Ақтөбе қалалық ІІБ-нің
Елек полициясы бөлімінің тергеушісі А. Дакешев
Қылмыстық сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы
ҚАУЛЫ
«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөлімі ТБ тергеушісі А.К. Дакешев азамат Д.О. Сәрсенбаевтың СТБТ-де 2015 жылғы 10 қаңтарда №15151003100014 тіркелген арызын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
10.01.2015 жылы сағат шамамен 15:00-де Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөліміне азамат Д.О. Сәрсенбаев «Жанна» есімді қызбаланы қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жазбаша арызбен жүгінді, оның 05.01.2015 ж. шамамен 17.00 сағатта теміржол вокзалының маңында оны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы оған бір тәулікке жалға пәтер беремін, өзінің мүмкіншілігі болмай тұра, оны жаңылыстырып, кепіл ретінде «Nokia 6303» маркалы ұялы телефонын алып, қылмыс орнынан жасырынған.
«Жанна» есімді қызбаланың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде
Д. Сәрсенбаевқа 23 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірілген.
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек ПБ-ге арызды берген кезде
Д. Сәрсенбаевқа қылмыстық қудалау органына жүгіну тілін таңдау құқығы түсіндірілген, Сәрсенбаев қылмыстық сот ісін жүргізу тілі ретінде орыс тілін таңдаған.
Жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-нің 30, 64, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Осы қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілі орыс тілі болып өзгертілсін.
Қабылданған шешім туралы мүдделі тараптар хабардар етілсін,
ол жөнінде осы қаулыға қолдары қойдырылып хабарлансын.
Қаулының көшірмесі прокурорға мәлімет үшін жолдансын.
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің
Елек полициясы бөлімінің ТБ тергеушісі А. Дакешев
Қаулымен таныстым: Д.О. Сәрсенбаев
«___»__________ 20__ ж.
Қылмыстық істі өзімнің іс жүргізуіме қабылдау туралы
ҚАУЛЫ
«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөлімінің ТО тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев азамат Д.О. Сарсенбаевтың сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 2015 жылы 10 қаңтарда тіркелген №15151003100014 арызын қарап,
АНЫҚТАДЫМ:
10.01.2015 жылы сағат шамамен 15.00-де Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөліміне азамат Д.О. Сарсенбаев «Жанна» есімді қызбаланы қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жазбаша арызбен жүгінді, оның 05.01.2015 ж. шамамен 17.00 сағатта теміржол вокзалының маңында оны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы оған бір тәулікке жалға пәтер беремін, өзінің мүмкіншілігі болмай тұра, оны жанылыстырып, кепіл ретінде «Nokia 6303» маркалы ұялы телефонын алып, қылмыс орнынан жасырынған.
«Жанна» есімді қызбаланың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде
Д. Сарсенбаевқа 23 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірілген.
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полиция бөлімі бастығының бұрыштамасына сәйкес осы арызды қарау маған тапсырылды.
Д.О. Сарсенбаевтың арызында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін жеткілікті деректердің келтірілгенін ескере келе, ҚР ҚПК-нің 179,180-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІМ:
№ 15151003100014 қылмыстық істі өз іс жүргізуіме қабылдап, сотқа дейінгі тергеп-тексреу іс жүргізуі басталсын.
2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тараптарға хабарлансын.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны хабарланып, қаулының көшірмесі прокурорға жолдансын.
Достарыңызбен бөлісу: |