Поэма алғаш рет 1941 жылы басылған «Әдебиет және искусство»



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,52 Mb.
#8904
түріПоэма
1   2   3   4

VIІI 
Топ жиып Кӛпбайларға келді Ақажан,  
Етпек боп астан-кестен елді Ақажан.  
- Кісімді адал болсаң бірге іздес, - деп  
Жарлықты салауат сап берді Ақажан. 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Қыпшақ та түгел жиды болыс, биін,  
Ескене кетірді деп елдің күйін.  
Ту бие, ту асауды ұстап сойып,  
Қансоқта жаңа болды, үлкен жиын. 
 
Ел қызды сойыл сүйреп келгеніне,  
Қорқытып жеңіп алам дегені ме?  
Жан қалмай Ескененің руынан,  
Бұл елді тобыршағы кӛргені ме? 
 
Сӛйлесті екі жақтың қожалары,  
Бұл жерде ұйлықпасын елдің бәрі,  
Ақажан, жӛніңе кӛш, ізіңмен кел,  
Күш қылсаң кӛтермейміз бұдан әрі. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Егер де онан басқа тілек қылсаң,  
Кел сӛйлес, бізге берген малыңды алсаң,  
Келген соң күйеу ұрын жесір сендік  
Бізден мал бұйырмайды жӛнге барсаң. 
 
Ауылыңды тағы қалған түгел жина,  
Кӛптікті кӛрсететін іс ойласаң,  
Сыя алмас уысыңа барлық Қыпшақ,  
Жауап сол, саған айтар тіл алмасаң. 
 
Намысқа қызды солай «қызды керіс»,  
Бірауыз бас-аяғы болды тегіс.  
Ақажан бітім алмай қайтты еліне,  
Пәтуа, сӛз байлаған болмай келіс. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ойланып айла-әдіске салды Ақажан,  
Бұл жолдан аямады малды Ақажан,  
Қыпшақтың мынау деген басшыларын,  
Қаратып пара беріп алды Ақажан. 
 
Керейдің жайын тартып кісі салып,  
Ұзаққа шапты Ақажан басқа қалып.  
Жоқ қылып Әмірханның басын жұтып,  
Отауға бір әкел деп со күңді алып... 
 
IХ 
Айналып, әке, менің кетті басым,  
Бойыма тарамайды ішкен асым.  
Оңаша, үй іші боп отырғанда,  
Бар ойын түк қалдырмай айтты Қасым. 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Жүргенің есіңде ме кетпен қазып,  
Шеңберден шығып кеттің бүгін азып.  
Әлімнің екі балаң сарқыты едік,  
Ашымай енді жаның, жүрсін жазып. 
 
Қайқайып пимаң басы кӛлік айдап,  
Салдырап қатқан тоның, сорың қайнап.  
Жайланып ас ішуге шамаң келмей,  
Суықта қатқан нанды күрт-күрт шайнап. 
 
Біз едік екі балаң сонда туған,  
Кезінде екі бетті жаспен жуған,  
Еңбекке есті жия ие болып,  
Біз едік азабыңды бастан қуған. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Айдардан айналасы азғантай үй,  
Қоңданып он-он бес жыл біткелі күй.  
Үйреніп егін салып мұжықтардан,  
Болғаның кеше емес пе дәулетке би. 
 
Естідім біз сенетін жан қалмаған,  
Болыспайды, қасқа-жайсаң енді саған  
Болыстар Ақажанға сӛз беріпті,  
Мейлі деп аударсаң да аймағынан. 
 
Олардың құлқыны да ойлағаны,  
Дейсің бе, бұқарасы сыйлағаны.  
Параны Ақажаннан алып-алып,  
Отырды соған шығып шыбын жаны. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Жантайып жатқан Кӛпбай кӛтерді бас,  
Тӛгілді шешесінің кӛзінен жас:  
Арда емген ақ сүтімді Ақбӛпем ол,  
Алдынан айы тусын, бердім ықылас. 
 
Туып ел, жылағанда тілегіме,  
Күйдіріп енді от қойма жүрегіме.  
Тілегім зарлап жүріп екі құлын,  
Дүниенің маған басқа керегі не? 
 
Аналық сырын айтты жалынғандай,  
Кӛз жасын Дәләпыраз тӛкті аямай, 
-Қасымжан, алдыршы, әлгі Бектасты тез, 
Адамды қай-қайдағы ойға салмай. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Кӛпбай да бастан кешкен күндерді ойлап,  
Барлығы кӛз алдында тұрды сайрап,  
Жеңілді Ақбӛпе мен Әмірханнан,  
Алды-артын және Қасым қойды байқап. 
 
Қойып ед, кӛптен бері Бектас келмей,  
Ӛзіне бір уайым ерік бермей.  
Кенеттен шақырғанға таң болды да,  
Аттанып келді Бектас кӛп бӛгелмей. 
 
- Кӛп болды кӛрінбедің, Бектас, маған, 
Әдейі хабар айттым сонсоң саған. 
Үй іші қияр емес балаларды,  
Түрі бар сағынысып шыдамаған. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Билікті Қасым менен екеуің ал, 
Кездесіп тұр ғой бізге бұл ауыр хал,  
Тыныңдар Ақажанмен жӛнін тауып,  
Белгілі екеуіңе біз алған мал. 
 
Кәрібай мен Ақажанның қаны бұзық  
Әйтеуір істетпеңдер ұрыс-жанжал.  
Ӛзді-ӛзің ақылдасып бас-аяғың,  
Менің сол айтатыным тез хабар сал. 
 
Жарайды, мақұл десті Бектас, Қасым 
- Екпіні Ақажанның ӛте басым.  
Қай күні шауып-шаншып кетеді деп,  
Тығылды тамағыма ішкен асым. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Керейге жолын тапса бұрын барад,  
Естуім Әмірханнан кегін алад.  
Еліме Ақбӛпені бір әкелмей,  
Тынбаймын деген хабар ду-ду жанад. 
 
Астыртын жайын байқап аялдайық,  
Әзірше кішірейіп сӛз салмайық,  
Бәрібір, енді Ақажан аямайды,  
Түбінде Керейменен бір болайық. 
 
Ақажан мықтыларды алды бізден,  
Болыс, би, берген соң елімізден,  
Сақ болып, ат жаратып тұру керек, 
Ешкімді шет шығармай ӛзімізден. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Керейге бүгін, ертең ӛзім барам,  
Алдырмас Ақажанға айла табам.  
Ақбӛпе Әмірханмен тая тұрсын,  
Хабарлап құдаларды сақтандырам... 
 

Ақкӛл мен Жалаулының екі арасы,  
Ӛзеңді ӛлке бойы кең саласы.  
Ел қонған ұлан байтақ қаз тізіліп  
Ортада Ақажанның ақ ордасы. 
 
Кӛңілсіз күнді кӛміп, бұлт түнеріп, 
Аспаннан тас түскендей қан боп еріп,  
Еш адам таныр емес ұйқы-тұйқы,  
Қазыққа бір сорлыны қойған керіп. 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Сорғалап бетін жауып, қан дірілдеп,  
Қадаға сүйенеді маңдай тіреп,  
Жабысып қою шашқа қатқан қаны, 
Бір иығын тиген таяқ кеткен іреп. 
 
Арудың ақ мақтадай қайран тәні, 
Моншақтап тарам-тарам аққан қаны.  
Кӛк бұлттай кӛгеріпті тиген таяқ,  
Қиналған қиянатпен жастың жаны. 
Ӛн бойын кеткен басып қан мен жара,  
Ақ кӛйлек ӛрім-ӛрім, пәрә-пәрә.  
Жарадан сау қалған тән жұлдыз-жұлдыз, 
Күмістей шағылып тұр кей арада. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Тӛгіліп жерге тиген құндыз шашы,  
Жабысқан қан соқталап ара-арасы.  
Шырмалып нұрлы бетке қатқан қанды  
Жібітед, сырғып түскен кӛздің жасы. 
 
Күн құшқан асқар таудың ақ бұлтындай, 
Сүйсінген дос-дұшпаның, сұлуым-ай!  
Кӛк құлап, жер ойылып қойса жұтып,  
Қор еткен зұлымдардың бірін қоймай!... 
 
