V
Барлығы жан дегенде жалғыз аға.
Туғаны бір анадан екеу ғана.
Ардақтап аялаған қайран бауыр,
Болғанда, желге қалқа, күнге пана.
Ақбӛпе жан бергендей Қасым десе,
Серігі, ақылдасы әсіресе
Әкесі қия тартып кӛнбегенде,
Жӛн айтқан ел сӛзіне әлденеше.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Аулы Кӛпбайды айтпай, Қасым дейтін,
Ақылы тең құрбыдан басым дейтін.
Сарабдал, қисық Кӛпбай десіп халық,
Балалар қалай туды, асыл дейтін.
Айдардан алпыстай үй ӛсіп-ӛнген,
Бір ауыз бас-аяғы түгелденген.
Жасы үлкен ақсақалды Кӛпбай еді,
Іргелі үлкен үйі терезе тең.
Қадірлі жақынға да, алысқа да,
Ел-елге аты кеткен дабыстана,
Ортасын Бескепенің ойып алған,
Құлашы кең жатады қонысқа да.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Аталас үрім-бұтақ жанды, жақты,
Барлығы тату-тәтті ынтымақты.
Ӛскен соң балалары үй кӛркейді,
Дейтін жұрт кім алады берген бақты.
Кӛпбайға таныс болды Қасым ӛсіп,
Ешкімге соқтықпайды шоққа түсіп.
Біреуге ӛкім айтса Кӛпбай кейде,
Тоқтатад балалары ара түсіп.
Ақылы Ақбӛпенің ұшан-теңіз,
Аналық туысына біткен негіз.
Кісі күту, беретін қонақ асы,
Әмірінде Ақбӛпенің болды деңіз.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Салмақты Ақбӛпенің жеңгесі де,
Қасымның тандап алған тендесі де.
Бар сырын Ақбӛпе одан жасырмайтын,
Сыр бермей сырт жеңгенің ӛңгесіне.
Ақбӛпе отыр еді шашын тарап,
Айнаға алдыңдағы күле қарап.
Жетіп кеп, Дәлапыраз күлімсіреп:
- Сүйінші сенен, жаным, келдім сұрап.
Не бар ед, сен сүйінші сұрағандай,
Қуандың есің шығып неге мұндай.
- Кешегі айтқаныңды ұмыттың ба,
Бір кешке жеткізіп ең айтып болмай.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Жігітжан, кӛрген жоқпын сендей жанды,
Сӛгесің қызық кӛріп қуанғанды.
Ендеше батыр болсаң ренжи ғой,
Әлгі ағаң шақырыпты Әмірханды.
Ӛзі де байқамады қуанғанын,
Білмеймін жүрек соғып не қылғанын.
Шын ба деп, күндей жанып жалт қарады,
Еріксіз бір жұмбақ күш, билеп жанын.
-Әнекей, келіп қалды үйге таман,
Нанбасаң қарашы үйдің жабығынан.
Айтқожа, Қасымменен ортаға алып,
Әмірхан түсіп жатты анығынан.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Бүгін кеш, тағы қызық, тағы жұмбақ,
Шіркін-ай, күнде болса осындай шақ!
Дәләпи, сӛйлесейін бүгін еркін,
Ыңғайын шамаң келсе келтіріп бақ...
Отауға ең алдымен Қасым кірді,
Қонақтар аз кідіріп тыста тұрды.
Жайдары жай қараған адам құсап,
Кӛрсетті назды сұлу хош пікірді.
Айдынның аққуындай басын иіп,
Сыр кілтін сылдыратпай ішке түйіп.
Жарқ еткен назарының отыменен,
Жанына махаббаттың уын құйып!..
Бар ма екен махаббаттай нәзік нәрсе,
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Тоймайтын адам жаны кӛре берсе,
Сырласып сүйгенімен емін-еркін,
Жүрегін сен сақта деп соған берсе.
Болса егер жан жүрмейтін түннің түні
Жоғалса жұлдыз сӛніп, ай мен күні,
Ол айтып, бақыт жайын бұл тыңдаса,
Бӛгет боп іздемесе ешкім мұны.
Тас еріп дарияға су боп ағып,
Тоқтатса бӛгеушіні нӛсер қағып.
Жасырынған бұл екеуін таба алмастан
Жарығы дүниенің жүрсе лағып.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Ойдағы айтсам деген армандарын.
Ақбӛпе бітірмес ед - сонда нағып.
Сүйісіп содан кейін мәңгі отырса,
Екеуі жүрек отын шам ғып жағып.
Естіді Әмірханды аймақтары,
Жиылды кешке қарай жас пен кәрі.
Тӛсеулі кӛлеңкеде кілем, киіз,
Сар қаймақ сапырылды қымыздары.
Әмірхан әр-берден соң әнге салды,
Сүйкімді ән, тыңдаушының еркін алды.
Топырақ жеп, домаланып еңбектеген,
Аңырап жас бала да тыңдай қалды.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Ұмсынай, Қазыбектің үстін басып,
Салқынға, қонған Борлы жӛнелді асып,
Ырғалып кешкі ауаның толқынымен
Қосылды ұлы Ертіске әндер тасып.
Туғалы Ән сүймейтін Мұсабек те,
Аңқайып қарап қапты аузын ашып.
Қызғанып Әмірханның бұл келгенін,
Үйінде Әбіш жатыр «марту»
*
басып.
Айтқан жоқ, арнап хабар Қасым оған,
Тәкаппар жанның бәрін жақтыртпаған.
Кей кезде дәме қылып қырындайтын,
Сондықтан Ақбӛпе оны шақыртпаған.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Басталған бие ағыта ән мен ӛлең,
Тӛгіліп қырдан асты талай белең.
Шам жаға жұрт тарады риза болып.
Болад деп Әмірханға қай жігіт тең...
VI
Серпіліп қараңғылық қойнын ашып,
Ай туды аспанына жұлдыз шашып,
Жаңа ӛскен жас шіліктің тасасында,
Сӛйлескен екі ғашық мауқын басып.
Сылдырап, жел ырғаса жапырақ күлед,
Ӛйткені ғашықтардың тілін білед.
Ән қосып самал келіп содан арман,
Сырды естіп, жӛнін айтпай жүре беред.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Тұншығып тындамасын түн неғылып,
Жас жанды жасырғанын тұр ғой біліп.
Жеткізіп кейбіреуін мұратына,
Кейінің ӛмірін кескен баурын тіліп.
Жабысып ғашықтар тұр дымы құрып.
Жүрегі екеуінің бірдей ұрып,
Күрсініп жұтқан демін босатты да
Әмірхан сӛз бастады, құшып тұрып:
- Ақбӛпе, сен алдың ба, еркім қайда,
Басқа емес, бір-ақ арман қазір ойда
Жәрдемшім жалғыз ӛзің кӛрінесің,
Ауыр ой, қайғы-қасірет болды пайда.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Тіршілік сенсіз маған ӛлгенше дерт,
Жолына жан қиюға беремін серт.
Шешпесең ӛз қолыңнан тағдырымды
Күл етер бойымдағы қаулаған ӛрт.
Деді де, қатты қысып тағы сүйді,
Тағы еріп, тағы балқып, тағы күйді
Мас болып талықсыған қайран сұлу,
Күрсініп сонда ғана есін жиды.
-Білмеймін, ойламаушы ем мен де бұлай,
Қолыңа сенің қайдан түстім оңай.
Екі етпес әміріңді пендең болдым,
Мені ешкім алмас сенен ажал алмай.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Соны айтып қолтығына кіре түсті,
Махаббат, не бар екен сенен күшті!
Жас гүлдің жан татпаған жаңа балын,
Улайды-ау!.. Екі жұбай бӛліп ішті.
Кӛтерді ақтаңдақты таңы құрғыр!
Кӛлдегі құс оянды, басталды жыр.
-Жігітжан, кӛзге түспей үйге бар деп,
Бүркеніп Дәләпыраз қасында тұр.
Жалт қарап, сонда білді таң атқанын
Сезбепті түнді қалай ұзатқанын.
Әмірхан жаныменен жақсы кӛрді,
Қызықтап Дәләпыраз ұнатқанын.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Әмірхан Дәләпимен үйге кірді,
Ұққаны белгілі тұр барлық сырды,
Шіркін-ай, женге болсаң осындай бол,
Болжаған ақылымен ойды-қырды!
Барлығы Ақбӛпенің ақылы ғой,
Қыз ӛсіп жасқа толып жеткен соң бой.
Жайына келер күннің қам етеді,
Пайымдап бас-аяғын жеткізіп ой.
Әмірхан ұйықтай алмай ойға кетті
Ұйқысы келмей қойды не себепті.
Жалғыз үй, қалың Қыпшақ ортасында,
Тартам ба, әлде талай қайғы-дертті.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
«Арыстан айға шауып мерт болды» деп,
Кӛрем бе ӛмір ӛксіп ӛткелекті...
Жауса да, қысында қан, шілдеде мұз
Екі етпен Ақбӛпеге берген сертті!..
Қауіпті ӛткір ойы бір-ақ кесіп,
Қызыққа тағы батты қайта кешіп.
Айналып Ақбӛпемен бақыт тауып,
Екеуі сайрандап жүр желдей есіп.
Қиялмен кешіп ӛтті бәрін де оңай,
Құрметпен құрбылары бірі қалмай.
Болғанда сәске мезгіл жұрт тұратын,
Әмірхан мызғып кетті жатып солай...
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Ақбӛпе дәл осындай халге түсті,
- Қондырсам, тұғыр болып қыран құсты.
Қайғысыз қыздың онда күні бар ма,
Кім білед, немен тынбақ мұндай істі.
Айтқан жоқ Әмірханға қауіп жайын.
Шошытып күні бұрын не қылайын?
Ерлігі еш адамнан кейін емес,
Не кӛрсек бір кӛрерміз болдық дайын.
Жолына Әмірханның тасаттықпен
Ӛмірімнің қуатынан немді аяйын,
Шыдадым нӛсер жауып, жер қозғалса,
Бұлт соғып, аспан атса нажағайын!..
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
VІІ
Аққұла басқа жаздан биылғы жаз,
Бұралып қыз-келіншек қылады наз,
Күнде ойын, күнде сауық бас қосылу.
Талапкер жігіттердің бәрі ӛнерпаз.
Күнде той Әмірханның жүрген жері,
Жанған от, жалыны ұшқан ердің ері,
Елден ел Әмірханды шақырумен,
Боп кетті бәрі жомарт, бәрі сері.
Тыңдайды әрбір кеште Кӛпбай балқып,
«Шырағым, дастан айт» деп қояд шалқып
Аурудың ардақтаған қызуында,
Әмірхан кӛп үстінде жүрді қалқып.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Ежелден қырағы ғой кӛптің кӛзі,
Қиядан сынағыш-ақ тағы да ӛзі.
«Әмірхан Ақбӛпені алад» - деген
Жайылды бірте-бірте жұрттың сӛзі.
Сол ӛсек, ӛрши-ӛрши ӛрге кетті,
Кӛбіне Әбіш мырза дүрілдетті,
Келінің бұзылыпты деген хабар,
Ақкӛлде Ақажанға барып жетті.
- Бұл не сӛз құлағыма жақпайтұғын,
Дерт бар ма, мен дауасын таппайтұғын.
Қарнын кебек тескен «мұжық Қыпшақ»
Болды ма аруағымды аттайтұғын.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Ақажан бір әкеден алты ағайын.
Ал десе аймағымен елі дайын.
Аюдай ақырады ашуланса,
Білгендер соқтықпайды оның жайын.
Інісі Кәрібай болыс даңқы шыққан,
Адамы бір дуанның алдында ыққан.
Қармағын салған жері сау қалмайды
Ісіне дос сүйініп, дұшпан бұққан.
Белі сол Ақажанның сенетұғын
Әзір тең ер шыққан жоқ жеңетұғын.
Тоңырайған, таң мінезді баласы бар.
Ынжық деп ауыл үйі күлетұғын.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Сонда да Құдияр, деп әкесі оны,
Әке үшін қадірлейтін елі мұны,
Ақажан ыза болып ұрсатұғын,
Баласы қыңырайғанда білмей соны.
Болған соң бастан ынжық оңала ма.
Ондайлар бір қисайса тіл ала ма?
Дӛйт десе, қорс етеді қыңырайып,
Ақылы қамшы жұмсау, қолда ғана.
Шақырып Кәрібай бастап елі қызды,
Жібер деп жігіттері, жиып бізді.
Қарайтын алды-артына немене бар,
Келейік шаштан сүйреп ондай қызды...
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Сӛйлесті құдасына кісі салып,
«Отырмыз бір суық сӛз хабарланып.
Егер де Кӛпбай ойы адал болса,
Тез берсін келінімді малын алып!»
Кӛпбайға жаңа туды ақырзаман,
Дүниеде іс бола ма бұдан жаман:
Балама ондай атақ атамасын,
Айта бар Ақажанға сенсін маған.
Жайлауда ұзатайын күзге бармай,
Қызығын тез кӛрем деп ойласа ондай.
Даярлап үй жабдығын бітіргенше,
Құдаға айт, мұрсат берсін енді бір ай».
Бұл хабар жария болды барлық елге,
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Ой түгіл қырдан асып жетті шӛлге.
Атағы Ақбӛпе мен Әмірханның,
Жайылды заматында талай жерге.
Сұм Әбіш біліп алып жұртқа шашты,
Ӛсекті үйірілтіп бетін ашты.
Ағайын, кӛршілес ел араз болып,
Аз күнде берекенің құты қашты.
Не дерін ел мен жұртқа білмей Қасым,
Ұға алмай кӛз жетіп қарындасын.
Қорлық деп, Ақажанның күш айтқаны,
Ойланып кӛп отырды шайқап басын.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Жол таппай туысына сӛз салуға,
Тағы ұят Әмірханды қолға алуға.
Әмірхан Айтқожамен жолдан келсе,
Ауылдың кетіп отыр салы суға!
Әмірхан сездірмеді ішкі сырын,
Келіскен Ақбӛпемен күні бұрын.
Естіді ел шетіне келісімен,
Келед, деп Ақбӛпенің күйеуі ұрын.
Жалғыз дос Айтқожа еді Әмірханға,
Ӛлсе де ол айтпайды басқа жанға.
Жарлының жалғыз ӛскен бұл да бірі,
Дос болған Әмірханмен ұғысқанда.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Әмірхан ақылдасты Айтқожаға,
Бұл елде тұру бізге жӛн бола ма?
Әкеме айт, Текедегі елге кӛшсін,
Болмайды жайлы қоныс бұл арада.
Қиналар нағашым да жол таба алмай,
Қапа боп қалар халық есі қалмай,
Кӛшірсін жұрт кӛзінше елің тап деп,
Түсіндір жасырмай-ақ сен осылай.
Мен мына, Жәдіктерге барып қонам,
Сезілді, сақтық керек бұдан былай.
Тентек пен Ескененің ұрылары
Қоймайды Ақтарланға қатер қылмай.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Әдісін ол ауылдың естігенмін,
Қапыда ӛкінерміз алдын алмай.
Іргені елге апарып орнықтырсақ,
Тілдесу Ақбӛпемен түбінде оңай.
Айтқожа сол бетімен елге келді,
Қайғырды, қапаланды, ойын бӛлді,
Тілегін Әмірханның орындаспақ,
Қия ма бір жыл туған қайран тӛлді.
Бектасқа баяндады бастан-аяқ,
- Бір сӛздің болуы рас осылай-ақ,
Ел басын дауға салып қайтемін деп,
Әмірхан ол ойынан қайтқан бірақ.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Ат шықты, жұрттың бәрі күдік алды,
Іс болды бетке шіркеу ұятырақ.
Біздің үй кӛшсін дейді Керейлерге,
Бұл елде болмас дейді жайлы тұрақ.
Ақажан қоймайды ақыр кек ойламай,
Түбінде ауыз салад бізге қарай.
Кӛшейік, ел басына сӛз келмесін,
Айта бар нағашыма жӛні осылай.
Қынжылды, кӛп ойланды Бектас тұрып,
«Қап!» - деді басын шайқап, санын ұрып.
Дерт болды-ай Әмірханға жазылмайтын,
Қарайтын қажытады-ау, оймен құрып!
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Біз үшін қаймықпасын, ӛзі білсін,
Жігіттер күші серік елге әкелсін.
Табаны Ақбӛпенің берік болса,
Сәлем айт жиенжанға, бӛгелмесін.
Қуанып түнде Айтқожа қайтып келді,
Бектастың бар сәлемін айтып келді.
Кӛлік ап ертең кӛшпек сорлы Тәукен,
Қаңғырып қоныс қылмай елден елді.
Қандай күн бишараны сандалдырған,
Бар ма екен әлде жарық алда тұрған.
Атағы Керей бұған туысқан ба,
Сақтар ма, жақын тартып, болып қорған.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Ұлтуған азар кетті, жылай-жылай,
Қанғырып ӛттік пе деп елге сыймай.
Бауыры бірге туған шыдата ма,
Егілді Бектас боздап, о да қимай.
Анду боп Әмірханның жүрісіне,
Күшейді алакӛздік ел ішінде.
Ақбӛпе ӛз үйінен аттамайды,
Оның да ӛре түсті ӛрісіне.
Сонда да қажымайды сырын беріп,
Жүрсіңдер демейді де ӛсекке еріп.
Бұрынғы айдай ашық мінезімен
Тотыдай таранады қасын керіп.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Еліне Ақбӛпені таныстырып,
Қош айтты құрбылармен жылап жүріп.
Салқынмен ертең ерте жүреміз деп,
Жатысты күйеу, құда мәжіліс құрып.
Ақсұңқар жемтік болмақ қарақұсқа,
Десіп жұрт, қыз сорлының ӛмірі қысқа.
Қор болған қайран ару малы барға,
Жоқ екен күйеуінде адам нұсқа.
Кӛргендер Құдиярды құндап солай,
Кетті дейді - есіл сұлу жылай-жылай.
Шынында Әмірханның теңі еді деп,
Ӛзді-ӛзі сӛйлеседі жастар солай.
Ақбӛпе басын таңып кешке таман,
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
- Тӛсек сал, жатам, - дейді - апа, маған.
- Жата ғой, құлынтайым, шаршаған ғой,
Танысып күні бойы кӛп жылаған.
Оңаша жайластырды үлкен үйге,
-Әр-бері демін алсын, бірің тиме,
-Деп бәрі құрақ ұшып, жүгіріп жүр,
Жатқанын қайдан білсін, қандай күйде!..
Күйеуді қыз-келіншек ортаға алып,
Жезде, деп, кейбіреуі шымшып қалып.
Құдалар, «кетер ӛлең, кербез ӛлең»
Айтсын деп талқыға жұрт жатыр салып.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Далада екі-үш дауыс шаң-шұң етті,
Біреуі ойбай салып, әлемдетті.
-Ойбай-ау, «Жігітжан» жоқ ұйықтап жатқан,
Таппадық үйден, түзден қайда кетті?
Үй тола отырған жұрт талқан болды,
Жүгірді есі шығып онды-солды.
-Атқа мін, қуыңдар, - деп жаны шығып,
Кӛпбайдың аққан жасқа алды толды.
- Түгенде жігіттерді мұнда келген,
Кім барсың бейсауатты адам кӛрген?
- Жоқ, десті Құдиярдың кербестісі,
- Айтқожа қайда, - деді кӛлденеңнен.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
«Мәлағам»
*
жаңа болды алай-топай,
Әуелгі ән орнына жӛнелді ойбай.
Қай жаққа қуарын да біле алмай жұрт,
Ұшырды ел үрейін құрғақ айғай.
Қос атпен кісі аттанды Ақажанға,
Сандалып ақыл таппай қалып таңға.
Шоқ басып шулаған жұрт қала тұрсын,
Келейік түздің құсы Әмірханға.
* * *
Алты салт, самалалы сойдауыттай,
Тіктүсті «Қызыл қаққа» атқан оқтай.
Бауырымен «Жарма ӛзектің» қиыс тартты
Самсаған түбектегі елге соқпай.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Мезгілде елең-алаң Текеге асты,
Күн жаңа шала-шарпы нұрын шашты,
«Қуғын жоқ, құтылдық» деп жаудан аман,
Бақытты балғын жастар қалжыңдасты.
Киінген Ақбӛпе де жігіт болып,
Ӛңіне шырай біткен нүры толып.
Әмірхан туыстарын таныстырып,
Бәрі мәз қуанышты кӛңіл толып.
Ақтарлан ойнай басып, алас ұрып,
Қайшылап қос құлағын мойнын бұрып,
«Жігіттер менің олжам мінекей» деп,
Айтқожа кербестіні қояды ұрып.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Кӛрінді «Теке кӛлі» кӛкшіл тұман,
Жігіттер бетін бұрды соған таман.
«Немене мына тұрған кӛк тұман?» деп,
Сұрады Ақбӛпесі Әмірханнан.
Ол кӛкшіл тұман емес, сұлу сағым,
Алғашқы менің саған жұмбақ шағым.
Сағымды шымылдық қып біз екеуміз,
Осында сайрандаймыз бақыт бағын.
Осы екен Қонай шауып алған Теке,
Таласып талай соғыс болған Теке.
Қазақтың ұл мен қызын сынға салып,
Арқалап кӛп тарихты тұрған Теке.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Текенің аймағында қалың Керей,
Бәрінің ортасында біз екі ерке.
Туыстың ту ұстайтын тобындамыз,
Ойлама кеттік-ау деп елден жеке.
Нұрланып жанарынан күлді сұлу,
Бақыт қой сүйгенімен сүйтіп күлу.
Алакӛз, тарбақ танау бір сұм болмай,
Анадан туған адам сүйтіп туу.
Қүлпырып жердің беті шешек атып,
Ән салып шыбын-шіркей ызыңдатып.
Қып-қызыл манардай боп жидек пісіп,
Сай-сала жұпар исін тұр аңқытып.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Бетке алып тек ағытқан қоңыр желді,
Сәскеде бақыттылар елге келді.
Ӛзектің бойыменен қулай жүріп,
Тасалап бір-ақ түсті жасыл белді.
Отырған Тәукен байғұс маза болмай,
Екеуі Ұлтуғанмен ұйықтай алмай,
Аталас жанашыры Жақаш дейтін,
Сол келді сүйіншіге салып айғай.
Аталас Мергенбей мен Айткүл сары,
Қуанып қарсы алысты соның бәрі.
Сәнменен қыз-келіншек алдан шығып,
Заматта түрге түсті ауылдары.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Бұл елден бұрын Тәукен ерте кеткен,
Он үш жыл Ақмолада кәсіп еткен,
Туысқан-туғандары осы жерде,
Басында тағы солар іренжіткен.
Әмірхан жігіт болып ӛскен мұндай.
Кеткенде жас бала еді мап-манардай.
Кӛтеріп тӛбесіне құрметтеді,
Қадірлеп ағайыны жаны қалмай.
Топ бастар серкеміз, деп Әмірханды,
Бет қойды билетуге мал мен жанды.
Сыйса тек аз «Соқырдың»
*
маңдайына,
Туғызған мұндай сирек арыстанды.
«Әдебиет және искусство» журналы №7 1940 жылы
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы
Барлығы бір «Соқырдан» он-он бес үй,
Олардың Айтқұл еді бәріне би.
Езілген тізеліден бейшаралар,
Бетке ұста Әмірханды, есіңді жи.
Сәулетпен күн ӛткізіп күліп-ойнай,
Қызыққа екі науша жүрді тоймай.
Жіберіп елге астыртын Айтқожаны,
Әмірхан құлақ түріп жатты солай.
Достарыңызбен бөлісу: |