Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б


Парадигма- жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі ,бейнесі. Партия



бет85/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   93
Байланысты:
annotation165748

Парадигма- жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі ,бейнесі.
Партия– ойлау жүйелері бір мақсатқа біріккен қоғамның өкілдік тобы.
Патриотизм – адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім, оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс.
Популизм –саясаткердің немесе қоғамдық институттардың саяси қызмет атқару тәсілі.Олар мынадай ерекшеліктермен сипатталады:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп,құптау;өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген жағдайын пайдалану;көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану асыра уәде беру,халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.с.с.
Прагматизм –алға қойған мақсатқа іс-жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай, нақтылы нәтижеге жетуге тырысады.
Прогресс –алға қарай үдеп,дамуды білдіретін бағыт.
Реакция – 1)белгілі бір әрекетке жауап ретіндегі іс-қимыл;2)қоғамдық прогреске қарсы бағытталған,күні өткен тәртіпті орнатқысы келетін саясат.Ол,әдетте, жаппай зорлық-зомбылық, күш жұмсаудың, экономикалық, саяси езгінің күшеюіне,еркін ой-пікірді қудалауда көрініс береді.
Репрессия– қатаң жазалау шаралары, мемлекеттің оқшау ойлаушыларға қарсы әрекеті.
Референдум – (лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. 
Реформа – Қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне,саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу.Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.
Реформа – франц.+лат. қайта құрамын. Қоғамдық өмірдің (тәртіп, институт, мекеме) әлеуметтік құрылымының негізін жоймайтын қайта құрулар, өзгерістер.
Саясат – алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдіреді.Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:1) өз мүдделерін іске асыруға,қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға,қолында ұстауға,оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер,топтар,ұлттар,үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме,бірлестіктердің қызметі; 2)мемлекеттің істеріне қатынасу,оның қызметінің түрін,мақсат,мазмұнын анықтау;3)адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін,мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;4)әдеттегі тілде – адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс әрекеттің сипаты;5)мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет