Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ
ТБ тергеушісі А.К. Дакешев
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға
жол берілмейтіндігі туралы ескерту
ҚОЛХАТЫ
«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы
Мен, Сәрсенбаев Дархан Омарұлы, Алға қаласы, Ш. Уәлиханова, 5 мекенжайы бойынша тұрамын, Ақтөбе қаласы прокурорының және іс бойынша тергеушінің келісімінсіз сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2015 жылғы «10» қаңтарда №15151003100014 тіркелген іс бойынша менің қатысуыммен жүргізілген тергеу амалдарын жүргізген кезде белгілі болған қылмыстық іс жүргізудегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтерін жариялауға жол берілмейтіндігі туралы маған ескертілгені туралы осы қолхатты беремін.
ҚР ҚК-нің 423-бабы бойынша прокурордың немесе тергеушінің келiсуiнсiз істегі мәліметтерді жария ету үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілдім.
______________
Қолхатты алдым
Тергеуші А.К. Дакешев
Ақтөбе қаласы № 2 сотының
төрағасына
Талапкер: Сәрсенбаев Дархан Омарұлы, тұратын мекенжайы: Ақтөбе облысы, Алға қаласы,
Ш. Уәлиханов көш., 5.
Жауапкер: Ділмағанбетова Жанна Кәмелқызы, тұратын мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көш., 24-үй, 52-пәтер
Талап арыз
05.01.2015 ж. шамамен сағат 17.00-де Ділмағанбетова Жанна Кәмелқызы теміржол вокзалының маңындағы, Ломоносов және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан алаңда маған жолығып, бір тәулікке жалға алуға пәтер ұсынған, бұл ретте оның осы қызметті көрсетуге нақты мүмкіншілігі болмай тұра, ол қасақана, пайдакүнемдік ниетпен, бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында, мені жаңылыстырып, өзінің ұсынысын жүзеге асыруды ойламай, алдау және сенімімді теріс пайдаланып, алаяқтық арқылы менен құны 23.000 теңге тұратын «Nokia 6303» маркалы ұялы телефонын сим-картасыз ұрлап, қылмыс жасаған орнынан жасынырып кеткен.
Осылай маған оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 23.000 теңге сомасында материалдық зиян келтірілген.
Жазылғандардың негізінде және ҚР ҚПК-нің 38-42, 167-баптарын, АІЖК-нің 150-бабын басшылыққа ала отырып,
1. Ділмағанбетова Жанна Кәмелқызынан менің пайдама 23000 теңге сомасында материалдық зиянды өтеуді.
2. Осы талапты қамтамасыз ету үшін шаралар қабыладуды сұраймын:
.
Достарыңызбен бөлісу: |