ҚР ҚПК-нің 157-бабы. Шақыру қағазы бойынша келмеудің салдары:
Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә, жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, соттың уәждi қаулысы бойынша күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін, келуден жалтарған куәға, жәбiрленушiге қатысты бір мезгілде
ҚР ҚК-нің 421-бабымен көзделген шара қолданады.
Адамның шақыртуға келмеуінің дәлелді себептері:
Шақырту туралы тиiсті түрде хабарланған адамның келмеуiнiң дәлелдi себептерi болып:
1) адамды келу мүмкiндiгiнен айырған ауруы;
2) жақын туыстарының қайтыс болуы;
3) дүлей зілзала;
4) адамды белгіленген уақытта келу мүмкiндiгiнен айыратын өзге де себептер танылады.
Тергеуші (анықтаушы) _______________________ А.К. Дакешев
м.о. «_» қаңтар 2015 жыл
|
Куәдан жауап алу
ХАТТАМАСЫ
«__» қаңтар 2015 ж. Ақтөбе қаласы
басталды: «10» сағат «00»мин
аяқталды: «10 »сағат «30 »мин
Ақтөбе қалалық ІІБ-нің Елек полициясы бөлімінің ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.К. Дакешев, ҚР ҚПК-нің 209, 210, 212, 214-баптарының талаптарын сақтай отырып, куә ретінде келесі адамнан жауап алды:
Тегі, аты, әкесінің аты: Аязбергенов Серік Жомартұлы
Туған күні, айы және жылы: 06.03.1978 ж.т.
Туған жері: Ақтөбе облысы, Бештамақ ауылы
Тұратын жері: Ақтөбе облысы, Бештамақ ауылы, Ш. Уәлиханов көш., 8-үй,
Ұлты: қазақ
Азаматтығы: ҚР.
Білімі: орта
Партияда тұруы: тұрмайды
Жұмыс орны, лауазымы: уақытша жұмыс істемейді
Отбасы жағдайы: үйленбеген
Үкіметтік наградалары: жоқ
Депутат болып сайланды ма: сайланбаған
Паспорты немесе басқа құжаттары: жеке басы анықталды
Қай тілде жауап беруді қалайды: орыс.
Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті
Соттылығы: бұрын сотталмаған
Жауап алудың алдында куә С.Ж. Аязбергеновке ҚР ҚПК-нің 78-бабына сәйкес құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, олар: 1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға; 2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге; 3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; 4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге; 5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға; 6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар. Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді. Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі. Куә: анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге; тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті _____________________________ С.Ж. Аязбергенов
Бұл ретте, куә өзінің, зайыбының, жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін жауаптар беруден бас тартуға құқылы _________________________ С.Ж. Аязбергенов.
Жауап алудың алдында куәға жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді ______________________________ С.Ж. Аязбергенов
Куә ретінде жауап алынған С.Ж. Аязбергенов 2015 жылы 10 қаңтарда шамамен сағат 18:00-де «темір жол вокзалында» қоғамдық көлік аялдамасында тұрып, автобус күтіп тұрғанын, сол кезде соңғы 3 жыл бойы көрмеген бұрынғы досы Аман Қарашбаевты кездескенін айтты. Шамалы сөйлесіп тұрғаннан кейін, вокзал маңындағы алаңда орналасқан дәмханаға барып, ішімдік ішейік деп шештік. Дәмханада біз шамамен сағат 19:00-де шықтық, кеш болды, ақшамыз болмады. Аман түнеу үшін пәтер жалдауды ұсынды, мен келістім. Бұдан кейін біз алаңда пәтер тапсыратын адамды іздедік, осы сәтте бізге азиаттық ұлтты шамамен 30-35 жастағы қыз бала жолықты, оның үстіне не кигені есімде жоқ. Ол бізге пәтер ұсынды, Аман
2-бөлмелі пәтер қажет екендігін айтты. Мен олардың әңгімесін естімедім, олардан әрі қарай тұрып едім. Осыдан кейін Аман мен қыз бала мені шақырып алды, біз Ақтөбе қаласында темір жол вокзалының қарсысында орналасқан көп қабатты үйдің ауласына бардық. Аулада Аман сол қыз балаға өзінің телефонын берді, өйткені біздің оған төлеуге ақшамыз болған жоқ. Аманның телефонын алып, қыз бала бізді оны күте тұруды сұрады, оған пәтердің кілтін алу келу керек болды. Осыдан кейін ол темір жол вокзалына қарай кетті, сонда мен Аманға, байқа, бұл қыз бізді алдап кетпесін дедім, Аман маған ол қазір пәтердің кілтін алып келеді деп айтты. Ол қызды шамамен 5-10 минут күттік, ол келмегеннен кейін осы қыз баланы вокзал маңындағы алаңға іздеу үшін бардық, бірақ оны таба алмадық. Осыдан кейін біз Аман екеуіміз Ақтөбе қаласы ІІБ Елек ПБ-ге барып, арыз бердік. Кездескен кезде сол қыз бала алдап, Аманның телефонын иеленді, мен оны тани алмаймын, өткені онымен сөйлескен Аманның өзі, мен оның түрін есімде сақтамадым.
Хаттама менің сөзімнен дұрыс басылды, мәтінді оқыдым.
Осы оқиға бойынша басқа қосарым жоқ _________ С.Ж. Аязбергенов
Достарыңызбен бөлісу: |