Пікір жазғандар


Басқару іс-әрекетіндегі мнемоникалық процестер



бет33/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Басқару іс-әрекетіндегі мнемоникалық процестер


Перцептивтік процестер басқару іс-әрекеті үшін кәсіби – мәнді ақпараттың қабылдануын, ал мнемоникалықтар олар- дың сақталуын қамтамасыз етеді. Олар «жанды» деген жалпы ұғымға беріледі. Этимологиялық тұрғыдан бұл термин гректік әйел-құдайы, барлық музалардың анасының атынан туындайды. Ес процестердің тұтастай жүйесінен тұрады: жаттап алу, сақтау, қайта жаңғырту және ұмыту, олар өздерінің бағытталуы, функционалдық рөлі және негізгі заңдылықтары бойынша


айырмаланады.
Ес кез келген басқа да психологиялық құбылыстар сияқты, бірқатар негізгі түрлерге бөлінеді:

    • ерікті және еріксіз есте сақтау (жаттау) мақсаттың болуы немесе болмауымен айырмаланады;

    • қозғаушы, көңіл-күйлік, образдық (оның жоғары көрінісі – эйдетикалық ес, өте мұқият образ), сөздік-логикалы ес;

    • көру, есту, саналау, иіс, дәм, кинестикалық ес – еске сақ- тауға арналған ақпаратты беретін анализатор белгісі бойынша;

    • ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік ес.

Оперативті ес – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді естің сипаттарына ие өзіндік түр, бұл – келіп түсетін және тек соның мақсатына ғана жетуге қажет ақпаратты жаттауды, сақтауды және қайта жаңғыртуды қамтамасыз ететін мнемоникалық про- цестер жүйесі.
Жақсы ес өзінен өзі табысты жетекшілік кепілі болып та- былмайды, жетекші есінің негізгі өзіндік ерекшеліктері оның даму деңгейіне емес, жаттау, сақтау және қайта беру тәсілде- рінде болады. Жетекші есінің қажетті құрылымына, оған бас- қару іс-әрекеті қоятын тиісті талаптарға сай өзіндік «қатынасқа» ие болуға тиіс. Мұндай талаптардың мазмұны төмендегідей:

    • жатталатын және сақталатын ақпарат құрылымында заттар туралы емес, субъектілер туралы мәліметтер айрықша орын алады;

    • табысты іс-әрекет үшін жетекші есінде жатталуы тиіс ақпараттың үлкен көлемінің болуы;

    • ақпараттың алуан түрлілігінің жоғары дәрежесі, өйткені ұйымдастыру жүйелері социотехникалық сипатта болады;

    • тіркелетін ақпараттың әр типтілігі: фактілер туралы, пі- кірлер туралы, жүйе туралы, т.б;

    • барлық ақпараттық көздердің өзара байланыстылығы, бұл тек бастының ғана белсенді жүйеленуі мен тіркелуін талап етеді;

    • басқарудың жедел жағдайларының өзгеру серпініндегі естің ақпаратты көкейтестіленуіне үнемі дайындығын талап етеді;

    • қатаң уақыттық режим қажетті ақпаратты қайта жаңғырту жылдамдылығына талап қояды;

    • басқару жағдайларының тек жалпы ерекшеліктерін ғана емес, олардың «тетіктерін де» ескеру қажет.

Мнемоникалық процестерге басқару іс-әрекетінің жоғары- лаған кернеуі кері ықпал етеді.
Басқару іс-әрекетінің ерекшеліктері жетекшінің мнемони- калық ұйымдасуының екі саласына, яғни оперативті және ұзақ мерзімді естерге ерекше талаптар қояды.


Жетекші іс-әрекетіндегі оперативті естің өзіндік ерекшелігі

Жетекшінің оперативті есінің негізгі және жалпы ерекшелігі



  • оның қалыптасуы мен тұтастай алғандағы даму деңгейінің жоғары болу шамасы. Естің бұл түрі жетекшінің мнемоникалық процестерінің құрылымында үстем орын алады.

Қажетті ақпараттың көкейкестілену жылдамдығы – жетек- шінің оперативті есінің келесі маңызды сипаты.
Оперативті басқару процесіне бір мезгілде бірнеше мәсе- лелерді шешу қажеттілігі тән, осыған байланысты оперативті естің тағы да бір ерекшелігі бар, – ол жоғары динамикалық ла- билділік, бір мәселеден басқаларына жеңіл ауысып қосылу- шылық. Мұндай ауысып қосылушылықтың уақыт бірлігіндегі үлкен саны іс-әрекеттің жоғары кернеулілігінің себебі болып табылады, бұл шаршау дамуын ынталандырады.
Психологиялық зерттеулер оперативті естің басқа психика- лық процестерге қарағанда кері функционалдық күйлердің әсеріне көбірек ұшырайтынын көрсетті, сондықтан да ол туралы күйзеліске тұрақты деп атау қабылданған.
Сайланымдық-оперативті естің өте маңызды синтетикалық ерекшелігі.
Жетекшінің оперативті есінің үлкен көлемі мен оның бірліктерінің ауқымы ең сипатты ерекшелігі болып табы- лады.
Оперативті естің әрбір бірлігі басқарылатын жүйенің алуан жақтары туралы жедел мәліметтердің үлкен кешенінен тұ- рады.
Оперативті ес бірліктерінің құрылымдануы – бұл олардың реттелгендігі, өз арасындағы қисынды, функционалдық және мазмұндық байланыс.
Көкейкестіленуге деген ұстаным. Жақын арада қандай ақ- паратты көкейкестілендіру қажет екенін болжау мен алдын ала анықтау жетекшіге жағдай дамуының қисынына мүмкіндік бе- реді.
Теріс ақпаратқа деген оперативті ес өзіндік ерекшелікпен айқындалады: тек оқиғаларды ғана емес, сонымен бірге сол оқиғалардың өзіндік болжаулары туралы да еске сақтау ке- рек.
Жалған ақпаратты сақтау ақиқаттығына қарағанда, әлдеқай- да қиын. Іскерлік қарым-қатынастың көптеген техникалық тәсілдері осы заңдылыққа негізделеді; тергеуші жұмысындағы қайшылас жауап алу техникасы – өтірікке деген оперативті ес ерте ме, кеш пе ақау береді.
Оперативті ес ақпаратының қарама-қайшылығы. Жетекші, мысалы, қарамағындағылардың дәл келмейтін пікірлерінің, көзқарастарының көптігін ескеруге тиіс.
Жоғары жұмылу әзірлігі – жетекшінің оперативті есінің барлық ерекшеліктерін талдайтын маңызды интеграциялаушы сапа. Ол жетекшінің басты оперативті – мнемоникалық сапасы болып табылады.
Жетекшінің оперативті есін сипаттай келе, оның іс-әреке- тінде қысқа мерзімді есті ұйымдастыру және оның басқа да ког- нитивтік процестерімен өзара әсерлесуі кезіндегі ерекшелік- теріне байланысты туындайтын ерекше құбылыстарды қарас- тырған жөн. Жалпы алғанда, бұл – саналы іс-әрекеттің когни- тивтік деформациялардың бір түрі.
«Қолжетімдік» эвристикасы. Субъект оқиғаны қаншалықты жеңіл сақталатындай түрде, соншалықты ықтималды және нақ- ты жағдайға сай деп есептейді.
«Нақтылық» эвристикасы. Оқиға туралы ақпарат неғұрлым түсінікті және нақты болса, адам мәнін арттыру мен соған се- нуге соғұрлым бейімірек келеді.
Ирвин әсері: көңіл-күйлік – позитивтік оқиға қысқа мерзімді еске жеңіл әрі тезірек аударылады, сөйтіп «қолжетімдік» эврис- тикасына сәйкес көтеріңкі баға алады, ал теріс оқиға басылады және оның қысқа мерзімді еске ауысуы құрсауланады. Жара- қаттанушы факторлардан психологиялық қорғау механизмі жұмыс істей бастайды. Бұл қателік жетекші үшін типтік болып табылады, оның жүйелі түрде қайталануы жетекшіліктегі «сыни емес оптимизм» стиліне алып келуі мүмкін.
«Репрезентативтілік» эвристикасы. Оқиға адам тәжірибесіне неғұрлым көбірек ұқсас болса, ол өзіне соғұрлым шынайы бо- лып көрінеді. Адам өз тәжірибесінің тұтқынында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет