«pirls» халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау. Альдешова Фарида Бақтыгалиевна Атырау облысы, Махамбет ауданы, Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Мәтінді оқығанда не нәрсеге сүйсінуге болады?



бет3/10
Дата27.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#76569
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Альдешова Фарида PIRLS

1. Мәтінді оқығанда не нәрсеге сүйсінуге болады?
Жолдыаяқ – ақылды ит
Жолдыаяқ екеуіміз бұта-жыңғылдардың арасымен өтетін жалғыз аяқ жолмен келе жаттық. Бір кезде Жолдыаяқ жақын тұрған бұтаның арғы шетіне жүгіріп барып, алдыңғы аяғын көтеріп тұра қалды. Мен итімнің бұл қылығына таң-тамаша болып, оған жақындадым.Оның қарсы алдынан құрдың балапаны шыға келіп, қайтадан бұта-бұтаның арасымен жорғалап қаша жөнелгенін көрдім.Бір қызығы,Жолдыаяқ оны қуған жоқ, дереу кері бұрылып, бұтаны бір айналып өтті де, екінші бір жерге барып қайтадан артқы аяғымен тік тұра қалды. Қарасам, тағы да балапан құрдың алдынан шығыпты. Байғұс құр не істерін білмей, енді тіпті басқа жаққа қаша жөнелді. Жолдыаяқ бәрібір оны жібермеді,өзге иттер құсап артынан қуып аса көп қиналмай-ақ, тағы да алдынан шықты. Құдды бір өзінің асқан ақылдылығын танытып, құрдың кеткен бағытын дәл аңғарып, оның одан кейін не істейтінін қапысыз бағдар-лай алғанын білдіргендей, үнемі оның жолын кесумен болды. Бір қызығы, оған тиіспейді де, ойын ойнағандай масаттанып, «не істейін» дегендей, мен жаққа қарап қояды. Ал құрдың балапаны болса, шыр-шыр етіп, қалай қашса да қарсы кезігіп, амалы таусылып, шыбын жанын қоярға жер таппады. Мен оны қатты аяп кеттім.
- Жолдыаяқ, болды енді, тиіспе!- деп дауыстадым итіме.Сол-ақ екен, Жолдыаяқ оны әурелеуін қойды.Көзімен ұзатып сап, ойыны қанған баладай өзіне-өзі разы болып, тілін салақтатып қасыма келді. Құрдың балапаны бір бұтадан екіншісіне кетіп, одан үшіншісінен асып, көзден ғайып болды.
Осылайша, Жолдыаяқтың асқан ақылдылығына әбден көзім жетті.
1.Шығарманың идеясына сәйкес келетін жауапты таңдаңыз?
А. Бала мен ит
В. Ит пен балапан
С. Балықтар
Д. Қыдыру
Е.Жеті қазынаның бірі, баланың досы әрі серігі -Жолдыаяқтың
Ақылдылығын паш ету
2.Егер сіз баланың орнында болсаңыз қандай әрекетке барар едіңіз?
А. Ешкімнен қорықпаушы едім.
В. Итіме қарамаушы едім.
С. Жолдыаяққа тиіскізбей, балапанды ұясына шейін апарып салушы едім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет