Сәкен Көкше аңыздарының ішіне «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы әңгімелерді бөліп алады.
Бұл аңыз әңгімелер Көкшетаудағы бірнеше жерлердің жоғарыдағы аттарға ие болуы жайын шертеді. «Жеке батыр» тауының аты қарауылда тұрған батырдың қалғып кетуімен байланысты туса, «Бурабай» сол көлді мекен еткен ақ бас бура тарихымен байланыстырылады. Ақынның ескі аңыз-әңгімелерге сын көзімен қарап, оған халықтық тұрғыдан баға бере білгенін осы тұста анық байқауға болады. Сәкен жырлауындағы ел аңызында Бурабай көлін мекендеген ақбас бура — ардақты ел күзетшісі, соның жақсылық, жаманшылығына ортақ жануар болып суреттеледі.
Осындай ел аңызындағы қасиетті бура бір күні ойда жоқта оққа ұшады. Бұл тұста ақын казақ хандарының озбырлық қылықтарын батыл әшкерелейді. Әсіресе, халықтың қас жауы Қасым төре Абылайұлының ел қасиеттеген, оның досы болған бураға оқ атуын ызамен жырлайды.
«Оқжетпес», «Жұмбақтас» аңыздары — Сәкен поэмасының негізгі тараулары. Ақын сол дәуірдің шындығын, ондағы таптық қарым-қатынастарды, ұнамды-ұнамсыз адамдар образдарын да осы тарауларда ашады. Бұл аңыздардың негізі — қазақ пен қалмақтар арасындағы ерте кездегі жауласушылықтың оқиғалары болып табылады. Қазақ ханы Абылайдың қалмақты жаулауын көрсететін бір эпизодты баяндай отырып, автор сол арқылы хандар ісіне халықтық көзқарасты баяндайды.