Популяцияның құрылымы – жыныстық, жас ерекшелік, кеңістік, генетикалық, экологиялық және тіршілік толқыны деп бөлінеді.
1. Популяцияның жыныстық құрылымының алғашқы кезеңі - зиготадан, екінші кезеңі - жаңа туған ұрпақтардан, ал үшінші кезеңі - олардың жыныстық жетілуінен басталады.
2. Жас ерекшелік құрылымы - түрдің генететикалық ерекшелігіне байланысты. Тұрақты популяцияда жас жағынан ересектеріне қарағанда жас даралар басымдау болады. Организмдердің әр түрлі топтарының құрамы - ұрпақтарынан, ересектерінен тұрады.
3. Кеңістік — барлық түрлер мен жеке популяция топтарының арасында біркелкі бөлінбейді. Бұл мекен еткен ортасында қоректік қорлардың физикалық-географиялық жағдайларына тікелей байланысты болады.
4. Генетикалық құрылым — тек аллельдерімен және генотип жиілігімен сипатталады.
5. Экологиялық құрылым - организмдердің қоректенуіне, жас және жыныс ерекшелігіне, қозғалу белсенділігіне қарай популяциялардың топқа бөлінуі. Популяция құрылымының тез өзгеру себептері экологиялық құрылымы арқылы айқындалады.
6. Тіршілік толқыны - кеңістіктегі таралуының және санының үнемі өзгеріп отыруымен тығыз байланысты, оған бейбиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлар әсер етеді.
Популяцияның түрлері
Қалыпты популяцияда- барлық жастағылар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады. Популяцияда жас особьтар көп болса жаңартатын немесе инвазивтік деп аталады. Популяцияның өмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық байланыстар қалыптаспаған. Популяцияның басқа да классификациясы бар. Популяцияны көбею түріне, өмір сүру ұзақтығына, генетикалық дәрежесіне байланысты да жіктейді..
Популяцияның орналасқан территориясына және особьтар арасындағы қарым-қатынас дәрежесіне байланысты
Элементарлы
Экологиялық
Географиялық
Элементарлы популяция
Толық панмиксиямен сипатталатын особьтардың қарапайым топтары. Панмиксия –популяция ішінде немесе қандай да бір басқа түрішілік топтарда особьтардың еркін будандасуы. Панмиксия терминін 1885 жылы Вейсман енгізген. Панмиксиялық популяцияларда келесі ұрпақтың тұқым қууалаушылық құрылымын ұрықтану кезінде әртүрлі гаметалардың сан алуан үйлесулері есебінен саны ата-аналардың берілген гаметалардың түрлі типтердің жилігіне байланысты. Мұндай популяциялардың генетикасын зерттеу жолдарының бірі ондағы жеке гетерозиготалы өкілдердің таралу жилігін сипатын анықтау болып табылады
Экологиялық популяция
Кеңістіктегі біріккен элементарлы популяциялардың жиынтығы. Мысалы, бір түрдің особьтары шыршалы ормандарда да, сондай-ақ қарағайлы ормандарда да мекендейді. Мұнда біз екі экологиялық популяция — шыршалық және қарағайлык популяция бар деп айта аламыз.
Географиялық популяция
Кеңістіктегі біріккен экологиялық популяциялардың жиынтығы. Географиялық популяция белгілі географиялық шектерде кездесетін жергілікті ықшам популяциялардың жиынтығын көрсету үшін кең мағынада қолданылады. Демек географиялық популяция экологиялық популяцияларға бөлінеді, ал бұлардың өзі ықшам (жергілікті) популяцияларға бөлінеді. Сөйтіп бір-біріне туынды әр түрлі дәрежедегі популяциялардың сатылары пайда болады.
Өздігінен пайда болу және эволюциялық түр түзілу процестері жүру қабілетіне байланысты