Поэмалар біржан сал. ҚОянды жәрмеңкесі (поэма)



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата24.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#10111
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 

  

ҚОЙШЫ ҚҰМАҚБАЙ 

 

Ол  буынып-түйініп,  қаракер  құнанның  үстінде  қаққан  қазықтай 



қаздиып ауыл шетіне қарай желе жортып бара жатыр екен. Үстінде қара тон, 

басында  елтірі  қара  құлақшын,  аяғында  қонышын  қайырған  қара  пима.  Су 

жаңа қара былғары қолғап тізгін тежегенде сықыр-сықыр етеді. Астындағы 

қылаңы  жоқ  қаракер  құнан  дене  бітімі  доғалдау,  жуантық,  жұмырлау  мал 

екен.  «Бұрын  жылқының  тұрқы  ұзын  тұрпаттысына,  жылмиған  жүйрік 

шабысына әуес Құмақбай кәзір, қыс болған соң, бәріне көмбіс  белді малға 

мінген ғой», - деп ойладым. 

Тап осы сәтте Құмақбаймен кездеспегеніме аттай он сегіз жыл өткені 

есіме  түсті.  «Он  сегіз  жыл  бұрынғы  Құмақбай  өзгерген  шығар»  деген  ой 

қылаң ете қалғаны да рас еді. Бірақ, денесінде бір түйір  артық еті жоқ, бет-

әлпетіне де пәлендей  артық  әжім  түсе қоймаған  Құмақбаймен  сөйлесіп кеп 

кеткенде,  баяғы  ақкөңіл,  аңқылдақ,  салдырлаған  Құмақбай  сол  қалпында 

алдымнан шыға келгені.  


Иә, Құмеке, асығыссыз ғой, - дедім аз-кем амандықтан кейін. 

Асықпағанда  қайтейік...  Бәрі  асығыс  заман  емес  пе?  Қойшы  екеш 



қойшы  да  ірістей  уақыт  таба  алмайтын  болды.  Осы  орталыққа  келгенде 

ойыма  алып  келген  он-сан  шаруаның  біреуі  де  орындалмайды.  Бүгін  келе 

қойып ем... не директоры, не парторгы жоқ. Ә, мейлі. Менікі малдың қамы, 

әйтпесе  Құмақбайға  бәрібір,  -  деп  қамшысын  кезеніп,  ашуланғандағы 

әдетімен  жүріп  кетуге  оқталып  еді.  Енді  бір  сәтте  бізге  ашуланудың  орны 

жоқ екені есіне түсті білем, қайтадан жадырап, қабағы ашылып сала берді. 

Сіз  жылқыда  емес  пе  едіңіз?  Ана  жылы    бір  келгенімде  сізді  аға 



жылқышы деп естіп едім ғой, қойға ауысқансыз ба? – дедім мен. 

Жылқыда  емес  екенімді  мынау  астымдағы  атымнан-ақ  аңғармайсың 



ба?  Аға  жылқышы  болса,  Құмақбай  мынадай  шомбал  қараны  өлсе  мінер. 

Қойшы  болған  соң  амал  жоқ  –  міністің  аты  керек.  Қойдың  соңына  (сен 

білетін  бе  едің)  ана  жылғы  Қаралаяқ  сәйгүлікті  де  салып  көрдім. 

Шыдатпайды  екен,  шыдатпады.  Сен  естімеп  пе  едің,  қой  баққаныма  он 

жылдан  асып  кетті  ғой.  Омырауымда  орденім  болмаса  да,  осы  ауылдың 

маңдай  алды  шопанымын  қазір.  Жылқы  –  серінің  кәсібі  екен.  Сері  адамға 

серілеу кәсіп үйлесе бермейтінін білесің ғой. Қойдай жуас болайын деп қойға 

кеткем сосын. Құмақбайға бәрібір емес пе?! Құмақбай туа сала «универсал» 

ғой, білмейсің бе? – деп аттың үстінде ырғалып қойды. 

Құмақбай  шынында  шешілгісі  кеп  тұр  еді.  Қолтықтан  демеп  біз  оны 

аттан түсірдік. 

Иә,  мен  «әмбебаппын»  ғой,  -  деді  Құмақбай  тағы  да  бел  шешіп 



жайғасқаннан кейін.  -  Биыл   мен  елуге  толамын.  Елу  жыл  ғұмырымның  ес 

білгеннен  бергі  уақыты  шаруа  соңында  өтіп  келеді.  Осы  табандағы  колхоз 

бен  совхоздың  шаруасында  мен  істемеген  кәсіп  бар  ма  екен?  Жылқышы 

болғанымды  айтайын  ба,  қойшы болғанымды  айтайын  ба,  әлде  тракторшы, 

әлде шофер болғанымды айтсам ба екен... тіпті бір жыл ферма меңгерушісі де 

болып  кете  жаздағаным  бар.  «Құдай  сақтап»,  аман  қалдым,  әйтеуір...  Ал 

бірақ көзін ашқалы кезіккен күллі кәсіпті игеріп келе жатқан Құмақбай елуге 


толады  екен  деп  елейтін  ешкімнің  сыңайы  байқалмайды.  Қолыма  түссе 

совхоз басшыларының шаңын бір қағайын деп келіп ем. «Жоғары наградаға 

ұсын» деп отырған мен жоқ, бірақ Ақшығанақ ауылының деңгей-дәрежесінде 

менің,  Құмақбай  Әбдірахмановтың,  елу  жылдық  тойын  мәре-сәре  ғып 

өткізуге абыройым да атағым да, байлағым да, шайлығым да ... жетеді ғой, - 

деп Құмақбай бұл жолы сәл шалқайып алып еді. 

Айтса айтқандай, қойшы Құмақбай Әбдірахмановтың өз ауылында, өзі 

туған топырағында бір басына жететін абырой-беделі бары сөзсіз. Бірақ бұл 

абырой-беделдің  қалай  келгенін  ол  өзі  де  білмейді.  Әйтеуір  алақанын 

жайғанмен  аспаннан  ештеңе  түспейтінін  біледі.  Балалық  шағы  соғыстың 

соқасын жетеліп өскен ұрпақтың өкілі үшін бейбіт еңбек ету – ауа жұтумен 

бірдей еді. Бұл – сол тесікөкпе ұрпақтың өкілі. 

Асылы,  кез-келген  адамның  абырой-беделінің  кіршіксіз  таразысы  – 

өзінің  туған  ауылы,  туған  топырағы  ғой.  Бүгінде  елуді  алқымдап,  туған 

ауылында алды-артына ес болар азамат-аға болып қалған Құмақбайдың бұл 

базынасы байыпсыз да, байламсыз да емес екенін біздің де ішіміз сезеді. 

Құмақбай  сияқты  өз  еңбегін  туған  ел  алдындағы  перзенттік  парызым 

ғана  деп  санап,  оған  ешқандай  атақ-абырой  дәметпейтін  шаруаторы 

шопандар  қазақ  даласында  ондап,  жүздеп  саналады.  Олар  үлкен  табыс 

биігіне жету үшін, топтан озып, жүлде алып, жұлдыз боп көріну үшін жанын 

жалдап  отқа  да,  суға  да  түспейді,  шаршы  топта  суырылып  сұңғылалық  та 

танытпайды.  Өз  болмысына,  өз  табиғатына  орай    әбеқоңыр  әдемі  тұрмыс-

тіршілік кешеді. Олар өз бойына шақ дүниені ғана ұнатады, өз бойынан биік 

секіруге  талпынбайды.  Өз  табиғатына  өзі  қарсы  шықпайды.  Құмақбай 

Әбдірахманов өз кәсібінің осындай шаруаторысы. Ал қашанда шаруаторылар 

шаршамай, шалдықпай бабымен ұзаққа сілтейді. 

Құмақбайдың туған ауылының алдындағы азды-көпті абырой-беделінің 

қос қанаты бар. Оның біреуі – еңбек, аямай, аянбай төгетін ақ-адал маңдай 

тердің Құмақбайды алға сүйреп, қанат бітіріп, қолтықтан демемеген кезі жоқ. 

Шындықтың  бетіне  тура  де  тік  қараймын  дейтін  мінезбен  орақ  ауыз,  от 



тілден  тапқан пайдасы да, көрген  зияны да  аз  емес.  Оның  өлшем-таразысы 

Құмақбайдың  өз  жүрегінде  ғана.  Бір  ғана  білетіні  –  Құмақбайды  Құмақбай 

еткен адал еңбегі.  

Сенің  осы  орысша  араластырып,  оңды-солды  бұрқыратқан  сөзіңнен 



көрген пайдам жоқ, - деп он баланың анасы әйелі Ибагүл зар қағады. 

Сен  көрмесең,  көрмей-ақ  қой,  өзімнің  көрген  пайдам  шашетектен,  - 



дейді Құмақбай қолын бір-ақ сілтеп. – Мен біреулер сияқты өкініш-өкпемді, 

базына-назымды  ішіме  сақтай  алмаймын.  Не  де  болса,  айтып  тастағанды 

жақсы  көремін,  айтып  тастасам,  айызым  қанады,  бойым  жеңілдейді.  Ал 

орысша  араластыратыным  –  мен  Орынбор  облысының  Дамбар  ауданында 

туып,  белім  бекіп,  бұғанам  қатқанша  Ресейде  болған  адаммын  ғой.  Менің 

орысшамнан  көрген  зияның  бар  ма,  тәйт,  әрі,  -  деп  әйелінің  аузын 

ашырмайды.  

Қаншама  аузын  ашырмастай  ауыздықтап  тастаса  да,  әйелдің  аты  – 

әйел.  Үйіне  ауданнан,  облыстан  өкіл-қонақтар  келіп,  дәм  ішіп  отырғанда 

күйеуін  жаңа  көргендей,  әлсін-әлсін  бір  көзін  соған  қысып,  қыпылықтап 

отырады.  Мұнысы  сөз  саралап,  ой  түйіндеп,  пікір  таластыруға  келгенде, 

өзінен өресі төмен өкілдерге шыдай алмайтын күйеуіне: 

Бәтірекесі,  қонақтың  берекесін  өз  дастарқаныңның  басында  ала 



көрмеші,  -  деп  алдын  ала  құрақ  ұшып  отырғаны.  «Өзімнің  көрген  пайдам 

шашетектен»  деп  Құмақбай  әйтеуір  әйелден  жеңілмес  үшін  айтады.  Рас, 

бетің бар, жүзің бар демей, айтып тастайтын адамнан, оның үстіне Құмақбай 

сияқты  шындықтың  бетіне  тура  қарайтын  тікмінезден  біреу  болмаса  біреу 

ығысып, именіп жүретіні белгілі, Ал бірақ ішкі есебі бойынша осы тік мінез 

бен орақ ауыз, от тілден тікелей өз басының көрген пайдасы тіпті де көп емес 

екен.  Оның  есесіне  мұның  шындықты  суыртпақтап  айтуға  үйірсектігінің, 

жүзеге  ассын-аспасын,  қайдағы-жайдағы  құлағы  естіген  жаңалықты 

айналасына  жариялап,  жарнамалап  жүруінің  ортақ  мүддеге,  қоғам  игілігіне 

себебі-септігі  тиіп  жатады.  Оны  өзі  де  аңғара  бермейді.  Кейде  партия 

жиналыстарынан, кейде малшылар мәслихатынан шыққанда, әйтеуір жұрт: 


Әй,  Құмақбай-ай,  жарайсың!  Жұрттың  бәрінің  көмейінде  отырған 

сөзді төгіп-төгіп тастадың-ау! – деп айыздары қанып, не арқасынан қағып, не 

қолын қысып жатыды.  

Да,  черт  с  ним,  -  дейді  Құмақбай  мұндайда  орысша  араластырып 



сөйлейтін әдетімен. – Айтпаса Құмақбай бола ма? – деп арқаланып қояды. – 

Маған  не  істейді,  көп  болса,  қойын  алар,  Құмақбай  «универсал»  ғой,  екі 

қолға  бір  күрек,  -  деп  онсыз  да  қысық  көздерін  жыпылықтатып,  қулығын 

асырған сыңай танытады. 

Құмақбайдың  алып  түсер  айтқыштығын  да,  қолынан  қыруар  шаруа 

келетін әмбебаптығын да, көкейіндегісін көмейінде сақтамайтын ақкөңілдігін 

де,  ойына  алғанын  орындамай  қоймайтын  көзсіз  ерлігін  де  туған  ауылы 

әлдеқашан мойындаған, әлдеқашан көздері жеткен. Әлгінде Құмақбайдың ат 

үстінде ырғалып, шай үстінде шалқайыңқырап сөйлеуінің себебі де сол. 

Өз  ісінің  ұңғыл-шұңғылын,  иірім-қалтарысын  қалтқысыз  білетін 

Құмақбай көбіне өз ақылымен, өз көңілінің қалауымен жүреді. 

Ойбай, Құмеке, күздеуге ерте көшіп алғаның қалай, құмға көшкенше 



малыңды арытып, қоңын жоғалтып аласың ғой, - деп зоотехник жігіт бәйек 

болады. 


Саспа, бала, - дейді Құмақбай, - саспа, бала! Сен бұл өңірдің баяғыда 

қанша  отар  мал  жайлағанын  білесің  бе?..  Білмейсің.  Тарихты  білу  керек, 

өткенді  білу  керек,  сосын  соның  бәрін  бүгінгіңмен,  еретеңгіңмен 

салыстырып, оймен өлшеу керек, - деп Құмақбай қысық көзін сығырайтып, 

сұқ  саусағын  шошайтып  қояды.  –  Сенің  совхозыңда  қазір  жетпіс,  әрі  кетсе 

сексен мың қой бар, ал бұл өңірді, анау – Сары Тосын құмын бір кезде екі 

жүз мыңға дейін қой жайлаған. Нанбасаң архивтен Торғай уезі ведомосынан 

оқы, әйтпесе ану Сары Үсембай мен Кенбайдан сұра. Мәселе – өрісте емес, 

мәселе  –  өрісті  жерді  пайдалана  білуде.  Осы  өңірдің  кезінде  омырауына 

Ленин орденін қадаған ең майталман шопаны Оңай Игібаев марқұмның: 


Тосынның бір шиінің түбі менің бір тоқтымды жыл бойы асырайды, - 

деген сөзі бар.  Ә, сен ол сөзді естімеген шығарсың... Әр шидің, әр көденің 

түбін солай пайдаланатын шопан қайда, кәзір... 

Мұндайда  атын  бір  тебініп  Құмақбайдың  теріс  қарап  жүріп  кететін 

әдеті. 


Енді  бірде  Құмақбайдың  отарына  совхоздың  басшыларынан  бастап 

аудан, облыс өкілдері шетінен ағылсын-ай кеп. 

Мұныңыз  не,  қойды  ұрықтандырудың  совхоз  бойынша  жасалған 



қатаң  кестесі  бар,  совхоз  дирекциясы,  әкімшілік  арнаулы  бұйрықпен 

бекіткен...  Сіз  оны  неге  бұзасыз?  –  деп  жаңа  келген  жас  веттехник  шыбын 

жаны шырқырап, булыға сөйлейді. 

Әй,  қарағым,  шыбын  жаның  шырқырамай-ақ  қойсын,  осы  малға 



жаның менен артық аши ма? Үш жүз алпыс бес күн бір малдың жай-күйін 

менен  артық  білесің  бе?  Алдағы  көктемде  ауа  райының  қалай  болатынан 

алты ай жаз, алты ай қыс аспанның қабағын бағып, қай күннің ашыққа, қай 

күннің жабыққа батқанын бақылап жүрген менен артық білесің бе? Бар, айта 

бар,  менің  қой  ұрықтандыратын  өз  уақытым  бар.  Әйтпесе,  Құмақбай 

Құмақбай  бола  ма?  –  деп  бұл  жолы  да  қамшысын  бір  сілтеп,  теріс  қарап 

жүріп кеткен. 

Бірақ  Құмақбай  бұл  жолы  дегенін  істегенмен,  біраз  талқыға  түсті. 

Ауданнан,  облыстан  келгендердің  мысы  қойсын  ба?  Совхоз 

жұмысшыларының  жалпы  жиналысында  қой  ұрықтандыру  мерзімін 

сақтамай,  тәртіп  бұзғаны  үшін  қойшы  Құмақбай  Әбдірахмановқа  қатаң 

ескерту жасалған. Бұл оның осындай үлкен талқыда, шаршы топтың алдында 

алған алғашқы «жазасы» еді. 

Жазғытұрым мал төлдейтін кездегі аласапыран ауа райы Құмақбайдың 

сол «жазасын» қар суымен, қар аралас жаңбырмен шайып кеткендей болды. 

Мал  ұрықтандыруды  веттехник  баланың  графигінен  бір  апта,  он  күн 

бұрын  немесе  сонша  уақыт  кейінірек  өткізген  кәнігі,  ауа  райын  алдын  ала 

болжайтын  Құмақбай  сияқты  шопандар  төл  шығынын  берген  жоқ.  Оның 



есесіне  жас  веттехниктің  ғылыми  негіздегі  графигіне  іліккен  отарлар 

бесқонақтың боранды күндерінде төгіп төлдеді де, шаруашылық бірсыпыра 

төл шығынына ұшырады.  

Төл  аяқтанып,  қойшылар  қырдағы  жайлауға  шыққан  кезде  жылдағы 

әдет  бойынша  шопандар  тойы  болды.  Совхоз  бойынша  ең  жоғары 

көрсеткішті Құмақбай Әбдірахманов иеленді. 

Қызылды-жасылды  мінбеге  Құмақбай  емін-еркін  қаздаңдай  көтерілді. 

Сөзінің соңында сұқ саусағын шошайтып тұрып: 

Ауа  райы  ылғи  қапыл  да  жазым,  аптап  аңызақ  пен  қақаған  аяздан 



тұратын біздің шөлейт те шөлді аймағымызда бірыңғай ғылыми болжамдарға 

сүйеніп мал бағу мүмкін емес, сондықтан біз әлі күнге табиғи тәжірибелерге, 

шаруаның  ішкі  есебі  мен  көкірегіндегі  көріпкеліне  сүйенеміз.  Ал  ғылыми 

болжамдар  біздің  тәжірибелерімізге  сүйенуі  керек,  -  дегенді  батыл  да 

байыпты, сенімді дауыспен айтқан. 

Жалпы  болмыс-бітімі  қалтқысыз  шындықтан  жарлаған  адамның  сөзі 

көріпкел  сезімдерден,  байқағыштық  болжам-байламдарынан  құралақан 

болмайды.  Сөз  аңғарып,  ой  астарын  шамалап  қарасақ,  Құмақбай  осындай 

адамдардың санатына қосылады. 

Сіздің  қара  шаруаның  қай  түрін  болмасын,  шыркөбелек 



айналдыратыныңызда  дау  жоқ  қой...  Осы  қасиет  сізге  қалай  дарыды, 

өзіңізден кейінгі жастар шаруаның осы қасиет-қабілеттерін қалай қабылдап 

келеді?  –  дедік  сөз  арасында  күрең  шайға  жіпсіген  Құмақбайдың  әңгімеге 

шешілгісі кеп отырғанын байқап. 

Мынауыңыз бір ғылыми конференцияға тақырып болатын сауал ғой, - 



Құмақбай қуақы әзілмен қысық көздерін тағы бір қыпылықтатып қойды. 

Бұл сауалға жауап беру үшін нақты мысал келтірмей болмайды. 



Үшінші  ферма  –  «Қалдыбай»  деген  ауылда  Қабылданың  Қазыкені 

деген бар. Ол менен жеті-сегіз жас кіші. Жасыратыны жоқ, соғыстан соңғы 

жылдары  қиян  жайлап,  қиыр  қыстап  жүретін  қойшының  баласы  мектепке 

кезінде  бара  алмай  қалған.  Мектеп  жасына  жеткен  малшының  баласы  ол 



кезде  қолғанат  кәдеге  жарап  қалатыны  белгілі.  Әке-шешесі  қолғанат 

болғанына қызығып мектепке апармайды. Сонымен ол он бес жасына дейін 

мектеп  көрмейді,  әліппе  бетін  ашпайды.  Шаруаға  тындырымды,  он  бес 

жасында  атпал  азаматтай  боп  өскен  бала  енді  өзбетінше  жұмыс  істеуге 

көшеді. Енді ол қойлы ауылдан сол кезде азды-көпті жер жыртып, егін егіп 

жатқан ауылға келеді. Трактордың тіркемесіне мінеді... 

Міне,  оның  мектебі  осы  жерден  басталады.  Ол  әліппенің  әріптерінен 

бұрын  орыс  тілін  үйренеді.  Оның  мектеп  бітірген  қатары  механизаторлық 

мамандықты  енді  игеріп  жатқанда,  ол  трактор  мен  машинаның  сан  тетігін 

шақпақша    шағып,  Совхоздың  МТС-ындағы  жалғыз  токарьлық  станокты 

ұршықша үйіріп, «темірден түйін түйетін» болған. Оның қатары техникалық 

училищелер мен инженерлік институттарды бітіріп келгенде, сол совхоздағы 

ғана  емес,  кез  келген  техниканың  бүкіл  аудандағы  механизаторлар  таба 

алмаған  кілтипан  «кілтін»  табатын  ұстаз-механизатор  еді.  Оны  кезінде 

«кішігірім  конструктор»  деп  атайтын.  Кәдеге  жарамай  немесе  артық 

бөлшектер  табылмай  тұрған  бірер  трактор-машинаның  басын  біріктіріп 

жіберіп, Қазыкен су жаңа трактор, су жаңа машина жасап шығара беретін. 

Ал  енді  сол  Қазыкен  сөйлер  сөзге,  айтар  пікірге  қалай  ағып  тұр 

десеңші.  Баспасөздегі  ең  соңғы  жаңалықтарды  алдымен  Қазыкен  оқып 

үлгереді,  жаздырып  алдыратын  том-том  кітаптар  Қазыкеннің  үйінде,  ал 

техниканың  кейінгі  кереметтерін  дипломды  инженерлерден  Қазыкен  бұрын 

біліп отырады.  

Бұл  оқымаған  Қазыкен  ғой,  ех,  шіркін,  оқыған  Қазыкенді 



көргендеріңде  ғой,  -  дейді,  аздап  мен  сияқты  мақтанатыны  болған  соң 

мақтанады да... 

Бір  ғажабы,  көзін  ашқалы  ата  кәсіпті  көріп  өскен  сол  Қазыкенге  қой 

бағу,  мал  күйттеу,  жалын  тартып  жылқы  міну  сияқты  қасиет  қонбай-ақ 

қойды. Ана бір жылы оны бақташы жасаймыз деп, совхоз бір табын сиырдан 

қараптан-қарап айрылып қала жаздаған. 



Меніңше,  кәсіп  деген  киелі  дүние,  -  дейді  Құмақбай.  -  Киелі  дүние 

бақ-береке,  абырой-атақ  боп  басына  қонарда  ол  адамның  ынтызарын  алып, 

ықыласын  аударатын  көрінеді.  Қазыкеннің  басына  кәсіптің  киесі  ынтызар, 

ықыласпен қонған адам. 

Мына  мен  –  кезінде  осы  ауылдағы  екі-үш  автомашинаның  біреуін 

жүргізген,  рульге  ерте  отырған  ең  жас  шофер  едім.  Бірақ  мен  машинаны 

жастық желіктің көлігіндей көрдім. Су жаңасын міндім. Сындырдым. Талай 

апатқа ұшырадым. 

Әкем  қойшы  еді.  Бірақ  менің  қой  баққанымды  қалаған  жоқ. 

«Техниканы игер» деп тапсырайын десе, авариядан соң авария жасап жүрген 

мені ол ажалға тапсырғанмен бірдей еді. Менің жылқыға әуестігімді білетін, 

малсақтығымды аңғаратын.  

Әй, осы сенің назарың –  малда.  Малдың маңайынан ұзай алмассың, 



балам,  -  деді  ақыры.  Әке  сөзі  дәл  келді.  «Әке  көріп,  оқ  жонған»  Құмақбай 

Әбдірахманов дейтін қойшыңыз мына біз боламыз енді. Ата кәсіпті әйтеуір, 

айдалаға  тастай  алмасымыз  хақ.  Оны  Құмақбай  бола  ма,  басқа  бола  ма... 

біреу  жалғастыруға  тура  келеді.  Жастар  кәзір  бригада-бригада  болып  қой 

шаруашылығында қалатын болды. Ұстаз жетекшілері және бар. 

Ал сол жастардың менің әкем айтқандай «назары малда ма?» Жаңа мен 

мысалға  келтірген  Қазыкен  сияқты  олар  кәсіптің  киесі  мен  қасиетіне 

ынтызар-ықыласымен  құлай  берілген  бе?  Ата  кәсіптің  әмбебап  шеберлерін 

тәрбиелеудің ең басты, ең жанды сауалдары осында жатыр, - деп Құмақбай 

ой қорытқан сыңай танытты. 

Біз үнсіз бас изегенбіз. 

... Қылаңсыз қаракер құнанға Құмақбай қайта қонғанда іңір қоюланып 

қалған  еді.  Ауадағы  шытқыл  аяз  жаңа-жаңа  жанданып,  манағы  жұмсақ  қар 

сықырлай бастаған екен. Құлақшынының бауын түсіріп жатып: 

Ал  жақсы,  -  деді  Құмақбай,  -  ал  жақсы.  Келем  десең  –  ауыл 



«Көртоғайда»,  мынау  тиіп  тұрған  жер  ғой.  Құмақбайдың  шаруашылығы 

жаман  болушы  ма  еді,  қыстың  үш  айынан  бері  қарамағымдағы  жеті  жүз 



жиырма бір қойдан бірде-бір шығын жоқ еді. Кесапатынан сақтасын, шамалы 

қысқа шығын берсе Құмақбай – Құмақбай бола ма?! 

Айтпақшы  елу  жылдық  тойымды  жер  аяғы  кеңіген  соң  –  жазда 



жасаймын. Шақырамын. Кел, кел арнайы, - деді. 

Жуантық, жұмыр қаракер тайпалып, жорғалап ала жөнелді. «Елу жасар 

ер  азаматқа  жылмиған  жүйріктен  гөрі  тайпалған  жорға  мінген  жарасады 

екен-ау» деп ойладым мен іштей. 



Торғай облысы, 

Жанкелдин ауданы  

 

 

ҚЫЗЫЛ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТОЙ 

 

Ну,  да,  -  дейді  ол,  бір  иығын  аз-кем  алға  қозғап  қойып.  Бұл  оның 



мәселеге кәміл келіскенінің белгісі.  

Жоға,  ә,  -  дейді  ол  жауырынын  сәл-пәл  қиқайтып  қалып.  Бұл  оның 



үзілді-кесілді  қарсылық жасағаны. 

Тарт,  тура!  –  дейді  ол  ауыр  денесімен  алға  ұмтылып,  қолын  бір-ақ 



сермеп. Бұл оның жұмыс жүрді, басқа сөз доғарылсын дегені. 

Қырық  төртінші  жылы  осы  «Қызыл  Қазақстан»  ауылына  Ақмоладан 

қазықаяқ  ХТЗ  айдап  келген  он  алты  жасар  қайыстай  қара  бала  Нұрғабыл 

Мәлгаждаров  бұл  күнде  осы  өңірдің  майталман  диқандарының  бірі, 

Социалистік  Еңбек  Ері,  Қазақ  ССР  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты, 

халық қалаулысы, ауыл ағасы. Отыз алты жылдан бері оның аузына ең жиі 

оралатын әлгі үш ауыз сөз осы өңірге тегіс мәтел болып кеткен. 

Бүкіл «Қызыл Қазақстан» ауылы Нұрекеңнің аузынан шыққан осы үш 

ауыз сөз арқылы бар шаруаның сыңайын танып, соның ығына көше береді. 

Болмысынан  біртоға,  бірақ  мәселенің  байыбына  бойлап,  айтар  ойын  түйіп 

жеткізер  адамның  тіліне  тез  оралатын  осы  бір  сөздер  оның  өз  мәтеліне 

айналып  кеткен.  Нұрекеңнің  бүгінгі  атақ-даңқынан  бұрын  осы үш  ауыз  сөз 



әйгілі  болған.  Осы  үш  ауыз  сөздің  төңірегінде  әуелде  талай-талай  әзіл-

қалжыңдар айтылған, осы үш ауыз сөз арқылы оның мінезі мен ісі танылған.  

Жасыратыны жоқ, сонау бір жылдары «Ну, да» мен «Тарт, тура!»-дан 

гөрі  бригадирдің  аузынан  «Жоға,  ә»  жиірек  шығатын  еді.  Оған  кінәлі  сол 

жылдардағы  аумалы-төкпелі  қиындықтар  болса  керек.  Бірақ  Нұрғабылдың 

«жоға,  ә»-сінің  соңында  ешқандай  зілі,  ауыртпалығы  болған  емес.  Оның 

«жоға,  ә»-дан  кейінгі  ашуы  күллі  күш-қайратын  бойына  жинап,  қары 

талғанша  еңбек  етсе,  тарқап  сала  беретін.  Кейде  бір  тірлік  талқысындағы, 

жұмыс барысындағы дау-дамай үстінде әлде біреуге кеткен аз-кем есесін ол 

қашаннан  шаруа  жайлап  өскен  өз  қабырғасымен    кеңесіп,  өз  маңдай  терін 

төгу  арқылы  алатын.  Нұрғабылдың  жеме-жемге  келгенде  жұртты 

тайқақтататын мысы да, сонымен бірге жылы ағыстай жан баурап, иірімімен 

үйіріп алатын инабаттылығы да осы қасиеттерінде еді. 

Соңғы жылдары «жоға, ә»-ні сирек айта бастағанын өзгелер түгіл өзі де 

сезеді.  Бірақ  бұл  тұрмыс  түзеліп,  жағдай  жақсарып,  жас  есейген  сайын 

жауапкершіліктің  кеми  бастағанының  белгісі  емес,  керісінше,  уақыттың 

өзгеруі,  адамдар  арасындағы  сыйластық  сезімдердің  кемелденуінің  көрінісі 

болса керек деп ойлайды ол. 

Дәл биылғы орақтың басында көптен қонысын бөлек салып, қара үзіп 

кеткен сол «жоға, ә» қайта айналып, тағы бір құйындай соғып өткені бар. 

Сол  күні  ол  орақ  жақындаған  сайын  дегбірі  кететін  әдетіне  басып, 

елең-алаңнан  қос  басына  тартпақ  болатын.  Егістікті  әлсін-әлсін  аралап,  әр 

танапқа  ине  жоғалтқандай  көз  майын  тауыса  қарау  Нұрекеңнің  қашанғы 

әдеті. Соңғы жылдары осы дағды қанға сіңген қасиет қана емес, миға сіңген 

мол  тәжірибе  мектебіне  айнала  бастағандай.  Бір  кезде  ұшы-қиыры  жоқ, 

игеруі  мүмкін  емес  сияқты  болып  көрінген  «Жекебаяқтың»  жеті  мың 

гектардан  астам  осынау  егістік  даласының  әрбір  уыс  топырағы,  оған  өскен 

әрбір  бидай  масағы  бұған  енді  пәлен  жыл  бауыр  басқан    өз  бригадасының 

жігіттеріндей  «өзімсініп  тіл  қатады».  Дәл  осы  бір  топыраққа  дәнді  былтыр 

қай  күні  сеуіп  ек,  дәл  сол  күннің  қабағы  қандай  болып  еді,  биылғы  сол 



күндер сондағы ауа райына дәл келе ме? Осы танаптан түскен былтырғы дән 

не  айтып  еді,  биылғы  дән  не  айтады?  Мұның  бәрін  диқан  құлағы  арқылы 

емес,  жүрегі  арқылы  тыңдайды.  Осы  жасына  дейін  жер  тамырын  тыңдаған 

адам ретінде мұның жүрегіне түйген имандай сыры – Жер ешбір диқанның 

адал ақы, маңдай терін жемейтінін біледі. Жер-Ана алдамайды. 

Ертең  жалға  құлатып  тастаған  соң,  бастырылған  астық  пен  түскен 

өнімді ғана есептей аласың. Ал бидай сабағы сағағынан үзіле жаздап, әбден 

толысып тұрғанда әр масақтың айтар сыры өзгеше. Бұл сыр диқан үшін келер 

жылға ғана емес, келешек жылдарға да қажет. 

Адам  жылы  төсектен  тұра  сала  жаңағы  бір  тәтті  түстерін  еске  алып, 

соны өмірге ойластыра жорығанды жақсы көрер еді. Орнынан тұрмай жатып 

оралған  бұл  ойлар  Нұрекеңнің  төсектегі  тәтті  түсі  де,  өмірдегі  тәнті 

шындығы да десе болғандай. 

Ау,  сен  қашан  тұрып  кеткенсің,  -  деді  Нұрекең  есік  алдында  ақ 



бөкебайын  беліне  буып  алып,  самаурын  қойып  жүрген  жұбайы  Ботанды 

көріп. Орақ басталысымен құс  ұйқыға көшетін Ботан жеңгейдің де қашаннан 

қалыптасқан  әдеті.  Бүгін  тіпті  тым  ертелеткен  екен.  Шәй  қоя  жүріп, 

албардың  алдындағы  ала  сиырды  сауа  жүріп,  ара-арасында  шаппашотпен 

самаурынға  оттық  ағашты  қолы-қолына  жұқпай  шапшаң-шапшаң  мол-мол 

бұтайды. 

Нұрекеңнің  жүрегін  сәл-пәл  аяныш  аралас  аяулы  сезім  шым 

еткізгендей  болды.  Ботан  сияқты  сегіз  құрсақ  көтеріп  өсірген  әйел,  әрине, 

«Қызыл Қазақстан» ауылында кеуде көтеріп мақтана алмайды. Өйткені бұл 

ауылда  он  бес  бала  туған,  он  бала  өсірген  Ардақты  аналар  әрбір  бес-он 

түтіннің бірінде кездеседі. 

Абысын-ажындар той-томалақта бас қосып, бір-біріне базына айтқанда: 

Ботан  тоғызыншы  құрсағымен  бірге    геройлықты  қоса  толғатқан. 



Ботан болмаса Нұрғабылға Алтын Жұлдыз аспаннан келе ме, - деп қағытып 

та қояр еді. Бұл сөзде шындық та жоқ емес. Қалай дегенмен де, бір ауылдың 



Алтын Жұлдызды азаматының адал жары ол көтерген жүктің ауар-жеңіліне 

ортақ болары рас қой. 

Ол отағасы болып бұл үй шаруасына қараған адам емес. Бала жастан 

тек  дала  кәсібімен  айналысқандықтан  ба,  үй  шаруасына  әйтеуір,  ешбір  ебі 

жоқ.  Қос  басындағы  комбайн  штурвалындағы,  жөндеу  шеберханасындағы 

диқан қолы айналысатын ірілі-ұсақты жүздеген істің небір қылдай нәзіктікті 

қажет ететіндерін осы ебедейсіз көрінетін етжеңді саусақтарымен-ақ жүзіктің 

көзінен  өтердей  жұтындырып  жібереді.  Ал  үй  шаруасына  келгенде, 

Ботанның бетіне жалтақтап, соның көмекшісіне ұқсайды да қалады. 

Алдыңғы  бір  жылы  сабантой  өткеннен  кейін  осы  үйге  Атбасардан 

Михаил  Егорович  Довжик  келе  қалды.  Екеуі  біраз  жылдан  бері  жарыстас 

болғандықтан  бір-бірімен  жиі  хабарласып,  қонаққа  шақырысып,  кездесіп, 

жүздесіп  тұруды  әдетке  айнаалдырып  алған.  Жарыстас  жылдар  бұларды 

туыстас етіп жіберген секілді. 

Шай ішіп болысымен Ботан апыл-ғұпыл сыртқа шығып кеткен. Михаил 

Егорович  екеуі  әңгіме  қызығымен  үйде  отырып  қалып  еді.  Бұлар  тысқа 

шыққанда  бір-ақ  білді  –  Ботан  жеңгей  бір  қойды  алап  ұрғызып,  мүшелеп 

қазанға салып та үлгіріпті. Енді бөкебайымен белін буып алып отын жарып 

жатыр екен. 

-  


Ойбай-ау,  мынауыңыз  не,  ағашты  біз  жарамыз  ғой,  ерекектер 

тұрғанда,  бұл  әйелдің  шаруасы  емес  қой,  -  деп  Михаил  Егорович 

дегбірсізденіп қалды. 

Оқасы жоқ, - дейді Ботан күлімсіріеп. – Бұл біздің үйренген кәсібіміз.. 



Қас-қағымда қазанға ас та салынып, қазандық қасына жарылған отынның да 

үйіліп қалғанына Михаил Егорович таңырқай қараған. 

Әй,  Нұрғабыл,  нағыз  Еңбек  Ері  болатын  сен  емес,  біздің  замандас 



екен.  Біз қазір орақтағы өнер – оралымдылық, шапшаңдық деп жүрміз ғой. 

Мынадай жылдамдықпен бұ кісі бізді әлденеше орап кететін түрі бар ғой.. – 

деп, риза ниетті әзілге бұрған. 


Не  бір  қонақ  келіп  қалса,  не  бір  қонақ  келетін  хабар  естісе  –  Ботан 

жеңгейдің  жарғақ  құлағы  жастыққа  тимей,  бірнеше  шаруаны  бір  өзі  қатар 

істеп, білек сыбанып кететін әдеті. Әсіресе, көктемгі тұқым себудің тұсы мен 

осы  орақ  күндері  қара  су  теріс  айналып  кетсе  де  күйеуінің  басқа  шаруаға 

мойын бұрмасын жұбайы жақсы біледі. Сондықтан Ботан жеңгей бұл кезде 

қандай қонақ келмесін қабақ шытпай, өзі-ақ қабылдап жатқаны. 

Жалғыз  әйелі  ғана  емес,  осы  қарбалас  екі  маусымның  кезінде  бүкіл 

бригаданың  жігіттері,  бүкіл  ауыл  адамдары  боп  Нұрекеңнің  қабағына 

қарайды.  Ал  Нұрекең  масақтың  бояуына  да,  жігіттерінің  жүзіне  де 

жаутаңдайды. Соның бәрі елдің, егіннің мүддесі. 

Әйтпесе,  «Қызыл  Қазақстан»  қонақ  күте  алмайтын  ауыл  емес. 

Ақантаудың бауырына, Ақанкөлдің жиегіне қашаннан ән-күй дарыған. Сері 

Ақанның  аңшылық  кәсіппен  айналысып  кеткен  ұрпақтары  ән-жырды  қалай 

айтатынын көргің келсе, сабантой кезінде кел. 

Табиғатында  көпшіл  Нұрекеңнің  осы  бір  күндері  қонақты  да,  қонақ 

кәдені де, тойды да, той-томалақтың жоралғысын да елемей естен шығаратын 

әдеті. 

Осы дағдының кесірінен өмірінде екі рет әбестікке ұшырағаны бар. Ол 



күні бүгінге дейін күліп алатын әңгіме боп елден елге тарап кетті. 

«Қызыл  Қазақстан»  бөлімшесінің  басқарушысы  Қазезтай  Сүлейменов 

өзімен  қатар  өскен  құрдас  азамат.  Осы  ауылдың  атақ-абыройы  үшін  ащы-

тұщыны бірге татысып келеді. Қазезтай бір кезде маңдай алды механизатор 

еді,  звено  жетекшісі,  бригадир  де  болған.  Омырауына  талай-талай 

медельдармен  бірге  Еңбек  Қызыл  Ту    орденін  тақты.  Кейінірек  совхоз 

коммунистері  Қазезтайдың  ұйымдастырушылық  қабілетін  де  танып,  оны 

бөлімше басқарушылығына ұсынды. Міне, содан бері ол «Қызыл Қазақстан» 

бөлімшесін басқарып келеді. 

Алғашқы  тың  тарландарының  бірі,  қазақ  даласына  отызыншы 

жылдардан  бауар  басқан  Веселов  МТС-ының  директоры  Федор  Иванович 


Павличенко  сонау  тыңға  түрен  түскен  жылы  екеуіне  де  су  жаңа  трактор 

тапсырып тұрып:  

-  

«Қызыл  Қазақстанның»  болашақ  қос  қыраны,  қос  жұлдызы,  -  деп 



екеуінің арқасынан қатар қағып еді. 

...  Орақтың  жан  алап,  жан  беретін  күндерінің  бірінде  Нұрекең  екінші 

звено жігіттірінің орнын сипап қалды. 

Ау, бұлар қайда кетті? – дейді ол аспазшыларға келіп. 



Қайда  кеттісі  қалай,  Нұреке-ау,  ауылда  бүгін  ақ  түйенің  қарны 

жарылған үлкен той ғой, - дейді аузынан әзілі түспейтін аспазшы келіншек. 

Не той, ненің тойы? Немене, «Жекебаяқтың» жартысын орып болмай 



жатып,  сабантой  жасауға  кетті  ме?  -  Нұрекең  ашу  шақырды.  Келіншектің 

жауабы тағы да қиястау шықты: 

Ойбай-ау, білмеуші ме едіңіз, бөлімше басқарушының әйелі оныншы 



толғағында  тағы  да  торсықтай  ұл  тауып,  Ардақты  ана  атанып  жатса, 

шілдеханаға барам деген елдің аяғына шідер салатын ба едіңіз?.. 

Жоға,  ә  –  дейді  Нұрекең,  -  Жоға,  ә,  бұл  болмайды,  -  дейді  де 



жауырынын  сәл  қисайтып  қалып,  «газикке»  ырғып  мінеді.  Сол  бетінде 

Қазезтайдың үйінің алдынан бір-ақ шыққан. 

Жігіттер  «құтты  болсын»  айтысқаннан  кейін  есіктің  алдына  шыға 

бастаған екен. Әрі ашулы, әрі асығыс, әрі аужайды естен шығарған Нұрекең 

«газиктен түскен бойда: 

 - 


Жоға,  ә,    -  деп  тағы  да  жауырынын  бір  қиқайтып  қалады.  Жүзінде 

ашу барын байқаған жігіттер де бірден не айтарын білмей қалған. Сөйткенше 

Қазезтай да шыға келеді. 

Ау, бұл не мәжіліс, бұл не той? – деп қалады Нұрекең оған. 



Нәрестелі болып ем... – дейді Қазезтай. 

Түу!  –  дейді  сол  кезде  бұл.  –  Түу,  сенің  әйелің  де  мезгілсіз  кезде 



босанады екен... 

Енді  не  қыл  дейсіз,  қарындас  сіздікі  ғой,  -  дейді  де,  Қазезтай  кейін 



бұрылып  жүре  береді.  Қазезтайдың  әйелі  өзіне  жақын  қарындас  болып 

келетіні бұл сәтте Нұрекеңнің қаперінде де жоқ еді. Жігіттер еріндерін тістеп, 

бірін-бірі  түрткілеп  күлкіден  жарылып  кете  жаздайды.  Ойында  жұмыстан 

басқа  ештеңе  жоқ,  оның  үстіне  «осыным  дұрыс  па,  бұрыс  па?»  демей 

абдырап тұрған адам аузынан қандай сөз шыққанын аңғармай да қалған. 

Кейін  мұны  ауыл  адамдары,  әсіресе  Нұрекеңе  құрдас  боп  келетіндер 

талай-талай  рахаттана  күлісіп,  еске  алып  жүрді.  Алғашында  бұған 

Қазезтайдың  бұртыңдағаны  да,  әңгіме  әзілге  айналған  кезде  Нұрекеңнің 

қызарақтағаны да рас. Қазір бұл әңгімеге екеуі де қосыла күледі... 

Ал екіншісі – көктемгі тұқым себу кезінде болған еді. 

Қызыл іңір – қас пен көздің арасында үйге соқса, бейтаныс біреу шай 

ішіп  отыр.  Әлгі  кісімен  амандасып,  апыл-ғұпыл  бір-екі  кесе  шай  іше 

салысымен Нұрекең егістік басына жүруге бет алды. 

-  

Бұл кісі алыстан келген екен,  - дейді әйелі күйеуінің жүзіне қарап, 



күмілжіп. 

Е, алыстан келсе, үй орнында ғой, қонақ болсын, - дейді Нұрекең. 



Жоқ, жұмысы сенде көрінеді, сені іздеп келіпті, - дейді Ботан жеңгей 

тағы да күйеуінің қабағына қарайтын әдетімен. 

Бригадирдің басына көктемгі егіс кезінде сан шаруа тұратыны белгілі. 

Сол  сан  шаруаға  қоса,  он-сан  жетіспейтін  бөлшектердің,  неше  түрлі 

бұрандалардың  аты  тұрады.  Мықты  болсаң  соның  бәрін  есте  сақтап  көр. 

Оның  үстіне  ойға  алған  шаруаның  орайына  қажет  бірдеңелерді  іздеп 

орталыққа келсең, бекерден-бекер шыж-быж болып берекең кетеді. Осындай 

бір ойға алған дүние орындалмаған сапардан кейінгі сәт еді. 

Менде  жұмысыңыз  болса,  менімен  бірге  жүріңіз,  -  деді  жүрелеп 



отырған Нұрекең соңғы кесесін төңкере беріп. Қонақ та көп сөйлемейтін кісі 

екен. 


Иә... иә, шаруам сізде еді, - деді де соңынан ере берді. 

Бөлімше  орталығынан  бригадаға  баратын  екі  жігіт  те  Нұрекеңнің 

«газигіне» мінді. Ауыл шетіне шыға бере тағы бір қария қол көтерді. Қонақ 



кабинаның алдында отырған. Енді кейін қарай ығысып, алғы орынды қарияға 

берді.  


Сонымен  не  керек,  жолдың  ауырлығы  мен  жүктің  салмағы  жеңіл 

«газикті»  жер  бауырлата  отырып,  қос  басына  түн  ортасында  жетті.  Қонақ 

ұйықтап қалды. Нұрекең звеноларды аралап кетті. 

Нұрекең қос басына күн аралатып тағы да түн ортасында келді. Қонақ 

бригадирді  күтілі  еді.  Бірақ  келе  төсекке  қисайған  соң,  шаршап  келген 

адамды  мазалауға  қонақтың  батылы  жетпеді.  Таңертең  қонақ  атып  тұрған 

бетте  көзін  уқалап,  қасындағы  төсекке  қарады,  Тап-тұйнақтай  жиналған 

төсекті көргенде, бригадирдің орнын тағы да сипап қалғанын білді. 

Сөйтіп,  апта  бойына  бригадир  мен  қонақтың  кездесуіне  қолайлы  сәт 

табылмай-ақ қойды. Қос басына бригадир не өкпесін қолына алып келеді де, 

тізе  бүгуге  мұршасы  болмай  қайта  кетеді.  Жағасына  жармасуға  мұндайда 

қонақтың  батылы  жетпейді.  Немесе,  түннің  бір  уағында,  не  таң 

қараңғысында  келіп  шешініп  жатады.  Қонақтың  бойында  мұндайда  бел 

шешпей жүрген бригадирге деген аяныш сезімі оянады.  

Не  керек,  сол  аптаның  аяғында  бригадирдің  «газигі»  бір  топ  жігітті 

тиеп жетті-ау, әйтеуір. Бәрі көңілді. Сақал-мұраттары қауғадай болып кетсе 

де,  шеттерінен  той  үстінде  жүрген  адамдар  сияқты.  Қонақ  енді  түсінді. 

Бригада егісті сол күні сеуіп біткен екен. 

Алыстан келген қонағын әнеукүнгіден бері жаңа танығандай Нұрекең 

оған тұра ұмтылды.   

Ойбу... бауырым-ай, сен әлі осында ма ең, мен тіпті ұмытып кетіппін 



ғой, - деп қақпақтай кеудесімен қонақты қаусыра құшақтап жатыр. – Кешір, 

кешіре гөр. Енді не де болса жаңа егістің тойын бізбен бірге тойлайсың, - деп 

келіп  қонақты  қолтығынан  демей,  кабинаның  алдына  отырғызды  да, 

«газикті»  оталдырып  жатып:  «Тарт,  тура»,  -  деді  де,  бар  денесімен  алға 

ұмтылып, қолын бір сермеп қалды.  

Бұл  алыстан,  Алматыдан келген  қонақтың белгілі суретші  Үкі  Әжиев 

екенін, кейін оның Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болатын топтама 


шығармаларының  арасында  «Қызыл  Қазақстан»  ауылының  атақты  диқаны 

Нұрғабыл Мәлгаждаровтың да бейнесі сомалатынын бұл тұста ешкім білген 

жоқ еді. 

Күйеуінің  көктемгі  егіс  пен  күзгі  орақ  маусымында    «құтты  болсын» 

айту мен қонақ күту рәсімінен екі қайтара қалай қателескенін жақсы білетінін 

Ботан  жеңгей    сондықтан  да  осы  үйдің  босағасына  бүгін-ертеңдер  келіп 

жететін  үлкен  қуаныш  хабарын  әлі  Нұрекеңе  жеткізген  жоқ.  Алакеуімнен 

тұрып  сиыр  саууы,  самаурын  қоюы  күнделікті  дағдысы  болса  да, 

шаппашотпен  шапшаңдата  ағаш  бұтауы  бекерден-бекер  емес  екенін  әке 

жүрегі де сезіп қалғандай еді... 

Нұрекеңнің  үлкен  қызы  Күләш  Целиноградтағы  ауыл  шаруашылық 

институтының экономика факультетін бітірді. Отының алды, суының тұнығы 

осы  тұла  бойы  тұңғышын  Нұрекең  бой  жеткенше  еркек  балаша  киіндіріп, 

еркелетіп  өсіріп  еді.  Қызы  әкесінің  таракторының  қырдан  бері  қарай  қылт 

етіп құлауын күтіп тұрып, алдынан жүгіріп шығатын, Нұрекең де тракторын 

тоқтата  сала  оны  кабинасына  отырғызып  алатын.  Есейе  келе  оған  трактор 

жүргізуді үйретті, ал мектеп бітіретін жылдары Күләш комбайн штурвалына 

отырып, өзіне қолғабысқа жараған. 

Енді  міне,  сол  қимас  қызы  оқуын  бітірген  соң  теңін  тауып,  сөз 

байласыпты.  Құдалар  Қостанай  жақтан  екен.  Ол  жақтағы  той-томалақ 

өткенге ұқсайды. Екі бала енді «осы жақтағы ата-анамыздың алдынан өтеміз» 

дейтін  көрінеді.  Бұл  хабардың  шет  жағасын  Нұрекеңе  Ботан  жеңгей  бұдан 

біраз бұрын екеуден-екеу шай үстінде отырғанда шет қақпайлап айтқан еді.  

Осыдан он шақты  күн бұрын әйелі тағы да бір оңаша қалғанда күйеу 

баланың  Целиноградтағы  ауыл  шаруашылық  институтында  сырттай 

оқитынын, өз ауылында оның да туыстары ораққа қатысты адамдар екенін, 

ал  күйеу  бала  онда  тікелей  жауапты  жұмыс  атқаратынын  жақаурата 

жеткізген. 

Осы сенің сымсыз телефоның бар ма, соның бәрін қайдан білесің? – 



деді  Нұрекең.  «Орақ  бітпей,  құда  қабылдап,  той  өткізер  жағдайым  жоқ» 

дегенді  айтайын  деп  еді,  жұбайының  жанарында  үзіле  жаздап  тұрған  ұсақ 

тамшылар өзінің де көңілін қобалжытып жібергендей болды. 

Нұрекеңнің қылп ете қалған ішкі ойы өзін алдамаған екен. Енді міне, 

шай үстінде Ботан жеңгей ерекше бір батылдықпен сөйледі. 

Кеше телеграмма келді. Құдалар да, балалар да бүгін Целиноградтан 



шығатын  көрінеді.  Күтіп  алу  керек,  тойға  қамдану  керек.  Тұла  бойы 

тұңғышымыздың  тойын  ел  қатарлы  өткізбесек,  атымызға  ұят...  Кеше 

совхоздың  парторгі  сені  іздеп  келіп  кеткен.  Жай-жапсардың  бәрін  айтқам. 

«Ойбай, жеңеше, құдаларды қарсы алуға да, той өткізуге де қиналмаңыздар. 

Нұрекеңнің  қуанышы  –  бүкіл  «Қызыл  Қазақстанның»,  қала  берді  бүкіл 

ауданның тойы емес пе? Василий Денисовичке де (совхоз директоры)  өзім 

мән-жайды айтып түсіндіремін» деп еді. Саған ешкім ештеңе деген жоқ па? – 

деп әйелі әңгіменің аяғын өзіне сүйей салды. 

Нұрекең  үнсіз  қалды.  Әйелінің  сауалына  жауап  бермей,  қою  шайды 

сораптай берді. 

Нұрекеңнің басына жеке тұрмыс қамы мен қоғамдық іс қат-қабат келіп, 

«ал,  кәне,  алдымен  қайсымызды  атқарасың»  деген  текетірес  сауалға  тап 

болатыны бұл бір емес. Мұндайда тек ойлануға тура келеді. 

«Нұрғабылдың қызы тұрмысқа шығыпты, той жасағалы жатыр екен», 



десе,  ол  тойды  бүкіл  ауыл  жік-жапар  болып  төбесіне  көтеріп  әкететіні 

сөзсіз.  Ес  біліп,  етек  жапқалы  қуанышты  да,  қайғыны  да  осы  ауылдың 

адамдарымен  бірге  көтерісіп  келеді.  Үш  жасында  шешеден,  жеті  жасында 

әкеден айрылған. Нұрғабыл мынау жарқын заман мен жақсы қоғамның, одан 

қалды,  осы  «Қызыл  Қазақстанның»    ер-азаматтарының  арқасында  жетімдік 

көрген  жоқ.  Қайта  бүкіл  ауылды  аузына  қаратып  өсті,  ағайын-туғанына 

ұйытқы, бірлікшіл боп ер жетті. Егер еңбегі жанып, сөзін ел тыңдап, басына 

бақ  қонса,  ол  бұған  аспаннан  келген  жоқ.  Жылатпай-сықтатпай  өсірген 

заманына,  жақсылық  жасап,  бауырына  басқан  ер-азаматтарға,  туған 

топырағына деген адал ниетіне келген болар. Рас, елінен аянған жоқ, маңдай 

терін ешкімге бұлдаған жоқ. Азамат парызы – жақсылыққа жақсылық қайыру 



болса,  неге  аянсын,  неге  бұлдансын?!  Бірақ  үлкен  қуаныштың  алдында  да, 

үлкен  қиындықтың  алдында  да  өткен-кеткенді  еске  алып,  ақыл  таразысына 

тартарда, ағайын-туысты да, бүгінгі шаруаның қамын да қатар ойламай бола 

ма? 


Жаңағы  парторг  жігіттің:  «Василий  Денисовичке  де  өзім  мән-жайды 

айтып  түсіндіремін»  деп  отырған  адамы  –  осы  совхоздың  директоры. 

Нұрғабыл: «Құдаларым алыстан келген екен, бірер күн той жасап жіберейін» 

десе,  бұған  ешбір  қарсылық  жасамасын  біледі.  Отыз  жылдан  бері  осы 

совхозды  басқарып  келе  жатқан  қарт  коммунист  Нұрғабылдың  әкесінен 

бетер. 


Жетпіс  екінші  жылы  қыс  ортасында  бұған  Социалистік  Еңбек  Ері 

атағын  беру  жөнінде  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  Жарлығы  туралы  хабарды 

алдымен естіген Василий Денисович қар тоқтатуда жүрген мұны да, мұның 

үй-ішін  де  дереу  көлік  жіберіп,  совхоз  орталығындағы  өз  үйіне  алдырады. 

Сүйіншіні  Нұрғабылдан  өзі  сұрап,  өзге  жұртқа  өзі  берген  жоқ  па  еді? 

Ауданнан  құтты  болсын  айтуға  келе  жатқан  қонақтарды  ауылдың 

қақпасының  алдынан  күтіп  алып,  өз  үйіне  түсірген.  Сонда  жұртты  дәмге 

шақыра тұрып, Василий Денисовичтің:  

Нұрғабыл «Қызыл Қазақстанның» батыры болса – мына менің балам, 



дегені әлі күнге құлағының түбінде тұр. 

Ендеше  сол  адам  мұның  тойына  қарсылық  жасай  ма?  Әрине, 

жасамайды. Құлақшынын лақтырып, қол соғады. 

Бірақ сенім – сенім, көңіл – көңіл, ал іс деген кейде тіпті бөлек дүние. 

Сенім  де,  көңіл  де  істі  орнына  толтыра  алмайтын  кездер  болады.  Мұның 

атын сан соғып қалу дейді. Тыңның табиғатында уақыттан бір сағат, бір сәт 

ұтылудың қаншама бармақ шайнатып, бас шайқатқанын кім білмейді. Көздің 

жауын алып тұрған егіннен қас пен көздің арасында айрылып қалған кездер 

аз болды ма? 



Оның үстіне, Нұрекеңнің егістігі Ақмола өңірінің ең теріскейіндегі, ауа 

райы  құбылмалы  құба  жонында  жатыр.  Тұқымды  кеш  себеді.  Егінді  кеш 

орады, есесіне суық ерте түседі. 

Кейде облыс жақтан келетін өкілдермен әңгімелесе қалғанда, Нұрекең 

жолдағы  аудандардың  жағдайын,  ауа  райын  сұрайды.  Сөз  арасында  өзінің 

жарыстасы,  Атбасар  ауданындағы  әйгілі  диқан  досы  М.В.  Довжиктің  жәй-

жапсарынан сыр суыртпақтайды. Сонда біреулер: 

Атбасарда  ауа  райы  ашық,  күн  тамылжып  тұр,  -  дейді.  Ондайда 



Нұрекең  қысықтау  көзін  одан  да  гөрі  сығырайтыңқырап  тұрып,  қуақы  бір 

күліп алады да, сұқ саусағын шошайта жауап қатады. 

Жоға, ә. Мен Атбасарға сенбеймін. Мен Көкшетауға сенемін. Маған 



Көкшетау  жақын,  -  дейді.  Бұл  сөзде  Атбасарда  «жарыстасым»  бар  деген 

емеурін  жатыр.  Сонымен  бірге  бұл  жердің  ауа  райы  Көкше  өңірінің 

табиғатымен тұспа-тұс келетіні де рас. 

Облыстың  өзге  аудандарында  орақтың  орталанып  немесе  аяқталып 

қалғанын Нұрекең сезіп отыр. Орақты Көкшедегі кейбір көршілер де бастап 

кетті. Есептеп қараса, тіпті биыл Нұрекең жылдағыдан бірер күн кешеуілдеп 

қалыпты. 

...  Алыстан  келе  жатқан  құдалардың,  тұла  бойы  тұңғышы  Күләшінің, 

күйеу  баланың, адал жарының көңілін қию  –  Нұрекеңе де оңай емес. Бірақ 

бүкіл егінді бір түнде боз қырау ұрып кетсе, елге не бетін айтпақ. Ендеше, 

«орақты қайткенде де бүгін бастау керек» деген байламды Нұрекең өзгерте 

алмайды. Бұл – бір. 

Екіншіден, кеше бригаданың басында осындай тағы бір оқиға болған. 

Ұсақ-түйекке мән бермейтін Нұрекең бұл жайды көңіліне алып қалып еді. 

Нұрекең  бригадасындағы  ең  үлкен  күш  –  Мәшіреновтер  әулеті.  Осы 

«Қызыл  Қазақстанды»  қолымен  құрып,  көп  жыл  басқарған  қарт большевик 

Мәшірен ақсақалды Нұрекеңнің басы жерге жеткенше сыйлайтынына ешкім 

шүбәланбайды.  Оны  бүкіл  ауыл  біледі.  Оны  Нұрекеңнің  қарамағында 

істейтін Мәшірен ақсақалдың сегіз баласы да біледі. 


Осы  отбасының  балаларын  өз  баласындай  бауырына  басып 

тәрбиелеуінде  гәп  те  жоқ  емес.  «Әкең  өлсе  өлсін,  әкеңнің  көзін  көрген 

өлмесін» деген рас екен... Мұның да әкесі «Қызыл Қазақстандағы» алғашқы 

қызыл  болшевиктердің  бірі  болғасын  ба,  Мәшірен  ақсақал  Нұрекеңнің 

жетімдік көрмей өсуіне себепші болғандардың бірі. 

Кейін  пенсияға  шыққаннан  соң  Мәшірен  ақсақал  үйде  қол  қусырып 

отыра алмаса керек, Нұрекеңе келіп: 

Нұрғабыл қарағым, мені өзіңе көмекші етіп ал, аз болса да жер танып, 



аспанның  қабағын  бағып  өскен  адам  едім.  Егістігіңе  қорықшы  болсам  да 

қолғабысым тиер, - деп қолқа салған. 

Нұрекең  қарттың  қолқасын  қуана  қарсы  алды.  Қайдағы  қолғабыс, 

қайдағы көмекші – ақылшы болды десек, артық айтпас. 

Еңбек  еткен  адамды,  соған  жан-тәнімен  берілген  адамды  жанымдай 



жақсы көремін, сол адамның еңбегі жанса екен деп тілеймін, - дейтін қария. 

Сол Мәшірен ақсақалдың бригададағы бір ұлы еркелеу боп өсіп келеді. 

Кеше  кездесіп  қалып,  Нұрекеңнің  жанына  арсалаңдап  жетіп  келді.  Еркелігі 

болмаса, еңбеккер, ақкөңіл. 

Аға  деймін,  аға!  Мен  үйленемін.  Иә...  иә...  Үйленетін  болдым,  аға, 



үйленбесем болмайды, - деп қойды және. 

Нұрекең ішінен мырс етті. 

-  

О,  мұның  жақсылық  қой.  Мәшекең  мен  Рахима  жеңгейдің  қолы 



ұзаратын  болыпты.  Тойды  өзіміз  жасаймыз,  қатырып  тұрып...  Тек  мына 

егінді  орып  алайық,  -  деп  Нұрекең  оны  арқадан  қағып  еді,  анау  қиқаң  ете 

қалды. 



Жоқ, аға, мен не бүгін, не ертең үйленемін, - деді ол. 



Қалқам-ау, орақты бүгін-ертең бастайық деп отырмыз ғой, сен болсаң, 

пілдей бір комбайнның иесісің, жұмыс ақсайды ғой, - деп жағдайды түсіндіре 

бастап еді, бала морт кетті. 

Жоқ, именно, осы бүгін-ертең үйленем, әйтпесе болмайды, - деді. 



Қалқам-ау,  комбайынды  не  істейміз?  –  деді  Нұрекең  адамды 

жекімейтін жұмсақ даусымен. 

Егер  мен  үйленбейтін  болсам,  комбайныңызды  ала  беріңіз,  -  деді 



қолын бір-ақ сілтеп. 

Бригададағы  жігіттер  түгіл  бүкіл  «Қызыл  Қазақстанның»  бірде-бір 

үлкен-кішісімен  бұлай  әңгімелескені  Нұрекеңнің  есінде  жоқ.  Сондықтан 

томаға-тұйық үнсіз қалған. 

Ал егер бүгін өз қызын, құдаларын қарсы алып, той жасаса, Мәшекең 

не айтады? Міне, мынау әңгіме енді сол оқиғаны да еске салды. 

Әлгіден бері Ботан жеңгейдің сауалына жауапты кідіртіп, қою шайды 

сораптап отырып ойланған сыңай танытқанда, Нұрекең осының бәрін іштей 

шамалап үлгіріп еді. 

Енді тура байламға көшті.  

Әйелім ренжісе – өзімдікі, күйеу балам мен қызым ренжісе – олар да 

ешқайда кетпес, құдалардан көп болса кешірім сұрармын. Мәшекең баласы 

комбайында тастап кетсе, тағы бір лажы болар. Осының бәрін ағайын арасы, 

қатын-қалаш сөз етсе – пішту. 

Ең бастысы – егін, егінді жинап алмай жасайтын ешқандай тойым жоқ, 

деп түйді де, кесесін төңкере беріп, Ботанның бетіне қарады: 



Бүгін орақты бастаймыз, қайдағы той. Жоға, ә, - деді жауырынын сәл-

пәл қиқайта қалып. Сосын ас қайырып жүре берді. 

Дастарқан басында аң-таң күйде Ботан жеңгей қалды. 

Ойы онға бөлініп, күпті көңілмен бригада басына Нұрекең жетті. 

Түс ауа «Қызыл Қазақстанға» Нұрекеңнің құдалары келді. 

Түс ауа «Жекебаяқтың» егіс даласында егін орағы басталып кетті. 

Нұрекеңнің  үйіне  құдаларды  бастап  келген  совхоз  партия  ұйымының 

секретары  Ғазез  Кенжалин  бүгін  «Жекебаяқта»  орақтың  басталып  кеткенін 

іштей  сезіп  еді.  «Енді  не  істеймін»  деп  келген  парторгқа  сәті  түскенде 

«Қызыл  Қазақстанда»  шаруашылық  аралап  жүрген  аудандық  партия 

комитетінің  секретары  Хайролла  Жармұхановтың  жолыға  кетпесі  бар  ма. 



Бөлімше кеңсесінде секретарьдың жанында Нұрекең бригадасының механигі, 

осы  ауылдың  белді  де  беделді  жігіттерінің  бірі,  жас  коммунист  Дулат 

Мәшіренов отыр екен. Парторг секретарьға Нұрекең үйіне күйеу-құдалардың 

қолайсыздау уақытта келіп қалғанын айтып жеткізуі-ақ мұң екен, сөзді Дулат 

сабақтап кетті: 

Ол солай, - деді Дулат, - оның үстіне кешеден бері сол бригададағы 



менің бір комбайыншы інім де «үйленемін»  деп қиғылық салып, жұмысты 

тастап  кетіп  қалыпты...  Содан  Нұрекеңнің  көңіл-хошы  шамалы.  Орақ 

басталғанда  ешкімнің  көңілінде  селкеу  болмағанын сүйетін  адам  еді,  -  деді 

механик жігіт қос бірдей партия қызметкеріне жалтақтай қарап. 

Ә, - деді аупартком секретары, - Нұрекеңнің жұмыс үстінде көңіл-күйі 



жақсы болуы керек. Оның барынша шабыттана күткен күні осы алтын орақ 

емес  пе!  Сол  күндерде  оның  көңілі  күпті  боп,  қабағында  кірбің  жүретін 

болса,  онда  біздің  жұмыс  істегеніміз  қайсы?  Той  деген,  үйлену  деген 

жұмысқа  қолбайлау  болып  па?  Қайта  соны  жұмысқа  ынталандырудың, 

еңбекті  еселеудің  қанаты  етіп  жіберуіміз  керек...  Сенің  ініңнің  әкелетін 

қалыңдығы қай ауылдан еді? Сол ауылға да хабарласу керек. Құдаларға да, 

күйеу балаға да жағдайды айтып түсіндіру керек. Онда тұрған не бар?.. 

 

Аудандық  партия  комитетінің  секретары  телефон  соғып,  ең  алдымен 



совхо директоры Василий Денисович Белаймен сөйлесті. Одан кейін мынау 

Мәшіреновтің  інісі  «қалыңдық  әкелемін»  деп  кеткен  ауылдың  партия 

ұйымының секретарымен жалғасты. 

-  


Ал, Ғазез, - деді содан кейін Хайролла Жармұқанов шапшаң сөйлесе 

де, тез шешім табатын мінезіне басып. – Сен құдалардың жанында қаласың. 

Қазір  сол  үйге  Василий  Денисович  те  келеді.  Мен  осы  ауылға  «келін 

әкелемін»  деп  кеткен  жігіттің  соңынан  барам.  Оны  ренжітпеу  керек.  Жаңа 

сол  ауылмен сөйлестім,  келін  де  комбайншы көрінеді.  Дулат  сен бригадаға 

тарт. Нұрекеңе айт, шымылдығын да, су жаңа комбайнын да әзірлей берсін. 

Тойды тура қос басында өткіземіз, - деді. 


Айтқандай,  сол  күні  кешке  жақын  «Жекебаяқтағы»  қос  басында 

шымылдық желбіреді. 

Айтқандай,  сол  күні  кешке  жақын  «Жекебаяқтағы»  қос  басында 

Нұрекең  қызы  мен  күйеу  баласының  маңдайынан  иіскеп,  құдалармен 

құйрық-бауыр жесті. 

Құдалар  да  Қостанайдың  ең  бір  астықты  өңірі  Урицкий  ауданының 

«Күнтимес» ауылынан екен. Диқан ауылдың ол жақтағы азаматтары да жөн-

жоралғы  білетін  болып  шықты.  Күйеу  балаға  «қайын-жұртыңның  қолын 

байлама» деп кезекті еңбек демалысын да беріп жіберіпті. Оның үстіне күйеу 

бала бесаспап механизатор екен. 

Ал Мәшірен ақсақалдың еркелеу баласы да ақылсыз болмай шықты. 

Келініңіз  комбайншы  еді,  аға,  ол  ауылда  орақ  басталып  кетсе,  оны 



босатпай қоятын болғасын асығып ем.., - дейді басын төмен салбыратып. 

Ереңіне  Нұрекең  бригадасына  әнеукүні  келген  су  жаңа  екі  қызыл 

«Ниваға» екі бірдей жас отау иелерін отырғызып жатып: 

Тарт,  тура,  -  деп  ауыр  денесімен  алға  ұмтылып,  қолын  бір  сермеп 



қалды. 

Кеше  «Қызыл  Қазақстан»  ауылында  биылғы  жылдың  сабантойы  өтті. 

Сабантой екі бірдей үйлену тойына ұласты. 

«Қызыл Қазақстан» ауылының диқандары әр гектардан он алты жарым 

центнерден  өнім  айналдырды.  Бұл  әрине,  Қызыл  Қазақстандықтардың 

бұрын-соңды болмаған рекорды емес. Бірақ биылғыдай осы өңірде ауа райы 

қолайсыз жыл үшін үлкен қанағат, үлкен қуаныш. 

Той  үстінде  Нұрекеңе  жан-жақтан  телеграммалар  ағылды.  Соның 

ішінде Атбасардан, талай жылдан жарыстас тарлан диқан Михаил Довжиктен 

де бар еді. 

«Нұрғабыл, сен биыл ерледің! Құттықтаймын! Жоғары өнім алуыңмен, 

озуыңмен  құттықтаймын!»  -  дей  келіп,  сөз  аяғында:  -  «Қызың  тұрмысқа 

шығыпты... той қашан?» деген сауалды да қыстырып жіберіпті. 


-  

Ну, да, - деді ол сонда бір иығын аз-кем алға қозғап қойып. – Ну, да, 

тойға  шақыруымыз  керек  екен  ғой.  Довжикке  де,  Гаврюликке  де  беріңдер 

телеграмманы.  Олар  менің  қашаннан  қанаттастарым  ғой,  -  деді  Нұрекең 

қуаныш үстінде тебіреніп тұрып. 

Той тойға ұлассын, «Қызыл Қазақстандықтар!». 



 

Целиноград облысы 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет