Пікір жазғандар



бет81/109
Дата29.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#145008
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   109
Байланысты:
Аскын кітап

11.16-сурет. Электрондардың фонондар арқылы өзара әсерлесуі

Сонымен, фонондармен алмасу кезінде 11.16-суретте кес- кінделген электрондар Р1 және P2 1 және К2) күйінен Р1′ және P2 ′ (K1 ′ және K2′) күйге көшеді. Яғни электрондардың бір-бі- рінде шашырауы болады. Осы кезде


Р1+P2 = Р1′+P2 (11.29)

немесе
→ → → →

k1 k2 k 1 k 2 .
/ /

Бірақ екі бөлшектің шашырауы олар өзара әсерлескен жағ- дайда ғана іске асады. Егер де фонондармен алмасу нәтижесінде пайда болатын электрон-электрондық тартылыс нуклондық тер- белістен артық болған жағдайда электрондар арасындағы әсер- лесу нәтижесі тартылыс болып табылады. Сонымен, бір-бірімен байланысқан жұп электрондар пайда болуына мүмкіндік жасала- ды. Бұл жағдайда барлық электрондар бірлестігінің энергиясы төмендейді. Электрондық жүйенің жаңа күйі пайда болады, оған ауысу энергетикалық тұрғыдан тиімді.




236

Электрондар ауысатын фонон виртуалды фонон деп атала- ды. Оның реал фононнан айырмашылығы ол тордың поляриза- циялануына байланысты, бір электроннан екінші электронға ауысу кезінде ғана өмір сүре алады. Нақты фонондарға қарама- қарсы виртуалды фонондар тор бұл электрондардан тәуелсіз та- рай алмайды. Электрондардың фонон арқылы тартылатынын ұсына отырып, изотопты эффектіні Фрелих теориялық түрде ай- тып кеткен. Ол 1950 жылы ашылды.


Шекті температура изотоптың массасына тәуелділігінің куә- сі болып табылады, тордың түйіндерінде орналасқан иондар ди- намикасы маңызды рөл атқарады.
11.1-кестесінде берілгендер асқын өткізгіштіктің электрон- фонондық әсерлесуімен байланысы туралы көрсетеді.
Қалыпты металда электрон-фонондық әсерлесу күшті бол- ған сайын солғұрлым оның өткізгіштігі кішірейе береді. Мыса- лы, қорғасын нашар өткізгіш болып табылады, бірақ күшті элек- трон-фонондық әсерлесу болғандықтан, ол (таза металдар үшін) жоғары шекті температураға ие. Асыл металдар өте жақсы өткіз- гіштер болып табылады. Олардың электрон-фонондық әсерлесуі өте әлсіз. Олар осы уақытта қол жеткізілген өте төмен темпера- тураларда да асқын өткізгіштік күйге ауыспайды.
Енді мынадай сұрақ туындасын, барлық электрондар бір-бі- ріне тартылады ма? Мұны түсіну үшін біз электрондарға қайта оралайық. Фонон шығару процесінде бірінші электрон К1 күйі- нен K1 күйіне көшеді. Әрине, соңғысы еркін болуы қажет. Пау-
ли принципінің шарты бойынша, мұндай жағдай Ферми бетіне

k F
жақын қабатта ғана жүзеге асады, ол k кеңістіктегі радиусы
сфераны көрсетеді. Сонымен, фонондар арқылы тек өте жіңішке сфералық қабатта 2∆K орналасқан, Ферми бетінің маңындағы электрондар өзара әсерлесе алуы мүмкін (11.17-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет