Портфолио қызылорда, 2022 жыл


Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе,шығарма мазмұнының негізгі арқауы,айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары(З.Ахметов)



бет2/5
Дата02.12.2022
өлшемі165,45 Kb.
#54444
1   2   3   4   5
Байланысты:
жанай

2. Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе,шығарма мазмұнының негізгі арқауы,айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары(З.Ахметов)

Романда сөз болатын басты мәселе Сыр өңірінің экологиялық жағдайы, қолмен жасалған қастықты халықтың жұмыла қайта қалыпқа келтірудегі көріністері.

3. Әдеби жанр

3. Әдеби жанр

Эпос-көркем әдебиетті өмірді суреттеу тәсілі жағынан үш салаға бөлгенде,лирика,драмамен қатар,өз алдына үлкен бір сала (жанр) болып саналатын,оқиғаны баяндап жеткізуге негізделетін шығармалар тобы(Ө.Күмісбаев).

4. Эпикалық жанр түрі (роман-трилогия)

Роман (11 — 12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр.

Трилогия (гр. 'trі' – үш, logos – сөз, ілім) – мазмұн-мағынасы, сюжеті жағынан бір-бірімен тығыз байланыста, негізгі кейіпкерлері ортақ келетін, өзара жалғасқан, тұтас үш бөлімді туынды.

5. Романның негізгі идеясы- өмірде жақсылық пен жамандықтың қатар жүретіні,түбінде жақсылықтың жеңетіні,өмірде еш нәрсе құпия болып қалмайтынын автор шығарманың басты идеясы етіп көрсетті.

Роман - алып империя күйреп, тәуелсіз ел тұңғыш қадамдар жасап, формациялар қинала ауысып жатқан күрделі кезеңдегі ойлы адамның жан дүниесі, өтпелі кезең шындықтарын баяндайды.

6. Шығарманың композициялық құрылысы- сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып,реттеп,қиыннан қиыстырып тұратын ой бірлігі.Роман композициялық құрылысы жағынан он бір тарау мен түйіннен тұрады.

6. Шығарманың композициялық құрылысы- сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып,реттеп,қиыннан қиыстырып тұратын ой бірлігі.Роман композициялық құрылысы жағынан он бір тарау мен түйіннен тұрады.

Романның бірінші томында туған Аралын кептіруге, басқа елдерді гүлдендіруге арналған «Стратегиялық зерттеулер мен Жобалаулар секторының» бағдарламасы бойынша Медет және басқа да мамандардың Моңғолияда, Вьетнамда, Иранда, Кубада және т.б. елдерде еңбек етіп, ақырында ауылға оралып, экологиялық апатқа дес бермей жұмыс жасаулары, ұстазының әрбір айтқан ақылын есте сақтай отырып, әрбір істі сол бағыт – бағдар арқылы ойланып, қимылдауы, әйтседе ішкі түйсігінің оған келіспеуі. Қазақ даласын тәжірибе, сынақ алаңы ғана еткісі келген кеңестік империялық жүйенің шын сипатына көркем шындықпен бағалаулар жасалуы. Өмір бойы алыста, қалада, қызметте жүріп, енді бәрінен де жерініп, суы тартылған, тұрмысы жүдеген ауылына қайтып келген Медеттің халі – жан әлемі таза, ауылда туып, алыстан білім алған ділі мықты қазақ ұлтының нағыз шынайы перзенттерінің табиғи тұлғасын жинақтаған тұлға. Ауылының қарапайым адамдары қуана қарсы алғанымен, ең жақын туыстары, ағалары - Демеу, Үшмырза – бәрі ортаға алып, мұның қаладан осы Бөкен ауылына келуін айыптайды. Ағалары Үшмырза мен Демеудің өзара жалғасқан әңгімелері, диалогтары, ішкі монологтары арқылы Медеттің абыройы аспандап жүрген жағдайының күрт мынадай алаңсыз төмендеуіне зор күйзеліс әкелгені сезіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет