиада ойындарына алғаш рет 1993 жылы қатысты. Польша жерінде өткен жарыста бұйырғаны бір күміс медаль болды. Араға екі жыл сала Испанияда өткен Универсиада ойындарында 2 алтын, 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 8-орынға ие болды. Ал одан кейінгі 1997, 1999, 2001 және 2009 жылдары отандастарымыз қысқы Универсиада ойындарына қатысқан жоқ. Қазақстанның қысқы Универсиада ойындарындағы ең үздік нәтижесі 2015 жылы Гранада (Испания) мен Штрбске-Плесода (Словакия) өткен жарыста тіркелді. Отандастарымыз жалпыкомандалық есепте үшінші орын (5 алтын, 6 күміс) алды. Бұл көрсеткіш - Қазақстан құрамасының өз тарихындағы ең ірі жетістігі болатын. Алматыдағы Универсиадада отандастарымыз бұл рекордын жаңартты. ХХVIII қысқы Универсиада ойындарында жалпыкомандалық есеп бойынша Ресей құрамасы бірінші орынды иеленді. Олар барлығы 71 медаль (29 алтын 27 күміс 15 қола) жеңіп алды. Үшінші орынды Оңтүстік Корея елінің спортшылары иеленді. Олар барлығы 11 алтын 5 күміс 5 қола медаль иеленді. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Жапония, Польша, Қытай, Франция, Италия, Беларусь және Украина құрамалары енді.
Алдымызда «ЭКСПО-2017» атты халықаралық көрме Астанада өткізілмекші. Ол Орталық Азияда және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына» кіретін мүше елдерде өтетін алғашқы көрме болмақ. Мұндай үлкен шараны біздің елде өткізу мемлекетіміздің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Көрменің тақырыбы «болашақ энергиясы» деп аталады, яғни жасыл технологияларға арналған. Халықаралық көрмелер бюросына мүше елдерді таң қалдырған сұрақ, қазіргі таңда көкейкесті мәселе. Сарқылмайтын энергия көздері: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу, болашақта адам баласына ең қажетті ресурс түрі. Бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10-нан астам халықаралық ұйымы қатысады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деген болжам бар
Мемлекет басшысының «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары әлемдік қаржы жүйесіндегі аса жағымсыз құбылыстарға қарамастан, елімізде өндіріс пен инновацияны, әлеуметтік саланы дамытуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, мұның барлығы елдің экономикасы оңала бастаған тұста еліміздің болашағы мәдени дамумен байланысты екендігін көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:



  1. Қазақстан Халық Конгресі партиясы қашан құрылды және оның жетекшілері кім болды?

  2. Қазақстан Республикасындағы көппартиялық жүйе құқықтық жағынан қандай заңдар бойынша реттелген?

  3. Отандық тарих проблемаларына арналған қандай конгресстер өтті?

  4. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың кезеңдері қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет