Постановление



бет7/58
Дата06.12.2022
өлшемі349,91 Kb.
#55193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Байланысты:
Ìàêåò ?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû ³øê³ ³ñòåð ìèíèñòðë³ã³ à?Ò?áå îáëûñ

Ақтөбе қалалық ІІБ-нің
Елек полициясы бөлімінің ТБ тергеушісі А.К. Дакешев
шығ.№2-8/5-15
__.01.2015 ж.
Ақтөбе қаласының прокуроры
Г.И. Амировке


Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы туралы
ХАБАРЛАУ

"__" қаңтар 2015ж. Ақтөбе қаласы

2015 жылғы «___» қаңтарда мен Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ бастығы
И. Ивановтың тапсырмасы бойынша Д.А. Сәрсенбаевтың №___________ арызы бойынша қылмыстық процесте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанымды хабарлаймын. «Жанна» есімді қызбала вокзал маңындағы алаңда арызданушыны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы оған жалға алуға пәтер ұсынып, ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Бұрын ішкі істер органдарына жүгінбеген Д.О. Сәрсенбаевтың
2015 жылғы 05 қаңтарда оған қатысты жасалған алаяқтық фактісіне қатысты берген арызы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы Сізге хабарлаймыз.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер ҚР ҚПК _-бабының талаптарына сәйкес Сәрсенбаевтың арызы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 2015 жылы 10 қаңтарда сағ. 15.00-де №15151003100014 тіркелген.
ҚР ҚПК-нің 179-бабы 1-бөлігінің тәртібінде хабарланды.


Қосымша: қылмыстық істі өзімнің іс жүргізуіме қабылдау туралы қаулы - 1 парақ.
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің
Елек полициясы бөлімінің ТБ тергеушісі А.К. Дакешев
Шығ. 2-8/53-85
__.01.2015 ж. Ақтөбе қаласы ІІБ ДБ бастығы
А.Н. Сағидановқа


Облыс ІІД ӘПБ бастығы
К.С. Әлиевке
Ақтөбе қаласы ІІБ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарына
ҚР ҚПК-нің 188-бабының 3-бөлігінің тәртібінде
ТАПСЫРМА

Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ-нің іс жүргізуінде Д.А. Сәрсенбаевқа және А.М. Карашбаевқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істер қаралуда. «Жанна» есімді қыз бала вокзал маңындағы алаңда оларды алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы жалға алуға пәтер ұсынып, олардың ұялы телефондарын ұрлап кеткен.


Жәбірленушілердің жауаптарына сәйкес «Жанна» есімді қыз баланың жасы шамамен 30-35-те, бойы ұзын емес, дене пішіні тығыз, ұлты азиаттық, капюшоны бар қара түсті куртка немесе тон киген.
Жазылғандарды ескере отырып, Сіздердің бөлімшелердің қызметкерлеріне «Жанна» есімді қыз баланың орналасқан жерін анықтау жөнінде жедел-іздестіру шараларын жүргізуді тапсыруды сұраймын.
ҚР ҚПК-нің 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес тапсырма он тәуліктен кешіктірілмей орындалуға тиіс.
«Жанна» есімді қыз баланың орналасқан жері анықталған жағдайда тергеуші А.К. Дакешевке 8/775/-258-99-06 нөмірі бойынша ұялы байланыс құралы арқылы хабарлауды сұраймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет