«Адалдықтың өтемі» видеоролик. Әркім өз пікірлерін ортаға салады.
Пікірсайыс барысы:
Жақтаушы жақ «Өмірде адал болу жетістіктің кепілі»
Даттаушы жақ «Жетістікке жету жолында адалдық маңызды емес» деген ұстанымдар анықталды
Уақыт төрешісі: Қоңыратбаева Балнұр
2. Келесі кезекте бүгінгі өткелі тұрған пікірсайыстың басты ережелерімен қысқаша таңыстырып өтемін. Пікір сайыс Карл Поппер дебат форматы бойынша өтіледі Яғни,
Сөйлеуші
|
Уақыты
|
Ж1
|
4 минут
|
Д1—Ж1
|
3 минут
|
Д1
|
4 минут
|
Ж2—Д2
|
3 минут
|
Ж2
|
4 минут
|
Сараптама бөлімі
|
Д1
|
3 минут
|
Ж1
|
3 минут
|
Көрермендердің, оқушылардың мақсаты: өз көзқарастарын білдіру, талдау жасау, баға беру, толықтыру, сұрақ қою.
Сараптама бөлімі басталмас бұрын залда отырған көрермендерден өз ой пікірлерін сұрасақ:
Көрермендердің,оқушылардың мақсаты: өз көзқарастарын білдіру, талдау жасау, баға беру, толықтыру, сұрақ қою.
Сараптама бөлімінде пікірсайысқа қатысқан топтардың бір мүшесі шығып ойын барсына сараптама жасайды.
Қорытынды бөлімде пікірсайысты бақылап отырған әділ қазылар алқасына сөз беріліп ой пірлері мен ойын қорытындысы шығарылады.
|
Пікірталастың соңы
10 минут
|
Рефлексия. Адалдық
Өсiңiз, жетiлiңiз, тасқындаңыз,
Бірақ та биiкпiн деп асқынбаңыз.
Сен мықты, анау осал, мен орташа,
Бәрiмiз бiр аспанның астындамыз.
Сiздiң ой бiздiң оймен бiрiкпейді,
Шайқаңыз осы өмірді жүрiп мейлі.
Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс,
Сiз өлгенде қайтадан тiрiлтпейді.
Мұқағали Мақатаев.
|
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДАРАСЫ
АНЫҚТАМА
20 ақпан күні «Біз – қоғамның бөлшегіміз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық тәрбие сағатының басты мақсаты адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету.
Пікірсайыс «Дебат» түрінде жалғасты. Дебаттың жалпы формасы жайлы мұғалім айтып өтіп, екі топты таныстырды. Топтарға тапсырма берілді. Жақтаушы жақ «Өмірде адал болу жетістіктің кепілі». Даттаушы жақ «Жетістікке жету жолында адалдық маңызды емес» деген ұстанымдар бойынша пікірлерін ортаға салды.
Жақтаушы жақтан Гүлзат «Адалдық арқылы кез-келген жетістікке жете аласың. Арамдықпен, парақорлықпен тапқан дүние дүние болмайды. Ол уақытша нәрсе. Адал адамның жанында көп адамдар жүреді», десе даттаушы жақтан Гүлдана «Жетіктікке жету жолында адал болу маңызды емес. Онда бағың жанып, жолың болып кетсе болды» деген пікір білдірді. Сосын жақтаушы жақтың спикері Нұрболат, Телжанға «Сенің қаншама жетістікке жетіп жүргеніңді білеміз. Ол жетістіктің барлығы сенің адал жолмен, маңдай термен келген дүние емес пе? Жоқ әлде оны ақшаға сатып, немесе таныстарың арқылы алған жетістік пе? Әлде барлық уақытта бағың жанып кеткені ме?» деген сұрақтарына даттаушы жақ спикері Телжан «Мен әрдайым жетістікке жетпегенмін. Кейде әділетсіздік құрбаны да болғанмын» деп өз ойын білдірді. Сонымен қатар отырған оқушылар да өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойды. Қорыта келгенді топ жетекшінің «Болашағымыз жарқын болу үшін, ғұмыр бойы алаңсыз күн кешу үшін адал болуға ұмтылайық. Кең дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету міндет» деп аяқтады.
Топ жетекшісі: Төлебаева А.
Хатшы: Аппаз Г.
Достарыңызбен бөлісу: |