Антарктида пингвиндері (15-слайд).
Антарктидада пингвиндер кейбір құстардан көп мекендейді. Пингвиндер ұша алмайды,өздерінің қысқа қанаттарын жүзуге пайдаланады. Олар өте жақсы жүзеді, құрғақ жерде теңселе басып немесе аз-аздан секіріп алға ұмтылып жүреді.
Пингвиндердің бірінің үстіне бірі орналасқан қауырсындары көп.Оның жылы мамығы және қатпарлы майымен қоса қауырсындары да,қыстағы суық ауадан,желден және судан қорғайды.пингвиндер жылыну үшін топтасып алады.
Антарктидадан хат (16-слайд).
Сара Тұрсынқызы басқа да ғалымдармен бірге Антарктидада жұмыс істейді.
Оның жиені Маратқа жазған хатынан,Антарктидада өткізген күндері туралы біле аласыз.
Антарктида Жұма,9 желтоқсан Қымбатты Дидар! Мен сізге,көптен уәделескен хатымды фото суреттермен жіберемін.Мен осы жерге басқа да танымал ғалымдардың артынан келгенім үшін қандай бақытты екенімді білсең ғой.Бұл жердегі өткен күндерім, мен өмір сүріп жүрген жерден әлдеқайда ерекше. Бұл жерде дүкендер жоқ,мерзімінен өтпеген азық-түліктер табу өте қиын,сондықтан біз мұнда құрғақ,консервіленген,қатырылған тамақта-рды жеуге мәжбүрміз.(оларды тоңазытқышқа салудың қажеті жоқ,тек далаға шығарып қойса болды). Біз тамақты кішкентай ғана плиткамен дайындаймыз,тамақты әзірлеуге үйдегіге қара-ғанда, көп уақыт кетеді. Кеше томат тұздығымен және консервіленген жеміспен лапша, сосын тәтті тағамға картоптың дәмін келтірілген құлпынай дайындадым. Мен жаңа піскен алма мен апельсиді сағындым, сен оларды маған жібере алмайтының өте өкінішті. «Антарктида: Мұзды құрлық» мәтіні бойынша сұрақтар 1.Антарктиданы глобустың қай бөлігінен табуға болады? .(17слайд).
2.Антарктида – Жердегі ең суық орын. Ол тағы несімен ерекше? А) ең құрғақ және ең бұлтты жер
В) ең сулы және ең желді жер
С) ең желді және ең құрғақ жер
Д) ең бұлтты және ең биік жер
3. Антарктиданың қай бөлігі ең суық бөлігі болып табылады?