Әлсіреп естіледі жылағаны,  
Тәңірден жалғыз тілек сұрағаны.  
Мейірімсіз, улы жылан кез боп шақпай,  
Сау болса Әмірханның шыбын жаны. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Қиянат саусағының шеңгелі ілсе,  
Қайғы отын ӛршітпей ме тамған қаны.  
Дариғай тұтқын ба екен о да мендей,  
Қан жұтып мен бе екенмін ойлағаны. 
 
Жылау ма барлық ӛмірім бұдан әрі  
Ұялап ӛткені ме сұмның зәрі.  
Еркін бе, күші жеткен еңіретуге,  
Жарлының жазалы ма әлде бәрі. 
 
Жоқ әлде, күңдік үшін жаралдық па?  
Әуелден осы азапқа арналдық па?  
Анадан басқа туған, біз де тудық,  
Аққұла халық атынан қарғалдық па? 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Әйтпесе тұтқын болам неге бұлай?  
Ес кіріп, ержетсем де ерік алмай? 
Малды да мен секілді қор етпейді,  
Арсыз жан әлі де тұр шығып болмай. 
 
Кӛрмей-ақ ӛлемін бе Әмірханды,  
Шыдатпай кездескенше шыбын жанды.  
Жаралған бар жәндіктің қоры болдым,  
Жем қылды шыбын-шіркей қатқан қанды. 
 
Талықсып құлап кетті тағы жылап  
Адам жоқ білетұғын халін сұрап.  
Байлаулы, жібермейді екі қолы,  
Асылып арқанына тұр салбырап... 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Кӛптен соң енесі кеп қолын шешті,  
Біреулер теріге сал, ӛлер десті,  
Қазықтан екі қолын босатқанда,  
Қармалап қара жерді құлап түсті. 
 
Үстері ӛрім-ӛрім, дал-дал болған,  
Аймағы алабажақ қан бояған.  
Қойыпты жалаң аяқ киіндірмей,  
Күңдіктің белгісі деп осы саған. 
 
Ұшыраған мұндай күйге сорлы Ақбӛпе,  
Жазықсыз жаза тартқан мұңды Ақбӛпе.  
Бақыты бір-ақ түнде күл боп ұшып,  
Күрмеліп кӛр аузында жатқан Бӛпе. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Таяғы Құдиярдың қоймай ұрған,  
Тоқта деп, жан болмады ара тұрған.  
Ұмтылған арашаға жеңгелерін,  
Кісі деп, Құдияр жоқ есепке алған: 
 
- Қаңғырған қайыршыға еріп қашып,  
Жер қылып атағымды елге шашып.  
Ӛміріңді ит жемеде ӛткізейін,  
Ал, бәлем, сӛйлеп кӛрші аузыңды ашып! 
 
* * * 
Бүл күйге неғып түсті қалай оңай,  
Аңдаусыз қапы қалды абайламай.  
Ӛзекте жеке қонған азғана ауыл,  
Бір кеште бейқам еді, қауіп ойламай. 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Түн еді, түртсе кӛзге кӛрінбейтін,  
Нӛсер ед, жүрген дыбыс білінбейтін,  
Нажағай, анда-санда, түнді тіліп,  
Күрсініп, кӛк қозғалып гүрілдейтін... 
 
Жау тиіп осы түнде елді басқан,  
Жармасқан жараланып, ауыл сасқан.  
Тәукеннің талқан қылып қараша үйін,  
Аруды атқа таңып, алып қашқан. 
 
Әсіресе Құдиярдың қатты ашуы,  
Әл бермей, Ақбӛпе кӛп жағаласқан.  
Жабылып үш-тӛрт жігіт азар байлап,  
Құдияр қор боп қалған күш сынасқан... 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Сол күні Әмірхандар сауық құрып,  
Кәрі-жас маңындағы балқып еріп,  
Жоқ іздеп жарты түсте шығып еді,  
Бір жігіт шапты ауылға атой беріп. 
Келеді тура тартып Әмірханға,  
Асығып қарамастан басқа жанға.  
Ақбӛкен әнеу күнгі тағы келді,  
Әмірхан, аттана кӛр Ақтарланға. 
 
Әмірхан Ақтарланға тез салды ерді,  
Ақбӛпе ақ сойылын әкеп берді.  
Қайда дейді - сыртқы ӛзекке жаңа түсті,  
Дайыны бетіне алды айтқан жерді. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ӛзектен ағып ӛтіп шықты белге,  
Аз жігіт қарамады кейінгі елге.  
Ақбӛкен кӛріп қалып аңыратты,  
Лақтырды тӛсеп алып, тӛсін желге. 
 
Түседі қарғығанда арқан бойы,  
Сынасып екі жүйрік болды тойы.  
Қоянды, Қойтас тауы, қайдасың деп,  
Тас қашап, тау ішіне жетпек ойы. 
Жұлдыздай іңірде аққан ақты бӛкен  
Тозаңы ӛрт жанғандай шықты тӛтен.  
Сағымға ылдидағы сүңги шапты,  
Бұдан да озар жүйрік болар ма екен? 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Кейінгі қалған елде кӛбейді айғай,  
Дақбыртпен кетіп жатыр шыдам қылмай  
Желіде тұрған жылқы сол-ақ болды  
Мінгені кейбірінің құнан мен тай. 
 
Күтулі аты бардың бірталайы,  
Соңынан Әмірханның кетті қалмай. 
Бӛкенді басқалары кӛре алмады,  
Әмірхан келе жатыр кӛз айырмай. 
 
Айғайда шын шабысқа салды тарлан,  
Тістеніп ауыздығын алды тарлан,  
Теңселген тебінгідей бетегені,  
Шырлатып, от орнындай ойды тарлан. 
Танауы шелектей боп шеңберленіп,  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Түндегі қызыл шоқтай дӛңгеленіп,  
Алыптың аспан салған қалтасындай,  
Салбырап астыңғы ерін жерге тӛніп. 
 
Ӛрленіп от боп жанып екі кӛзі,  
Жапанды жара жаздап жалғыз ӛзі,  
Жал-құйрық жел кӛсілткен ту секілді,  
Біткендей бір күн шапса жердің жүзі. 
 
Адырын Андамастың аса шапты,  
Қу жонын Құладырдың баса шапты.  
Бӛленген жапан түздің бәйшешегін,  
Қаратпай қаймықтырып тозаң жапты. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Айқасты бӛкен асып бес қияға,  
Таянды шапақ шашып күн ұяға,  
Әмірхан ақбӛкенге сонда жетіп,  
Қош айтты кербез киік дүнияға. 
 
Күн батты, бұлтқа барып жарық қашты,  
Құлады кеш қоңырды жерді басты.  
Керуендей бұлттар кӛшіп, жер қозғалып,  
Кӛңілсіз күйге түсті аспан асты... 
 
...Әмірхан осы кеште үйде болмай,  
Күтпеген күйсіз мезгіл болған солай.  
Арыстан алыс қалып алысатын,  
Арманда кеткен ару - жылай-жылай. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Кӛрсеткен келе сала Құдияр күшін,  
Аярлық сиқында жоқ адам пішін.  
Құм болып қайран жігер шыдай берді,  
Қорлығы күндіз-түні жайлап ішін. 
 
Күн сайын жұмбақ болып оқиғасы,  
Кӛл болды қан аралас кӛздің жасы,  
Бас кессе жалғыз ауыз сӛйлемеді,  
Аңдып ед не болар деп кәрі, жасы. 
 
- Жүзі қара таңба салған аруақ аттап,  
Аяма, сүйегін жақ, етін қақтап!  
Ақажан бір ысқырып сұр жыландай,  
Құтыртып Құдиярды қойған баптап. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ұрғанын келе сала естіп Кәрібай,  
Аттанып ӛзі келді шыдай алмай,  
Балаңа айт, бұдан былай кӛп ұрмасын,  
Айламен ұстау керек таяқтамай. 
 
Әкелдің, адам қылып ұстау керек,  
Мақсатың ӛлтіру ме, мұның қалай? 
«Сұлуды ұрып ӛлтірді!» - деген атақ,  
Таңба ғой, сүйегіңе жыр болғандай; 
 
Құй ұрсын, құй ұрмасын болар болды,  
Шама жоқ кӛтеруге екі қолды, 
Нәр татып, қорек алып ас ішуге,  
Ынта жоқ құр домалау оңды-солды. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Қайғының минут сайын дәмін татып,  
Арсыз жан кеудесінен шықпай жатып,  
Ілініп апта ӛткенде жүріп тұрды,  
Мешелдей екі аяғын қыбырлатып. 
 
Шын ба әлде, ӛтірік пе тала берді,  
Уһлеп құшақтайды жатып жерді,  
Ауыл үй шошынды деп, ұшына тиіп,  
Таяқтан қатты жеген бәрі кӛрді. 
 
«Келіпті бір диуана сырттағы елге,  
Лебізі дауа дейді үшкіргенге.  
Кім білед - шарапатты шайқы адам ғой,  
Қайтер ед - соны алдырып кӛрсеткенде». 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Солай деп Ақажанның бәйбішесі,  
Шақыра диуананы кетті кісі.  
Жарады тұрып, жүріп ас ішуге,  
Жалғыз-ақ тала беред ендігісі. 
 
Диуана айғай салып кіріп келед,  
- Ауру ма, мен білмеймін алла білед.  
Шығындар, ұшықтайын дауа болар,  
Шырағым, мен білмеймін алла білед. 
 
Ақбӛпе диуанамен қалды онаша,  
Қорықпаңыз үшкіремін жас құдаша,  
Ұсынды Әмірханның сақинасын,  
Шырағым, жазыласың, бек тамаша. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Білмеді не қыларын қуанғаннан, 
Тірі ме, аман ба ӛзі, айтшы маған. 
Мен келдім диуана боп тілдесуге,  
Жан-жарың сәлем айтты, қалқам, саған. 
 
Бас қосып біздің елдің кәрі, жасы,  
Қосылып барлығының түгел басы.  
Саған кеп, күн белгілеу хабар қылып,  
Сонан соң аттанысу бар уәдесі. 
 
Тӛркінің келіп кетті Әмірханға,  
Барлығы ақылдасты ұзақ таңға.  
Табысып ондағылар сӛз байласты,  
Барлығы тісін қайрап Ақажанға. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ұмытпа, дүйсенбі күн екінші сәт,  
Әмірхан жігіт жиып дайын болад,  
Тым жақсы, ӛзің шығып тамға жетсең,  
Олар сол айтқан күнде күтіп тұрад. 
 
Ақбӛпе деді сонда, - мақұл, аға,  
-Менің де ауырғаным қасақана,  
Жаңылман оныншы күн дәл осыдан,  
Зиратқа жетермін, мен, келер шама. 
 
* * * 
Жиып ап бас-аяғын сӛкті Кәрібай, 
Қойыңдар Ақбӛпені әуре қылмай.  
Қолынан диуананың не келеді,  
Шу-шуда қорыққан шығар әлдеқалай. 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Оңаша кӛбіне айтты Кәрібай тұрып,  
Сақалды сипамаңдар салақ жүріп.  
Керейді бір соқпайды деп ойлама,  
Бір күні қор қылмасын тӛбеге үрып. 
 
Әмірхан жалыны ұшып жанған жігіт,  
Балқытып талайды ертіп алған жігіт,  
Келгенше шамасынан тек жатпайды,  
Қадірлі халық аузында болған жігіт. 
 
Тұрмандар кеште бір-бір ат ұстамай,  
Сақ болсын, жылқышылар бос тастамай  
Ойын ғып Құдиярдың отауында,  
Осы жаз күзетіңдер түнде ұйықтамай. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ауруды ақылменен алдап ұста,  
Құтыртып Құдиярды берме нұсқа.  
Ол тентек ӛлімші етіп пәршалапты,  
Алмай ма жек кӛргізіп бостан-босқа. 
 
Бұл сӛзді ауыл-аймақ мақұл десіп,  
Әрине, Кәрібай сӛзі ақыл десіп.  
Аз күнде той қылам деп бір дуанға,  
Ақажан дуылдады желдей есіп. 
 
Диуана, ел кезген боп жайға кетті,  
Еліне суыт жүріп, барып жетті.  
Келгенсіп сау қалпына сыр алдырмай,  
Ақбӛпе келешегін тағы күтті... 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
XІ 
Жаз болса ел қонбайды Жамансорға,  
Кӛшеді алыс жайлап, Тұйық жарға,  
Кӛп қыстау күзеті жоқ иесіз қалып,  
Болатын кейде мекен ұрыларға. 
Кер жазық ылди тӛмен әрмен қарай,  
Жазылған Жалаулының бауырын қулай.  
Кӛлкілдеп жотасында сағым ойнап,  
Аңқиды жусан исі жұпарға сай. 
 
Ақ шашақ адырында селеу ӛсіп,  
Кӛсілген сыртқы беті ӛзен түсіп.  
Шақаты қой бетеге, сайда қияқ,  
Жаудырап жағасында жидек пісіп. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Шӛлейтте шӛліркемей ән шырқайды,  
Бозторғай табиғаттың сүтін ішіп.  
Сағадан суылдаған сұқсыр күтіп,  
Жүреді қыр басында қыран ұшып. 
 
Қонған ел кӛк майсаға ӛзен қулап,  
Мас болып әуесіне жүреді улап.  
Құсбегі саятшылар қаршыға алып,  
Кеш болса ӛзен бойы құстар шулап. 
 
Малының түгін тартсаң майы шығып,  
Арығын ай мінбесе, жығад тулап.  
Шілдеде тоқты шайлап, қойға ере алмай,  
Жылқысын түтігер деп қояд сулап. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ақкӛл мен Жалаулының жері осындай, 
Сонда да қырылысад - жерге сыймай. 
Жайлымнан асқан жерді шабыным деп,  
Қағатын қарашыны ақырып бай. 
 
Жеті ру, жетпіс ата Қанжығалы,  
Бақталас бақа-шаян аңдымалы,  
Ескене, тентек ӛзі екі жар боп,  
Жоситын барымтаға кейде малы. 
 
Ол елдің ең белдісі болыс Кәрібай, 
Ал десе жан қалмайды салып айғай.  
Тыйса айып, ӛлсе құнсыз басқасына,  
Халқына аймағы мен зәрі сондай. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Не керек, қайраты жоқ қолдан келер,  
Қоңсысы құл секілді дӛңгеленер.  
Отызда ойнақтаған бозбала әні, 
Дейтін жұрт күн бар ма екен ӛлім берер.. 
 
XIІ 
Кӛп қыстау баяғы айтқан Жамансорда,  
Ежелден ел қыстаған ескі қорда.  
Бүгін кеш аттанғалы Ақбӛпеге,  
Күтініп алпыс жігіт жатыр сонда. 
 
Таңдама жігіттері алпыс адам,  
Баспады кӛзге түсіп, күндіз кадам,  
Жан-жақты қарауылдап андып бағып,  
Он жігіт атқа мінді кешке таман. 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Астында Ақтарланы кшкіле ойнап, 
Ақ сойыл ақ қайыңнан алған сайлап.  
Әмірхан жеңіл киіп ыңғайланып,  
Шымқаған орамалмен басын байлап. 
Оны да таңдамалы ығай-сығай,  
Кірерлік топқа жеке естілсе айғай.  
Баяғы диуана боп барған жігіт,  
Отызға ат бермеген балуан Айтбай. 
 
Күтпекші қалғандары Шолақсайда,  
Баруы кӛп дабырлап емес пайда.  
Қуғынға талып жеткен тың тиюге,  
Ақылмен ӛздерінше тапқан айла. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Әмірхан ішке тартып барлық қанын,  
Түйгендей шүберекке шыбын жанын, 
Айқасса дұшпанымен арманы жоқ,  
Аз, кӛп деп санар емес кісі санын. 
 
Тӛскеймен түнді арқалап кетті жүріп,  
Ел жата жетеміз деп желі құрып.  
Бейсауат әлдеқалай жан бар ма деп,  
Қарайды баспа қылып бұғып тұрып. 
 
Пысқыртпай аттарының ернін буып,  
Сай менен ӛзектердің бойын қуып,  
Иіліп инеліктей жоқ боп кетті,  
Жалма-жан кӛрінген ай, жаңа туып. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Жоғалтты жұлдыздарды бұлт баяулап,  
Ұйлығып қараңғылық тұр жаяулап, 
Бұлтты айдап талып келген қоңыр самал,  
Құйылды құбыладан жаңа саулап. 
 
Жеті ата, жеті мыстан бабалардан,  
Зират бар елге таяу ерте салған.  
Ағыстың астыменен Әмірхандар, 
Аялдап аттан түсті, жетіп соған. 
 
Сол күні қонақ келіп бағлан сойып,  
Құдияр жемпаз мұндар етке тойып,  
Қор етті тӛсегіне жете сала,  
Алаңсыз ұйқысына кӛңіл қойып. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Сіркіреп жаңбыр жауды жайлап қана,  
Қойшылар бұйығысты іздеп пана.  
Таң таяу, шырт ұйқыда жұрттың бәрі, 
Сақтанып Ақбӛпе ояу жалғыз ғана. 
 
Мезгілсіз неге жауды жаңбыр бұлай,  
Жас сұлу зар шеге ме жылай-жылай,  
Немесе тӛгілетін қаны ма екен  
Оятқан топырақты әлдеқалай. 
 
Тастады шаштан шешіп, шолпы қадды, 
Құдиярдың сырт киімін буып алды.  
Ақырын сыптай болып тысқа шығып,  
Әуелі жан-жағына кӛзін салды. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Кескестеп құйрық былғап Құтжол келді,  
Оятамын дегендей барлық елді.  
Бір сипап маңдайынан тағы тыңдап,  
Сайменен бетіне алды арғы белді. 
 
Алқынып аузына кеп жүрек ұрад,  
Қарандап шоқы біткен куә болад.  
Қолына сынған құрық түбін ұстап,  
Біресе сұм Құдияр жетіп қалад. 
 
Қайдасың, келінің кетті, Ақажан, деп.  
Моладан аруақтар айғай салад.  
Әмірхан кӛз алдына елестейді,  
Жетем деп енді қазір қайраттанад. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Саркездік бар қаруы қолына алған,  
Еркек боп киінуге дайындалған.  
Бәрібір ӛлмей қолға түспекші емес,  
Ұстаса айласы сол барлық болған.  
 
Моланың қандай суық түнде түсі, 
Белгілі күндіз дағы оның іші.  
Қайратқа қайрат қосып ер махаббат,  
Жетуге Ақбӛпенің келді күші. 
 
Жетті де кӛп молаға тұра қалды.  
Бар ма деп ешбір дыбыс құлақ салды.  
Әне, деп сыбырласқан дыбыстарын,  
Қүлағы Акбӛпенің қағып адды. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
- Мен деген Әмірхан даусын танып,  
Айқасты құшағына құшақ жайып.  
Жан десіп, ыстық жүрек соғысқанда,  
Кеткен жоқ денелері аз-ақ жанып... 
 
Еркекше етік киіп, шалбарланып,  
Мінгенше атқа қашан құмарланып. 
Тік түсіп сайдан әрман жүре берді,  
Барлығы үйме-жүйме шоғырланып. 
 
Сүйткенше - «Аттан!» деген, басталды айқай,  
Қу кемпір қараушы еді түнде тынбай, 
- Тірі ӛлік ұйықтап жатыр, Ақбӛпе жоқ, 
Күндегі қырылғырлар қайда, ойбай!.. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Барлығы ӛре тұрды айғай салып,  
Аттанды аты барлар қаруланып.  
Жырынды кӛпті кӛрген сақа ұрылар,  
Тыңдайды жеке шығып жата қалып. 
 
Оншама дүбірлері кӛп кісі емес,  
Таяуда кетіп барад, шумақталып.  
Мен кеттім, ал соңымнан қалмаңдар деп,  
Алдымен Аужан шықты сойыл алып. 
 
Жылқы алған он жігіттен балуан Аужан,  
Білмейтін сескенуді қорқып жаудан.  
Кәрібайдың ерік берген еркесі бұл,  
Үнемі қалдырмайтын дау мен шардан. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Кәрібайдың поштабайы Тайшық мерген,  
Ат ұстап бала жастан қасына ерген,  
Қолынан тастамайды қосауызды,  
Шүріппелі қара мылтық Иван берген. 
Қуғынға ыза болып шықты Кәрібай,  
Ат ұста, жылқыға шап, ұмтыл тынбай.  
Қосылып қуғыншының тобыменен,  
Ауылдан ере шықты ит те қалмай. 
 
- Жасаған, кісі ӛлімнен сақтай кӛр деп,  
Қатындар шашын жайып қадды талай.  
Ақбӛпе құтылса екен қолға түспей,  
-Деп қана Балжан тілейд үн шығармай... 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет