Поэмалар біржан сал. ҚОянды жәрмеңкесі (поэма)



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата24.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#10111
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

ӨМІР МҰХИТ ҮСТІНДЕ 

  

(Ақын Тұманбай Молдағалиевтің «Тынық мұхит дәптері»   

атты жыр жинағы туралы) 

 

Қазіргі  таңда  қазақ  поэзиясындағы  бірден-бір  өнімді  автор,  сонымен 



бірге  өз  тұрғыластары  арасында  жыр  жинақтарын  ең  көп  шығарған 

ақындарымыздың  бірі  Тұманбай  Молдағалиевтің  елудің  белесіне  шығар 

тұста  әдеттегідей  өз  оқушыларына  іріктеп-сұрыптап  таңдамаласын 

ұсынудың орнына көлемі жағынан кейбір таңдамалыдан кем түспейтін жаңа 

жыр  кітабын  жазу  ақы  адал-маңдай  тер  ғана  емес,  ақынның  қаламгерлік, 

азаматтық ерлігі екенін айта кетудің артықтығы жоқ.  

 

Жалпы,  өнердің  ең  қасиетті  заңы  көкейіңде  айтар  ойың  болса  ғана 



соны  айтқызар  сиқыр  күші  еркіңді  бағындырса  ғана  сөйлеу  ғой.  Бойында 

осындай құдірет барын сезінуі – суреткердің табиғи болмысының байлығы, 

ал сол болмыс байлығын сана таразысына салып, қалам еңбегімен қарымды 

игеру  екінің  бірінің  еншісіне  жазыла  бермейді.  Болмыс  байлығын,  табиғи 

күш-қуатын таза еңбекпен игеруге келгенде дәрменсіздік танытып, тарыдай 

шашырайтын таланттар аз ба?!  

Ақын Тұманбай Молдағалиев бұл жағынан алғанда талант алақанына 

бөленген  бақытты  қаламгер.  Бір  қарағанда  жырлайтын  тақырыбы,  алған 

обьектісі санаулы да өлшеулі сияқты ғана көрінетін Тұманбай ақынның сол 

«санаулы  мен  өлшеулінің»  қыртысынан  табатын  кенінің  таусылмай  келе 

жатуының, барған сайын қорлана, қордалана түсуінің де себеп-сыры осында 

болса керек. Ал мұны ақынның өткен жылы «Жазушы» баспасынан жарық 

көрген «Тынық мұхит дәптері» атты көлемді жыр кітабы айқын дәлелдейді.  

Осынау  жаңа жыр кітабында ақынның қолына қалам ұстағаннан бері 

талмай  да  танбай  жырлап  келе  жатқан  махаббат,  достық,  азаматтық  парыз 

бен  адамгершілік,  туысқандық  мейірім,  туған  ел  алдындағы  перзенттік 

жауапкершілік, туған бала алдындағы әкелік сезім тазылығы, арнау өлеңдер 


мен творчестволық портреттер тәрізді таныс тақырыптар тағы да алдыңнан 

шығады. Жыр кітабының тең жартысына жуығын – «Тынық мұхит дәптері», 

«Сарыағаш-Жетісай саздары», «Абай аға ауылында», «Карпат шыршалары» 

сияқты жол топтамалары еншілеген.  

 

Мұның  бәрі  Тұманбай  ақын  талай  рет  жырлаған,  әлі  талай  жырлай 



беретін тақырыптар. Өйткені, ақын әлі талай күйініп-сүйінуге тиіс, оның көз 

алдынан әлі талай өмір құбылыстары өтеді, «Жүрегім –менің сапарда» деп 

бір  кезде  ақынның  өзі  айтқандай  әлі  талай  таусылмаған  сапарлар 

шиырлайды.  Сол  көз  көріп,  көңілге  түйгеннің  бәрі  өлең  жолдары  арқылы 

әлеуметтік  ойға,  қоғамдық  пікірге  қалай  ұштасады,  ақынның  парасат-

пайымы  осы  тақырыптарды  әр  қырынан  жырлаған  сайын  қалай  толысып, 

қалай  тұлғаланады,  қандай  биіктерге  көтеріледі,  қысқасы,  әрбір  жаңа  өлең 

жан-дүниеңді  қандай  сиқырымен  баурайды.  Мәселе  тақырыпта,  алған 

обьектіде ғана емес, ең негізгі мәселе – міне, осында.  

Ақын Тұманбай Молдағалиевтің «Тынық мұхит дәптеріндегі» өлеңдер 

барлық  бояларымен,  сезім  иірімдеріндегі  шынайылығымен,  ұғынықты  да 

ұтырлы өміршеңдігімен, табиғи философиясымен осы сауалдарға жан-жақты 

жауап бере алады.  

Ал  бұл  тұжырымды  дәлелдеу  үшін  ақынның  жаңа  жыр  кітабындағы 

өлеңдерге  үңілеміз.  Бұрын  да  талай  жырлап  жүрген  тақырыптарын  ақын 

қалай  байытты  екен,  қандай  жаңа  ойлармен  көмкеріп,  қандай  сырлы 

сезімдермен  кестеледі  екен.  Тақырыпты  қайталау  бұрынғы  сезімнің 

көлеңкесін көшіру емес, керісінше, бұрынғы ойды байыту, бұрынғы сезімнің 

сәулелерін одан әрі құлпырту, одан әрі жандандыру ғой.  

Ақынның  «Тынық  мұхит  дәптерін»  оқу  үстінде  оның  ең  үлкен 

суреткерлік  қасиетінің  бірі  –  бір  тақырыпқа  әлсін-әлсін  айналып  соға 

отырып, әрқилы көзбен, әрқилы көңілмен, сан түрлі зердемен сол тақырыпты 

тоздырмай,  тосаңсытпай  жырлай  алатынында  екенін  аңғартады.  Көбіміз 

«махаббат,  жастық  жыршысы»  деп  бір  сөзбен  баға  беруге  әзірлеу  тұратын 

Тұманбай-ақынның  бір  тақырыптың  көлемінде  тұрып-ақ  өмірдің  мыңдаған 


құбылысының  бояуларын  қалт  жібермейтін  қасиетінің  төркінін  қайдан 

іздейміз?..  Меніңше,  бұл  сөз  басында  айтқанымыздай,  ақынның  табиғи 

талантына,  табиғаттан  дарыған  болмыс  байлығының  құнарына,  әлеуметтік, 

азаматтық  ой  қоса  алуына  байланысты.  Олай  болатын  болса,  қазақ 

поэзиясында үнемі өз тақырыбын, өз обьектілерін жырлау арқылы ауқымды 

ой  айтуға  болатынын  дәлелдеген,  дәлелдеп  келе  жатқан  ақындарымыздың 

бірі Тұманбай Молдағалиев екені даусыз.  

    

Мен енді жоғалмаймын жер бетінен,  

    

Су болып, ауа болып тербетілем,  

    

Жаңбыр боп терезеңді айғыздаймын,  

    

Көктемнің  шөбі  болып  мен  жетілем,  -  дегенде  ақын  өзі  табиғатқа 

бекерден-бекер  теңеп,  телімесе  керек.  Табиғатқа  тартқан  суреткер  ғана 

тауысылып,  түгесілмесі  хақ!  Тұманбай  ақынды  өлең  өлкесінде  өрден-өрге 

сүйреп  келе  жатқан  да,  оны  қайсыбіреулерге  «санаулы  да  өлшеулі»  болып 

көрінетін тақырыптарының шұрайлы өрісін тоздырмай келе жатқан да осы 

қасиет. Ақынның елудің белесінде еліне ұсынған жаңа жыр кітабы – осының 

дәлелі.  

Тұманбай  ақынның  өмірбақи  жырлап  өтуге  ант  бергендей  әр  кітап 

сайын  оралып  отыратын  өз  тақырыптары  бар.  Егер  әрбір  жаңа  жыр 

кітаптарында    осы  тақырыптар  жырланбай  қалса,  оның  оқушылары  әлдене 

жетпегендей, әлденені жоғалтып алғандай болар еді.  

Ақын  өз  оқушыларының  алдындағы  осы  бір  үлкен  жауапкершілігін 

азаматтық жүрекпен сезінген. Сондықтан да әр кітап, әр жинақ сайын ол бұл 

қасиетті  тақырыптарына  қайта-қайта  оралып  отырады.  Әр  кезең,  әр  тұста, 

ақынның  көңіл-күйінің  өмір  құбылыстарымен  өзгеріске  түскен  қақтығыс 

сәттерінде  бұл  тақырыптардың  төңірегінде  қозғалған  ойлар  да,  бұл 

тақырыптардың  жырлануы  да  сол  құбылыстардай,  сол  көңіл-күй 

пернелеріндей  өте  қызықты,  өте  күрделі  боп  келеді.  Тұманбай  ақынды 

қайсыбіреулер  «бір  тақырыпты  шиырлап,  бір  тақырыптың  маңайында 

тоқырап  қалды»  десіп  жатады.  Ал  бұлар  әр  ақынның  өз  табиғаты,  өз 



болмысы,  өзіндік  өсіп-өну,  өркендеу  эволюциясы  болатынын  байқамайды 

(байқамайды емес, байқағысы келмейді.) Ал Тұманбай ақын өзінің қасиетті 

тақырыптарына  адалдықтың  арқасында,  оларды  күрделендіре,  өмірмен 

қоғамдық  құбылыстармен  әр  тұста  әлеуметтендіре  жырлаудың  арқасында 

қазақ  поэзиясында  өзіне  ғана  тән  монументтік,  типтік  бейнелер  жасағанын 

әлгілер аңғара да бермейді.  

Ақын - Тұманбайдың әке туралы жазбаған кезі жоқ шығар. Тұманбай 

өлеңдерінде  әке  туралы  элегия  да,  романс,  баллада  да,  монолог  та,  әкемен 

сырласу  диалогы  да,  әке  туралы  жүрегіңді  шым  еткізер  лирикалық 

миниатюра  да,  көлемді  кесек  поэма  да  кездеседі.  Ал  осының  бәрі  – 

біріншіден,  қазақ  поэзиясын  түр  жағынан,  жанрлық  жағынан  байытса,  әр 

жанрда әр қырынан көрінген әке бейнесін Тұманбайдай типтендірген ақын 

кемде-кем.  

Ақынның  әкесі  енді  оның  жаңа  жыр  кітабында  өзімен  бірге  «Тынық 

мұхит кешіп» жүріп сырласады.  

Әкелер бізге үй салып беріп кетпеген 

Майданда көбі оққа ұшты, - деп сонау отыз жастың о жақ, бұ жағында 

әкеге  сәл-пәл  кінә  арта  сөйлеген  ақын,  енді  бүгін  оны  жат  жұртта,  тентек 

толқын  үстінде  жүзіп  бара  жатып,  жүрегі  езіліп,  балалық  шақтың  қимас-

қиыспас мұңымен қоса іздейді.  



Әлі күнге жүремін жолға қарап, 

Өзің кенет бір жақтан кеп қалардай.  

Үй  де  салып  алған,  үбірлі-шүбірлі  ұрпақ  та  өсіріп  үлгірген,  атақ-

абыройдан да құралақан емес бір халықтың перзент-өкілі ретінде ел аралап, 

жер  көріп  келе  жатқан,  бүгінде  бір  адамға  әкелікке  жарайтын  азамат-ақын 

мына  ұшы-қиырсыз  көкпеңбек  мұхиттың  үстінде  тұрып,  сол  бір  соғыста 

өлген әкесін іздесе, қамкөңіл балалық шағын есіне түсірсе, сіздің көңіліңізге 

де шым-шымдап мұң ұялайды. Мұндай қасірет алыста қалған қасиетті мұң – 

адамгершілік, тәубаның мен мұндалаған түтіні сияқты сезіледі.  



 

Ақынның  өзі  аңғармауы  әбден  мүмкін,  ал  бірақ  егер  зерек  көз 

зерттеуші  болса,  Тұманбай-ақын  творчествосынан  осындай  типтенген 

бірсыпыра  бейнелерді  оқырман  алдына  «қолтықтап»  алып  шығуға  әбден 

болар еді. Олар Тұманбайда аттары аталғаны бар, аталмағаны бар – қазақтың 

неше  түрлі  қыз-келіншектері  мен  аяулы  аналарымыз  боп,  Едіге  мен 

Барқытбай сынды адал дос, аға-іні боп алдымыздан шығар еді. Тек осындай 

табиғаты  жомарт  ақындарымыз  жасаған  қолда  бар  байлықты  іріктеп, 

сұрыптап, талғап-таразылап таныта білер әдеби ғылым саласы мен жанашыр 

поэзия сынды бізде ақындық өреден әлдеқайда артта жатыр...  

Әйтпесе,  Тұманбай  Молдағалиевтің  осы  жаңа  жыр  кітабында  да 

осындай  бейнелердің  талай-талай  мінез-әрекеттері  өлең  тілімен  әдемі-ақ 

өрнектеледі.  

Бір  ғана  адал  жарын,  аяулы  қосағының  мінез-әрекеттерін  жырға 

қоспаса, әйел бейнесінің алуан қырын Тұманбайша тап басып аша алмас еді.  

 

Қазақтың қыздары аман тұрған кезде,  



 

Тұманбай ұмытыла қояр ма екен? – 

 

немесе;  



 

Алтынға да құл қылма, араққа да,  

  

Әйелдерге  құдайым  құл  қыла  көр,  -  деп,  әзілін  араластыра  отырып 

шындығын  айтатын  ақынның  (ақынның  емес-ау,  лирикалық  кейіпкердің) 

жар  алдындағы  адалдығы  –  ар  алдындағы  адалдық  екеніне  айқын  көзің 

жетеді.  Ақынның  үнемі  биік  ұстанатын  осы  бір  адал  ниетінің  темірқазығы 

сияқты мына бір екі жолға назар аударыңызшы!  

     


Сағындым деп сен шақырсаң айғайлап 

     

О дүниеден оралармын мен бейбақ.  

Аяулы  жарға  деген  адал  махаббаты  тілмен  жеткізудің  әдеби  тәсілі, 

ұғынықты та ұтырлы көркем тәсілі дәл осындай-ақ болар!  

Тұманбай Күлтайы да – ақынның адал жары ретінде, азаматтық ақ ниет 

қосағы  ретінде,  ақ  тілеу  Ана  ретінде  әлдеқашан  типтенген  бейнеге 

айналғаны белгілі. Тұманбай өлеңдерімен таныс оқушылар қазақтың Қүлтай 



атты  қызының,  Күлтай  атты  жардың,  Күлтай  атты  Ананың  болмыс-бітімін 

көз алдарына елестете алары рас па? Сөз жоқ, рас. Олай болатын болса – бұл 

типтенген  бейне.  Ал  әдебиетке  керегі  кейіпкердің  есімі  емес,  оның  мінезі, 

болмыс-бітімі, тұтас тұлғасы ғой.  

Ал  ақынның  әр  кітап  сайын  сырласып,  сұхбатасып  отыратын  ұлы  –  

Дәурені ше? 

Бұл да Тұманбай жыры арқылы біздің санамызға сіңіп қалған есім ғана 

емес,  есті  әрекет,  ақылмен  есейіп  азамат  қатарына  қосылып  келе  жатқан 

біріміздің  баламыз,  біріміздің  ініміз,  ал  негізінде  ойлайтын  ойы,  мақсат-

мүддесі бір замандасымыз.  

Ақын  бұл  кейіпкерлерді  өмір  сахнасына  әлсін-әлсін  алып  шығып, 

әлсін-әлсін  сырласып  сұхбаттасуы  арқылы  оқушыларына  жақындастыра, 

туыстастыра біледі.  

Лирикалық  бағыттағы  қайсыбір  ақындардың  бірде-бір  кейіпкерін 

кейде  көз  алдымызға  келтіре  алмайтынымыз  бар.  Ал  Тұманбай 

Молдағалиевтің тағы бір бақыты – өз жары, өз анасы, өз баласы, өз достары 

арқылы өмірлік кейіпкерлерінің бейнесін жасап келе жатқандығында, жасай 

беретіндігінде.  Бұл  кейіпкерлермен  ақын  бізді  жаңа  жырлары  арқылы  әлі 

талай кездестіре беруге, сырластыра беруге тиіс.  

Ақынның  жаңа  жыр  кітабында  байқалған  жаңалықтың  бірі  деп  оның 

бөлшегін өлең материалы етіп пайдаланып, оқиғалы өлеңдер жазуға жиірек 

көңіл бөле бастағаны дер едім. Негізінен лирика жазып жаттыққан ақынның 

бұл  тәсілге  ойысуы  сөз  жоқ,  өмір  тағылымдарының  толығуынан,  соны 

таразылап,  ой  елегінен  өткізіп,  қаз-қалпында  жеткізуге  итермелейтін  ақыл 

иесі болған ақындық табиғаттан ғой деп ойлайсың.  

Жыр  кітабындағы  «Бұл  екеуі»,  «Арыстан  балама»,  «Қораз  туралы 

жыр» сияқты өлеңдерді осындай жырлардың санатына қосуға болады.  

Мысал үшін «Бұл екеуі» атты аз-кем оқиғаға құрылған өлеңде есейіп, 

егде  тартып  барып  тұрмыс  құрған  адамдардың  әдемі  сыйластығын  жыр 

етеді, «ештен де кеш жақсы» дегендей, жер бетіндегі адамдардың бір күн де 



болса  жалғыз  болмауын,  бір  күн  де  болса  жұптасып,  қолтықтасып, 

қайымдасып өмір сүруін қалаған ниет танытады. Мұндай оқиғаға елудегі ес 

тоқтатқан  ақынның  осылай  қарауы  заңды  да.  Ал  отыздағы  Тұманбай 

«қартайғанша қайда жүргенсіңдер» деп қалуы да кәдік емес еді-ау...  

Жыр  кітабындағы  көптеген  өлеңдер  де  ақын  жас  шамасына  қарай 

«ақыл  тоқтатып»  салиқалы,  байыпты  ой  толғайды,  уақыт  ырқына,  заман 

ырғағына ақын жырлары әуелден-ақ әдемі үндесіп, үйіріле кететіні белгілі. 

Сол әдетті ақын одан әрі жақсы жалғастырады.  

 

Өз  замандастарына  өлең  арнамайтын,  олардың  қадір-қасиетін  жырға 



қоспайтын,  жарасымды  әзілге  жанастырмайтын  ақын  некен-саяқ  болса 

керек.  Жаңа  жыр  кітабындағы  оның  осы  тектес  бірсыпыра  арнау  өлеңдері 

творчестволық портреттер деңгейіне көтерілгендігін айта кетпесе болмайды. 

Сондай-ақ, бұл арнау өлеңдердің ішінде альбомдық дәрежеде қалған жырлар 

да аз емес.  

 

Ақын  жол  сапарынан  туған  өлеңдерді  жаңа  жазып  жүрген  жоқ. 



Сапардан туған өлеңдердің сапарнама, көрген-білген көріністердің елесі боп 

қалмауынан ақын қатты сақтанған. Сондықтан да көз көрген кереметтерінің 

құдіретіне  таңданып,  таңғалудан  гөрі,  оның  танымдық  қасиеттерін 

тізбелеуден гөрі ақын бұл жолы туған жерден алыста жүріп, туған жер, туған 

ел  туралы  көбірек  ойланып,  көбірек  толғанған.  Ақынның  жаңа  жыр 

кітабының  атына  ие  болып,  абыройын  көтеріп  тұрған  «Тынық  мұхит 

дәптері»  топтамасындағы  өлеңдер  ең  алдымен  оқушыға  осы  қасиеттерімен 

ұнаса керек.  

  

Жұмыр жердің үстіндегі ең ұлы мұхиттың үстінде жүзіп келе жатып 



ақынның  өз  халқының  ең  ұлы  ақынымен  тілдесуі,  («Кемедегі  ой.  Абаймен 

сырласу»)  немесе  теплоход  палубасына  жабысып  алып,  алысқа  ұзап 

ұшпайтын кішкентай ғана құстың қабағына қарауы, ән пәнінен сабақ беретін 

жерлес  қарындасы  Зәуреге  деген  ағалық  ниетінің  шет  жерде  жүріп 

сыйластыққа,  қимастыққа  айналуы,  ауылдағы  әпкесі  мен  Едігесін  еске 

алуы... міне, мұның бәрі ақын әлемінің қай түкпірінің топырағын басып, қай 



толқынның жалында ойнап жүрсе де – өз туған жерінің ғана перзенті деген 

ойға меңзейді. Жер бетінде өмір сүрген адам баласының көкейтесті  арман-

мүддесінің  барлығы  бір-біріне,  жалпы  адамзат  әулетінің  жұмыр  жер  атты 

кемеде жаны бір екенін аңғартады.  

Ақынның  «Тынық  мұхит  дәптеріндегі»  өлеңдері  ең  алдымен 

әлеуметтік  ойлардың  салмағымен  жоталанады.  Мұны  аңғару  үшін  осыдан 

он-он  бес  жыл  бұрын  жазылған  Италия  сапарынан  туған  топтамамен  осы 

сапардағы жырларын салыстырып көріңізші.  

«Италия сапары» - ақынның сәтті топтамасы болатын, сонау өркендеу, 

өрлеу дәуіріндегі Римнің қызулы да, қынулы рыцарларының бұлшық етіндей 

ойнаған  шымыр  да  сұлу  шумақтар,  көне  кереметтердің  жас  дәуренін  көзге 

елестетіп  мұңмен  егілген,  соған  көз  сұғын  көбірек  қадап,  тамсана,  таңдана 

қараған  толғаныстар  бұл  топтамада  жиірек  кездесетін.  Ал  «Тынық  мұхит» 

топтамасында  өзінің  айналасындағы  өмірді  көбірек  жырлайды,  сол  өмір 

құбылыстарын  заман  оқиғаларымен  шендестіріп,  сол  арқылы  ой  түйіп 

отырады. Екеуі де заңды құбылыс, бірі - сапарға жаңа шыққан жас адамның 

көзқарасы,  бірі  дүниеге  салиқалы,  байсалды  оймен  қарайтын  аға  ақынның 

байыпты жанары.  

Біз  сөз  басында  елудің  белесіне  шығарда  қалам  қарымын  танытып, 

айтар  ойының  арнасынан  әлі  қайта  қоймағынын  аңғартып,  қыранкөз-ақын 

жанар  шалымының  шабандамағанын шабытымен дәлелдеген  ақынның бас-

аяғы  бірер  жылдың  ішінде  осынша  өндірте  жазған  елеулі  еңбегін  ерлікке 

теңеп едік. Шындығында Тұманбай-ақынның көп жазуы, көп жазумен бірге 

өлеңнің  отты  қызуын,  көркемдік  дәрежесін  сақтай  білуі  –  өз 

тұрғыластарының  қай-қайсын  болса  да  қызықтыратыны,  өз  оқушыларын 

ризалық сезімге бөлейтіні сөзсіз.  

Ақынның осы қасиетінің себебіне көз салмасқа тағы болмайды.  

Біздіңше,  бұл  қасиеттің  төркіні  –  қазақ  поэзиясының  киелі 

дәстүрлеріне оның әуел бастан ант бергендей адалдығынан, сол адалдықтың 

сара  жолынан  таймауынан,  басқа  жаққа  алаңдап,  ауытқымауынан  деуіміз 



керек.  Бұған  бір  мысал:  көлемі  жиырма  бес  баспа  табақ  –  жыр  кітабында 

мыңдаған  жол  өлең  бар  ғой,  сан  түрлі  көңіл-күйдің  көріністерін  ақ  қағаз 

бетіне  түсіру  үшін  ақынның  қаншама  тер  төккенін,  қаншама  түндерді 

ұйқысыз  өткергенін,  қаншама  жұлын-жүйке  жұмсағанын  цифр  тілінде 

есептеу мүмкін емес. Көп жазған, өз таланты деңгейінде көркем жазған ақын 

еңбегін ерлікке балайтынымыз сондықтан.  

Ал  Тұманбай-ақын  мыңдаған  жол  өлеңдердің  барлығын  қашаннан 

қанымызға  сіңген  дәстүрлі  қазақ  өлеңінің  қалыбымен  соның  қасиетті 

қарымымен  жазады.  Неше  түрлі  ой  да,  толғаныс-тебіреніс  те,  ашу-ыза  да, 

әзіл-оспақ та осы дәстүрлі өлең өлшеміне сиып жатады.  

Ақын  кемерінен  асып  лықсып  толқыған  кезінде  де,  сабасына  түскен 

шағында да  дәстүрлі қазақы қара  өлең жолдарының бір  буын, бір бунағын 

үзіп-жұлқып, жоғары-төмен созғылап «жол көбейтуге» амал-айла іздемейді.  

Жалпы,  Тұманбай  Молдағалиев  ақындық  дәстүрімізді  бірден-бір 

сақтаушы  ғана  емес,  соны  саф  алтындай  қадірлеп,  қасиеттеп,  жан-жақты 

байытып, бабымен ұстайтын шебер.  

Соңғы жылдардағы елеулі еңбегінің атын ақын тек бұл кітапта «Тынық 

мұхит» сапарынан туған топтама орын алғасын ғана қоймаса керек. Тынық 

мұхит – әлемнің ең үлкен, ең ұлы мұхиты. Ұлы құрлықтарға, ұлы мұхиттарға 

сапарға шығу арқылы адам, оның ішінде ақын-адам өмір құбылыстарының 

да мұхиттай айдындарына құлаш ұрады.  

Өлең  әлемінің  көлдері  мен  көлшіктерінен,  өзендері  мен  теңіздерінен 

ақын Тұманбай Молдағалиевтің әлденеше рет жүзіп өткені бәрімізге белгілі. 

Енді оның өлең-кемесін үлкен тәуекелмен ұлы мұхитқа салуы да заңды. Бұл 

сапарда  сәтті  аяқталғандай,  жыр  кітабында  оқушы  олжаланатын  өміршең 

өлеңдер баршылық.  

Сәтті сапар жалғаса берсін, - дейміз ақынға.  



 

                            



ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ. 1981 ЖЫЛ 

Қазіргі  қазақ  поэзиясы  қоғамымыздың  кез-келген  күрделі 

құбылыстары  мен  көріністерін  қалт  жібермей  емін-еркін  аңғарып,  мүлт 

жібермей  емен-жарқын  жырлауға  қарымы  да,  қарқыны  да,  қыну-қуаты  да 

жететін  кемелдік  кезеңде  тұрған  өнер  екендігінің  басы  анық.  Бұған  ешкім 

дауласа алмайды. Дау болмас үшін бір-ақ дәлел: 

Мүмкін мұхит ұйықтар, биік құз ұйықтар, 

Біз ұйықтар деп ойламасын бұзықтар.  

Біздер еркін рахатын көретін  

Алдымызда не ғажайып қызық бар! 

 

Бұл белгілі ақын Хамит Ерғалиевтің мәнері. 



 

Тәкәппарлық нағыз бабы келгенде,  

Тынбайды-ау бір көкке құс боп ұшпаса.  

Цезарь бірде қас дұшпанын жеңгенде  

"Келдім. Көрдім. Жеңдім ", – депті қысқаша

 

О, Отаным! О, Жеңімпаз тәңірім!  



Қызыл қаның, ащы жасың төгілді.  

Талай жендет жүргізбек боп әмірін  

Цезарь құсап... Келді. Көрді. Жеңілді!!! 

 

Әрине,  бұл  ақынды  көпшіліктеріңіз  жете  біле  де,  тани  да 



бермейсіздер.  Бірақ,  өлең  авторының  ақындығы,  ақын  болғанда  өз 

қолтаңбасы,  өз  мәнері  машығына  қоса  ақындық  мәдениеті  де  қалыптасып 

үлгергендігі бірден танылады. 

Біз мысалға келтірген екі өлеңнің екеуі де Отан туралы, қоғам туралы 

өлең. Бірінші мысал – өлеңнен үзінді, ал екі-ақ шумақ екінші мысал «Отанға 

ода»  атты  тұтас  өлең.  Бірінші  мысалдың  авторы  –  өздеріңіз  біліп 

отырғандай, қазақ поэзиясының қарт тарландарының бірі Хамит Ерғалиев, 


ал, екінші мысалдың авторы бүгінгі қазақ поэзиясының ең жас өкілі, әдеби 

ортадан ең шалғайда жүрген өкілі, жезқазғандық ақын – Серік Ақсұңқарұлы. 

Байқап  отырсыздар,  тарлан  ақын  мен  талантты  жас  ақынның  аяқ 

алысынан – ақындық өнеріміздегі кемелдік көріністер көрініп-ақ тұрған жоқ 

па?!   

Тарлан  тартса  да  табиғаты  құнарлы  ақынның  арынынан  жігерлі 



жастықтың  әні  естіледі,  әлі  тәлім-тәжірибиесі  аз  болса  да,  жас  таланттың 

дауысынан  мазасыз ой дүбірі – парасаттылық пайымы аңғарылады.   

Тарлан  қарттарымыз  бен  талантты  жастарымыздың  бойында  осы  екі 

қасиет  бар  жерде  –  ұлттық  поэзиямызды  ешкімнен  кем  санауға  да,  қор 

санауға да  хақымыз жоқ. 

 

Сөз  басында  бір  сөйлем  тұжырым  айтып  алып,  сол  тұжырымды 



дәлелдеуге  тырысып  жатқан  себебім  бекерден-бекер  емес.  Қашанда 

баршылықпен,  молшылықпен  жұмыс  істеген  жақсы  ғой.  Баршылықпен, 

молшылықпен  жұмыс жасайтын баяндамашының іріктеуге де, сұрыптауға 

да  мүмкіндігі  бар.  Демек,  бүгінгі  қазақ  өлеңі  туралы  қай  қырынан  келіп, 

қалай айтамын десең  де  мүмкіндік  ұшан-теңіз.  Бірақ,  бір  жылда  баспа 

жүзін көріп, тасқа басылып шыққан қазақ өлеңінің көлемі бір жылдық қазақ 

поэзиясының қорытынды нәтижесі бола алмайды.   

Поэзиямыз  кемел  кезең  мен  кенен  байлықтың  ортасында  тұрса  да 

іріктеу-сұрыптау  деген  сөзді  аузымыздан  тастамайтын  себебіміз  сол, 

іріктеп-сұрыптап, бар дүниені бағасына қарай орын-орнына қоюға келгенде 

біз,  әрине  дәл  жоғарыдағыдай  мақтана  алмаймыз...  Әйтпесе,  әлгі  мен 

мысалға  келтірген  өлең  жолдары  айтар  ойының  әлеуметтік  салмағы 

жағынан,  көркемдік  шеберлігі  тұрғысынан  қай  елдің,  қай  әдебиеттің 

өлеңінен  де  өресі  төмен  емес.  Керісінше,  осы  екі  ақынымыздың  бұл 

өлеңдері ең шедеврі де емес, бар мүмкіндіктерінің шарықтау шегі де емес. 

Мұндай  мысалдарды  біз  талантты  ақындарымыздың  қай-қайсының 

шығармасынан да қиналмай таба аламыз. 

 


Тамырын  ауыз  әдебиеті  атты  альмаматерімізден  алып,  жаңашылдық 

пен ізденістің неше түрлі желек жапырақтарымен бұл күнде қазақ поэзиясы 

ұлттық ұғым, ұлттың дәстүрден бір елі ажырап ауытқымай-ақ, адамзаттың 

ой-өріс биігіне теңдесті деп өз басым батыл айта аламын. Бұл үшін бүгінгі 

бір  жылдық  жаңа  да  жас  поэзиясын  ақтарып  отырып  қазақтың  аға  буын 

ақындарынан бастап:   



Туған тілін сатқандармен еш уақыт,   

Туған тілде сөйлесуге жоқ һұқым, -  деп  жырлай  келіп,  әдебиет  есігін 

жаңа ғана аттаған жас ақынға дейін рахмет айтуға болады. Бұл арада қазақ 

өлеңі аудармасының аздығы мен әлсіздігін,  қазақ 

оқырманы 

талап-

талғамының әркелкілігін әңгіме етудің қажеті жоқ.   



Оған  дәлелді  себептер  бар.  Ең  бастысы  –  қазақ  ақындарының 

зерделілігі,  көрегендігі, пайымшылдығы заман ағысынан уақыт тынысынан 

бір  сәт  кейін  қалған  кезі  болған  жоқ.  «Күшәласы»  ішінде,  кейінде  қала 

қоймас  деп  ойлаймын.  Осы  орайда,  халық  рухының  да  өзінің  өлеңіне, 

ұлттық  поэзиясына  кірбің  қабақпен  қарап,  «кезегемді  кейін  тарттың-ау», 

«

намысымды  түсірдің-ау»  деген  кезі  тағы  болған  емес.  Мұны  мен  қазақ 



поэзиясына  дәуірлік  баға  беріп,  бедел  ала  қояйын  деген  ниетпен  айтып 

тұрғаным жоқ. Бұл шын мәнісіндегі қазақ поэзиясының бір жылғы жай-күйі, 

бүкіл сипатының көрінісі. 

Сол  көріністен  де  осындай  көңіл  өсіретін  құбылыстар  байқалады. 

Олай  болатын болса,  ең түйінді  пікірімді баяндамамның  басында-ақ  ашып 

айтайын, қазақ поэзиясы қадамын заманмен қатар алып келеді, қазақ өлеңі 

қайсы  біреулер  айтқандай  тақырыбы  тарылып,  ұсақтаған  да  жоқ, 

күйкіленген  де  жоқ,  күлдібадам  абстракцияға  да  айналған  жоқ,  ғарышты 

шарлап аспанға да ұшып кеткен жоқ. Қазақ өлеңіндей әдебиетімізде ұшқыр 

да ұтымды, сонысымен қоса шежірешіл жанр да қара көрсеткен емес. 

Өткен  жылдың  өнімдерін  аударып,  төңкеріп  отырып  та  қазақ 

поэзиясының әдебиетіміздің ең нәзік, ең жауынгер жанры екеніне де, қазақ 

ақындары  өз  беделдерін  де,  өз  несібелерін  де  адал-ақы  маңдай  терімен 


тауып жүргеніне ешкім шүбә келтіре алмайды. Дей тұрсақ та, әр үйдің, әр 

ауылдың  өзінің  ішкі  шаруашылықтары  болмай  тұрмайды.  Шаруашылық 

болған соң оның озаты да, орташасы да, орта қолдысы да болады. Әдебиетті 

шаруашылықпен  теңдестіруге  тіпті  де  бола  қоймас.  Бірақ,  өмірдің  сан-

салалы құбылыстарының бір-бірімен ұқсастығы да жоқ емес қой. 

Қазақ поэзиясының сондай бір жылғы шаруашылығының ішіне ендей 

кіріп,  оның  өнімінің  сапа-салмағын  таразылап,  шеберлік  мәселелерін  сөз 

еткенде  біздің  талай-талай  жетістіктеріміз  бен  кемшіліктеріміздің  беті 

ашылады.  Сөз  басындағы  қазақ  поэзиясы  мен  қазақ  ақындары  туралы 

түбегейлі, түйінді пікіріміз бізде кемшілік жоқ дегенге саймайтынын сіздер 

енді міне, осы әңгімеге араласқан кезде түсінесіздер. 

Өткен  жылы  «Жазушы»  және  «Жалын»  баспасы  поэзия 

редакцияларынан алпысқа жуық өлең кітаптары жарық көрді. Саны жағынан 

соншалықты  көп  деп  айта  алмаймыз.  Өйткені  республиканың  Жазушылар 

Одағында  есепте  тұратын  жазушылар  тізіміне  қарап  жіберіп,  олардың  қай 

жанрда  көп  жазатынына  көз  жүгіртсеңіз,  әрине,  бұл  цифрдың  қайта 

аздығына  таң  қалуыңыз  мүмкін.  Оның  үстіне  осы  алпыс  кітаптың  ішінде 

аты-жөні жаңа таныла бастаған жастар  бар, қазақ поэзиясына еңбегі сіңіп, 

таңдамалы  ұсынған  әр  буынның  өкілдері  бар.  Алыста  тұратын,  астанаға 

қарап  өлең  дертімен  ауыратын  талапкер,  азаматтар  тағы  жоқ  емес.  Мен 

мұны неге айтып отырмын? 

Бұрнағы  жылдары  осы  менің  міндетімді  атқарған  бірер 

баяндамашының аузынан «өлең кітаптары көп, оның бәріне тоқталу мүмкін 

емес» деген сөзді естігеніміз бар. Мен ол пікірге қосыла алмаймын. 

Әрине, алпыс-жетпіс өлең кітабы баяндамашының оқып шығуы үшін, 

танысып-талдауы үшін біраз уақыт алатыны да даусыз. Кітап дүкендерінде 

жыр жинақтарының кей-кейде тұрып қалатыны да даусыз, Ал бірақ, поэзия 

кадрларын іріктеп, таңдап, үйретіп, тәрбилеп алу үшін оларға басылым беру 

керектігі де даусыз емес пе!? Бірінші жинағы орта қол, екінші жинағы орта, 

үшінші  жинағында  жақсы  ақындармен  жанасып,  үзеңгі  қағысып  жүрген 



қабілеттілер бізде бар, бұл біздің қазақ поэзиясының ғана емес жалпы қазақ 

әдебиетінің  әр  жанрының  тәжірибесінде  бар.  Ал,  өткеннен  мысал  ретінде 

марқұм  Төлеген  Айбергеновті  алайықшы!  Бірінші  жинағында  Төлеген 

марқұм жасыратыны жоқ, көп талапкердің біріндей-ақ боп көрінген, екінші 

жинағында ше!.. Ал, «Құмдағы мұнараларда» Төлегенді тіпті танымайсың, 

ол үзеңгі қағысудың орынына үздік шығып кеткен жоқ па!! 

Талант  болмысы  туралы  бүгін  таңертең  тұрып  ертеңге  бал  ашуға 

болмайды. Қазақ поэзиясындағы шаппай бер таланттардың тоқырап қалғаны 

аз  ба,  тоқ  бәйгеге  немесе  тай  бәйгеге  ғана  түсетіндей  боп  көрінгендердің 

келе-келе «ертеңнен салса кешке озғаны» аз ба?.. 

Қазақ  поэзиясының  бүгінгі  көріп  отырған  азды-көпті  рахаты  кешегі 

өткен жолдарында белшеден батқан бейнетінің мысқалына да тати ма? 

Қазақ  поэзиясының  кадрлары  көбейіп  кетті,  қазақ  ақындарының 

кітаптары  көбейіп  кетті  дегендер  бір  сәт  осындай  қазақ  поэзиясының 

өмірбаянына,  оның  өткелдері  мен  өліараларына  көз  жүгіртіп,  ойлағандары 

абзал. Өткен жылғы шыққан өлең кітаптарының ішінде қазақ поэзиясының 

бүгінгі  өресін  таныта  алмайтын,  оның  бүгінгі  жеткен  биігімен  өрелесе, 

деңгейлесе  алмайтын,  мықшыңдаған  машықтың,  күйбеңдеген  кәсіптің 

қолынан шыққан дүниелер жоқ емес. Бар. Баршылық. Болып та келген, бола 

да  береді,  мен  оларды  талдап,  талқылап  арам  терге  түскім  келмейді. 

Елеуішті бір шайқағанда түсіп қалатын кеуек сияқты олар да көзге ілінбей 

уақыт желі өзі-ақ ұшырып алып кетеді. 

Мен  жетістігін  айтсам  да,  кемшілігін  айтсам  да  қазақ  поэзиясының 

негізгі  кадрларының,  нағыз  сарбаздарының  немесе  бүгін-ертең  сол  сапқа 

тұруға  жаттығу  үстіндегі  құйысқаны  берік  жастар  туралы  айтқым  келеді. 

Барымызды  да,  жоғымызды  да  тек  солардың  ғана  бойынан  іздеп,  қазақ 

өлеңін  солар  арқылы  сарапқа  салғанда  –  қазақ  поэзиясының  қай  деңгейде 

тұрғанына айқын көзіміз жетеді. 

Бұл жылы белгілі бірсыпыра ақындарымыздың таңдамалылары жарық 

көрді.  Таңдамалылардың,  шындығында,  осы  жылы  өте  бір  жүйелілікпен 



жарық  көргеніне  қуандық.  Жүйелілік  дегеннің  өзі  көбіне  өмір  талабынан 

туады, сонысы дұрыс та, тиімді де. 

Жүйелі  дейтін  себебім  –  алпысқа  келген  ақындар  Тұрсынхан 

Әбдірахманова  мен  Есет  Әукебаевтың  таңдамалылары  оқушыларының 

алдындағы  алты  қырдан  алқынбай  асқандығының  есебі  болса,  Сағи 

Жиенбаев,  Марфуға  Айтхожина,  Бекен  Әбдіразақов,  Сәкен  Иманасовтың 

жыр ортасына жақындаған тұстағы тұлғаларын тұтас бір танытып алуы да 

заңды.  


Мен  бұл  таңдамалыларға  тоқталып  жатпаймын.  Өйткені,  бұлардың 

ішіндегі өлеңдер туралы кезінде пікірлер айтылған, кезінде бағасы алынған. 

Бұл  жинақтарға  енген  өлеңдердің  таңдамалыдан  жайғасып  орын 

алуларының  занды  себебі  сол.  Орайы  келгенде  айта  кетейін  –  ақын  Есет 

Әукебаев  алпысқа  жақындаған  тұсында  да,  алпысқа  келген  жылы  да 

«

отызында орда бұзбаған» деп басталатын мақалымызды өз творчесвосымен 



жоққа шығарғандай болды. Отыз  жасында  шекара  күзетінде  тұрған  ақын, 

алпыс  жасында  сол  өмір  тәжірибиесін  жыр  жолдарына  айналдырып,  оны 

қазақ-орыс  оқырмандарының  иелігіне  ұсынып,  және  сол  бір  мақсатқа 

біріктірілген  жинаққа  одақтық  бәйгелердің  бірін  алып  беріп  жатса  –  ақын 

шекарада  қалам  орнына,  қару  ұстаған  жылдары  үшін  өкінбеуге  тиіс.  Есет 

Әукебаевтың  орыс  тіліндегі  таңдамалысы  1980  жылы  шықты,  одақтық 

жүлдені 81-де алды. Сондықтан ақын мүшел тойы үстінде екі таңдамалының 

қуанышын қатар көрді деуімізге болады.  

Мен жоғарыда алғашында тоқ бәйге мен тай бәйгеге шабатындай ғана 

сыңай танытып, қолтығы бірте-бірте кеңіп, кемеліне келген кезде сөгілетін 

қабілеттер  табиғаты  туралы  айтқанмын.  Ақын  Әсет  Әукебаев  соңғы 

жылдары осы сыңай сипаттарын танытты. 

Өткен жылы аға буын ақындарымыздан жеке жыр кітаптарын берген 

Дихан  Әбілев,  Хамит  Ерғалиев,  Сырбай  Мәуленов  өлеңдері  туралы  ұзын-

сонар пікір айтып жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын.  


Ақындық  –  мәңгі  жастық.  Бұл  ақындардың  бойында  осы  қасиеттің 

қалай сақталып келе жатқандығы жайында бірер ауыз пікір айтқым келеді. 

Тәжірибе,  шеберлік  таба  білу,  айта  білу  –  сияқты  сан-түрлі  тәсілдер  бұл 

ақындардың ашса алақанында, жұмса жұдырығында. Бізді бұл ақындардың 

тәжірбие-тәсілдері емес, табиғи нәтіндегі жастық қасиеттерінің бояуы оқып, 

әрі  түспеуі,  жас  ұлғайса  да  булары  бұрқырап  тұрғандығы  қуантады. 

Тәжірбие,  тәсіл  шарықтау  шегіне  жеткен  кезде  ақын  қанындағы  қызудың 

қайтуынан,  ақын  сезімінің  салқын  тартуынан  сақтасын!  Құдайға  шүкір, 

біздің  тарлан  ақындарымыздың  аяқ  алыстарынан  мұндай  енжарлық 

қасиеттердің қылаңы да байқалмайды. Ақынның айналасындағы құбылысқа 

нұрымен,  жүрек  ділімен  қарауы  –  оның  қоғамдық  қызметінің,  дәлірек 

айтқанда,  қоғам  алдындағы  қызметінің  пәрменділігін,  белсенділігін 

танытады. Өткен жылы жеке жыр кітаптарын жарияламаса да Әбділдә, Әбу, 

Қалижан,  Жұбан,  Ғафу,  Аманжол  сияқты  үлкен  ақындарымыз  ақынның 

азаматтық  алғырлығының,  азаматтық  белсенділігінің  үлгісін  таныту 

дәстүрлерін одан әрі жалғастырды. 

 

Халқымыздың  аға  буын  ақындарына  біздің  ешқандай  өкпеміз  жоқ. 



Бүгінгі поэзиямыздың осындай биіктерге шығуы, заманмен қадамын қатар 

алуы,  көркемдік  көкжиегінің  көз  жеткісіз  көлемге  кеңеюі  солар  іргетасын 

қалаған  тұғырларға  табанын  тіреп  көтерілгенін,  табанын  тірей  беретінін 

әркез  ұмытпауымыз  керек.  Кез-келген  жаңа  деген  дүниенің  дәстүрмен 

сабақтаспаса – жансыз, құр сүлдер екенін екінің бірі біледі. 

Бүгінгі  орта  буын,  оған  деңгейлес  буын,  ең  кейінгі  буынның  даму 

диалектикасына  зер  салыңызшы!  Жетпістегі  Әбділданың  кезінде  бүгінде 

елудің  үстіндегі  аға  ақын  Ғафуға,  қырықтың  үстіндегі  Өтежанға  сүрініп, 

қабынып  енді  жетейін  деп  келе  жатқан  Ұлықбек  Есдәулетовке  тигізген 

ықпалын тану тіпті қиын емес. Дәстүр сабақтастығы деген осы болса керек. 

Осы туралы бір ауыз сөз. 

Соңғы  жылдары  бүкіл  әдебиетімізге  бедел  әкелген  Өтежан 

Нұрғалиевтің  «Соғыстың  соңғы  жазы»  жинағындағы  оқиғалы,  оқиғасын 


оймен көмкерген характерлер жасаған, әр кейіпкерді өзінің көріпкел көзімен 

көрген  балладалары  аспаннан  түскен  жоқ.  Мұның  негізінде  Иса  мен 

Нұрханның  сюжетті  дастандары  жатыр.  Өтежанның  солардың 

«

әліппесіннен» алғаны аз емес, бірақ, ол бүгінгінің ақыны, бүгінгі оқиғаға не 



керек  екенін  біледі,  бүгінгінің  формасы  мен  нормасын  біледі,  букинист 

магазинінің алдынан шықпай жүріп, әр құрлықтың арғы-бергілерін оқыған 

ақын. 

Ұлықбек  Есдәулетовтің  «Қос  толағайы»  сөз  жоқ,  Әбділдә 



Тәжібаевтың  «Толағайына»  табанын  тіреп  көтерілген  қарлығаш.  Соңғы 

жылдары  кең  тынысымен,  дастаншылдық  бейімділігімен  танылып  келе 

жатқан  ақын  Иранбек  Оразбаевтың  поэмаларынан  әуелгі  кезде  Жұбан 

Молдағалиев  поэмаларына  әсіре  еліктеу  байқалатын  еді,  ал  қазір  ол  өз 

қолтаңбасын, өз мәнерін айқындап үлгірді десек артық айтпас едік. 

Біздің қазақ поэзиясында міне, осындай дәстүр мектептері бар. Біздің 

аға  ақындарымыздың  бағыты  бір-бір  мектеп  бола  білуі,  ал  одан 

кейінгілердің бағыты мектеп көруі. 

Бір тақырыпты түбегейлі жырлау, бір бейнені типтендіру арқылы оны 

халықтың  өз  адамы,  оқушының  өз  бауырласы  етіп  жіберу  екінің  бірінің 

қолынан  келе  бермейді.  Ақын  Дихан  Әбілев  Майданбек  бейнесін  әлі 

типтендіріп  келеді,  әлі  толықтырып  келеді.  «Дала  солдаты»  атты  өлеңмен 

жазылған  бұл  повесінде  де  автор  сол  мақсатты  одан  әрі  жалғастырған. 

Шығармада Майданбек бейнесін шырайландыра түсетін жаңа штрих, жаңа 

детальдар, жаңа оқиғалар баршылық. 

Өз  тақырыбына  тұрақтылық,  отыз-қырық  жылдан  кейін  де  сол 

тақырыпқа қайта айналып соғып, қайта айналып соққанда қайырма-қайталау 

жасамай оған  жаңа қырынан келу  –  Дихан ақынның жасында үлкен ерлік, 

шын  жүректілік,  шын  еңбекқорлық.  Аға  ақындарымыздың  творчествоға 

мұндай баяндылығы жастарға жауапкершілік туралы үлкен ой салса керек. 

Жаңа  штрихтар,  жаңа  детальдар,  жаңа  оқиғалар  баршылық  дедік. 

Бірақ поэмада осы жаңалардың жандануы, қимыл-әрекет, қозғалысқа түсуі 



оқушыны  ара-тұра  жалықтырып  алатындай  жағдайда  баяу  өріліп, 

сылбырлау  сабақталатын  тұстары  да  жоқ  емес.  Мұны  мен  дастанға 

рецензент кезімде де айтқанмын. 

Дихандар  композицияны  монтаждау  өнеріне  әуел  бастан-ақ  мән 

бермеген  ғой,  әйтпесе,  сол  өнер  арқылы-ақ  біраз  дүниені  ширатып, 

жандандырып жіберуге болар еді... 

Біздің  қарт  ақындарымызда  енжарлық  қасиеттердің  қылаңы  да 

байқалмайтынын  әлгінде  ғана  айттым  ғой.  Мысал  керек  пе!!  Хамит 

Ерғалиевтың «Алтын Зердесін»  қолыңызға алыңыз. Қазақ ақынының әуелі 

шабыт  шақырмай  қалам  тарта  алмайтынынын;  алдын-ала  ойлаған  ойы  да, 

алдын-ала  алдына  тартқан  тақырыбы  да  –  шабыт  сиқырынсыз  іске 

аспайтынын  Хамаң  тағы  дәлелдеді.  Жыр  жинағының  «Шабытты 

бусандыру»,  «Шабыт  тізгінін  босату»  деп  аталатын  бөлімдерінің  аты  да 

ақындық болмыстың сондай қасиетінің сипаты. 

Ақын  Сырбай  Мәуленовтің  «Алтын  тасқынындағы»  жаңа  жырлары 

азаматтық кемелдік пен суреткерлік, көрегендіктің қос өрім, қос қанатындай 

жұптасып, оның қоғамдық-әлеуметтік ойларын тағы бір шығанға шығарған. 

Сырбай  Мәуленов  сияқты  ақындар  қазақ  поэзиясының  маңдай  алды 

мақтанышы  ғой.  Әттең,  осындай  мақтаныштарды  кез-келген  ұлттың,  кез-

келген  халықтың  поэзиясымен  қатар  қойып,  қатар  оқып  салыстыратын 

мүмкіндік  болса  деп  ойлайсың.  Әрине,  онда  біздің  қазақ  өлеңі  талай 

бәйгенің алдында, талай жүлде қолында жүрер еді. 

Мақтаныштың себебі, салдары дәлелі болуы керек. Мен бір-ақ дәлел 

айтайын. 

Бір  тақырыпқа  өмір  бойы  бірер  өлең  жазудан  артыққа  қауқары 

жетпейтін  де  ақындар  болады.  Егер  кез-келген  уақыттағы  Сырбай 

Мәуленовтің кез-келген тақырыпқа бейімдеп таңдамалысын шығаруға тура 

келетін  болса  ешқашан  қысылып,  қымтырылмас  едік.  «Сен  мені  ойладың 

ба»,  «Соғыстан  қайтқан  солдаттар»  деген  сияқты  тақырыптардың  кез-

келгеніне Сырбай өлеңдерін топтастырып жіберсе, ақын өлеңдері оның қай-



қайсында  толыққанды  түрінде,  таңдамалы  түрінде  нысаналы  биікке  алып 

шыға берер еді. 

Рас,  Мәуленов  өлендерінің  біріне-бірінің  ұқсастығы  біріне-бірінің 

жалғастығы әр уақытта-ақ көзге көрініп тұрады. Бірақ бұл өзін-өзі қайталау, 

бірі екінші өлеңнің жаңғырығы деген сөз емес. 

Бізде  соңы  кезде  көп  жазатын  ақындар  өзін-өзі  қайталайды  деген 

ұшқары  бір  пікірлер  айтылып  жүр.  Бұл  қате  пікір,  поэзияның  ішкі 

иірімдерін,  көзге  көрінбейтін  жұмбақ  бояуларын  көре  бермейтіндердің 

пікірі. 

Сіз  суретшінің  шеберханасына  барыңыз!  Бір  суретті  салу  үшін  сан 

түрлі  бояуларды  пайдаланады,  соның  ішінде  бір  ғана  деталь  үшін  де  бір 

бояудың өзін әлденеше рет пайдаланатын тұстары болады. Егер ол бояуды 

жандандырып,  тірілте  алатын  болса,  әлгі  бір  бояудың  өзі  әріректе  тұрған 

әлденеше бояулармен астасып алуан түрлі сәуле шашпай ма?! 

Өз  басым  сөз  бояуы  шексіз  дегенге  сенбеймін.  Өйткені  сөздік  қор 

шектеулі ғой. Сөз бояуының шексіз болатын сиқыры ол ой бояуымен, сезім 

бояуымен астасуына байланысты. Ақындар өзін-өзі қайталап кетті дейтіндер 

оның  ойы  мен  сезім  байлығына  қарап  баға  беруі  керек.  Ал  жекелеген 

жолдар, жекелеген сөздердің қайталануы  – ол ақынның өзін-өзі қайталауы 

емес. 


Өткен  жылы  қазіргі  қазақ  поэзиясының  жасы  жағынан  орта  буын 

өкілдерінің, ал олар орны, қазақ өлеңі үшін жұмсап жүрген энергиясы мен 

еңбектері жағынан ең белсенді, ең актив буынға жататын ақындарымыздың 

бірнеше өлең кітаптары жарық көрді. Мен, олардың бәріне тоқталып, бәріне 

терең  талдау  жасап,  бәріне  өз  ой-пікірімді  білдіріп  шығамын  деп  айта 

алмаймын. Оған бір баяндамашының мүмкіндігі де, уақыты да жетпейді. 

Қазіргі  қазақ  поэзиясының  ауқымдылығы  сондай,  біздің  кез-келген 

талантты  ақыңдарымыз  туралы  бір-бір  баяндама  аздық  етеді.  Сондықтан 

мен әлі орта буын, ең актив буынның ішінен өкілдер іріктеп алып, солардың 

творчествосының  бүгінгі  поэзиямыздың  жетістік-кемшілігіне  көрініс  бола 



алатын  сипаттары  туралы  айтсам  деймін.  «Іріктеп  алу»  принціпім  – 

неғұрлым  қабілеттілері  туралы  тұрғысынан  келеді.  Қабілетті  шебердің 

жасаған  бұйымын  жақсыласақ  да,  жамандасақ  да,  басқаларға  үлгі  ғой 

дегенді ұстанамын. 

Ақын  Қадыр  Мырзалиев  қазақ  өлеңінің  бағына  туған  азамат.  Қадыр 

Мырзалиев поэзиямызға өз  ізденісін, өз  қолтаңбасын  ала келумен  бірге өз 

оқушыларын  да,  өз  шәкірттерін  де  магнит  өрісіне  бірден  тартып  алып, 

оларды әрі үйретіп, әрі тәрбиелей келген ақын. Мұндай үлкен ақынның тек 

поэзиямыздың  өсуіне  ғана  емес,  ұлттық  ой-өрісіміздің  өсуіне  ықпал 

жасайтынын өздеріңіз жақсы білесіздер. 

Демек,  Қадыр  ақынға,  беріліп  жүрген  бағаларда  ешқандай  асыра 

сілтеушілік жоқ деп ойлаймын. 

Осыдан жиырма жылға таяу уақыт бұрын жарық көрген «Ой орманы» 

мен  өткен  жылы  қолымызға  тиген  «Көкпардың»  арасында  әлденеше  кітап 

бар, ақындық ізденіс, шеберлік тұрғысынан қарағанда талай-талай ауытқып 

толқудың, төмендеп биіктеудің бел-белестері жатыр. 

Алыс  сапарға  ұшатын  құстар  да  ауа  кеңістігіндегі  түрлі-түрлі 

тәсілдерге  үйренетін  көрінеді.  Қадыр  сияқты  үлкен  нысана  –  алыс  сапар 

ұстанған ақынға тәсіл-тәжірбиесіз ұшуға болмайтыны белгілі. 

Маған  Қадыр  Мырзалиевтің  «Ой  орманы»  өте  ыстық  кітап.  Оның 

үстіне,  өзім  жақсы  көретін  ақындардың  қай-қайсысының  болмасын  жаңа 

жинағын  оның  ең  тұңғыш  кітабымен  салыстырып  отыруды  ұнатамын  да, 

оны  дұрыс  деп  есептеймін.  Сондықтан  да  көп  ақындардың  өсуін  де, 

төмендеген  кездерін  де  біріншісі  мен  ең  кейінгі  жазғанын  салыстыра 

қойсам, тап басып тани қоятын сияқтымын. Өйткені, талантты ақындардың 

алғашқы  жинақтарында  олардың  алғашқы  уызы,  алғашқы  демі,  уылжыған 

кезіндегі  дәмі  бар.  Ал,  біздің  бәріміз  –  балалық  шағымыздың,  жастық 

шағымыздың  жемісіміз.  Тәрбие  қанша  ықпалын  тигізгенмен,  ол  себілген 

дәннің себепшісі ғана ғой. 


Осы  тұрғыдан  алғанда  Қадыр  Мырзалиевтің  сол  «Ой  орманынан» 

бастап  күні  бүгінгі  «Көкпарына»  дейін  бәрі  дерлік  бір  желінің  бойына 

тартылып, бүкіл ой- идеяларымен бірге көгенделген дүниелер деуге болады. 

Батылырақ айтсақ, Қадырдың бірнеше жыр кітаптарын біріктіріп жіберсе, әр 

жинағы  сол  тұтас  кітаптың  бір-бір  бөлімі  болып  шыға  келер  еді.  Бұл 

жағынан  алғанда  Қадыр  ең  басты  кітабының  негізгі  тарауларын  тәмәмдап 

үлгірген  жазушыға  ұқсайды,  мұны  ақынның  бірсарындылығы  деп  ойлауға 

болмайды.  Бойындағы  бүкіл  қуатын  діттеген  дүниесіне  ғана  жұмсау 

мәдениеттілігін  де,  ұқыптылығын  да,  талант  пен  еңбекті  қатарлы 

ұйымдастыра білгендігін де танытады. Бұл жағынан кез-келген қабілеттімін 

дейтін қазақ ақындары Қадырдан үлгі алуға әбден болады дер едім. 

Бір  кезде  әркімдер  «Қадыр  ойдың  ақыны,  ойшыл  ақын,  түйіп 

тастайды, түйіндеп тастайды» деушілер көп болды. 

«

Ау,  ақын  ойды  аспаннан  ала  ма,  түйіп  тастағанда,  түйіндеп 



тастағанда сол қорытынды өмірлік тұжырымға айнала ма?» - деген сауалға 

жауап іздеу сол кезде біздің есімізге келмепті. 

Енді бүгін ойлана қарасақ Қадырдың ешқандай түйін түйгіштік «дерті 

де»  жоқ,  Қадыр  төтеннен  түсе  қалған  пәлсапашы  да  емес  екен.  Қадыр  ең 

алдымен  суреткер  екен,  оның  біз  сол  тұста  түйін  деп,  тұжырым  деп 

жүргеніміздің  бәрі  оның  суреткерлік  көрегендігінен,  суреткерлік  қағылез 

сезімталдығынан туған өмірлік көзқарастары екен. 

Егер Мырзалиев шын мағынасында суреткер болмаса оның тұжырым-

түйіндері ендігі өз оқушыларын жалықтырып та біткен болар еді. 

Қадыр Мырзалиев – өз көріпкелі бар суреткер. Ол «Ой орманында» да 

үлкен  суреткер  еді.  Көріпкелдік  қасиеті  «Көкпарда»  да  сол  қалпында  сол 

деңгейде  тұр.  Ал  шеберлік  жағынан  әлдеқайда  өскен,  көргенін  кесіп  айту, 

қоғамдық ой жетегінде айту жағынан да кемелденген. 

Қадырдың  «Көкпары»  мені  бүкіл  кітаптарын  қайта  шолуға  және 

осындай баға беруге жетеледі. 


Меніңше, өмірге өз көзқарасы бар кез келген суреткердің өз түйін, өз 

тұжырымы,  өз  философиясы  бар.  Тек  олардың  айту  тәсілінде,  жырлау 

мәнерінде әртүрлі айырмашылықтар болуы мүмкін. 

«

Көкпар»  «Қорамсақтың»  заңды  жалғасы.  «Көкпарда»  Қ.Мырзалиев 



бар  қырынан  толысқан,  әр  өлеңінде  толыққанды  полотно  жасауға 

жаттыққан  ақын  ретінде  танылады.  Тақырыптың,  сабақтас  ойлардың  бір 

сарындылығы  байқалады  екен.  Мұны  жүйелілік  деп  бағалау  керек  болар. 

Соңғы жылдардағы Қадыр өлеңдерінде әуен мен мәнердің бір сарындылығы 

байқалады.  Мүмкін  бұл  кемел  ақынның  бір  тонда,  бір  деңгейде  сөйлеп 

кемелденуінің  белгісі  шығар.  Бірақ,  әрбір  өлең  ақынның  жан-күйінің 

көрінісі  ғой.  Сондықтан  әрбір  толғаныс  үстіндегі  жан-күйінің  құбылысы 

жыр табиғатынан танылып тұруға тиіс дер едім. Ақын қанша жерден пайым-

парасат биігіне көтерілгенімен, оның ысылуы мен суынуы, жануы мен сөнуі 

жан  күйінде,  жан  күйінің  демалыс,  тынысымен  демінде  айқын  аңғарылып 

тұруға тиіс. 

Темір, Темір ... 

Біз кеше өлең – жыр ек  

Бәрін еске аламын мен елжіреп. 

Керек бізге темір күш,  

Темір төзім  

Керек емес жалғыз-ақ темір жүрек – деп,  

Қадырдың өзі айтқанындай ақынға да жан күйінің алуан әуен мәнері, 

жүректің  лүпіл  соғысы,  діріл  демі  керек.  Кемел  ақын,  жан-жақты 

кемелденген  ақын  Қадыр  Мырзалиев  өз  бойынан  осы  қасиеттерді  бір  сәт 

әлсіретпесе,  оның  өлендерін  осы  қалпында  да,  алдағы  уақытта  да  әлемдік 

өлеңнің таңдаулыларымен қорықпай қатар қоюға болады. 

Сағи  Жиенбаев  бұл  жолы  таңдамалы  берді.  Таңдамалыға  қоса 

«

Бозторғай» атты жеке жыр жинағы тағы шықты. 



Алдымдағы аға ақынның ең алғашқы үлкен таңдамалысына менің ең 

тұңғыш  жинағымның  аты  дәл  келгеніне  іштей  қуанғанымды  айта  кеткім 



келеді. Атында тұрған не бар, сөз жоқ, бұл есім Сағи творчествосының бүкіл 

болмысына дәл келеді, табиғатын ашуға айқын әсері бар. 

Мен  ақынның  жаңа  жыр  жинағына  тоқталайын.  Өлең  өнерінің 

көркемдік  сапасына,  ішкі,  тысқы  сұлулығына  бірден-бір  қылау  түсірмей 

келе  жатқан  ақын  болса,  мен  өз  тұстастарының  ортасында  алдымен  Сағи 

Жиенбаевты  айтар  едім.  Бұл  принципке  оның  болаттай  беріктігіне 

сүйсінесің. 

Сағидың қатарындағы бірсыпыра ақындардың «өлең жасау қолымнан 

келеді ғой» деген бос керсендікке салынып, өлең техникасына мән бермей 

кеткендігі,  өз  мәнерлерін  жоғалтып  ала  жаздап,  содан  келіп  қара 

дүрсінділікке де ұрынып қалып жүргендер осындайда ойға оралады. 

Әдемі тілсіз, әсерлі әуенсіз, сиқыр иірімсіз қазақ өлеңі қанша жерден 

сыртын қомпайтқанымен, танытқанымен қазақ оқушыларының жүрегі жыли 

бермейтінін есте ұстайық. 

Осы жинақтағы, сонымен бірге жалпы мен Сағидың сюжетті өлеңдері 

туралы айтқым келеді. Өйткені Сағи ақын өз заманының жыршысы ретінде 

өзекті не айтты, қандай тағдырларды алдымызға тартты дегенде оның осы 

жанр арқылы айтқан дүниелері салмақтырақ көрінеді. 

Сағи  сонау  алпысыншы  жылдардың  бас  кезінде-ақ  «Алғашқы 

махаббат», «Темірші», «Тұлып» сияқты оқиғалы өлеңдерімен ауыртпалығы 

мол соғыс жылдарында бала көзімен көрген көріністерін, өмір детальдарын 

ақын көзімен, суреткер көзімен пайымдаған. 

Әдемі  пайымдап,  әдемі  қортындылаған.  Жиырма  бестің  о  жақ,  бұ 

жағындағы  ақынның  өмір  көрінісінен  жасаған  түйіні,  тұжырымы  бүгінгі 

Сағидың түйін-тұжырымынан кем емес еді. Ол үшін Сағидың сол тұстағы 

«

Тұлып» атты өлеңі мен бүгінгі жаңа жинақтағы "Сәт туралы" балладасын 



салыстырайық. 

Бірінші  өленде  оқиға  былай:  Бұзауы  өлген  сиыр.  Ененің  емшегі 

дертеді. Амалсыздан тұлыпқа телиді. Жансыз тұлыпқа өзін-өзі алдарқатып, 

екінші бір өмірі басталған кезде еріксіз толқып, еріксіз езілуші ең. 



Өлең былай аяқталатын:  

Жоғалғанның орны қайта толмаса,  

Мейірленіп тұрмас еді, ол да аса,  

Қайран өмір қызық болар ма едің сен  

Кейде осындай алданышың болмаса. 

Екінші өлеңде басты кейіпкер – сол соғыс кезіндегі қызыл қасқа сиыр. 

Бірақ бұл – бұзауы тірі сиыр. Бұл сиырдың да, оның бұзауының да тағдыры 

оңай емес. Көзі мөлтілдеп бұзау байғұс өз енесінің емшегіне өзі зар болады. 

Өйткені, сиырды бірнеше идіріп сауып алады. Бірақ, сонда да соңғы иіндіні 

ене  бұзауына  сақтайды  екен,  соңы  иінді  –  былайша  айтқанда,  алпыс  екі 

тамырдың қайта жандануы екен, балаға деген махаббат екен. 

Жасыра алмай ала құйын сезімін,  

Жаутаңдайды қарашығы көзінің.  

Ене байғұс ойлайды тек бұзауын,  

Ана байғұс ойлайды тек өз ұлын.  

Біздер үшін арпалысып, тіресіп, 

тұрады екеу... 

Бірі – алданып, бірі өсіп, 

Түк жоқ ойда, 

Мәз боп бара жатамыз 

Екеуіміз екі анаға ілесіп. 

Бұл өлеңдер сиыр туралы, бұзау туралы өлеңдер емес. Бүкіл бір буын 

ұрпақтың тағдыры туралы өлең. Ана мен баланың мәңгі махаббаты туралы 

өлең. 


Осыдан жиырма шақты жыл бұрынғы Сағи мен жиырма жыл кейінгі 

Сағидың  арасында  қандай  айырмашылық  бар.  Кейінгі  Сағи  өскен  бе, 

бұрынғы Сағи төмендеген бе деген сауал қоясыздар ғой. 

Екі Сағи да бір деңгейде тұр, бір биікте тұр деп жауап берер едім мен. 

Салыстырып  көріңіз,  өлеңнің  көркемдік  шеберлігі,  ақынның  суреткерлік 

шешімі, қуаты, қарымы жағынан таразының екі басы тең. 



Жалпы,  нағыз  ақындықтың  стихиясы  солай.  Шын  ақындардың 

шарықтау биігі салғаннан-ақ көрінеді, шырқауына салғаннан-ақ көтеріледі, 

тек сол биіктен төмендемеу бар, сол биіктен кең дүниеге кеңірек көз салу 

бар. 


Сағи  бұл  жинағындағы  оқиғалы  өлендерінің  арқауына  аңыздық  бір 

ғана  детальды  алады,  соны  бір  ғана  планда  көрсетеді,  соған  өзінің 

суреткерлік көзқарасын қосады. 

Өз  басым  сюжетті  өлеңдердің  осылай  жазылуын  құптаймын.  Белгілі 

аңыз – ақпараттарды өлеңге түсіріп, оның өн бойын шиырлай баяндап, одан 

пәлсәпа  іздеуді  жаңалық  деп  ойламаймын.  Ондай  өлеңдердің  оқиғасы  бір 

оқығанда  оқушыны  ұйытуы  мүмкін,  бірақ,  суреткерлік,  суреткердің 

көзқарасы жоқ жерде шығарма жандана алмайды. 

Зергер ақын, қазақ өлеңін иненің жасуынан өткізген Сағи өлеңдеріне 

тұтас  шолып,  терең  үңіліп  қарағанда  әлде  де  бірдеңе  жетіспейтіндей 

көрінеді де тұрады. 

Ол не нәрсе? 

Сағи Расул Гамзатовты аударды. Меніңше, Расул, Сағи аудармасында 

Козловский мен Гребнев аудармасынан қазақ тіліне кем түскен жоқ. Расул 

аудармасы Сағиды тіпті толықтырып жіберді. Меніңше, Расулдың ойы мен 

тапқырлығының салмағы Сағиға жұқса нұр үстіне нұр болар еді. 

Ақын  Өтежан  Нұрғалиев  туралы  мен  негізгі  пікірімді  сөз  арасында 

болса  да  айттым  ғой  деймін.  Өтежан  «Соғыстың  соңғы  жазындағы» 

балладалары арқылы өзін тапқан ақын, қазақ поэзиясын бір биікке көтеріп 

тастаған  ақын.  Ол  бұл  туындылары  арқылы  бір  кезеңдегі  характерлер 

галлереясын жасады. 

Өткен жылы Өтежан «Қиял өрнегі» атты өлеңдер жинағын берді. 

Бұл жинақты «Соғыстың соңғы жазымен» салыстыруға келмейді, одан 

әлдеқайда төмен тұрған дүние. 

Тағы да себебі не деген сұрақ туады ғой. 

Дәлелдеп көрейін. 



Өтежан «Менің махаббатым» арқылы нағыз ақындығын танытты ғой. 

Танытты. Ал, содан соң «Соғыстың соңы жазына» дейін ол жақсы ақындар 

санатында  аталып  жүрсе  де,  жарқырап  көріне  алған  жоқ.  Болмысын, 

табиғатын тайға таңба басқандай таныта алған жоқ. Бұл тұста Өтежан жеке 

өлеңдер, лирикалар жазған еді. 

Демек,  Өтежанның  ақындық  стихиясы  –  адамдар  тағдырын  жырлау 

арқылы,  адамдар  характерлерін  ашу  арқылы  ғана  айқындалды  деген  сөз. 

Осы  бақытқа  Өтежан  Нұрғалиев  өзін  тұтас  арнаса,  осы  мақсатты  өмірлік 

позиция  етіп  ұстаса  –  оның  творчествосы  қазақ  поэзиясының  бөлек  беті, 

ерекше беті болары даусыз. 

Ақындар Тұрсынзада Есімжанов пен Жүсіп Қыдыров та өткен жылы 

«

Жасыл  бел»  және  «Жібек  жел»  атты  толық-толық  жыр  жинақтарын 



оқушылар алдына тартты. 

Тұрсынзада  поэзиямызға  салғаннан  ашық  дауыспен,  айрықша 

екпінмен  келді  де,  Жүсіп  оған  қарағанда  бұйығылау  мінезбен,  биязылау 

үнмен келді. 

Әсіресе, Тұрсынзаданың «Қабырға талы» мен «Болашаққа хатындағы» 

ауыз  тұщытарлық  өлеңдері  сол  тұста  біз  сияқты  жас  ақындардың  жақсы 

өлеңнің буына мастардың басын айналдырғаны есімде. 

Сол  Тұрсынзада  шындығында  «Жасыл  бел»  жазықта  кең  көсілетін 

кезеңге жеткені де рас. Тәжірбиесі де толысты, ақыл ойдың кемелденгеніне 

осының алдындағы «Ой-өрім» жинағы куә. 



Қаптатып қызыл суын далаға күн,  

Жерменен зырлап, жүйткіп барады ақын.  

Бұл мезгіл тоқтамайды, қара шаштық  

Күні ертең самайына жағады ақын. 

Тұрсынзаданың бойындағы ақындық қуат-күш, қарым мен серпін сол 

қалпында сақталғандығы «Жасыл белде»  де көрінеді. Ал бірақ бір ғажабы 

ақын  өлеңдерінің  осы  жинақтағы  көркемдік  дәрежесі  соншалықты  алақол, 



соншалықты  аумалы-төкпелілігіне  таң  қаласың.  Тақырыптарды  игеру 

жағынан да дәл сондай сыңай танытады. 

Жинақтағы  «Көрермен  пікірі»  атты  өлеңді  оқып  көріңізші.  Үлкен 

ойдың өлеңі. Бас-аяғы алты-ақ шумақтан  тұратын өлеңде қақтығыс, драма 

деген  шиыршық  атып  тұр.  Өлең  Гюгоның  атақты  «Эрнани»  атты  пьесасы 

сахнада  жүріп  жатқанда  көрермендер  арасында  екі  ұдай  пікірден  от 

тұтанып,  сахнаның  қып-қызыл  қанға  боялғандығы  туралы.  Кез-келген 

шығарманың соты – көрермен қауым екенін айта келіп: 



Отаны үшін өлімге көнген сарбаздай  

Өз жүрегінің пікірін қанмен қорғаған, – деген түйін қандай тамаша! 

Ал,  осындай  мүмкіндіктің  ақыны  жинақтың  алғашқы  беташар 

парағында: 

Даладан көргенімде бітік егін,  

Көзіме елестейді бүкіл елім.  

Шалқиды егін болып еркін еңбек  

Егінмен иен далам көркіне енбек. 

 

Құйылып жомарт күннің нұры тынбай,  

Елімнің шалқиды егін рухындай,  

Егіні еселеніп, жер кеңіді. 

Мол егін – тасып жатқан ел көңілі, – деген сияқты өлеңмен ашқанда 

«мұнысы несі» – деп қалмасқа амалың болмайды екен. Тіпті басқасын былай 

қойғанда,  Тұрсынзада  сияқты  талантты  адамның,  қазақ  тілін  қалай  орап 

сөйлеймін  десе  де  қабілеті  жететін  адамның  «егіні  еселеніп,  жер  кеңіді» 

деген  тіркеске  тілі  қалай  барады  екен  деп  ойлайсың.  «Егін  еселенеді»  деп 

бұған дейін ешкім айтқан жоқ, ал егін жайқалып өскен кезде жер кеңімейді, 

бірнәрсе  көбейген  кезде,  қордаланған  кезде  қазақ  «жер  қайысты»  дейді. 

«

Жер қайысты» деген бірақ бітік өскен егіннің теңеуіне келмейді тағы. 



Жә, тәйірі, бұл бір өлеңдегі ғана ақау шығар деп әрі жылжысақ, жоқ 

мұндай  шумақтар  жиі-жиі  кездесіп  қала  береді.  Тұрсынзаданың  ақындық 



мүмкіндігі бұл жинақтағы кейбір өлеңдерде қазақ өлеңінің ең тәуірлерімен 

қатар қоятын биікке көтеріледі, ал кейбір өлеңдерінде жерді сүзе құлайды. 



 

Ұзақ құзға уақытым ұрындырмай,  

Ерте жауды басыма қарым менің. 

.......................................................... 

Хош, қалқам, толықсы бар арнаңда сан,  

Шақырып көрген жанды арманға әсем.  

Астымнан аяғымның шыға келген 

Құсап ең жұмбақ жатқан жалғанға сен. 

............................................................. 

 

Жұрт ішінде ойлы қарап тұрамын,  

Торға салса түгесілер мұратың.  

...қоян болып кетеді екен арыстан  

Қарға болып кетеді екен қыраның. 

 

Соңғы шумақ «Зоопаркте» атты өлеңнің түйіні. Жақсы шумақтар, дау 



айта алмайтын шебердің қолынан шыққан мүкіссіз-мүлтіксіз шумақтар. 

Бір қол бар қалың елді ырыстаған,  

Бір қол бар ел ырысын қылыштаған.  

Қырқылған бір қолдар бар қан майданда,  

Бір қол бар солар үшін ту ұстаған. 

........................................................ 

 

Жанарында жалындаған жастық бар, 

Жүрегінде туған елге достық бар. 

Соған сәлем беру үшін келеді 

Машинадан суыт тускен бастықтар. 

Ал, бұл шумақтардың әлгі шумақтармен арасы жер мен көктей. 

Нәті, Тұрсынзаданың алақолдығы оның қабілетсіздігінен емес, кейбір 

өлеңдерге ат үсті, салқын, салғырт қарайтындықтан. 



«Кеудемнен  көк  ала  үйрек  «қош»  деп  ұшты»  деп  Әсет  ақын 

айтатындай,  жағдай  біздің  ақындарымыздың  тұрмыс-тіршілігінде,  атымен 

кездеспейтін  кезеңдеміз  ғой.  Біздің,  шын  мәнісіндегі  ақындарымыздың 

кемшілігі  жауапкершілік  тізгінін  аз-кем  босатып  алуына  байланысты  дер 

едік. 

Әйтпесе, Тұрсынзаданың «Серікөк» поэмасын оқыңызшы! 



Аң-құстың алыстағы ағараңдап, 

Жайылды жарық түсіп далаға аңдап. 

Жануар кісінеді-ау танауына 

Жылы иісі жылғалардың жолағанда-ақ. 

 

Өзінде жер қалмады ойылмаған,  

Төрт тұяқ төрт шоқпардай шойындаған.  

Үйірін қуып жетті жан-жағынан  

Адамның жыртқыштары сойылдаған. 

Бұл поэманы соңы жылдардағы ең тәуір поэмалардың қатарына қою 

керек. 

Жүсіп  Қыдыровтың  «Жібек  жел»  жинағында  бірсыпыра  ізденістер 



байқалады, сонымен бірге маңдай тердің иісі бұрқырайды. Ақынның соңғы 

жылдары  өлең  өнерінің  төңірегінде  мақсатты  жұмыс  істеп,  көз  майын 

тауысып, ақ қағазбен көбірек алысқаны да аңғарылады. 

Жүсіп  тақырыптарды  жүйелеп,  арналап  жаза  бастапты.  Махаббат 

туралы,  уақыт,  ғұмыр  туралы,  домбыра  сазы  жөніңдегі  топтамаларында 

сәтті-сәтті өлеңдер жиі кездеседі. 

Әсіресе,  осылардың  ішіндегі  сөз  етуге  тұратыны  «Қазбауыр  бұлттар 

қалқиды» атты бөлімдегі махаббат туралы топтамасы. 

Бұл  топтамадағы  өлеңдердің  ішінде  лирикалық  кейіпкердің  шын 

болмысынан туған табиғи жақсы өлеңдер де бар, сондай-ақ әншейін «жазу 

үшін» жазылған жасанды өлеңдер де бар. 

Бір әзіл өлеңді мысалға келтірейін: 



 

Денем тоңар үрейден  

Мен алыста жүргенде.  

Суға барма түндерде  

Су түбінде Сүлеймен. 

 

Ұстап алар жол тапса,  

Мен алыста жүргенде.  

Суға барма түндерде,  

Саған ғашық ол патша. 

Ақын  осылай-осылай  сүйгеніне  наз,  еркелік  емеуріндер  арқылы 

махаббат қимастығын, махаббат қызғанышын жеткізе келіп: 

Жүрек шошыр үрейден:  

Шықпа үйден мені іздеп. 

Жерге шығып Сені іздеп  

Жүрген шығар Сүлеймен, – деп аяқтайды. 

Әзіл, әзіл болса да шындық. 

Өлеңнін  жазылу  формасында  өзгешелік  бар.  Бірақ  оны  бірден 

қабылдаймыз.  Өйткені,  кейіпкердің  шындығында  қылау  жоқ,  табиғи,  таза. 

Материалдағы табиғилық пен тазалық кейде өлеңнің көркемдік дәрежесінің 

өзін көтеріп әкететіні болады. Мұқағалидың жүрегінің түбіне кір жасырмай 

дейтіні сол. Бұл сондай өлең. Ал мынау өлең ше? 

Жібек жел желпіп өтті нұр жүзіңді,  

Сенен артық дей алман хор қызыңды.  

Қыр астынан бұл дүние қылт еткізіп,  

Көрсетті-ау, алтайы ару бір қызылды. 

Бір қарағанда кәдімгі өлең жолдары. Бірақ, біріншіден салақ құрылған 

шумақ,  екіншіден  атқаратын  қызметі  шамалы,  осы  өлеңнің  бүкіл 

болмысынан жансыздық байқалады. 



«

Жібек жел желпіп өтті нұр жүзіңді», – дегеннен кейін «Сенен артық 

дей алман хор қызыңды» деуге болмайды. «Сенен артық дей алман хордың 

қызын»  болуы  керек.  Осындай  ұйқастарға  өлеңге  өмірін  сарп  етіп  жүрген 

Жүсіптер бағынғанда – басқа атүсті араласып жүрген, көлденең, көк аттылар 

не істемек, жастар не істемек! 

Соңғы екі жолдағы «алтайы ару бір қызыл» қайдан шыға келді. Оның 

неге керегі бар еді, бір шумақта бір ой аяқталмай қалды. 

«

Сені  көріп  таңданып  таңдай  қалды»  дейді  екінші  шумақтағы  бір 



жолда. Таңданғанда таңдай қағылады ғой. Адам таңдануы мүмкін, көз сұғын 

қадауы мүмкін. Таңдай тақ ете қалуы мүмкін, бірақ таңдай таңданды деген 

тіркес те, бейнелілік те біздің қазақы ұғымға сіңе қояр ма екен? 

Бұл сөз жоқ, «жазылу үшін» жазылған өлеңдердің бірі. 

Бұрынғы жинақтарында Жүсіп өлеңдерінің материалдары мол болып 

келетін де, сол материалдарды тыстап, көмкеретін тіл тапшылығы байқала 

беретін.  Бұл  жинақта  ақын  тіл  ұстартумен  түбегейлі-ақ  айналысқаны 

көрінеді,  меніңше  тіл  ұстарту  тілді  пайдалану  деген  сөз,  ал  тілдің  бойға 

бітуі,  қанға  сіңіп,  денеге  даруы  –  кейін  қалыптасса  да  некен-саяқ 

қалыптасады. 

Енді  мен  осы  буынға  жататын  ақын  Әділбек  Абайділановтың 

«

Армысың,  махаббат»  және  жас  буынның  өкілі  Серік  Тұрғынбековтың 



«

Торғай  толғауы»  атты  жинақтарына  аз-кем  тоқтала  кетпекпін.  Мұның 

себебі – бұл екі кітап тұтастай бір тақырыпқа арналған кітаптар, сондықтан 

бұлар  туралы  пікірімді  қосақтай  айтқанды  жөн  көріп  тұрмын.  Қазақ 

ақындарында  бір  тақырыпқа  бірегей  жинақ  арнау  тәжірбиесі  аз,  ал 

топтамалар  жазу  осыдан  біразырақ  бұрын  топан  судай  қаптап  кеткен  кезі 

болған, қазір ол сиреңкіреп келеді. 

Өз басым алдына әдейі мақсат қойып бір тақырыпқа бір кітап жазуды 

өнер деп  есептемеймін. Өйткені, ақынның оның жан-күйі, шабыт  шалымы 

бір кітапты толтырып өлең жазу үстінде бір құлақ күйінде болады деп айта 

алмас едік. Мұның өзі өлеңнің көркемдігіне көлеңке түсіруі әбден мүмкін. 


Керісінше,  ақынның  ұзақ  жылдар  бойы  жазған  өлеңі  кейін  өз-өзінен 

іріктелген уақытта жеке кітап тудырып жатса бұл әрине, әлдеқайда пайдалы 

болары сөзсіз. 

Серік  Тұрғынбековтың  жыр  жинағы  осындай  сипат  танытады.  Әр 

жылдарда  ақынның  әртүрлі  көңіл-күйінде  жазылған  өлеңдер  екені 

байқалады. Жас ақын өлеңдері көркемдік жағынан секірмелі дамитын себебі 

сол. Алайда, ақынның алымдылығында сөз жоқ. 

Әділбек  өлеңдерінің  көркемдік  сапасы  төмен  деп  айта  алмаймын. 

Жақсы  өлеңдер  баршылық.  Бірақ  ақынның  «осы  кітапты  толтырып 

тастайыншы» деп жазған өлеңдері де жоқ емес. Ондай өлеңдердегі махаббат 

мәселесі машақат мәселесі сияқты боп көрініп кетеді. 

Жалпы, бұл екі жинақтың екеуі де ізденіс үстіндегі кітаптар. Ізденістің 

зияны жоқ екені және белгілі. 

Мен  бүгінгі  поэзиямыздың  орта  буын  өкілдерінің  биыл  өнім  берген 

бес-алтауы туралы азды-көпті пікір айттым. Енді осы буын туралы жалпы 

ойымды қорытындыласам деймін. 

Бұл  буын  ақындарының  ұлттық  поэзиямыздың  өзінің  алдындағы 

тамаша  дәстүрлеріне  сүйене  отырып  қазақ  поэзиясына  алпысыншы 

жылдары әкелген жаңалықтарын, әрқайсының жаңа лептерін ауыз толтырып 

айтпасқа  болмайды.  Бұлардың  сол  жылдары  шыққан  биіктерінде  қалып 

қойғандары  да  бар,  сол  биіктен  аумағын  кең  қамтып  ауқым-аудиториясын 

кеңге жайғандары да бар, сол биіктен төмендеп кеткендері де жоқ емес. 

Бұл  буын  әдебиетке  сан  түрлі  тақырыптар  алып  келді,  сол 

тақырыптардың  шешімін  арғы-бергімен  салғастырып,  салыстырып  жазуда 

әртүрлі қолтаңбалар таныта білді, ойлылық, шеберлік таныта білді. 

Сан  түрлі  тақырып  алып  келді  десек  те,  бұл  буынның  ерекше 

оқшауланар тақырыбы – кешегі соғыс тауқыметі, одан кейін жаралы жылдар 

оқиғалары жота танытады. Рас, ара-арасында Қадыр сияқты тарихымыз бен 

бүгінгімізді  бірқыдыру  таразы  басына  тартқандар,  бүгінгі  күнге  үн 


қосқандар да бар. Әйтсе де, бұлардың басты тақырыбы әлгі айтқан тақырып, 

бала кездерінде көз алдарынан өткен оқиғалар боп қалғаны сөзсіз. 

Әдебиетке әркім әртүрлі жолмен келеді. 

Өткен  жылы  жарық  көрген  жыр  жинақтарының  ішінде  бұрын  өлең 

ауылында есімі көп естілмеген автор Қуанышбай Құрманғалиевтің «Арман 

аралы» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көріпті. Жинақтың тұсауын Қадыр 

Мырзалиев  кесіп,  алғысөз  жазған.  Біз  осыдан  жиырма  жыл  бұрын 

Қуанышбайдың  әп-әдемі  қалыптасып  қалған  ақын  екенін  білетін  едік  те, 

соңғы он бес жылдың көлемінде әдебиеттің жақын жанашыры ретінде ғана 

білетінбіз. 

Әйтпесе  бұл  Қуанышбай  ақын  ретінде  Қайрат  пен  Қастектердің 

қатарында жүруге тиіс еді. 

Ақындық  жолға  қайта  оралған  екен  ғой  дедік  те,  «Арман  аралын» 

қолымызға алдық. Үміт пен күдік ойымызда қатар тұрды. 



 

Толғаныс дерсің, жолбарыс дерсің,  

Ақырды толқын, атылды толқын.  

Тұла бойы оның толған күш дерсің  

Шақырды толқын, шарқ ұрды толқын.  

Бар денесімен, бүкіл күшімен,  

Самғады толқын, ақ жалды толқын. 

 

Құлшынысымен, бұлқынысымен  

Арманымды алға жалғады толқын.  

Тулайсың толқын, шулайсың толқын,  

Жағаны ұрып, саласың бүлік.  

Баса алмай бірақ көңілдің өртін,  

Барасың ұлып, қаласың ұлып

 

Бұл Қуанышбайдың алпысыншы жылдарғы алғашқы өлеңдерінің бірі. 



Ақын  ба,  сөз  жоқ  ақын.  Сол  тұстағы  ізденіс  үшін  әжептәуір  болса, 

бүгінгісімен  салыстырсақ-біраз  төмен. Бірақ,  қалыптасып қалған  қолтаңба, 

өзіндік әуен мәнері бар. 



Қызықты бірге бөліскен,  

Бір жұтым суды бәле ішкен,  

Бір үзім нанды бөліскен  

Сағынып, жылап көрмесе  

Ұзатқан қыздай көріскен. 

 

Жарылып айтсам ағымнан,  

Балалық сені сағынам.  

Адал да аңғал кездерім  

Бас ием саған, табынам! 

 

Өлең  бе,  өлең.  Төгіліп  түскен  өлең.  Аздап  ақынның  қарайып 



қалғандығы  байқалады,  аздап  ақынның  қамыттан  шыққанына  көп 

болғандығы байқалады. Табиғи қабілеттің белгілері бебеулеп тұр. 

Осы  екі  дәлелден  кейін  Қуанышбайға  «ештен  кеш  жақсы»,  Қадыр 

ақын кескен қадамың құтты болсын дей тұрып, әдебиетте қабілеті бар адам 

үшін  жазбайтын  инабаттылық,  жанын  қинамайтын  жанашырлық 

жараспайды дегіміз келеді. 

Енді бірер ауыз сөз кейінгі буын – жастар поэзиясы туралы. Осыдан 

алты-жеті  жыл  бұрын  қазақ  поэзиясының  сүт  кенжесі  деп  есептелетін  бір 

топ  жастар  әдебиетіміздің  тұрақты  кадрына  айналды.  Бұлардың  арасында 

жазушылық билетті төс қалтасына алдымен салған Жарасқан Әбдірашовтан 

бастап  сол  мандатқа  күні  кеше  ғана  ие  болған  Серікбай  Оспановқа  дейін 

іштей санасам ұзын-ырғасы он-он бес адамнан аспайды екен. Оның ішінде 

мүшелік  билетті  әлі  алмаса  да  –  осы  буынға  толық  мүше  Жұматай 

Жақыпбаев,  Ұлықбек  Есдәулетов,  Бақыткерей  Ысқақов,  Дәуітәлі 

Стамбековтерді  әлгі  ішкі  есебіме  қоспасқа  тағы  хақым  жоқ.  Сонда  қаулап 

шығып  жатқан  кітап  көп  болғанымен  қадау-қадау  ақынның  көп  еместігін 

тағы да ішің сезеді. 


Әдебиеттің  тұрақты  кадры  деген  сөзді  өз  басым  оның  өзіндік 

қолтаңбасы ерекшеленіп, айтар ойының желісі салғаннан танылған адам деп 

түсінемін.  Жастардың  арасында  осындай  кадрлар  бар  ма?  Олар  кімдер? 

Бүгінгі  жастар  поэзиясын  осыдан  он  бес-жиырма  жыл  бұрынғы  жастар 

поэзиясымен  салыстырсақ  –  көкжиек  кеңейді  ме,  биіктегені  қайсы?  Осы 

сұрақтар төңірегінде ойланып көрейік. 

Әдебиетте  әр  буынның  не  айтпақ  болғаны,  көзқарасы,  жалпы  күллі 

көкейіндегісінің  көріністері  көтерген  тақырыптарында  тұрады.  Әрине, 

барлық  түйін  игерілуіне,  шешімін  табынуына  байланысты  екені  тағы 

белгілі. 

Мен  сіздерді  бүгінгі  жастар  жазып  жүрген  өлеңдердің 

бірсыпырасының  тақырыптарын  ғана  таныстырып  көрейін,  тыңдап 

көріңіздер,  қандай-қандай  алыс-жақынды  аралайды  екенбіз,  «Клеопатра», 

«

Декабристің  әйелі  немесе  махаббат  мақамы»,  «Мюнхендік  мұңдар», 



«

Байқоңыр», «Бөрене», «Қорқыт  станциясында», «Эпос  кейіпкерлері», 

«

Қоянсүйек», «Қозыкөш  жер», «Пикассомен  полемика»,  «Пифагордың 



қателігін  ақтау»,  «Сұр  тұсақ,  қойшы  бала  және  Гариса  Лорка»,  «Космос 

астанасы». Міне біздің жастарымыз жоқ, әлемде болып өткен, болып кеткен, 

болып  жатқан  кез-келген  оқиғаны-құбылысты  жатсынбайды,  батыл 

араласып, соларға көзқарастарын білдіруге ұмтылады. Біз баяндамамыздың 

басында айтқан – қазақ поэзиясы нағыз кемел кезеңінде, заманмен қадамын 

қатар  басады,  кез  келген  елдің  өлеңімен  өре  салыстыруға  болады  деген 

тұжырымдамамыздың тағы бір көрінсі осы. 

Осы  тақырыптардың  игерілуі,  шешілуі  әрине,  әртүрлі,  әр  қилы 

деңгейде.   

Жастарымыздың арасында әдемі тақырыпқа, жалпақ тілмен айтқанда, 

модный-дентақырыпқа  әуестері  де  жоқ  емес.  Қалай  дегенмен,  бүгінгі  жас 

ақындардың жырламақ  тақырыптарының ауқымы ілгері, әлдеқайда  кең де, 

еңбектенуі, тер төгуі жағынан әлдеқайда кем екені бірден байқалады.   


Жұматай  Жақыпбаевтың  жасында  Қадыр  мен  Тұманбай  онға  жуық 

кітаптың авторы еді.   

Демек,  бүгінгі  буынның  ой-өрісі  сергек,  білмейтіні  жоқ,  игере 

алмайтыны  да  жоқ,  бірақ  бұл  буында  жалқаулық  басым,  бойдағы 

энергиясын  сарқа  пайдаланбай  еппен  жұмсау,  сайып  келгенде 

жатыпатарлықтары да жоқ емес. 

Міне, бұл екі буынның арасындағы айырмашылық осы. 

Жұматай  Жақыпбаевтың  «Ләйлә»  атты  жинағы  жарық  көрді. 

Жұматайдың Ләйласымен өлең сүйетін қауым он жылға жуық уақыттан бері 

таныс. 


 

Поэзиямызға  әуелі  Жұматай  келген  жоқ,  Ләйлә  келді.  Ләйлә  сияқты 

махаббат періштесіндей бейне келмесе – біз қайтер едік... 

Әдемі  әсерлерге  жетелегеніне  мен  топтамадағы  алғашқы  өлеңдер 

дүниеге  келген  тұста  куә  болғанмын.  Жұматай  Ләйлә  мүсінін  алғаш  саз 

балшықтан  илей  бастаған  кезде  біз  бұл  қыздың  қандай  қыз  болатынына 

көзіміз  жеткен  жоқ.  Оның  бәрін  ақынның  суреткерлік  көріпкелі  мен 

азаматтық көзқарасы шешуге тиіс еді. 

Жұматай «Ләйләні» әдемі әлдиледі. Он жыл бойына асықпай тербетіп, 

азамат етіп тәрбиеледі.  

Ләйлә бейнесі синтезделген бейне, Ләйлә характерінде қазақ қызының 

ғана емес, әр ұлттың әдепті, инабатты қыздарының мінезі бар. Бұл бейне әлі 

жасалып  біткен  жоқ.  Бұл  бейне  Жұматайдың  өмір  бойы  «илеуіне»  жетеді. 

Жұматай  махаббат  тақырыбын  жырлауда,  адамгершілік  тақырыбын 

жырлауда  өз  тұстастарынан  озып  кетті,  поэзиямызда  қазірдің  өзінде 

қолтаңба қалдырды.   



Тағдырға маған оңай бақ әперме деуші ем, 

Ойлаушы ем жұрттың бәрін де әкем деп өңшең... 

...Гүл іздеп жүріп күнінен айрылып қалған. 

Әпенде  көрсең,  сәлем  айт,  әпенде  көрсең,  –  дейді  Жұматай  Ләйлә 

туралы  бір  өлеңінде.  Ал,  біз  Жұматайға  Ләйләдан  әпенде  боп  айырылып 

қалма дер едік. 

Ал, енді осы Жұматайдың қолдан жасалатын иірімдерге, сылдыр сөзге 

әуестігі әлі арылмаған екен. Кез-келген әдемі бейнелі сөзді сирағынан ұстап 

«

сен осы жерге көгенделесің»- деп, қолдан осылай жасау керек деп ойлау – 



қателік. 

Тіркестер  қарапайым  болсын,  қарапайым  тұрып-ақ  қанатты  бола 

алады. 

Жұнттай түгі жылтыр, тұрқы ұнаған 

Жотадан жөңкілдіріп, жылқышы аға ?.. 

Жағасын айырды үні, тыныштықтың 

Бие, айғыр саксофонша шұрқыраған.   

 

немесе, 

 

 

Таңдай қызыл, құмдай сары, шымғай көк, 

Сан бояулар садақ сапша сынбай кеп 

Жерге иілді романтик ақынның, 

Қиялының траекториясындай боп,- деген сияқты шумақтар – қолдан 

жасалған,  күшпен  иіп  жасалған  шумақтар.  Ойда  қалмайды,  оқушы  бір 

оқығанда көңіліне қонбайды. 

Жұматайда абстрактыға ұрынатын, бұлдыр-бұлдыр бейнелі жолдар да 

кездеседі.  Бұл  да  тілді  дұрыс  пайдаланбаудан.  Тілде  өзіндік  тым  еркіндігі 

көп. Онысы оқушыға, халыққа сіңе қояр ма екен. 

Неге  екені  белгісіз,  осы  кемшілік  Жұматайдың  жақсы  өлеңдерінде 

тым  сирек.  «Ой  сазда», «Ләйлә»  циклында,  «Көктеудегі  көріністерде»  бұл 

жоқтың қасы. 

Бірақ,  тілдегі  мүкістік  Байботаның  да  біраз  жанын  қинайды.  Небір 

сөздерді иіп әкеліп сыналайды, қолмен қалайды. 


Бұдан келіп айтар ойы да бұлдырланып, шашыранды шығады. Оның 

«

Жұлдызың  жоғары»  атты  жинағында  «Сауран»  атты  өлең  бар.  Мен  осы 



өлеңнің  алғашқы  жалғыз-ақ  жолын  қабылдаймын.  Сол  жалғыз  жолда 

автордың  айтпақ  ойының  бүкіл  емеуріні  байқалады,  ал  одан  кейінгі  бес 

шумақтың сол жалғыз жолдың құпиясын ашып беруге құдыреті жетпеген. 

Сауранның қатал қорғаны, қабырғалары  

Қатулы көрінді маған.  

Бағып тұр байғыз қорғаудан сабыр даланы...  

Түспеген еді талайдан жолым бір оған. 

Осы  өлеңдегі  «байғыз», «қорған»,  «сабыр  дала», «рауза  бақ»,  деген 

сөздердің  ешқайсысы  өлеңнің  бірінші  жолындағы  «Қаратау  жақтың 

бұлттары қам көңіл, мұңды» деген сөздің неге қам көңіл, неге мұңды екенін 

ашуға көмектесе алмаған. 

...Оқалақтаған бір сиыр бұзау, жалап тұр,  

қасынып дуалдарыңа... – дейді ақын соңғы екі жолдың жан-жағын көп 

нүктелермен көмкеріп. Ең әуелі,  Байбота,  сиыр оқалақтаған кезде бұзауын 

жалап,  жайбарақат  тұрмақ  түгіл  шыбын  жанын  қоярға  жер  таппайтынын 

білмейтін бе едің! 

Тағы  бір  сұрақ,  жинақтағы  өлеңдеріңде  жақсы  түйіндер,  жақсы 

тұжырымдар жиі кездеседі. Бұл біздің көзімізге бірден түсіп отырады. 

Ал,  тіпті  орынды-орынсыз,  керекті-керексіз,  мағыналы-мағынасыз 

талай-талай  жолдарды  қара  әріптермен,  үлкен  әріптермен  тергізіп,  оқушы 

жұртшылыққа қандай мағына ұққызбақ болдың! 

Ешқандай буын сындырусыз-ақ, қара шрифті, бас әріпсіз-ақ жазылған 

Ұлықбек Есдәулетовтің мына бір шумағына ғана зер салайықшы: 

Жеңгейге сеніп – мал, жаныңды аға,  

Қан сонарда аңға бармадың ба, аға?  

Адам мен аңнын арасын тағы  

Қорғасын оқпен жалғадың ба аға? 


Қандай жатық. Ұғымға, ұғынуға, санамызға сіңуге соншалықты жеңіл. 

Және соңы екі жолдың өзінде қаншама ой жатыр. 

Алпысыншы  жылдары  «Алпыс  бірінші  жыл»  атты  поэма  жазып, 

соншама күрделі форма танытпақ болған білдей бір жазушымыз сол мінезін 

кәзір күліп еске алатынын есіне сала кеткім келеді. 

Өткен  жылы  жыр  жинақтарын  шығарған  Ибрагим  Исаев  пен 

Мұхамедия  Жұмағалиевтің  ақындық  потенциялдары  бір-бірімен  қарайлас 

бола  тұрса  да,  әуен-мәнерлері  бөлек,  тақырыптары,  тақырыпты  игерудегі 

тәсілдері  бөлек  екен.  Ибрагимнің  маған  алғашқы  жыр  жинақтарындағы 

оқиғаға  құрылған  өлеңдері  ұнап  еді.  «Завферма»  туралы  жақсы  балладасы 

үлкен мүмкіндік нышаны еді. Меніңше, Ибрагимге әлі де сол бағытта іздене 

түскен дұрыс сияқты. 

Ал, оның бұл жинағында тұрмыс, тіршілік күйбеңдері туралы өлеңдері 

көбейіп кеткенге ұқсайды. Тұрмыс, тіршілік қарекетін жеке бастың шаруасы 

етпей,  әлеуметтік  ортақ  іс  етіп  жырласа  Ибрагим  тағы  бір  соқпақ  табуы 

мүмкін. 


Мұхамедия  Жұмағалиев  өлеңдегі  өз  қолтаңбасын  әлі  айқын  тантып 

үлгіре  қойған  жоқ  еді.  Бұл  жинағында  автордың  ізденістері  байқалады. 

Кейбір жас ақыңдарымызға «әсіре қызыл бояуыңды азайт» деп жатамыз ғой, 

ал Мұхамедияға бояуыңды қалыңырақ жақ, көзің шалған құбылысты жанды 

жерінен ұста демекпіз. 

Ғұсман  Жандыбаев  пен  Нармахан  Бегалиев  әлі  сөз  қызықтап,  тіл 

иірімдерін  тамашалап  жүр.  Тақырыпты  игеруде,  ойды  әлеуметтендіруде 

кеше  ғана  өздерімен  қатар  аяқ  алып  жүрген  Иранбек  Оразбаев  көш  ілгері 

озып барады. 

Мұның  себебі  –  ақындық  потенциялдары  тепе-тең  жігіттердің, 

ізденістері  тепе-тең  емес  пе  деп  ойлаймыз.  Соңғы  үш-төрт  жылдың 

көлемінде алғашқы жыр жинақтарын ұсынған жастардың ішінде Төрегелді 

Тұяқбаев пен Аманхан Әлімовтің аяқ-алысы қуантады. Екеуі де өз ойларын 

емін-еркін жеткізіп, өз өрнектерін табуға ұмтылып келеді. 



Өткен  жылғы  жастар  поэзиясындағы  үлкен  олжамыз  –  «Жалын» 

баспасынан  шыққан  «Қарлығаш»  атты  жас  авторлардың  коллективтік 

жинағы. Бұл жинаққа он төрт жас ақынның өлеңдері енгізілген. «Қарлығаш» 

жинағы  –  қыран  шалымды  бір  топ  ақын  жігіттердің  әдебиет  есігін 

ашқанының белгісі. 

Мен  солардың  ішінде  салғаннан  ерекше  екпін,  айрықша  қолтаңба 

танытқан екі-үшеуіне тоқталамын. 

Алғашқысы – Серік Ақсұңқарұлы. 

«Тіл-көзіміз тасқа дегендей», Серік Ақсұңқарұлы кәзірдің өзінде осы 

алымымен  алға  адымдай  берсе,  оның  шығар  нысанасы  жоғары  болары 

сөзсіз. 

Серіктің  «Клеопатрасы»  –  поэзиямыздағы  соңы  жылдардағы  үлкен 

табыс, талантты ақын жастығына қарамастан, әдебиетке өзінің салмағы мен 

сапасы бөлек дүниесін ала келетініне ол біздің тағы да көзімізді жеткізеді. 



Шулайды құлдар бақыра:  

«

Күнәмыз болса, кеш!» – дейді  

Құдай ғой Клеопатра!  

Құдайлар қателеспейді. 

 

...Асқақ жыр оның атына  

Асау үн көкті кернейді,  

«

Құдай ғой Клепатра!  

Құдайлар мәңгі өлмейді» 

Бұл  бағынушылардың  сөзі,  табынушылардың  сөзі.  Бірақ  сол 

табынудың  бәрі,  сол  құлшылықтың  бәрі  уақыттың  алдында  түкке 

тұрмайтынына ақын драмалық қақтығыстармен сізді қас-қағымда сендіріп, 

қас-қағымда көзіңізді жеткізгенде уақыттан асқан әмірші жоқ екеніне көзіңіз 

жетеді: 


Бір-бірін нұқып, шалып та,  

                                   

ұмтылды бәрі, атыла! 

Кім дейсіз жатқан табытта? – 

Падиша Клеопатра! 

"Клеопатра!, Клеопатра!, Клеопатра!" 

Серік  кереғар  құбылыстарды  шебер  суреткердей  шектестіреді.  Жас 

ақынның  –  тәжірибелі  тарландай  қазақ  сөзін  қағылез  ойнатуы,  оны  айтар 

ойына  бағындыра  білуі,  артық-ауыс  кетпей,  әр  бояуды  үнімен,  сәнімен 

жағуы, ең бастысы әрбір идеясын қоғамдық пікір етіп қорыта білуі – оның 

үлкен келешегін көрсетеді, кең тынысын танытады. 

Бірақ,  Серік  аспаннан  түсіп  тұрған  жоқ.  Серіктің  бойында  – 

Мұқағалидың да, Жұмекеннің де, Қадырдың да, керек десеңіз Тұманбайдың 

да  ұшқындары  бар.  Серік  бірақ  сол  ұшқындардан  өз  отын,  өз  алауын 

тұтатып отыр... 

Міне, біз өз топырағымыздан осындай ақынның туғаны үшін, толысып 

қанаттанып  келе  жатқандығы  үшін  қуануымыз  керек.  «Жиырмасыншы 

ғасырдың жиырма сәті» атты оның тамаша поэмасы өз оқушыларын тауып, 

бағы  жанса  –  бұл  шығарма  алпысыншы  жылдардағы  Олжастың  «Адамға 

табын, Жер ендісіндей» туындылардың сексенінші жылдары дүниеге келіп 

жатқанының кепілі болар еді. 

Жинақта Серікпен салмақ теңестіре алатын жас ақындардың қатарына 

Сағат Әбуғалиев пен Қуаныш Ахметов, Ерік Асқаровтар жатады. 

Сағат  Әбуғалиевтің  «Декабристің  әйелі  немесе  махаббат  мақамы», 

«

Мюнхендік  мұңдар»  сияқты  өлеңдерінің  тақырыбынан-ақ  оның  әлемдік 



құбылыстарды қадағалап, пайымдауға қабілеті барлығы аңғарылады.  Мана 

баяндама  басында  туған  тіл  туралы  келтірілген  мысал  осы  автордың 

жолдары болатын.  

Қуаныш  Ахметовтің  нәзіктігі,  үп  еткен  самалдан,  қылт  еткен 

көріністен  түйінін  таба  қоятыны  –  өз  ерекшелігі.  Қуаныш  өлеңдерінде 

бұрын  Сағи  өлеңдеріне  тым  жақынырақ  екені  байқалушы  еді,  кәзір  бұл 

жігіттің де «еліктеу дәуірін» бастан өткізе бастағаны байқалады. 


Ал,  Ерік  Асқаров  –  оқиғаны  өрнектеуге,  сюжет  құруға  бейім.  Оның 

«

Сантас»  атты  поэмасы  тарихи  тақырыпқа  ден  қойып,  өткенімізге  ой 



жіберетінін, одан келешекке пайдалы ой айтуға ұмтылатынын аңғартады. 

Жинақта  әлі  қолтаңбасы  айқындалмаған,  «Орынбордың  аузындағы 

Сәтбай  салған  қасқа  жолмен»  зымырап  жүрген  жігіттер  де  бар.  Жарасқан 

мен Шөмішбайдың құрдастары Әнуарбек Мәкенов пен Темірбек Дүйсенов 

жолдастардың  өз  әуен-мәнерін  мынау  тұсаукесерден  кейін  тезірек 

тапқандары жөн. 

Өткен  поэзия  жылы  жеміссіз  болған  жоқ.  Мен  әрине,  көп  сынға 

барғаным  жоқ.  Себебі,  қазақ  поэзиясының  бүгінгі  ахуалы  сөз  басында 

айтқанымыздай, бірімізді-біріміз жерден  алып, жерге салатындай жағдайға 

бізді жібермейді. 

Рас,  әлі  айтуға  болатын  ақындар,  қамтуға  болатын  мәселелер 

баршылық  еді,  оның  бәрі  баяндама  жазу  үстінде  ойда  да  отырды,  бірақ, 

баяндамашының  жалғыз  қолының  жазып  үлгеруге  мұршасы  жетпеген 

жағдай бар. Оны сіздер толықтырады, сіздер толтырады деп сенемін.Әйтсе 

де, сөз аяғында, ұлттық поэзиямыздың сан мен сапа, көркемдік пен шеберлік 

жағынан бұдан бетер өсіп жетілуі үшін қажетті кейбір жағдайлар туралы. 

Біріншіден  айта  кетейін  поэзия  өнімдері  соншалықты  көп,  ысырап 

болып  жатыр  деп  айта  алмаймын.  Бірақ,  бізде  кездейсоқтықтар,  көлденең 

«

көк аттылардың» киіп кетіп, кимелеп жол бермейтін жайы да жоқ емес. 



«

Өлеңге  әркімнің-ақ  бар  таласы»  дейтін  топқа  жататындар  бар  да, 

ақындар бар ғой. Талапкердің ішінде өмір бақи талапкер боп қалатындар да 

бар.  Бірақ,  олардың  жинақтарының  саны  кейбір  ақындардың  жинағының 

санынан кем емес. 

Құдайға  шүкір,  кім  талантты,  кім  талапкер  дегенді  айыра  алатын 

жайымыз бар ғой. 

Сондықтан «өмір бақи талаппен» өтетіндерге жыл сайын немесе жыл 

аралатып  кітап  шығартпай-ақ,  солардың  бәрінің  басын  топтастырып,  ара-


тұра  әдемі  жинақ  шығарып  тұрса  –  кітаптың  саны  азаяр  еді  де,  сапа 

жақсарар ма еді. 

Екіншіден,  қазақ  өлеңінің  біз  білетін  бірнеше  өлшемі  бар  ғой.  Жүз 

жерден  жаңашыл  болсақ  та  сол  өлшемдерден  –  соның  бойындағы  ырғақ-

иірімдерден  шыққанымыз  кәміл.  Жолдас  ақындар,  жаңалық  болса, 

бойыңдағы буың басқа бір өлшем туғызып жатса бір сәрі, әйтпесе, өзіміздің 

дәстүрлі  буындарымыздың  мойын  омыртқасын  сындыруды  қоятын  кез 

жетті. 


Баспадағы  жолдастар  да,  басқа  жолдастар  да  солардың  сындырған 

буындарын  қайтадан  қосып  жіберу  қолдарыңыздан  келеді  ғой,  солай 

жасаңыздаршы, әйтпесе буын сындыру, үлкен әріппен әрбір сөзді тергізу – 

індетке айналып барады. 

Үшіншіден,  ауыз  екі  сөйлесе  қалсақ  қазақ  поэзиясының  жанашыры 

көп,  ал  сол  жайлы  баспа  жүзінде  пікір  айтуға,  сөз  айтуға  уақытын 

бөлетіндер  аз.  Қазақ  өлеңін  бес  саусақтай  білемін  деп  жүріп,  оның  бағыт-

бағдарын  байқай  алмай  қалған,  кімі  бар,  кімі  жоғын  біле  алмай  қалған 

сыншылар да жоқ емес. 

Өзіміздің  өлеңдеріміздің  кейбір  жолдарын  жатқа  білетіндігін  айтып, 

бірақ  өз  тұстас  ақындары  туралы  тіл  қатпай  келе  жатқан  замандас 

сыншыларымыздың құлағына – алтын сырға. 

Қазақ  өлеңін  қазақ  ақындары  өздері-ақ  шемішкедей  шағып,  талдап, 

талқылап бағасын бере алады екен. «Қазақ әдебиеті» газетінің «Ақан ақын 

туралы»  рубрикасы,  осы  тұрғыдан  алғанда,  қазақ  поэзиясына  көрсетіліп 

отырған үлкен қамқорлық. 

Қазақ ақындары өз өнеріміздің өсуі үшін өзіміз азаматтық белсенділік 

танытайық! 

Менің бір жылдың поэзиясын шолғанда айтпақ ойларым, осы.  

  

 



 

                                



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет