Pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)


PISA зерттеуіндегі Қазақстан



бет4/5
Дата07.04.2022
өлшемі225,24 Kb.
#30164
1   2   3   4   5
Байланысты:
Онл.оқу тапс

PISA зерттеуіндегі Қазақстан

PISA нәтижелері білім алушы басына жұмсалатын қаражат өскен сайын, білім сапасының артатынын көрсетеді. Мәселен, рейтинг көшін тұрақты түрде бастап тұрған – Сингапур, Жапония, Финляндия елдері. Бұл елдерде бір оқушыға жұмсалатын қаражат мөлшері 10-14 мың долларды құрайды. 2017 жылғы деректер бойынша Қазақстанда бұл көрсеткіш 2,5 мың долларға тең.

Сондай-ақ, зерттеу нәтижесі әртүрлі облыстардың, ауыл және қала мектептерінің, мектепалды даярлық сыныбын аяқтағандар мен даярлықтан өтпегендердің білім сапасында айымашылық бар екендігін көрсетті.

Қазақстан зерттеуге 2009 жылдан қатысып келеді, яғни қазақстандық білім алушылардың оқу жетістіктері 2009, 2012, 2015, 2018 жылдары бағаланды (1-кесте).

1-кесте. PISA зерттеуіне қатысқан қазақстандық білім алушылардың оқу сауаттылығы бойынша көрсеткіштері

Бағыт

2009

2012

2015

2018

Оқу сауаттылығы

390

393

427

387

Оқу сауаттылығы бойынша алғашқы нәтиже 390 балды құрады, одан кейінгі жылдардағы көрсеткіш ілгерілеуді көрсетіп жақсара түсті, яғни 393 және 427 балды құрады. 2018 жылғы қорытынды бойынша құлдырау байқалады (387 балл), нәтижесінде Қазақстан оқу сауаттылығы бойынша 78 елдің ішінен 69-орынға тұрақтады. Сол жылы PISA зерттеуіне бірінші рет қатысқан Украина мемлекеті 466 балл көрсеткішімен бірден 39-орынға тұрақтап, Қазақстанды басып озды. Әлемдегі ең көп оқитын ел болып саналған бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы елдер рейтингтің ортасында тұр. Ресей мен Беларусь – 31, 36-орындарда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет