Pisa халықаралық зерттеу бағдарламаларының әдіс-тәсілдері арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары



бет5/9
Дата05.04.2023
өлшемі86,35 Kb.
#79472
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

2.3. Оқу сауаттылығы
PISA зерттеуiнде оқу сауаттылығы ұғымын оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия,олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуы үшiн дамытуы деп түсінуге болады. Оқушылардың оқу сауаттылықтарын тексеру оқу техникасы немесе мәтiннің мазмұнын нақты түсiнуін бағалауға емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Оқу сауаттылығын бағалау барысында үш аспекті есепке алынады: оқу материалдарының форматы, тапсырманың түрi, мәтiннiң қолдану жағдайы немесе мақсаттары.
Зерттеу барысында мәтiнді толық түсiнгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлері бағаланады: мәлiметтi табу, мәтiнді түсіндіріп беру, мәтiннiң мазмұнына немесе оның формасына рефлексия және олардың бағасы.
Мәтіннен мәлімет таба білуді бағалау үшін, мәтінді қарап шығып, оның негізгі элементтерін анықтау және сұрақтан гөрі қажетті (синонимдiк) форманы бейнелеген мәліметті іздестіру үшін тапсырмалар қолданылады.
Оқушылардың мәтінді түсіндіріп беру қабілетін бағалау барысында мәтінде берілген әр түрлі мәліметтерді салыстыру, автордың сипаттаған ойларынан қорытынды жасау немесе мәтiннiң мәнiн түсіну ұсынылады.
Рефлексияны бағалау үшін мәтіннің мазмұны немесе формасына, оқушы тапсырманы орындау барысында мәтіндегі мәліметті басқа жерден алған білімдерімен байланыстыра білуіне, мәтінде берілген бекітулерді өмір туралы өз көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлінеді. 
ІІІ. Оқушылардың оқу жетістіктері мен білім алу үрдісіне әсер ететін факторлар
Оқушылардың оқу жетістіктеріне оқу үрдісін ұйымдастырумен, оқытумен және білім беру аумағында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясатқа сәйкес өзгеріп отыруы мүмкін мектеп қорына байланысты әртүрлі факторлар әсер етеді. Бұл факторлар туралы ақпарат оқушылардың нәтижелеріне түсінік беру үшін өте маңызды. PISA зерттеуінде бұл әсерлерді зерттеу үшін зерттеуге қатысқан оқушылардан және білім беру ұйымдары әкімшілігінен сауалнама алу барысында ақпарат жиналған факторлар анықталады.
Мұндай мәліметтерге келесі факторларды жатқызуға болады:

  • оқу орнының типі;

  • оқу орнының орналасқан жері;

  • ата-аналардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы;

  • иммигранттық жағдайы;

  • үйде сөлесу тілі;

  • оқушылардың оқыту үрдісіне қатынасы;

  • оқыту үрдісін ұйымдастырумен байланысты факторлар;

  • білім беру ұйымдарындағы психологиялық жағдай.

2009 жылғы PISA-ның қорытындылары оқушылардың үлгерімдері тәртіптік климатпен тығыз байланысты болғанын көрсетеді. ОЭСР елдеріндегі оқушылардың көпшілігі тәртіптік климаттағы сыныптарда білім алудан үлкен қанағаттану алған.
"Мұғалім-оқушы" арасындағы позитивті қарым-қатынастар білім алуға себепші болатын сыныптағы жағдайларды орнатуда шешуші мағынаға ие. Зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, оқушылар мұғалімдердің оларды шындап қабылдауын сезінгенде, оқушылардың білім алуға құштарлықтары артып, тәртіпке қатысты проблемалары азайған. 2000 жылғы PISA-ның қорытындылары оқушылардың басым көпшілігінің мұғалімдермен қарым-қатынастарының сапасына көңілдері толатынын көрсеткен. 2009 жылы "мұғалім-оқушы" арасындағы қарым-қатынастар сапасы одан әрі жақсарды
4 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемесі

Сынып оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны келесі мағынада сипатталады (1-сурет):



  • оқу, жазу сауаттылығынан;

  • жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

  • математикалық сауаттылығынан;

  • компьютерлік сауаттылықтан;

  • денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

  • құқықтық сауаттылығынан.

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МАЗМҰНЫ


1 -сурет – Функционалдық сауаттылық мазмұны




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет