Подвижные игры в подготовке футболисток на начальном этапе к. И. Адамбеков – д п. н., проф., Каз нпу им. Абая


Тҥйін  Аталмыш  мақалада  спортшылардың  дене  күші  дайындығының  тұрақтылығы  психологиялық  негіздері  қарастырылған.    Резюме



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата12.03.2017
өлшемі1,86 Mb.
#8985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27

Тҥйін 
Аталмыш  мақалада  спортшылардың  дене  күші  дайындығының  тұрақтылығы  психологиялық  негіздері 
қарастырылған. 
 
Резюме 
В этой статьи предусмотрено психологические основы и закономерности физической подготовки спортсменов. 
 
Summary 
Psychological bases and regularities of physical preparation athlete is provided In this article. 
 
АҒЗА ҚЫЗМЕТІНЕ ГИПОДИНАМИЯ ӘСЕРІ 
 
Б.Ислямов – магистрант, Абай атындағы ҚазҰПУ, 
Р.Ж. Нарибай – б.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Адамдардың дене белсендiлiгiнiң деңгейi, олардың тек жұмыс қабылетiне ғана емес, денсаулық жағда-
йына да әсер етедi. Кӛптеген зерттеушi ғалымдар, гиподинамия (гипокинезия) жүрек-тамыр ауруларының 
этиологиясында семiздiк пен тiрек-қимыл аппаратының бұзылуында едәуiр орын алатынын дәлелдеген.  
Жүректiң ишемиялық ауруларында миокардқа қан айналымының бұзылуы себебiнен қажеттi мӛлшер-
де оттегi және қоректiк заттардың жеткiзiлуi кемидi. Миокард инфаркты – ӛте қауiптi кең таралған жүрек 
ауруы. Ел iшiндегi екi ӛлiмнiң негiзгi себебi миокард инфаркты және мидағы қан айналымының бұзылуы 
болып табылады. 
Дене белсендiлiгi жоғары адамдарда бұл аурулар жоққа тән. Осы бағытта кӛптеген зерттеулер жүргi-
зiлген  және  де  жүргiзiлуде.  Авторлардың  басым  кӛпшiлiгi  жүрек-тамыр  жүйесi  ауруларынан  қайтыс 
болатындардың саны, дене белсендiлiгi тӛмен адамдарда 2 немесе 3 есе жиi кездесетiндiгiне тоқталған. 
Белсендi  қозғалыс  режiмдерiн  ұстанған  адамдар  бiрiншi  инфаркттен  кейiн  ӛмiр  сүре  алады.  Бұл  жерде 
ӛмiр сүру кезеңдерiндегi әр уақытта дене қозғалысының белсендiлiгi ӛте қажет екенiн атап айтқан жӛн 
және де балалық, жасӛспiрiмдiк кезеңдерiндегi жүрек-тамыр жүйесiндегi ауытқулар жойылып кетедi. 
Екiншi,  қауiптi  фактор  липидтер  алмасуының  бұзылуына  байланысты  –  дене  салмағының  артуы. 
Толық  адамдар  қанындағы  сары  суда  холестерол  мен  триглицеридтер  құрамы  жоғары  болады.  Дене 
жүктемелерi, күнделiктi тамақтан соңғы триглицерид мӛлшерiнiң жоғарылауын болдырмауға бiрден-бiр 
себеп. Салмақ артуының басты себебi бұлшық ет жұмысы кезiндегi шығындалған энергия мен тағамнан 
келiп  түскен  энергия  пропорциясының  әртүрлiлiгi.  Қазiргi  кездегi  постуталаттанған  липопротеидтiң 
жоғары  тығыздығының  (ЛПЖТ)  антиатерогендiк  функциясын  есепке  ала  отыра,  жоғарыда  келтiрiлген 
фактiлер,  қан  сарысуындағы  липидтер  тасымалдануының  нашарлауы  және  атеросклероздың  пайда 
болуы, тамақтану режiмiнiң бұзылуы мен гипокинезияның бiрлесуiнен деп қорытындылайды. Сонымен 
бiрге  гипокинезия  холестеролдың,  этирифицирленген  полиендi  май  қышқылдары  құрамының  артуына, 
перекистi  тотыққан осы қышқылдар ӛнiмдерiнiң қан плазмасындағы липидтерде жинақталуына жағдай 
туғызады. 
Балалар мен жасӛспiрiмдерде гиподинамия қалыпты кездегi жүрек соғуының жоғарылауына, терi асты 
майының  қалыңдауына,  дем  шығару  қарқынының  артуына,  қандағы  холестерол  құрамының  кӛбеюiне 
әкеледi.  
Гиподинамия  аз  ғана  нервтiк  ширығумен  бiрлесе,  дене  жүктемелерiн  атқару  кезiнде  аэробтi  және 
анаэробтi  алмасу  процесiн  нашарлатып,  ӛкпе  желдеткiшiнiң  үнемдiлiгiн  және  жоғары  қуатты  дене 
жұмысының  орындалу  қабылетiн  тӛмендетедi.  Гиподинамиялы  және  нервтiк-эмоциональдiк  еңбек 
адамдарына,  дене  жүктемелерiн  атқарғанда  ӛкпенiң  гипержелденуi,  ширығудың  гипертониялылығы, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
45 
PWC
170
 тӛмендiгi, ауа қапшығындағы (альвеола) желдену тиiмдiлiгi және салыстырмалы гипоксемияның 
кемуi тән, және осы кӛрсеткiштер патологиялық жағдайдың басталуы болып  саналады. Дене еңбегiмен 
жақсы шұғылданатын жұмысшылар үшiн, жұмысты орындау кезiндегi жоғарғы тыныс үнемдiлiгi мен қан 
айналымы байқалатын жағдай сипаты, PWC
170 
жақсы маңыздылығы тән. 
Қозғалыс аппаратындағы ӛзгерiстер – бұлшық ет атрофиясы, шемiршек, сүйек, буындар мен байлам-
дарда  кездесетiн  дегенеративтiк  процестер  негiзiнен  пайда  болады.  Қозғалыс  белсендiлiгi,  тiрек-қимыл 
аппаратының  пассивтi  құрамдарына  әсер  ете,  оның  жағдайын  да  анықтайды.  Мұндай  статикалық 
мәлiметтер  түрлiарқа  ауруларының  басты  себептерiнiң  бiрi,  арқа  бұлшық  еттерiнiң  жағдайы  болып 
табылады. Статикалық жұмыс қалпындағы ширығу, бұлшық еттердiң босаңсуы уақыт ӛте келе, бұлшық 
ет ұлпаларында спазм және дегенеративтiк ӛзгерiстерге әкеледi. Арқа ауруларымен ауыратын 5000-дай 
адамды тексергенде, олардың тек 20%-да ғана зақымдану немесе органикалық патология табылған. Ал, 
отырып жұмыс iстейтiндерде кездесетiн арқа және сүйек аурулары, қимылдың аздығынан. Арқа еттерiн-
дегi әлсiздiк 6-16 жас аралығындағы балалар мен жасӛспiрiмдерде де байқалған. 
Гиподинамия  буын  жағдайына  да  кӛп  әсер  етедi.  Ұзақ  уақыттық  статикалық  жүктемелер  әсерiнен 
буын  шемiршегi  жалпақтанады,  ондағы  зат  алмасудың  бұзылуынан,  дегенеративтiк  ӛзгерiстер  пайда 
болады да буындағы қозғалыс амплитудасы шектелiп, серпiмдiлiгi азаяды.  
Жоғарыдағы мәлiметтердi жинақтай келе қозғалыс режiмiнiң денсаулық жағдайына әсерiн тӛмендегi-
дей қорытындылауға болады. Дене жұмысы немесе үздiксiз дене жаттығулары жүрек ауруларының пайда 
болуын және жүрек-тамыр жүйесi ауруларынан қайтыс болу себептерiн азайтады, мӛлшерленген үздiксiз 
бұлшық ет белсендiлiгi ӛкпе эмфиземасы, бронхы астмасымен кейбiр жағдайда гипертониямен ауыратын-
дардың  жағдайын  жақсартады,  қалыпты  дене  салмағын  сақтаудың  басты  факторы.  Мұның  бәрi  дене 
еңбегiнiң және дене тәрбиесi мен белсендi ӛмiр сүру режимi, жақсы денсаулық және ұзақ ӛмiр сүрудiң 
негiзгi,маңызды факторы екендiгiн кӛрсетедi. 
Қазiргi замандағы қозғалыс шектелуiнiң ӛсуi, организмдегi кӛптеген жүйелер қызметiн бұзып, жұмыс 
қабiлетiн тӛмендетiп және денсаулық жағдайын нашарлатып адамның ӛз биологиялық табиғатына қарсы 
әсер етедi. 
Прогрестiк жетiстiктер адамды артық қозғалыс пен ауыр жұмыстан кӛбiрек босатқан сайын, соғұрлым 
қозғалыс  белсендiлiгiнiң  орнын  толтыру  тәуелдiлiгi  артып  отыр.  Мұндай  жағдайда  дене  тәрбиесiмен 
жалпы айналысудың ролi зор. Дене тәрбиесiмен айналысу әйелдер үшiн маңыздылығы зор, себебi саналы 
және сапалы ұрпақтың болуы аналар денсаулығына байланысты. Соңғы кезде, демографиялық келеңсiз 
құбылыстармен (бала туылуының кемеюi, ӛмiр сүрудiң қысқаруы) бiрге, физиологиялық пiсiп-жетiлмеу 
кӛп  кӛрiнiс  берiп  жүр.  Физиологиялық  пiсiп-жетiлмеу  –  бұл  дене  сапалары  мен  дағдылардың  қалыпты 
дамымауы,  семiздiк,  жақыннан  кӛргiштiк,  омыртқа  жотасының  қисаюы,  жалпақ  табандылық  т.б.  Бұл 
құбылыстар адам ӛмiрiнiң соңына дейiн терiс iз қалдыруы мүмкiн. Олар жасӛспiрiмдiк кезеңде жыныстық 
дамуды тежеп, дене және ақыл-ойлық жұмыс қабiлетiн тӛмендетiп, ерте қартаюға әкеп соғады. 
Физиологиялық пiсiп-жетiлмеудi болдырмау және алдын алудың ең тиiмдiсi – қозғалыс белсендiлiгiн 
арттыру.  Дене  тәрбиесiмен  және  спортпен  айналысу  тек  денсаулықты  нығайтып,  жұмыскерқабiлеттi 
жоғарылатып қоймай, әсiресе жоасӛспiрiмдердiң темекi, есiрткi шегу, арақ iшу – сияқты зиянды әдеттер-
ден аулақ болуына септiгi ӛте зор.  
Дене шынықтырумен жалпы халықтық айналысуда, есте сақтауды қажет ететiн нәрсе. Ол, дене жүкте-
мелерi, организмде бейiмделу сатысындағы тұрақты кезеңге сәйкес ӛзгерiстер туғызуы қажет.  
 
1.
 
Медведков В.Д., Медведкова Н.И. Роль физической активности в детоксикации детей // Тез.докл. межрегион. 
конф. – Пермь, 1996. – С. 23. 
2.
 
Медведков В.Д., Медведкова Н.И. Роль физических упражнений в оздоровлении дыхательной и кровеносной 
систем. // Актуальные проблемы физической культуры: Мат. регион.научно-практ. конф. – Ростов-на-Дону, 1995, 
Т.5. – С. 117-121. 
3.
 
Медведков В.Д. Элиминационная физическая культура – новое научное направление и реабилитационное 
средство. Мат. 2 научно-метод. конф. кафедр гуманитарных и социально- экономических дисциплин. – Пермь, 
2004. – С. 151-152. 
4.
 
Медведков В.Д., Медведкова Н.И. Физическая культура и экологическая безопасность населения // Экология 
физического воспитания. Мат. Всерос. научно-практ. конф. – Тула, 2005. – С. 62-63. 
5.
 
Озолин Н.Г. Современная система тренировки. – М.: ФиС, 1970. – 477 с. 
6.
 
Орешкин Ю.А. К здоровью через физкультуру. – М.: Медицина, 2011. – С. 26-27. 
7.
 
Штюрмер Ю.А. (ред.). Роль и задачи спортивно-массового туризма в физическом воспитании и оздоровле-
нии населения // Сб. науч. труд. – М., 2000 – 170 с. 
8.
 
Загрядский В.П., Сулимо-Самуйло З.К. Физические нагрузкисовременного человека. – Л.: 2002. – 92 с. 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
46 
Тҥйін 
Мақалада гиподинамия жағдайында адам ағзасында жүретін физиологиялық ӛзгерістер қарастырылады. 
 
Резюме 
В статье расмасматриваются физиологические изменения в организме в состоянии гиподинамии. 
 
Summary 
In the article presented physiological condition of organism during gipodinamy. 
 
БІЛІМ БЕРУ ҤРДІСІНДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН 
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
К.А. Жукенова – п.ғ.к., доцент 
 
Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталғандықтан, оқу жүйесін неғұрлым 
тиімді құра білу қажеттілігі қай кезеңде де ӛзекті мәселе болып қалмақ.  
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуал-
дық дамуы, жеке адамның патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту мәселелері, білімді-
лігі  мен  біліктілігі  мемлекеттік  білім  саясатының  басты  ұстанымы  екендігі  атап  кӛрсетілген.  Мұнда 
ӛкімет  саясатының  Қазақстандағы  білім  ісін  әлемдік  білім  кеңістігімен  үйлесімді  дамуын  кӛздейтіндігі 
байқалады.       
Педагогика  ғылымында,  білім  сапасы  оның  тӛрт  сипатын  (білім  –  құндылық,  білім  –  жүйе,  білім  – 
үдеріс, білім – нәтиже) біртұтас қарастырғанда, олардың ішінде білімнің құндылығы және нәтижелілігі 
ретіндегі сипатына мән берумен тікелей байланысты екендігі байқалады. Осы тұста, педагогикалық білім 
беру  саласында  инновациялық  тәжірибе  мен  ғылыми-зерттеулер  нәтижесі  білім  алушылардың  оқу 
материалын жаттап алып есте сақтауға қарағанда, ғылыми, логикалық ой елегінен ӛткізу арқылы қабыл-
дау ережесінің қолданылу тиімділігін кӛрсетеді. Себебі, инновациялық оқыту ережесі бойынша күтілетін 
нәтижелер  білім  мазмұнының  жетекші  компоненттері  және  білім,  түсіну,  қолдану,  жоғарғы  сипаттағы 
біліктер деп аталатын категориялар арқылы бейнеленген оқу материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере 
отырып анықталады.  
Осы  тұрғыдан  алғанда,  жалпы  мектеп  тәжірибесіне  жаңалықтарды  енгізу  –  оларды  қолдануға  деген 
қажеттіліктен туындайды. Ал оқыту технологиясын қолдану үшін алдымен жаңалықты игеруге даярлық, 
яғни технологиялық ӛңделген құжаттар болуы керек. Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруге, 
қолдануға  деген  қажеттілікті  туғызып,  технологиялық  жұмысқа  бағыттау  –  білім  сапасын  арттырудың 
маңызды құрылымы.  
Бұның  ӛзі  білім  берудің  мақсатын  жаңаша  ұғынудың  және  оны  жүзеге  асырудың  алғы  шарттарын 
жасау әдісінің бірі болып  табылады. Ол үшін ғылым мен ғылыми-техникалық прогресстің қазіргі даму 
деңгейіне сәйкес әлемдік білім кеңістігі негізінде білім беру мазмұнымен қоса, оқыту әдістемесін иннова-
циялық біліммен ұштастырып, ғылыми негізде жеткізу қажет. Осыған байланысты жалпы білім беретін 
мектептерде әрбір пәннің базалық материалдарына қосымша мазмұны жағынан күрделі, әртүрлі таным-
дық, білімділік тапсырмалармен толықтырылған әдістемелік құралдар, электронды оқу құралын интерак-
тивті  тақта  кӛмегімен  пайдаланып  оқытуды  ұйымдастыруға  негізделген  педагогикалық  мүмкіндіктер 
жасалынуы керек. 
Бұл жұмыстарды атқару үшін ең алдымен, мұғалімдерді психологиялық, теориялық және әдістемелік 
тұрғыдан даярлау қажет. Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісіне қолдану, оған қызығушылық 
таныту,  ынта  қою,  оның  мақсатын,  мазмұнын,  болашағын  түсініп,  іс  жүзіне  асыра  білу,  оқыту  үрдісін 
жоғарыда айтылған жаңа ақпараттық құралдар мен интерактивті тақталарды қолданып іске асыру, белгілі 
бір мақсатты, жүйелі дайындықтың нәтижесі болып табылады.  
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты мінде-
ті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау; 
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуни-
кациялық  желілерге  шығу»  деп,  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  дамыту  міндеттерін  шешу  үшін  мектеп 
ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, ӛзгерістерге 
батыл  жол  ашарлық  жаңа  тәжірибеге,  жаңа  қарым-қатынасқа  ӛту  қажеттігі  туындайды.  Сондықтан  әр 
мұғалім ӛз іс-әрекетінде қажетті ӛзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жӛніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-
тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
47 
ХХІ  ғасыр  немқұрайдылықты  кӛтермейтін,  қай  қырынан  алсаңыз  да,  бәсекелестік  ғасыры  екенін 
байқау қиын емес. Оған біздің еліміздегі білім сапасын реформалауда батыл қадамдар жасалып жатқан-
дығы дәлел. Атап айтар болсақ, қазіргі күнде кеңінен қолданылып жүрген оқытудың жаңа технологияла-
ры  –  шоғарландырып  қарқынды  оқыту  технологиясы,  оқытудың  модульдік  технологиясы,  сатылай 
кешенді талдау технологиясы, оқытудың үшӛлшемді технологиясы, жобалау әдісі және т.б. Енді осылар-
дың кейбіреуіне тоқталып ӛтейік. 
Оқыту процесіндегі білімнің тәжірибелік бағыттылығын күшейту, жағынан, эксперименттік сипаттағы 
ӛзіндік  жұмыстардың  үлесін  кӛбейтуді  кӛздейтін  Ж.А.  Қараев  және  Ж.У.  Кобдикованың  «Үшӛлшемді 
әдістемелік  жүйесі  (ҮӘЖ)»педагогикалық  технологиясын  атап  айтуға  болады.  Оқытудың  «Үшӛлшемді 
әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)»педагогикалық технологиясы ең алдымен тұлға әрекеттілігін алға қойып, оның 
ӛздік танымдық әрекетінің құрылымы мен мазмұнын (нақты тапсырмаларын) анықтауға негізделеді. 
Технологияның тӛрт меңгеру деңгейлерінің жеке аралық мақсаттарына сәйкес оқыту деген әр меңгеру 
деңгейіне белгілі бір: 1) қызықтыру деңгейі, 2) белсенділік деңгейі, 3) білім деңгейі, 4) біліктілік деңгейі, 
5) құзіреттілік (компетентность) деңгейлері, 6) әр деңгейде білім сапасының әр түрлері қалыптасатынын 
кӛрсетеді. Бұл технология оқытудың әдістемелік жүйесі элементтерінің (оқыту мақсаты, мазмұны, әдісте-
рі,  формалары  мен  құралдары)  осы  деңгейлік  ӛзара  байланысы  бойынша  тӛменгі  сатыдан  (деңгейден) 
жоғарыға бағытталған оқыту векторын (бағытын) негізге алады. Яғни оқыту үдерісі даму векторы бойын-
ша, негізінен: ынталандыру бағасы (баллдық рейтинг жүйесі) арқылы қозғалысқа келеді.  
Қазіргі білім берудің жаңа парагдимасы 12-жылдық білім беру жүйесіне кӛшу және гуманизациялау 
қағидасының  педагогикалық сипаттамасында  білімді жаңа үлгіде бағалау талабын қойып отыр.  Себебі, 
нәтижеге  бағдарланған  білім  беру  жағдайында  білім  алушылар  тарапынан  жүзеге  асырылатын  ғылыми 
ойлау, зерттеушілік оқу әрекеті басымдыққа ие болады. 
Елімізде  соңғы  кезде  мектеп  оқушылары  мен  студенттер  арасында  ӛтіп  жатқан  ғылыми  жұмыстар 
ӛзінің оң нәтижесімен кӛрінуде. Жобалау әдісі – оқушылар мен студенттердің ғылым мен техника саласы 
бойында  қызықтыратын  мәселелерін  жүзеге  асыруға,  болашақтағы  арман-жоспарларын  іске  асыруға, 
жалпы  айтқанда  қабілеттерін  байқауға  кӛп  мүмкіндік  береді.  Бұл  жобаны  жүзеге  асыру  оқушылардың 
білім-білік дағдылары тек білім беру стандартына сай, ғылыми негізде жүргізілген жағдайда ғана мүмкін 
болады.  Мұғалім  оқытудың  саралап-деңгейлеп  оқыту  әдісін  қолдану  арқылы  оқушының  танымдық, 
зерттеушілік қабілетін анықтауы қажет. Жобалау әдісінің болашақтағы нәтижесі де мұғалімнің оқушы-
ның зерттеу қабілетінің шамасын қаншалықты түрде анықтай алуына байланысты болады.  
Жобалау әдісі бойынша жұмыс тӛмендегідей кезеңдерден тұрады: 
1.
 
Алдағы мақсат-мүдденің қысқаша жүйесін дайындау 
2.
 
Зерттеу және талдау. Мұндағы мақсат – жұмысты жалғастыруға негіз болатын ақпараттар, матери-
алдар  жинау.  (Еркін  түрде:  ауызша,  қолжазбалар,  қиындылар,  үзінділер,  анықтамалар,  жоба,  уақытпен 
жұмыс істеу) 
3.
 
Жобаға қатысты мақсат-міндеттерді анықтау. Бұл жобаны жүзеге асырудың ең бір маңызды сатысы 
4.
 
Алғашқы идеялар шоғыры 
5.
 
Ұсыныс,  бастамаларды  талдау  және  ең  жақсыларын  таңдау.  Талдауға  және  талдануға  түсетін 
идеялар алдыңғы жоспардағы  талапқа сай болуы керек 
6.
 
Талданған  идеяны  жүзеге  асырудың  жоспарын  құру,  жұмыс  папкасын  дайындау.  Бұл  сатының 
қорытындысы дайын чертеж, рецепт, модель, карта, баяндама, ғылыми мақала т.б. түрінде болуы керек.  
7.
 
Дайын бұйым. 
8.
 
Ӛзін-ӛзі бағалау. 
Жобалау  әдістемесі  –  оқушы  мен  педагогтың  шығармашылығын  қатар  дамытатын  жұмыс.  Ӛзінің 
педагогикалық практикасында жобалау әдістемесін қолданған мұғалім ӛз алдына кӛптеген міндеттер қоя 
алады. Олар: оқушыға қажеттілік туғызу, біліммен қаруланған орта таңдау, жұмыс нәтижесі оқушыға не 
беретінін  анықтау,  күрделіден  оңайға  кӛшу,  яғни  қиынды  жеңілдететін  әдістер  таңдау,  жобалаудағы 
зерттеулерді  жариялап  кӛрсетуге  дайын  болу,  шағын,  тікелей  жұмыс  топтарын  құру,  әрқашан  кеңес 
беруге дайын болу, дайын нәрсеге сыни кӛзқараспен баға бере білу.  
Жобалау әдісіндегі оқушының міндеті  мынадай: ӛз білімін жетілдіруге,  ӛзін әртүрлі мүмкіндіктерде 
сынап байқауға жол аша білу, ӛз білімін белгілі бір мақсатқа бағыттап, соған жетудің жолын іздестіру, 
шағын топтарда жұмыс істеу арқылы коммуникативтік қабілетін арттыру, ӛзінің зерттеу, бақылау, экспе-
римент жүргізе білу, ақпарат жинақтау, талдап жинақтап қорыту сияқты қабілеттерін арттыру, ӛз қабіле-
тін  жүйелі  жұмыс  істеуге,  жұмсауға,  танымдық  кӛзқарастарын  қалыптастыруға,  ой  қорытып,  белгілі 
шешім қабылдауға үйренуге жол ашады.    

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
48 
Жалпы жобалау әдісі мұғалімнің жаңа әдістерді ӛз тәжірибесіне енгізудің жаңа үлгілерін табуына, оқу-
шылардың ӛз бетімен білім алу әрекетін ұйымдастыруына негіз болады. Осыған орай мұғалім жобалау 
әдісін қолдану арқылы оқушының оянбай жатқан мүмкіндіктерін дамытуға, ӛз іс-әрекетіне сыни баға бере 
білуіне, ӛзі мен басқаның, ӛзі мен ортаның, ӛзі мен ұжымның үйлесімді қарым-қатынасына жол ашады.   
 
1.
 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы // Егемен Қазақстан. –Алматы, 27 шілде, 2007ж.  
2.
 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, / Егемен Қазақстан, 
26.12.2003. 
3.
 
Кобдикова  Ж.У.  «Үшӛлшемді  әдістемелік  жүйе  (ҮӘЖ)»    нәтижеге  бағытталған  білім  берудің  тиімді 
механизмі,  // педагог кадрлардың біліктілігін арттыратын курстарға үлестірмелік құрал, -Алматы, 2008, 112бет.  
4.
 
Блонский  П.П.  Избранные  педагогические  и  психологические  сочинения:  В  2-х    т.  //  под  редакцией 
А.В.Петровского. – М., 1979. – Т.1. – 432 с. 
 
Тҥйіндеме 
Бұл  мақалада  оқушылармен  жобалық  іс-әрекет  әдістері  және  инновациялық  әдістер  негізі  арқылы  тұлғалық 
қасиеттердің қалыптасуы қарастырылады. 
 
Резюме 
В статье раскрывается сущность инновационных методов и технологий обучения, способствующих форми-
рованию креативной личности и об эффективности использования методов работы с учащимися по проектной 
деятельности. 
 
Summary 
Essence opens In article innovation methods and technology of the education, promoting shaping creative to personalities 
and about efficiency of the use the methods of the work with students on design activity. 
 
БІЛІМ БЕРУ ҤРДІСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Б.Т. Сыдықова – доцент, п.ғ.к., І.Жансүгіров атындағы 
Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
Т.Н. Жҥндібаева – аға оқытушы, жалпы, 
жас ерекшелік және әлеуметтік педагогика кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Елімізде қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының табысты жүруі-
нің басты кепілі – қажетті мамандар әлеуетін қалыптастыру. Бұл орайда бастауыш сынып мұғалімдеріне 
қойылатын  талап  жоғары,  себебі  бұл  мамандар  оқушылардың  білімінің  іргетасын  қалайды.  Білім  беру 
саласы мұның басты қайнар кӛзі болып табылады, ӛйткені ол келешектің мамандарын даярлайды. Қазіргі 
уақытта Елбасымыздың тікелей назарында тұрған аса маңызды мәселелердің бірі – еліміздің инновация-
лық тұрғыдан дамуы. Ел Президенті Назарбаев университеті білімгерлерімен жүздескен кезде «креативті 
ойлайтын инноваторларды тәрбиелеуіміз керек» деп қадап айтқан. Осы орайда, Білім және ғылым минис-
трі Б.Жұмағұлов: «Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, ӛз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақ-
тардан гӛрі, жаңа талапқа сай инновациялық  технологияларды ӛз сабақтарында күнделікті пайдаланса, 
сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сӛзсіз» – деп атап ӛткен. 
Инновациялық процесс – бұл дамуы жағынан мақсатты бағытталған және құрылуы жағынан сапалы, 
қазіргі заманның идеяларын, теорияларын, әдістемелерін, технологияларын тарату және меңгеру, қолдану 
белгілі критерийлерге сәйкес келетін және белгілі бір жағдайда ӛзекті бейімделген процесс болып табыла-
ды. Білім беру жүйесіндегі инновация – білім саласына жаңашылдықты енгізуді кӛздейді. 
Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру болашақ бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби даярлығының 
аса қажетті де маңызды құрамдас бӛлігі, ӛйткені қоғамды демократияландыру мен ізгілендіруге байла-
нысты жаңа білім жүйесінің жүзеге асуы үшін оқытудың жаңа технологияларын қолдану талап етіледі. 
«Құзырлылық»  ұғымы  соңғы  жылдары  педагогика  саласында  тұлғаның  субъектілік  тәжірибесіне 
ерекше кӛңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың (латын тілінде «competens» ) 
тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан  – жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти  отырып, 
қандай да бір сұрақтар тӛңірегінде беделді түрде үкім шығара алады дегенді білдіреді. 
Заман  талабына  орай  әлеуметтік  ӛмірдің  қандай  саласында  болмасын,  ғылымдағы,  мәдениеттегі 
ӛзгерістер, жаңа кӛзқарас, жаңа технологиялар, жаңашыл білім беру әдістері, басқару жүйесіндегі тәртіп-
терді  меңгеру  және  қолдану,  жаңа  педагогикалық  озық  тәжірибелерді  оқыту,  тарату,  тағы  сол  сияқты 
процестер білім жүйесін инновациялау қажеттілігіне алып келді. «Инновация» термині ағылшын тіліндегі 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
49 
«жаңашылдықты енгізу» деген мағынаны береді. Ал инновациялық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты 
да оқыту мен тәрбие беруде жаңа үрдістер мен әдістерді тәжірибеге енгізу болып табылады. Инновация-
лық білім беру жүйесі алдымен бастауыш сынып мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің компью-
терлік  сауаттылығы  жағынан  жоғары  дәрежеде  болуын,  оқушыларды  ӛздері  ізденетіндей,  білімді 
мұғалімнің  кӛмегінсіз-ақ  ала-алатындай,  саналы  жеке  тұлғаға  айналдыруын  қажет  етеді.  Білім  беру 
саласындағы  инновацияны  жасау,  игеру  және  тарату  –  жаңа  білім  беру  жүйесін  қалыптастырады.  Бұл 
икемді, ашық, жеке тұлғалық, жасампаздық білімнің, адамның бүкіл ӛмір бойы үздіксіз білім алуының 
жаhандық жүйесі. 
Келер ұрпаққа талабына сай тәрбие мен білім беруде бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық 
іс-әрекеттің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  –  маңызды  мәселелердің  бірі.  Ал  ғылым  мен 
техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл 
жеке  тұлғаны  қалыптастыру  мектептің  басты  міндеті  болып  саналатыны  сӛзсіз.  Әлеуметтік  ӛмірдің 
барлық саласында ең басты ӛзгерістер ғылымдағы және мәдениеттегі процесс, педагогикалық қызметтің 
ортасындағы жаңа қажеттіліктер, яғни білім беру жүйесін жаңашалау қажеттілігіне әкелді. 
Ең алғаш «инновация» ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол 
былай дейді: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтар-
ды  жасау,  меңгеру,  қолдану  және  таратуға  байланысты  бір  бӛлек  қызметі».  Ғалымдардың  пікірінше 
«инновация»  –  педагогикалық  категорияға  жатады  және  ол  мектептегі  құбылысқа  тың  жаңалық:  жаңа 
бағдарламаны,  оқу  жоспарын,  әдіс-тәсілдерді  оқу  және  тәрбие  жұмыстарына  енгізу  болып  табылады. 
Қазақстан Республикасы үшін білім беру мен ғылымды дамыту, экономикалық жүйенің бәсекеге қабілет-
тілігін жоғарылатудың бірден бір жолы инновациялық білім беру болып есептеледі. 
Білім беру жүйесіндегі инновациялар ең бірінші келесі жайлар маңызды роль атқаратын жүйешелер-
ден тұрады: 
- педагогикалық инновациялар – оқыту мен білім берудің жаңа әдістері мен тәсілдері; 
- технологиялық инновациялар – жаңа білім беру технологиясы; 
-  ұйымдастырушылық  инновациялар  –  жаңа  ұйымдастырушылық  құрылымдар  және  білім  беру 
саласындағы жаңа формалар; 
Инновация адамның қандай да болмасын кәсіби қызметіне тән, сондықтан да ол зерттеудің, талдаудың 
және енгізудің пәні болып табылады. Инновация ӛзінен-ӛзі пайда болмайды, олар ғылыми ізденістердің, 
жекелеген мұғалімдердің және тұтас ұжымдардың озық педагогикалық тәжірибелерінің жемісінен және 
ол басқарудың қажеттілігінен туындайды. 
Бастауыш сынып мұғалімінің мақсаты – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның 
білім  дәрежесі  мен  іздену  шеберлігіне  байланысты.  Бастауыш  сынып  мұғалімі  –  тікелей  оқыту  мен 
тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондық-
тан да, ол мектепке жаңашылдықты енгізуде шешуші рӛл атқарады. 
Қоғамның қарқынды дамуы, кӛбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің 
ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең 
негізгі және ӛзекті мәселесі. 
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай 
терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана 
қоймай,  ӛздігінен  білім  алуды  дамыта  отырып,  үздіксіз  ӛз  бетінше  ӛрлеуіне  қажеттілік  тудыру.  ХХІ 
ғасырдың  алғашқы  жылдарының  негізгі  проблемаларының  бірі  –  «Білім-бүкіл  ӛміріңе»  қағидасынан 
«Білім бүкіл ӛмір бойына» қағидасына ӛте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып 
табылады. 
Бастауыш сынып мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдение-
тiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең кӛкейтестi мәселелердiң 
бiрiне айналып отыр. 
Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе «құзiреттiлiк» ұғымы жеке қасиет-
терi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды. 
Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi – aқпараттық коммуникациялық құзыр-
лылық.  М.В.  Лебедева  мен  О.Н.  Шилова  бастауыш  сынып  мұғалiмнiң  ақпараттық-коммуникациялық 
құзырлылығын «оқу, тұрмыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялар-
дың кӛмегiмен шеше бiлу қабiлеттiлiгi» деп анықтайды. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзыр-
лылық  екі  құрамдас  бӛлiктен  тұрады:  компьютeрлiк  сауаттылық  және  компьютeрлiк  бiлiмдарлық. 
Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин «компью-

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
50 
термен  ӛз  бетiнше  жұмыс  iстей  бiлу,  компьютерлiк  техниканың  кӛмегімен  есептеу,  жазу,  сурет  салу, 
ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы» деп aнықтама бередi. 
Сонымен, бастауыш сынып мұғалiмнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру-
дың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады: 
-  ақпараттарды  ӛңдеудiң  компьютерлiк  технологияларын  теориялық  және  практикалық  тұрғыда 
оқып-үйрену; 
- әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып-үйрену және оны оқыту процесiн-
де қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау; 
-ақпараттық және коммуниациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн 
негiздей және дәлелдей бiлу. 
 
1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарла-
масы // Егемен Қазақстан, 2004, 46-қаулы. – Б. 1-4. 
2.  Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін,  бәсекеге  қабілетті  экономика  үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық  үшін. 
(Президенттің Қазақстан халқына жолдауы, 2004. - 19 наурыз) // Егеменді Қазақстан. 2004. – 20 наурыз. 
3. Бозғұлов Н.Қ. «ІІ Халықаралық «ХХІ ғасыр ұрпақтары даму тенденциясының неопедагогикалық hәм социоки-
нетикалық  парадигмалары»  атты  ғылыми-практикалық  конференциясының  материалдары»,  «Қазіргі  мектепті 
басқарудың инновациялық технологиялары» 21-23 сәуір 2009 жыл. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет