Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады.
Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны — диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді:
сабақта белсенділік жоғарылайды;
сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;
дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;
оқуға қызығушылықтары артады.
«Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады. Метатану индивид қалай ойлайтынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу үдерісі болып табылады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға:
нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасының әдістерін қолдану төмендегідей нәтиже береді:
білім алушының белсенділігін арттыру;
пәнге қызығушылығын ояту;
өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
зерттеуге икемділігін дамыту;
сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;
білім алушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай біледі;
басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға үйретеді.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.