Урбанизация – адамзатты таратып орналастырудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс.
Ұйым –бір-бірімен байланысты болып ерекше мақсаттарға және жоғары формалы құрылым құруға бағыт алған әлеуметтік топ.
Ұлт–аумақтың,тілдің,экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті мен тұрмыс ерекшеліктерінде көрінетін психикалық қалпының ортақтығын байланысты адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі.
Ұлыс – мекен, аймақ, әкімшілік. Көне түркі атауы 6 ғасырдан бастап қолданысқа енген. Ұлы мекен, қала мағынасында қолданылған. Сібірде мекендеген буряттар мен қалмақтардан рулық бірлестіктегі әкімшілік ұлыс деп аталады. Ұлысты билік басындағы сарқыншақтар басқарады.
Фольклор – ауызша шығарылған халық творчествасы үлгілерінің жалпы атауы. Затаевичтің музыка фольклорын мысал ретінде алуға болады.
Центризм – саясатта оңшылдар мен солшылдардың арасында орталық қалыпты ұсынатын партиялық бағыт.
Шенеунік– Ресейдегі мемлекеттік қызметкер, «Рангтер туралы табель» бойынша таптық шені бар. 1722 жылы енгізілген.
Шетке шығару, шеттен келтіру (экспорт, импорт) – мемлекетаралық сауда операциясы: шет елдерге товар шығарып сату, шет елдерден товар сатып алу.
Шовинизм – ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін,бір ұлттың мүддесін басқа халықтардың мақсатына қарсы қоятын,ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын,ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.
Ішкі саясат - мемлекеттің өз ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылысты сақтау немесе өзгерту мақсатындағы жүргізген саясаты.
Эволюция - қоғамдық-саяси өмірде біртіндеп, баяу даму. Бұл теорияның негізін салған ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин болатын.
Электорат - халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органдарына, жеке қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы.
Элита - саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, ікерлігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы.