Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б


Қазақ халқының әдет-ғұрыптарының жандануы



бет70/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   93
Байланысты:
annotation165748

6.3 Қазақ халқының әдет-ғұрыптарының жандануы
Қазіргі кезде демографилық мәселеге көңіл аударып, жастарымыз көп балалы отбасы болуды мақсат еткен. Елімізде көп балалы аналардың жаң айғайы да белгілі.Үкіметі 2020 жылға қарай адам санын 20 миллионға жеткізу жолын қарастыруда. Неке құрмаған бойдақтар қатарының көбеюінен және отбасында бірнеше баланың ғана дүниеге келуі Еуропа елдері сияқты біздің елімізді де демографиялық тоқырауға әкелді. Халқымыздың арасында дүниеге көп балалы аналар баршылық. Қазақтар табиғатынан «балажан» халық екені белгілі..
Балаға деген сүйіспеншілік жайлы мақалдар мен мәтелдерденерекше сүйіспеншілікті байқаймыз: «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», «Әкеге баланың алалығы жоқ», «Анасын сүйгеннің – баласын сүй», «Бесіксіз үйде береке жоқ», «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» «Дүниеде бал тәтті, бала балдан тәтті», «Қыз жоқ жерде қызық жоқ», «Әке өліп, бала қалса – арманына жеткені, бала өліп, әке қалса – арманы іште кеткені», «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы», «Балаңды жұрт мақтаса, бәрінен де сол сүйініш», «Балам – балым, баланың баласы – жаным», «Ат болар тай саяққа үйір, адам болар бала конаққа үйір».
Ата-бабамыз көп балалы болуды армандаған себебі көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтында отбасын, руын, тайпасын, жалпақ жұртты қорғауда ұл баланың көптігі қажет болды. Өзінің жеке дара билігін жүргізу үшін Абылай хан (1711-1781) көрші мемлекеттердегі ықпалды әулеттермен, сондай-ақ қазақ хандары мен сұлтандарымен неке құдандалық қатынасын орнатқан. Бұл туралы қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов «Ханның 12 әйелінен 40 қызы мен 30 ұлы болған», –деп жазады.Қазақ фольклорын зерттеуші ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «атақты Абылай ханның 17 әйелі болған, балалары одан көп еді», – депбасқа мәліметті келтіреді. Абылай хан балалары мен жақын туыстарын үш жүзге бас етіп тағайындайды.
Ислам діні орныққанға дейін көп балалы болу ел дәстүріне айналғандықтан, көп әйел алушылыққа жол берілді.Қазақ әйелдері түсік тастауды білмеген. Оны қазақ әйелдері ауыр күнә ретінде есептеген, керісінше, болған жағдайда билер соты сол үшін өлім жазасы мен үлкен мөлшерде құн төлеу үкімін шығарған.Дала қыздарыішкі түйсігінің негізіндеәрбір баланы дүниеге әкелген сайын ағзасының жаңарып, жасаратынын білді.Қазіргі ғалымдардың зерттеуі бойынша, әрбір баланы дүниеге әкелген сайын әйел сұлуланып, денсаулығы нығая түсетіні анықталған.
Жаугершілік замандағы көшпелі ортада әйел адамдар орны ойсырап қалған жұрттың орнын толтырып, өмірге бала әкелуге міндетті болды. Керісінше болған жағдайда, халқының саны көп, күші мығым көршілес қауымға сіңіп кету қаупі туындайтын. Қандай жағдайда болсын бұл тауқыметі мол тіршілікте өмір үшін күресу қажет болды. Көп бала еңбек күшін молайтып, отбасына береке әкелетін. Дәстүрлі түсінікте ата-анасының орындалмаған арманына балалары қол жеткізген.
Қазіргі қоғамда меценаттар, бай адамдардың қажеттілігі айтылуда. Бұл мәселе де қазақтарда тыс қалмаған. Ерте кездерден бастап үлкендер жастарға бата бере отырып, оларға «бақ-дәулет» тіледі. Көптеген халық мақалдары мен мәтелдері де халық өз еңбегімен тапқан дәулетті жоғары бағалағандығын көрсетеді. «Сауыны аздың жазы қысқа», «Екі кедейдің арасында дорба жүреді, екі байдың арасында жорға жүреді», «Балық жоқта бақа да балық» «Ит арық болса, ауылдың намысы», «Барлық «Жуан – жіңішкергенше, жіңішке – үзілер», «Асы жоқ үйді ит те сүймейді», «Бие көп болса, құлын көп», «Келген дәулет – кеткен бейнет», «Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар», жарастырады, жоқтық таластырады», «Аш атасын тыңдамас».
Дегенмен кедейлену үдерістері болғаны да айтылады. Табиғат апаты, жұттар біраз уақытқа дейін көшпелілерге әсер етпеді, өйткені олар тез жиналып, неғұрлым қауіпсіз аймақтарына қарай көшіп отырды.
Халқымыз Ресей империясының отаршылдық саясаты салдарынан күрт кедейлене бастады. Даланы үздіксіз әскери бекіністер желілерімен қоршау, қамалдар мен қалалар салу, өлкеге миллиондаған орыс казактары мен шаруаларын қоныстандыру біздің ата-бабаларымыздың мыңғырған малының өрісін, көшу кеңістігін едәуір тарылтып, табиғи апаттардан өз малын құтқару жолдарын тарылта түсті. Ал, аға сұлтандар мен болыс басқарушылары институтын енгізу түрлі әкімшілік лауазымдарға үміткерлердің патша шенеуніктеріне пара беруге мыңдаған мал басын салды.
Далалықтардың дәулетіне метрополия өкілдерімен ашық саудаға олардың даяр болмауы да кедергі жасады. Қатардағы ресейлік саудагерлер малшылар арасында болып, қысқа мерзімде байлық жинап алды. Мысалы, XVIII ғасырдың ортасында Ресейден небәрі 75 тиын тұратын 18 метр кенеп үшін Қазақстаннан жылқы немесе өгіз алды. Одан кейін оны Ресейде 12-15 сомға қайта сатып, алыпсатарлық жасады.Қазақ даласына сапасы өте төмен тауарлар әкелді. Бұл туралы XVIII ғасырдағы белгілі орыс ғалымы және саяхатшысы П. Паллас былай деп жазды: «қазақтар сауда жасауға өте орашолақ және нашар тауарларға және әртүрлі ұсақ-түйекке босқа жем болады, ал орыс көпестері олардан үлкен байлыққа кенеліп отыр».
Ел ішінде аштық болған жоқ, пара алмаған, өйткені басқарушылар лауазымына жалпы халық бай адамдарды сайлайтын, олар адал, еркін, демократиялы, ержүрек, лайықты және тәуелсіз халық өкілдері еді, тегі, негізі жақсы болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет