Поэма алғаш рет 1941 жылы басылған «Әдебиет және искусство»


«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы    «Ақбӛпе» поэмасының жалғасы    XIIІ



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,52 Mb.
#8904
түріПоэма
1   2   3   4

 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
XIIІ 
Ақ аяң айналдыра құлаш жайып,  
Жӛнелді, түп пердесі сырғып тайып,  
Кӛтеріп кӛк жағадан күн ӛз туын,  
Дүниені нұрыменен жаңа сайып. 
 
Шашырап дӛңгеленіп күн сәулесі,  
Тілінді кӛк аспанның кӛлеңкесі.  
Ұялған қылығынан жас сұлудай, 
Құбылды бәйшешектер шығып есі. 
 
Бетке ұстап ақ шашақты жасыл жібек, 
Ауысып кейде қызыл нұрға тілек.  
Кӛкайыл долылардың беті құсап,  
Жусандар шайқалады ӛзі бӛлек. 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Жүрерде кісі салып, Бектас берді, 
Мінгізген Ақбӛпеге Мамакерді,  
Келеді Әмірханмен жанай шауып, 
Жібер деп Ақтарлан ат сүзед жерді. 
 
Жақындап жігіттерге, Шолақсайға,  
Қуғынды жетіп қалған сонда кӛрді.  
Айқасып айдалада құмар тарқап,  
Сынайтын  кезек келді ер мен ерді. 
 
Әмірхан таяу келіп: - Ал Ақбӛпе, 
Жалт қарайд- не дейсіз?-деп ӛмірге ерке. 
Тізгінді босатыңдар, топқа тез жет, 
Болмаңдар бізге бӛгет құр бекерге. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Амал  жоқ, Ақбӛпе айтты: -Тіл алайын, 
Әйтпесе айқасуға мен де дайын. 
Құдитып Құдиярды сұлатар ем, 
Қалдырмай бір ұрғаннан неғылайын. 
 
Жеткенше жігіттерге топқа кірме
Күтіңдер, шеттеп тиіп, бірме-бірге, 
Сақ бол деп Әмірханға бірнеше айтып, 
Ақбӛпе қамшы салды Мамакерге. 
 
Әмірхан тосқауылдап күтіп қалды, 
Қасына Қожақ  пенен Айтбайды алды. 
Аттарын іркіп ұстап аса қыспай, 
Тозаңға соңындағы кӛзін салды. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Келеді үздік-үздік, топ-топ болып, 
Адырдан аңдап түсіп дала толып. 
Алдынан қалың қолдың жеке-дара, 
Аңыратып Аужан жетті инін жұлып. 
 
Астында киік тану Тышқан сұр ат, 
Долданып шапқан сайын құтырынад, 
Қоймаймын жер түбіне кетсеңдер де, 
Айқас деп жігіт болсаң айқай салад. 
 
Айқасты ап дегеннен қожақ барып 
Құштырды аттың жалын  бірақ –ақ салып. 
Алыспай, кезек ұрып ӛтіп кетті, 
Кӛлденең кесе шауып Айтбай барып. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ағызып Ақтарланға қамшы сала, 
Қырандай тура шүйді алдын – ала, 
Тістеніп Аужан ұрды, қақты Әміржан, 
Алып қол дарытпады ӛз маңына. 
 
Түйіліп қарсы шапты қайта оралып, 
Орайын осы ма деп кетті салып.  
Атының  мойнын құша барып түсті, 
Жӛнелді Тышқансұрды іліп алып. 
 
Азар  деп Қожақ батыр есін жиды, 
Ӛйткенмен ұмытпастай алды сыйды. 
Сүйткенше ұмар-жұмар тобы жетті, 
Сардала қан сағынып шертті күйді. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Қапелім Әмірхандар қаша ұрысып
Талайы қан боянып аттан түсіп. 
Қара жер сық баурын бір қыздырды, 
Құмардың қиянатқа қанын ішіп. 
 
Қос атпен Қожақ кетті ілгері ұрып, 
Жетекте Тышқансұр ат, желдей есіп, 
Қаптады қара тозаң кӛкті, 
Ұйлығып үйіріліп бұлттай кӛшіп. 
 
Айтбайды ортаға алды кӛбі жетіп; 
Әмірхан құлатып жүр ағып ӛтіп! 
Қос тиіп қабатынан ұрған сойыл, 
Біз кезде Айтбай түсті әлі кетіп. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Күрмеді тозаң басып күннің кӛзі, 
Айғай ән қосқандай жердің жүзі.  
Айтбайды қиып тастап кете алмастан,  
Әмірхан қырғын қылды жалғыз ӛзі. 
 
Тозаңның арасынан ажал бұғып,  
Қолыма тиесің деп қайсың шығып.  
Қыздырып жұрттың қанын одан жаман:  
Намыс пен ашуына қояд сұғып... 
 
Қосылды Ақбӛпелер топқа барып,  
Соңынан Қожақ барды басын жарып.  
Жүріңдер, Әмірханды қамап алды,  
Айқасты кӛбіменен жалғыз дарып. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Лап қойды сайда тұрған жігіттері,  
Тозаңнан ӛрт жанғандай шапқан жері,  
Алдымен Ақбӛпенің ӛзі кетті,  
Әйелдің болады екен мұндай ері. 
 
Арасын жая шапты алыс алып,  
«Жауқас» деп бара жатыр, айқай салып,   
Үрпиіп жау үрейі жаңа кетті,  
Кӛп қолды қарсы ұмтылған кӛріп қалып. 
 
Арасы екі топтың кӛз ұшым жер,  
Құлады Әмірханға айқасқан ер,  
Құтылып қашса мана кетер еді,  
Жауынан жасытпады қайрат, жігер. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ақтарлан қызып алды кӛбік шашып,  
Аяғын жер тескендей нықтап басып. 
Орғиды таста ойнаған ақбӛкендей,  
Жібер деп, басын шайқап, аузын ашып. 
 
Отыздай адамменен Кәрібай жетті,  
Айқайдан айдаланың есі кетті.  
«Мен-Кәрібай, қаныңды ішем, Әмірхан» деп,  
Айқасып ақ сойылмен салып ӛтті. 
 
«Қап, бәлем, қанға жерік, зұлым Кәрібай,  
Қоймаушы ед сен дегенде, ел жыламай.  
Әкеңе кӛрді жатқан жіберейін,  
Ағылған Ақтарланды соған қарай». 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Желкеден бір-ақ ұрды, сеспей қатты,  
Ӛзі ұрттап жерік қанын барып жатты.  
Кез келіп жалт бергенше жалғыз аяқ,  
Ақтарлан арам қатқыр омақатты. 
 
Әмірхан аман қалды, жығылды асып,  
Сойылын жылдам алды жанталасып.  
Ұшып тұрды жануар жығылса да,  
Жіліншігі үзіліп, қалыпты асып. 
 
«Ойбай ӛлді, бауырым үзілді» деп,  
Кәрібайдың бәрі ұйлықты үстін басып.  
Ықылық атып, қара қан құсып жатыр,  
Үзіліпті жұлыны, аузын ашып. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Әмірханды ортаға тағы да алды,  
Дарытпай жалғыз, жаяу ұрыс салды. 
Тобына сыпыра сермеп болмаған соң,  
Тайшық сұм қосауызбен басып қалды. 
 
Емшегінің үстінен тесіп ӛтті,  
Қан жалап ажал оғы жерге жетті.  
Және тартты қалғанын сол жақтағы,  
О да тиді шекесін жырып кетті. 
Үстінен нұрлы жүздің саулады қан,  
Мұздады тұла бойы қиналды жан.  
Серпілді бірі батпай дұшпандары,  
Секілді жер күңіреніп, кӛк жылаған. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Сүйеніп сойылына тұрып қалды,  
Жосадай жосыған қан алдын алды,  
Жап-жаңа жарық күндей жас боздақты,  
Табанда тағдыр мұндай күйге салды. 
 
Қаранып әлеміне қоштасты ол,  
Қалған жоқ ізденетін басқа да жол.  
Қол үзер ӛмірменен сертін айтты,  
Күңірену, аз-ақ минут қалғаны сол. 
 
- Дариға, денем дал-дал, құр тілім сау,  
Ӛткізді, ӛңменімнен ӛшіккен жау.  
Мүлде жоқ, ай мен жұлдыз, күн де сӛнді 
Ажалды серік қылып қалдым жаяу. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Сӛнбейтін күшті едің ғой, ей, махаббат! 
Жанды бер жарың үшін тауып рақат.  
Қойныңда жас тәнімді ӛзің сақта,  
Қара жер, қаныма той енді рұқсат. 
 
Жер ана, бар тілегім әлі сенде,  
Айтатын келешекке арман менде. 
Неғылсын аспан естіп, жұмысы жоқ,  
Тарихты сенен сұрар ӛлген пенде. 
 
Даусымды естірт алыс желге аманат,  
Балаңды ұмыттырма, елге аманат.  
Кім білед, меңің жаным тыныш жатпас,  
Моладан ұшар бір күн бітіп қанат. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Сол күнде, еркін бақыт, еркін тендік,  
Сол күнде жолың болар, ей, махаббат,  
Сол күнде дұшпанымнан кегімді алу,  
Сол күнгі ұл мен қызға тағы аманат!.. 
 
Жығылды алып дене жерге барып,  
Кӛкмайса гүлдер тұрған даярланып,  
Ей, жас тән, бізден де сен кетесің-ау, 
Дегендей иілісіп ортаға алып. 
 
Тағы да, - ей, Ақбӛпе, келші бері,  
Басылсын кӛңілімнің барлық шері,  
Аққудай Әмірханның Ақбӛпесі,  
Сүртші бір, кӛзім жапты, бетім тері. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Тер емес, ол жып-жылы адам қаны,  
Шыбынымдап, құлады аттан Ақбӛпе әні, 
Күңіренді жолдастары жаңа жетті,  
Зарлатты, үн қосты ерлер сардаланы. 
 
Ақбӛпе қанды тәнді құлай құшты,  
Қуарды, екі кӛздің жанары ӛшті. 
Құлатты тұңғиықтың биік жары
Әл бітті, ажал арбап барлық күшті. 
 
Кӛзінің қанды жасы сел боп ақты,  
Тӛгіліп Әмірханның бетін жапты.  
Қан басқан кірпігінен кӛзін ашып, 
Әмірхан, - Ақбӛпем... деп тыныстапты. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ақбӛпе Әмірханның қолын алды,  
Кӛтеріп ӛз мойнына әкеп салды. 
- Тағы да бір сүйейін... әлі жетпей, 
Орнына қайта түсті, қайта талды. 
 
Ақбӛпе, мен дем алам, сен дем алма, 
Азапқа ӛзінді-ӛзің енді салма.  
Ұмытпа, ӛмір бойы, жырла мені,  
Қайғырма, қайратқа мін, қажып-талма. 
 
Ағылтып Арқаға жай, сал әнімді,  
Тірі де... әлі ӛлген жоқ айт жанымды.  
Сӛнбейтін ӛмір-бақи махаббаттың,  
Айт, - менің отыменен жанғанымды... 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Тайшықтың, атқан оғын ат ӛзіне,  
Деді де қайта толды нұр жүзіне.  
От сӛнді, қан тоқтады, тамыр тынды,  
Құйылды қанды жастар жұт кӛзіне. 
 
Ақбӛпе тұрды ерленіп орынынан,  
Жігіттер, сыйла ӛлікті қайрат қылған.  
Майданға мен аттанам, кел еріңдер.  
Топта ма, Тайшық қайда сонау тұрған. 
 
Кегі мен Әмірханның құнын алам,  
Қарғысты қанмен атам, қанмен ұрған. 
Арманнан шығатұғын кезім осы,  
Жігіттер, Мамакерді әкел маған. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Күзетке үш-ақ кісі тәнге қалды,  
Ӛң бұзып жауға бетін сайлап алды.  
Кӛзінен мӛлт-мӛлт етіп жас ағызып,  
Ақтарлан күзетінде бірге қалды. 
 
Кәрібайдың ӛлігін ап, елге қарай,  
Қамданып жатыр еді жаулар солай.  
Айқайлап алпыс жігіт ат қойғанда,  
Қорқағы елге қашты жан сауғалай. 
 
Гүлдерін сай-саланың тозаң басты,  
Айрылып ұясынан құстар састы,  
Тобына түре тиіп топырлатты,  
Талайы бас сауғалап жанталасты. 
 
Жӛнелді Тайшық қашып үрейі қалмай,  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ақбӛпе қыр соңына түсті талмай.  
Сойылмен жеткен бойды екі салды,  
Тоқтаусыз үсті-үстіне қолын алмай. 
 
Атынан сүйретіліп түсті барып,  
Кетіпті тиген сойыл басын жарып.  
Ақбӛпе түсе сала тағы да ұрды,  
Достары жеделдетті ортаға алып. 
 
Қойнынан сар мойынды кездікті алды,  
Тоқта, деп кейбіреулер түсе қалды,  
Қан емес, мұның аты кек алу деп,  
Алмасын қақ жүректен барып салды. 
 
От болып екі кӛзі кетті жанып,  
Қайратка қайрат қосып, түр тұтанып,  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Жалма-жан жаудың қанын жұтты топырақ 
Сусыны ішкен сайын шала қанып. 
 
- Әмірхан, тағы талай кегіңді алам,  
Ұйықтай бер тынышталып, болмай алаң,  
Жүрегім сеніменен бірге болсын,  
Тынысым шаршағанда сенің молаң! 
 
Ақбӛпе әнмен бірге жасын тӛгіп,  
Қайғыны кекке берді қайратқа егіп,  
Теңдік пен махаббатты жырлай, жылай, 
 Қапасын қара күннің ӛтті сӛгіп... 
_____________________ 
*
Нәркес - әдемі кӛз 
**

жүктеу/скачать 0,52 Mb.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет