Pisa халықаралық зерттеу бағдарламаларының әдіс-тәсілдері арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары



бет7/9
Дата05.04.2023
өлшемі86,35 Kb.
#79472
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Екінші тетік – оқу нәтижеле­рін бағалау жүйесін жаңарту. Яғ­ни, функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсіл­де­рін біртіндеп мектеп өміріне енгізу. Білім саласындағы ең өзекті мәселенің бірі – функционалдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторинг­теу мен кешенді бағалау. Олар да ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.
Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу мәселесі жүргізілсе, 2012 – жылдан бастап PISA,TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерт­теулер өткізілуде. Бұл зерттеулер – әлемдік білім берудегі біздің позициямызды бағалаудың жауапты кезеңдері болмақ және де осы шараларға толық дайындық республика көлемінде жүргізіліп жатыр.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың үшінші тетігі – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы. Бұл үшін жаңа әдістеме әзір­леніп жатыр.
Төртінші тетік – қосымша бі­лім беру жүйесін дамыту. Ұлт­тық жоспарда оқу­шылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қа­растырылған. Еліміз тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылатын болады. Біздің қалада оқушыларға қо­сымша бі­лім беру ісін абыроймен атқарып отырған мекемелер Балалар мен жасөспі­рімдер сарайы және Балалардың өнер мектебі. Онда музыка, живопись, би өнері, халық аспаптар оркестрі, қазақ халқының қол өнерін үйрену бағытында оқушылар қосымша білім алып, айтулы жетістіктерге жетіп отыр.Сонымен қатар, туризм, экологиялық тәр­бие, интеллектуалдық ойын түрлері, декоративтік-қолданбалы өнер салалары ар­қылы оқу­шыларға өздерінің қы­зығу­шы­лығын арттыруға, шығармашылығын шыңдауға жағдай жасалған.
Білім және ғылым министрі Ба­қытжан Жұмағұлов: «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың Ұлттық жоспарын орындау – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырудың кепілі болып табылады. Еліміздің Президенті Н. Назарбаев ерекше кө­ңіл бөліп отырған білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады. Осылайша, әлем­дік тренд пен білімге сәйкес келетін мектептің феноменальді моделі негіздерінің бірі қалыптасатын болады» деген сенімін ақ­тауға атсалысамыз.
Сонымен қатар, Елбасымыздың бұйрығы бойынша, еліміздегі жастар саясатына қолдау көрсету және дамыту жолдары ерекше назарда. Әлемдік тәжірибеге сәй­кес спорттық қызмет көрсетумен халықтың 30%-і қамтылғанда ел­ге жүктелген әлеуметтік функцияларды орындауға қабілетті болатыны үнемі насихитталып отырды . Қазіргі кезде әртүрлі баға­лаулар бойынша Қазақстанда бұл көрсеткіш 20%-тен астамды құраса, біздің қалада 32 % болып отыр.
Спорт саласындағы 6 спорт мектептерінде, спорттық секцияларда 2540 бала спорттық шеберлігін жетілдіруде. Оларды 32 жаттықтырушы мен мұғалімдер дайындайды. Қалада 180 жалпы спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып оған 10 мыңнан астам оқушылар қатысты. Жаздық, қыс­тық спартакиадалар, турнирлер, жарыстар өткізу дәстүрге айнал­ған. Биылғы жылы қаламызда греко-рим, еркін күрестерден,қыздар арасындағы бокстан өткі­зілген чемпионаттар қала оқушыларының спортқа деген құштарлықтарын әрі қарай ұштауға сеп­тігін тигізді.
Елбасының тапсырмасын орындау барысында «Жас ұлан» бірегей балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Бүгінде ұйымда 2100 мыңнан астам жеткіншек тіркелген. Барлық білім бе­ру ұйымдарында тәрбиелеу компонентін күшейту жөнінде үлгілі кешенді жоспар жасалды. «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» атты жалпыұлттық жобалар біздің қалада да жүзеге асырылып отыр.
Жастар мен балалардың бә­секеге қабілеттілігін, олардың азаматтық белсенділігін арттыруды қолдау жұмыстары әрі қарай да жалғасын табатын болады.
Соңғы 5 жылда қала оқушылары білім негіздері пәндерінен өткізілетін пән олимпиадаларында жүлделі орындардан түскен емес, биылғы жылы да біздің команда ІІ орынды иеленді. 21 оқу­шы ғылыми жобалар мен олимпиадалардың республикалық, халықаралық деңгейлерінің үш мәр­те жеңімпаздары болды. Мұндағы аса белсенділік таныт­қан №№ 8, 26 гимназия, №7 мектеп-лицейі, №№10, 21, 13, 22, 1 орта мектеп оқушылары.
Мектептер жаңа модифика­ция­дағы оқу кабинеттерімен, 10 жоғары технологиялық подиумдармен, 69 интерактивтік тақталармен қамтамасыз етіліп отыр.
Интернет желісіне қосылу 100%, кең жолақты Интернет желісіне қосылу – 90 %. Бүгінгі күні білім ұйымдарындағы компьютерлік парк 1336 компьютерді құ­рап, 1 компьютерге 8,8 бала ара қатынасынан келіп отыр. Бұл – мектеп оқушыларының, мұғалімдердің ақпараттық мәдениетінің дамуына үлкен септігін тигізіп отыр.
Қалада осы жобаны енгізу нә­тижесінде, ұстаздар «Майкрософт» корпорациясының «Білім­дегі серіктестік» жобасының «Жаңашыл ұстаз» білім бағдарламасына, Intel «Болашаққа бағдарланған оқыту» XXI ғасырдың ақпараттық-білімдік ортадағы жобалау іс-әрекетіне, «ХХІ ғасырдағы инновациялық мектеп» жобасы бойынша канадалық профессор
Г. А. Ру­диктің басшылығымен екі жылдық «Заманауи сабақ» үлгі­лерін меңгеруде.
Даму бағдарламасы аясында «Білімді ақпараттандыру», «Тыл­сымға толы Сарыарқа», «Тіл тұғыры», «Денсаулық сақтау технологиялары», «Денсаулық мектебі», «Мектептегі психологиялық қызмет», «Ресурстық орталық», дарындылықты дамыту, «Жас ұлан», «Жас Отан», «Болашак» балалар ұйымдары жұмыс жасап жатыр
Мектеп мұғалімдерінің оқытудың белсенді әдістері, жаңа білім­дік технологиялар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды игеруі бү­гінгі күні 71 процентті құ­рап отыр. Игерілген барлық технологиялардың саны 20-дан асып отыр, осы технологиялар арқылы жасалған бағдарламаларын «Интел – болашаққа бағдарланған бі­лім» технологиясы арқылы халықаралық сайт­тар­ға шығу мүм­кінші­лік­тері туып отыр.
Оқу жоспарының жыл­­жы­малы бөлімі ар­қылы оқушылардың танымдық әлеуетін дамытуға жағдай жасау мақсатында мұғалімдер бастауыш сынып оқушылары үшін 124, орта мектеп оқушыларына – 241, бейіндік сыныптағы оқушылар үшін 212 бағдарлама, барлығы 577 бағдарлама, оның оқу-әдістемелік кешендерін дайындап, оқу үрдісіне енгізілді.
Мұғалімнің кәсіби беделін кө­теру «Жыл мұғалімі» конкурсы, шеберлік сыныптары, «Оқушы – мұғалім» шығармашылық тандем, «педагогикалық ринг», «Үздік идеялар аукционы», педагогикалық олимпиадалар, ғылыми-педагогикалық семинарлар мен педагогикалық оқулар, «Шығармашылық» трибунасы, семинар-тренингтер және мұғалімдердің арасында пән олимпиадаларын өткізу арқылы жүзеге асып отырды. Белгілі бір мақсатқа бағыт­талған жұмыстар да нәтижесіз емес. Биылғы жылы 29 қала мұғалімдерінің, №8 қазақ гимназиясының, №7 мектеп-лицейінің, №1 орта мектептердің іс-тәжірибесі таратылса, оның 20-сы облыс кө­лемінде таратылды. №8 гимна­зияның физика пәні мұғалімі Асан Жанұл, 2012 жылғы қала әкімі грантының жеңімпазы, № 22 орта мектептің орыс тілі мұғалімі Ирина Васильевна Багдашкина об­лыс­тық «Үздік педагог» конкурсына қатысып, І орын иеленіп, өз­дерінің кәсіби деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеді.
Білім – әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екін­ші элементі – әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқу­шыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұға­лімнің шығармашылығындағы ерек­ше тұс – оның сабақты түр­лен­діріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Жаңа формация мұға­лімі – рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіс­намалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгерші­лікті, азаматтық жауапты, белсен­ді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған жұмыстардың ауқымы кеңейтіле бермек.

Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың басшылығымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық әрекет жоспары құрылды.


Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда.
Соның бірі функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Сондай-ақ оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді. Яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады.
Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Сонымен мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұратын сындарлы оқытудың (бағдарламаның) жеті модулі:

  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

  • сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

  • оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

  • оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет