Жасалған немесе дайындалып жатқан
қылмыстық құқық бұзушылық туралы
АРЫЗ
Қылмыстық іс қозғау мақсатында көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде ең жоғарғы жаза көзделген Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы бойынша көрінеу жалған сөз жеткізу үшін қылмыстық жауаптылық туралы маған ескертілді.
___________________ (қолы) Сәрсенбаев Д.О.
Азамат Д.О. Сәрсенбаев (белгісіз) адамды (адамдарды) "Жанна" есімді қыз баланы қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұрайтынын мәлімдеді
Оқиғаның мән-жайлары (күні, дәл уақыты, жасалған жері: қала (аудан), көше, үй, пәтер).
|
Сізден «Жанна» есімді қыз баланы қылмыстық жауаптылыққа тартып, оған қатысты сотқа дей-інгі тергеп-тексеруді бастауды сұраймын. «Жанна» есімді қыз бала 05.01.2015 ж. шамамен 17-00 сағат шамасында алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Ақтөбе қаласы вокзал маңы алаңында маған бір тәулікке жалға пәтер ұсынды, бұл ретте, оның маған осы қызметті көрсетуге нақты мүмкіндігі болмаған, ол мені жаңылыстырып, кепіл ретінде менен «Nokia 6303» маркалы ұялы телефонын алып, қылмыс орнынан жасырынған.
|
Құқыққа қарсы әрекеттермен қандай мате-риалдық (не моральдық) зиян келтірілді, қан-дай сомаға?
|
«Жанна» есімді қыз баланың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде маған 23 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірілді.
|
Құқық бұзушы мүлікті қандай тәсілмен иеленіп алды (тұрғын үйге немесе басқа үй-жайға кіру, шабуыл жасау, қорқытып алу, алдау немесе сенімді теріс пайдалану); егер кірген болса, онда қандай тәсілмен кірген
(жауап-бекіту құрылғыларын бұзып-кіру, кілті таңдап алу, терезені шығарып кіру, желкөз арқылы кіру, басқа тәсілмен)?
|
Алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы мені жанылыстырып, кепіл ретінде «Nokia 6303» маркалы ұялы телефонын алып, қылмыс орнынан жасырынған.
|
Қандай мүлік ұрланды, оның айрықша белгі-лері, ол қайда болған, қашан, кім және қайда сатып алған, ұрланған мүліктің сатып алынуын және құнын растайтын құжаттардың болуы?
|
«Nokia 6303» маркалы ұялы телефон
|
Шабуыл жасау кезінде күш немесе оны қолданамын деп қорқыту қолданылды ма, ол қандай әрекетте көрінді, қандай заттар (пішақ, тапанша, газ баллоны, таяқ және т.б.) қолданылды? Егер мүлікті немесе оған құқықты қорқытып алу немесе күшті, дене жарақатын келтіру, мүлікті бүлдіру және т.б. сияқты қауіп келтіремін деп мүліктік сипаттағы қандай да бір әрекеттер қолданылса, ондай әрекеттер нақты неде көрінді?
|
--
|
Кімде-кімге дене жарақаты келтірілсе, нақты кімге келтірілді, келтірілген дене жарақат-тарының сипаты, олардың орналасқан жері?
|
жоқ
|
Медициналық мекемеге жүгіндіңіз бе, қашан, ол қайда орналасқан, қарап-тексеруді кім жүр-гізді, стационарлық немесе амбулаторлық емдеу алдыңыз ба?
|
жоқ
|
Құқық бұзушылық жасаған адамның түрін көрдіңіз бе, оны тани аласыз ба, қандай белгілері бойынша (жынысы, жасы, бойы, шашы, ерекше белгілері (тыртық, қал, акценті және т.б.), нәсілі, ұлты, дене пішіні және т.б.?
|
тани аламын
|
Құқық бұзушылықты жасады деп кім-кімде күдік келтіріле ме? Егер келтірілсе, ондай қандай себеп бойынша, және сол адам туралы нақты мәлімет.
|
"Жанна" есімді қыз бала
|
Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың куәлары мен көрсен адамдары болды ма, олар туралы не белгілі (олардың тұратын жері, оқиғаның дыбыс-бейне жазуының болуы және басқа да тіркелген мәлімет).
|
болған жоқ
|
Заттай дәлелдемелер (киімі, нәрселер және құқық бұзушылыққа қатысы бар, оның ішінде құқық бұзушы қалдырып кетуі мүмкін басқа да заттар).
|
Капюшоны бар қара пальто киген
|
Арыз өз қолымен жазылды. Д.О. Сәрсенбаев
_________________
(тегі, қолы)
«__»_________20__ г.
«___» сағ. «___» мин.
Арызды қабылдады:_________________________________ _______________
(құқық бұзушылықтар туралы арыздарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті лауазымды адам, лауазымы, қолы, тегі, аты-жөні)
хабарлама талон № _______________________ берілді «__»_________20__ ж. «___» сағ. «___» мин.
Маған қылмыстық қудалау органына жүгіну таңдау және қылмыстық сот ісін жүргізу тілін таңдау құқығы түсіндірілді. Жауапты орыс тілінде беруді қалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |