Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б



бет86/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93
Саяси институттар – құрылысы жағынан ұйымдасқан,бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие,атқарушы аппараты бар саяси мекеме. Мысалы, оған мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар,кооперативтік жастар, әйелдер және т.с.с.ұйымдармен бірлестіктер жатады.
Саяси қазыналар – саяси қызметте бағдар етіп ұстайтын идеялар, көз қарастар,ұғымдар.Мысалы,оларға «еркіндік», «теңдік», «әділдік», «әлеуметтік қорғанушылық», «төзімділік»және т.с.с.құндылықтар жатады.
Саяси мәдениет – өкіметпен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін -өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі.
Саяси процесс – 1) қоғамның саяси жүйесінің,құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы,өзгеруі;2)түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс.
Саяси сана – адамдардың саяси өмірді өмірді түсініп,сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды,көзқарастарды,мақсат –мүдделерді ұғынуы,саяси билікке қатынасуы жатады.
Саяси тұрақтылық – әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында саяси жүйенің өз құрылымын сақтап,тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрақтылығы.
Сегрегация – халықты нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілік
Социум – адамдардың өмір сүру жағдайы және мәдениеттің бірлігіне байланысты құрылған әлеуметтік қауымдастық.Оныңең жоғарғы түріне әлеуметтік жүйе ретінде тұтас қарастырылған қоғам жатады. Одан басқа оған отбасы,туыстық,рулық,әлеуметтік-топтық,ұлттық,аумақтық қауымдастықтар кіреді.
Статус – белгілі бір кезде болған немесе қазір өмір сүріп отырған жағдайды сақтау.
Сфрагистика – патшалардың аты – жөні, құжаттардың пайда болған уақытын тиянақтауға көмектеседі. Олардың ақиқаттылыған дәлелдейді. Құжаттарға бас мөртаңбалар бойынша жалғандықтан сақтап, оларды анықтайды.
Тарихтың объективті факторы – адамдардан тәуелсіз және олардың қызметінің бағыты мен ауқымын көрсететін шарттар.
Тарихтың субъективті факторы – бұқараның, топтардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттері, олардың санасы, еркі, іс-қимылға бейімділігі және т.с.с. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет