3-
мысал. Маргарин – жануарлар және өсімдіктер майын өңдеу
нәтижесінде алынатын модификацияланған өнім. Маргарин сары майды
алмастырғыш ретінде кондитерлік және нан пісіру өнеркәсібінде қолданылады.
Көптеген елдерде маргариннің сыртқы қағаз орауышында «май» деп жазуға заң
түрінде тыйым салынған. Неліктен?
________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4-
мысал. Майонез – өсімдік майы, жұмыртқаның сары уызы, тұз, сірке
немесе лимон қышқылы, қант, қыша және т.б. дәмдеуіштердің қоспасынан
жасалатын тұздық (соус) түрі. Жалпы орта білім беру мекемелерінің
асханаларында майонезді қолдануға тыйым салынған. Неліктен?
________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Майонездің майлылығы қаймақтан екі есе артық. Майонезді шығарушылар
бұл көрсеткішті төмендету мақсатында оның құрамына әртүрлі қоспаларды,
мысалы пектин, желатин, сүт концентратын, сонымен қатар майонез өнімінің
негізгі компоненттерінің бірі болып табылатын глютамат дәмдеуішін қосады.
Майонездің майлылығы жоғары, яғни оның құрамындағы ұнтақталған
жұмыртқа мен құрғақ сүт холестериннің көбеюіне әкеледі. Бұл салмақтың
артуына, семіздікке, асқазан мен ішек жолдары жұмысының бұзылуына
әкеледі, денсаулыққа зиян келтіреді.
Тапсырма. Адам денсаулығына зиян келтірмейтін, табиғи өнімдерді
қолдану арқылы майонез жасау жолын ұсыныңыз.
Сұрақ. Қандай табиғи өнімдерді қолдануға болады? Қолдан жасалған
майонез өнімін қанша уақыт және қандай жағдайда сақтауға болады деп
ойлайсыз?
________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тапсырма. Қазақстандық сүт өнімдерінің пайдасы туралы өз
ойларыңызды тұжырымдаңыздар.
________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5-
мысал. Бірдей екі стақанға қайнаған және қайнамаған суды құйып,
оларды бірнеше сағатқа қояды.
1-
сұрақ. Осы уақытта не байқадыңыз?
А. Екі стаканда да ешқандай өзгеріс болған жоқ.
11
В. Қайнамаған суы бар стақанның ішкі қабырғаларында ұсақ көпіршіктер
пайда болады.
С. Қайнаған су құйылған стақанның ішкі қабырғаларында ұсақ
көпіршіктер пайда болады.
Жауабы: В.
2-
сұрақ.Судың қайнауы барысында қандай өзгерістер болады?
А. Су қайнағанда газдармен қанығады.
В. Су қайнағанда газдар жойылады.
С. Су қайнағанда ешқандай өзгерістер болмайды.
Жауабы: В.
3-
сұрақ. Қай стақанда қайнаған және қай стақанда қайнамаған су бар
екенін қалай білуге болады? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.
Жауаптың нұсқасы. Кәдімгі су құбырының немесе құдықтың суы бар
стақанның ішкі қабырғаларында ұсақ көпіршіктер пайда болады. Өйткені,
әдетте бөлме температурасы су құбырының немесе құдықтың температурасына
қарағанда жоғарырақ болады, ауаның және басқа еріген газдардың артық
мөлшері үлкейе келе бос күйінде бөлініп шығады. Бұл құбылыс басқа стаканда
байқалмайды, өйткені қайнағанда судағы газдар жойылып кетеді.
6-
мысал. Көкөніс-жемістерді тот баспайтын болаттан немесе керамикадан
жасалған пышақпен тазалау қажет екенін бәрі біледі.
Тот баспайтын, аса мықты болатты медициналық құралдар жасауға
қолданады, сондықтан оны «медициналық» немесе «хирургиялық болат» деп те
атайды. Тот баспайтын болат өзінің гигиеналық қасиетімен ерекшеленеді, оның
жылтыр бетінде бактериялар жиналатын жарықшақтар мен ұсақ тесіктер
болмайды және кез келген кірлеуден тез тазаланады.
Керамикадан жасалған пышақтардың өткірлігі ұзақ мерзімге шыдайды,
бөтен иіс пен дәмді жұтып алмайды және шығармайды, сонымен қатар
бактерицидтік қасиетке ие.
Сұрақ. Неліктен көкөніс-жемістерді тазалағанда тез тотығатын
металдан жасалған (темірден, мыстан) пышақты қолдануға болмайды?
А. Металл иондары катализатор ретінде тотығуды жеделдетеді,
нәтижесінде көкөніс-жемістердің құрамындағы көмірсуларды ыдыратады.
В. Металл иондары катализатор ретінде тотығуды жеделдетеді,
нәтижесінде көкөніс-жемістердегі С витаминінің көзі болып табылатын
аскорбин қышқылын ыдыратады.
С. Темірден және мыстан жасалатын пышақты көкөніс-жеміс шырынының
әсерінен тот басады.
D.
Көкөніс-жеміс арқылы темір пышақтың металл иондары ағзаға түседі.
Жауабы. Кейбір металдардың – темірдің және мыстың иондары аз ғана
мөлшердің өзінде көкөніс-жеміс құрамындағы аскорбин қышқылының
(витамин С) тотығуын катализатор түрінде күшейте алады. С витаминінің
бұзылу үдерісінің болмағаны дұрыс, әрине, сондықтан жеміс-жидектер үшін
алюминийден, тот баспайтын болаттан жасалған пышақтар, қасықтар мен
12
шанышқылар қолданылады. Өйткені бұл материалдар осыған ұқсас
катализаторлық қасиеттерге ие емес.
7-
мысал. Тот баспайтын болат жартылай темірден және аздаған мөлшерде
хромнан, никельден тұратын металл құймасы. Бұл құйма жоғары
шағылыстырғыш қасиетке ие, сондықтан оның беті әдемі, жылтыр болып
келеді және тотығуға қарсы тұрақтылығы жоғары.
Сұрақ. Тот баспайтын болаттан жасалған ыдыстарды пайдаланудың
адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
А. Темір – денсаулыққа пайдалы диетаның қажетті элементі.
В. Тот баспайтын ыдыста әзірленген тағамдар тез бұзылмайды және өзінің
тағамдық құндылығын жоғалтпайды.
С. Адамның денсаулығы үшін хром аз мөлшерде пайдалы.
D.
Көп мөлшерде никель адам ағзасы үшін қауіпті. Сондықтан никельге
аллергиясы бар адамдар үшін, тот баспайтын болаттан жасалған ыдысты тағам
әзірлеуге қолданбаған дұрыс.
Е. Барлық жауаптар дұрыс емес.
Жауабы: А, В, С, D.
8-
мысал. Сірке қышқылы – түссіз, өзіне тән өткір иісті және қышқыл
дәмді ғажайып сұйықтық. Ол тұрмыста тазартқыш, ағартқыш қасиеттерге ие
және өсімдік ауруларына қарсы таптырмас гербицидтік құрал. Сірке қышқылы
өзінің қасиетін құрамындағы судың мөлшеріне байланысты өзгертеді. Сірке
қышқылы ерітіндісінің 30%-дан артық концентрациясы адамның денсаулығына
өте қауіпті: адамның терісіне және сілемейлі қабықшасына тиген жағдайда
күшті химиялық күйікке ұшыратады.
Сұрақ. Сіздер тұрмыс жағдайында сірке қышқылын қайда
кездестіресіздер?
Жауабы. Бұл қышқыл көп және аз мөлшерде сүт өнімдерінде, ірімшікте,
көптеген өсімдіктердің жасыл жапырақтарында және т.б. кездеседі.
9-
мысал. Қышқылдықты реттеуші Е260 (сірке қышқылы) тағамдық
қоспасы тамақ өнеркәсібінде қолдануға рұқсат етілген. Тамақ өнеркәсібінде
Е260 қоспасы кондитерлік өнімдер, көкөністерді консервілеу, майонез және
басқа да тағамдық азық-түліктерді әзірлеу үшін қолданылады.
Сұрақ. Сірке қышқылын күнделікті өмірде қандай мақсатта және қалай
қолдануға болады? Мысалы, тұрмыста – шайнектердің татын кетіру үшін.
Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті кетіру үшін. Өз мысалыңызды ұсыныңыз.
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________
10-
мысал. Сірке қышқылын қалай сұйылту қажет?
Кулинарияда жеміс-жидектік және хош иісті сірке қышқылының түрлі
сұрыптарын қолдануға кеңес беріледі. Кей кезде тағамдар дайындауда сірке
13
эссенциясы қолданылады. Үй жағдайында сірке қышқылын сұйылту үшін
төмендегі математикалық әдісті білу қажет.
Сізде 70%-дық
сірке қышқылы бар, ал сізге одан 6%-дық сірке қышқылын
алу қажет. Сіз сірке қышқылының 1 бөлігін (мысалы, 1 шай қасық) аласыз және
оған 10,5 бөлік (шай қасық) су қосасыз. Сөйтіп 6%-дық сірке қышқылын
аласыз.
Тапсырма. Бастапқы концентрациясы 80%-дық және 70%-дық сірке
қышқылы эссенциясын 3%-дық, 5%-дық, 6%-дық ерітіндіге дейін сұйылту
қажет. Шешімін есептеп, төмендегі 1.2-кестені толтырыңыз.
1.2-
кесте – Сірке қышқылы эссенциясын сұйылту
Қажетті
концентрация
Бастапқы концентрациясы
80%
Бастапқы концентрациясы
70%
3%
5%
6%
11-
мысал. Күнделікті тұрмыста ас содасы ұннан жасалатын тағамдарды
әзірлеуде, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ тазалағыш құрал ретінде қолданылады.
Аспаз кейбір кезде біраз тұрып қалған сүтке аздаған ас содасын қосады.
Сұрақ. Аспаз не үшін бұлай істейді?(Дұрыс жауабын белгілеңіздер).
А. Ас содасы тұрып қалған сүттегі микробтарды өлтіреді.
В. Ас содасы сүттің дәмін жақсартады.
С. Ас содасы сүтті ұютуға қабілетті сүт қышқылын бейтараптайды.
D
. Ас содасы сүтті ірітеді.
Жауабы. С. Тұрып қалған сүтте, әсіресе жылытқан кезде сүтті ұютуға
қабілетті сүт қышқылының көп мөлшері болады. Бұны болдырмау үшін,
соданы қосып, бейтараптайды.
Сұрақ. Көп тұрып қалған сүттің (ашыған, ұйыған сүттің) қоршаған ортаға
қандай зияны бар? Өз жауабыңызды тұжырымдаңыз.
Жауабы. Бөлмеде ақырындап, улы заттар – көміртектің (ІІ) оксиді мен
метан жинала бастайды, сондықтан жағымсыз иіс пайда болады.
12-
мысал. Тазартылған алмалар, саңырауқұлақтар және кейбір жеміс-
жидектер ауада қарая бастайды.
1-
сұрақ. Неліктен тазартылған алма, саңырауқұлақ, картоп және т.б.
жеміс-жидектер ауада қарая бастайды?
Жауабы. Саңырауқұлақтардың, жеміс-жидектердің құрамына биологиялық
катализатор-ферменттердің қатысуымен ауада тотығып, қара түске боялған
қосылыстар түзетін тұйық құрылымды әр түрлі органикалық заттар кіреді,
сондықтан олар тез қараяды.
2-
сұрақ. Бұл үдерісті қалайша тоқтатуға болады?
14
Жауабы. Органикалық қышқылдардың, оның ішінде лимон қышқылының
қатысуымен тотығу үдерістері ақырындайды. Сондықтан, жаңа кесілген
алманы сақтау үшін, кесілген жерін лимон шырынымен немесе лимон
қышқылының ерітіндісімен ылғалдау қажет.
Тапсырма. Тазартылған алма, саңырауқұлақ, картоп және т.б. жеміс-
жидектердің ауада қараю үдерісін болдырмаудың тағы да қандай жолдарын
білесіз? Өз жауабыңыздың нұсқасын тұжырымдаңыз.
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________
13-
мысал. Сізге тоттың, сұйық майдың, кофенің, йодтың, сәбіз
шырынының, шие шырынының, еттің дақтарын кетіру қажет делік. Сіздің
қолыңызда бұрыш, тұз, кір жуғыш ұнтақ, ультракүлгін шам, тіс тазалайтын
ұнтақ және бензин бар.
1-
тапсырма. Әрбір дақты кетіру үшін сәйкес келетін қажетті керек-
жарақтарды 1.3-кестеде көрсетіңіз.
1.3-
кесте – Дақты кетіру жолдары
Дақтар
Қажет заттар
Дұрыс жауап
A.
Тот
1.
Бұрыш
B.
Сұйық май
2.
Тұз
C.
Кофе
3.
Кір жуатын ұнтақ
D.
Йод
4.
Ультракүлгін шам
E.
Сәбіз шырыны
5.
Тіс тазалайтын ұнтақ
F.
Шие шырыны
6.
Бензин
G.
Ет дәмдеуіші
7.
Лимон қышқылы
2-
тапсырма. Қаламсаптың сиясынан пайда болған дақ кез келген киімнің
сәнін кетіретіні сөзсіз. Мектеп оқушылары, мұғалімдер қаламсаппен күнде
жұмыс істейді. Жұмыс барысында байқаусызда киімдеріне қаламсаппен сызық
сызып немесе дақ түсіріп алады. Қаламсаптың сиясынан пайда болған дақты
кетірудің қандай жолдарын білесіздер. Өз ұсынысыңызды жазыңыз.
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
14-
мысал. Пән зертханаларында, мектеп шеберханаларында техника
қауіпсіздігі ережелерін сақтау міндетті!
1-
сұрақ. Химия сабағында зертханалық жұмыстың тапсырмасы бойынша
сіз сынауықтағы сұйықтықты қыздыруыңыз қажет. Төмендегі іс-әрекет
нұсқаларының қайсысы техника қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес емес?
А. Қаттырақ шайқалып, шашырауы, үстел мен дәптерлерге төгілуі үшін
сұйықтықты көбірек құясыз.
15
В. Қыздыра отырып, тезірек қайнағанды көру үшін сынауықтың ішіне
үңілесіз.
С. Ыстық сынауықты қолмен ұстау ыңғайсыз екені есіңізде болғандықтан,
көршілеріңіздің біреуіне өтініш жасайсыз немесе сынауықты өз дәптеріңіздің
үстіне қоясыз.
Жауабы: А. В. С.
2-
сұрақ. Сізге досыңыз тәтті тоқаш әкеліп, шай ішуді ұсынды. Төмендегі
іс-әрекет нұсқаларының қайсысы техника қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес
емес?
А. Шайды химиялық стақанмен спиртовкада қайнатасыз және тәтті күлше
үшін жұмыс үстелінің үстін тазартасыз.
В. Үстелді марганцовка ерітіндісімен жуасыз.
С. Үстелді сұйық маймен сүртесіз.
Жауабы: А. В. С.
3-
сұрақ. Сіз спиртовканың жалынынан күйіп қалдыңыз делік ...
А. Күйікті зеленкамен сүртесіз.
В. Сұйық маймен сүртесіз.
С. Күйікті жуасыз және залалсызданған таңғышпен жабасыз.
Жауабы: С.
4-
сұрақ. Тәжірибе жүргізу нәтижесінде хлор газы бөлінді. Тұншығып
қалмау үшін не істеу қажет?
А. Тәжірибе жасауды тоқтату.
В. Мұғалімді шақыру.
С. Терезені ашу.
D.
Мақта-дәкелік таңғышты кию.
5-
сұрақ. Сіздің сыныптасыңыз спиртовканың жалынына саусағын
күйдіріп алды делік ...
Бұл жағдайда көрсетілетін көмектің қандай түрлерін білесіз.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
15-
мысал. Азот топшасы
1. Азот – теңдесі жоқ биогенді элемент, өйткені ол ақуыздар мен нуклеин
қышқылының құрамына кіреді. Азот – түссіз, иіссіз, дәмсіз химиялық элемент.
Атмосфера – азоттың таусылмас көзі, бірақ тірі ағзалардың негізгі бөлігі бұл,
азотты сол күйінде пайдалана алмайды: ол химиялық қосылыс күйінде алдын
ала байланысқан болуы қажет. Ауадағы азотты аулап, оны өсімдікке лайықты
формаға айналдыруға қабілетті азоттаушы бактериялар өмір сүреді.
1-
тапсырма. Азоттаушы бактериялардың көмегімен жақсы өнім
алынғанда жоңышқа бір маусымда 150-160 кг/га азот жинақтауы мүмкін.
Азоттың осындай массасын ауаның қанша көлемі м
3
қамтиды?
16
2-
тапсырма. Маусым ішінде 100 кг/га азот жинақтаған 1 га жоңышқа
тыңайтқыш түрінде қолданылатын аммиак суының 10% ерітіндісінің қандай
массасын алмастыра алады?
3-
тапсырма. Азот топшасына кіретін мышьяктың қосылыстары су
ағзаларына зор нұқсан әкеледі. Әсіресе мышьяктың (III) қосылыстары өте улы.
Мышъяк фосфордың аналогы екенін ескере отырып, сарқынды суларды
арсенаттар мен арсениттерден тазарту тәсілдерін ұсыныңыздар.
16-
мысал. Жемсау – йод жетіспеушілігінен болатын ауру. Ол адам
ағзасындағы зат алмасуды басқарушы орталық рөлін атқарады. Сондықтан оны
«денсаулық сақшысы» деп те атайды. Жемсаудың нәтижесінде қалқанша без
ұлғаяды.
1-
сұрақ. Неліктен ертеден бері Қытайда жемсау ауруын теңіз
омыртқасыздарының (ұлулардың) күлімен емдейді?
Жауабы. Теңіз омыртқасыздары, теңіз орамжапырағы йодқа бай.
Сондықтан да ертеден бері Қытайда және Жапонияда жемсаумен
ауыратындарды йодпен емдеп келеді.
2-
сұрақ. Адам ағзасына тәулігіне 800 мкг йод қажет (ең төмен көрсеткіш
200 мкг-ға дейін). Осы қажеттілікті өтеу үшін адамдар тәулігіне қанша
грамм теңіз орамжапырағын жеулері қажет? 100 г теңіз орамжапырағында
250 мкг йод бар.
Жауабы. Тәулігіне 320 мкг.
Тапсырма. Құрамында йоды бар азық-түліктер ағзадағы йод жетіспеушілігі
проблемасын шеше алады. 1 кг көкөністерде 20-30 мкг, жануарлардың 1 кг
майында және жұмыртқада 35 мкг-ға жуық, балық тағамдары йодқа бай, оның 1
кг-да 100-200 мкг-ға дейін йод болады. Ағзадағы йод қажеттілігін
қанағаттандыру үшін адам тәулігіне қанша балық жеуі қажет?
17-
мысал. Оқушылар сыныбымен көпкүндік жорыққа шықты. Қону үшін
батпақтың маңына тоқтады. Кезекші кешкі ас әзірлемек болды, байқаусызда
барлық тұзды жерге төгіп алды. Жақын маңда таза тұз жоқ, тұз топырақпен
араласып кетті, ал балалардың бәрінің де тамақ ішкілері келеді.
1-
сұрақ. Бұндай жағдайда не істеу керек?
Тұздың орнына не қолдануға болады?
Тұзсыз қандай тағам әзірлеуге болады?
Жауабы. Тұзсыз әзірленген тағамдарға насыбайгүл, жалбыз, жебіршөп,
майоран, кәдімгі жұпаргүл, аскөк, ақжелкен, гүлшетен т.б. дәмдеуіш шөптер
қосу арқылы, тағамның дәмін келтіруге болады.
1-
тапсырма. Тамақ дайындау барысында кезекші, абайсызда қолына сірке
қышқылын төгіп алды. Ол сасқанынан қолын орамалмен сүртіп еді, күйген
жердің терісі күлдіреп, қолын одан сайын ашытып жіберді.
2-
сұрақ. Кезекші бұл жерде нені дұрыс істемеді?
Қазіргі уақытта газдалған сусындар, тез дайындалатын тағамдарды
(гамбургер, чипсы, донер, т.б.) пайдалану елімізде әсіресе балалар мен жастар
17
арасында аса кең таралған. Бұл жағдай шамадан тыс семіруге, ас қорыту,
жүрек-қан тамырлары, аллергия, т.б. аурулардың көбеюіне әкеп соқтыруда .
3-
сұрақ. Бұл тағамдардың құрамында адам ағзасына зиянды қандай
химиялық қоспалар бар және олар ағзаға қалай әсер етеді?
4-
сұрақ. Бұл тағамдарды жорыққа алып шығуға бола ма? Болса неліктен,
болмаса неліктен?
2-
тапсырма. Қазақ халқының тағамдарының ішінде сүт өнімдері ерекше
орын алады. Сүттен жасалатын тағамның бірі – құрт. Ата-бабаларымыз ұзақ
жорықтарға аттанбас бұрын, қоржындарына құрт салуды ұмытпаған.
Сұрақ. Құрт ұзақ жолға шыққанда шөлді басады, ұйқыны қашырады,
адамды сергітеді деген тұжырымның дұрыс екенін түсіндіріңіз. Құрттың
тағы да қандай қасиеттерін білесіз?
18-
мысал. Монах Диего де Панда өзінің «Юкатандағы іс әрекеттерден
ақпарат» атты естеліктерінде: «Бір қызыл құрт бар, испанша атауы –
«кочинильа». Оларды арнайы кактус плантацияларында өсіреді. Сол құрттан әр
түрлі ісіктер мен жараларды емдейтін өте жақсы май жасалады және оны
ыдыстарды өрнектеу үшін қолданы. Бұл май қосылған бояумен салынған сурет
суға өте төзімді болып келеді» – деп жазған.
1-
сұрақ.
Мексикандықтар
қызыл
құртты
неліктен
кактус
плантацияларында өсіреді?
2-
сұрақ. Әңгімеде айтылған бояудың құрамында қандай қышқыл бар және
ол неден алынады?
Жауабы. Өлі Coccus cacti «кочинильа» жәндіктерін кептіріп, үгіту арқылы
алынатын кашениль (кармин) – жібек пен жүнге арналған, өте әдемі және
сапалы, бірақ ең қымбат бояу. Қазіргі уақытта бұл бояу косметикада және
тағамдық өнімдер мен сусындарды (Кока-кола) бояу үшін қолданылады.
Кашнилдың бояушы негізіне кармин қышқылы жатады.
1.2-
сурет – Кактустар
18
19-
мысал. Оңтүстік және Орталық Американың шөлейттерінде 6-7 кей
кезде тіпті 20 айға дейін де созылатын қуаңшылығы мен аяусыз ыстығына тек
ксерофиттер – кактустар, агавалар ғана төзе алады. Эхинокактустар,
ферокактустар және басқа да шар тәріздес кактустар Америкада жалпы
«баррель-кэктай» – кактус-бөшке (1.2-сурет) деген атпен таныс. Бұл кактустар
шөлейттерде адасқан саяхатшыларды өлімнен алып қалады.
Сұрақ. Кактус шөлейттерде адасқан саяхатшыларға қалайша
көмектеседі?
Жауабы. Саяхатшылар өсімдікті тесіп ортасынан шырынды кесектерді
кесіп алып жейді. Бұл кактустар адамға әрі азық, әрі сусын болады.
20-
мысал. Кактустардың «органо» деп аталатын түрі тікенді бағана
тәріздес (1.3-сурет). Онын бұтақтары жердің бетіне өсіп шығысымен жоғары
қарай өсе бастайды. Органо кактусының ерекшелігі жан-жаққа кеңінен
жайылмайтындығында, бірақ бір біріне жақын орналасып өскендіктен олар
қалың, «ит тұмысығы батпас» кедергі тудырады.
1-
сұрақ. Ертеде Мексикада бұл кактустарды не үшін өсірген?
2-
сұрақ. Тірі қорғаныс-дуал ретінде өсірілетін тағы қандай кактустарды
білесіздер?
Жауабы. Органо, опунция, лемайро, цереус және переския кактустары тірі
шарбақ (дуал) мақсатында өсірілген.
1.3-
сурет – Органо кактусы
Достарыңызбен бөлісу: |