(Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы» бойынша)
Орындаған: Назыбекова Жаңайлым
Тобы: Кял-20-1у
Портфолио жетекшісі: Айтимов Мұратбек Кенжебайұлы, филология ғылымдарының докторы, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Студент туралы мәлімет
Аты-жөні: Назыбекова Жаңайлым Қалдыбекқызы
Туылған айы,жылы: 14.01.2001
Туылған жері: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті
Оқу орны: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Отбасылық жағдайы: отбасылы
Мақсаты: Кез келген іске кіріспестен бұрын өзіңнің мақсатыңды айқындап алып кірісу
Ұстанымы: Адамдар сенен көмек сұраса,қол ұшын созудан бас тартпа!
Сайлаубай Жұбатырұлы «Абыржы» романын талдау (Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы» бойынша)
1. Авторы: Сайлаубай Жұбатырұлы - 1948 жылы 11 қаңтар да Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Улан») газетінде, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ телевидениесінде, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында жауапты қызметтер атқарды. Тұңғыш рет 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен, «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған «Боз айғыр» әңгімесімен танылды. 1971 жылы жастарға арналған шығармалардың жабық бәйгесінде «Алыстағы аралдар» повесімен 2-орынды жеңіп алды. «Отты еткел», «Бумеранг» повестері, бірсыпыра әңгіме-новеллалары «Жасыл сағым» (1978), «Алыстат аралдар» (1980), «Зеленый мираж» (орыс тілінде, 1984) жинақтарында және бірнеше ұжымдық жинақтарда жарық көрді. «Алақандағы ұя» әңгімесі әлемнің бес тілінде жариялайды.